Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI92

Білім беруді сапалық тұрғыдан жаңалау қазіргі заман талабы

Түйіндеме: мақалада білім беру жүйесі - тұтас білім беру нысаны бар нақты анықталған шекаралары үшін қажетті және жеткілікті сипаттау жүйесінің элементтері (компоненттері) орналасқан, өзара байланыста:

Кілтті сөздер: табиғаттылық, әлеуметтендіру, қиындық, ашықтық, динамика, мақсатқа жету, өзін-өзі басқару.

 

Аннотация: В статье рассматривается система образования- как целостный объект образования, имеющий четкие определенные границы, необходимые и достаточные для описания системы через элементы (компоненты), находящиеся во взаимосвязи: природность, социализация, сложность, открытость, динамичность, целесообразность, самуправление.

Аннотация: природность, социализация, сложность, открытость, динамичность, целесообразность, самуправление.

 

Abstract: The article considers the system of education as an integral object of education, which has clear defined boundaries, necessary and sufficient to describe the system through the elements (components) that are in relationship: nature, socialization, complexity, openness, dynamism, expediency, self-management.

            Key words: naturalness, socialization, complexity, openness, dynamism, expediency, self-management.

 

      Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:

          • білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;

          • ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

          •   баланың   жеке   басын   тәрбиелеуде,   оның   жандүниесінің    рухани    баюына,    азамат,    тұлға    ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

          • мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;

          • қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның рөліне мән берілуде.

Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық, педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:

          • есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

          • білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

          • оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.

      Қазір Республика   оқу   орындары,   педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген   жаңа   идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің
 педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: "Технология – бұл қандайда болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы" делінсе, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.

ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бүкіл  оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В.Кларин "Педагогикалық технология — бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті", - деп анықтайды.

Бүгінгі педагогика ғылымының лексиконында педагогикалық /оқыту/ технология ұғымы терең тамыр жайды. Дегенмен де, осы ұғымды түсіну мен пайдалануда әр түрлілік басым.

Технология – Теһnе – искусство, ремесло, мастерство, учение – деген  мағынаныбілдіретін грек сөзі.

"Технология - өндірістікпроцестіжүргізудіңәдістері мен тәсілдеріжайлыбілімжиынтығы", - депшетелсөздерініңқысқашасөздігіндеанықтамаберілген.

        Педагогикалық технология – педагогикалықмақсатқажетуүшінпайдаланылатынбарлық дара, инструменталдықжәнеметодологиялыққұралдардыңқолдануреті мен жиынтығыныңжүйесінбілдіреді. /Кларин М.В./

        Технология – оқушы мен ұстазғабірдейқолайлыжағдайтудырушыоқупроцесінұйымдастыружәнежүргізу, бірлескенпедагогикалықәрекеттіжобалаудыңжан-жақтыойластырылғанүлгісі /Монахов В.М./.

        Технология – дидактикалықжүйеніңпроцессуалдыбөлігі. /Чошанов М./

        Педагогикалық технология - практикадаіскеасырылатынпедагогикалықжүйеніңжобасы /Беспалько Б.П./.

        Ал, педагогикалықжүйедегеніміз — белгілібірқабілеті бар дара тұлғанықалыптастыруғабағытталғанпедагогикалықәсердіұйымдастыруғақажеткұралдар, әдістер мен тәсілдердіңөзарабайланысқанбірлігі. Оқытутехнологиясы - оқытудыңтиімдіжолдарынзерттейді, ғылымдаоқытупроцесіндеқолданылатынәдістер, тәсілдер мен қағидалар. Олоқытупроцесінденақтыжүйекызметінатқарады /Селевко Г./

Білім беруді сапалық тұрғыдан жаңалау үдерісі (мақсаты оның қызмет етуінің ең тиімді формасын іздестіру болатын) білім мен ғылымды дамытумен анықталатын бірқатар тенденциялармен байланысты. Олардың қатарында - бір-бірімен байланысты компоненттер жүйесі ретіндегі білім беру мәселелерінің кешеніне тұжырымдамалық тұрғыдан келу, сонымен қатар оларды ХХI ғасырдың басындағы ақпараттық қоғам талаптары тұрғысынан қарастыру да бар.

Білім беру жүйесі – бір-бірімен байланыстағы және өзара тығыз қарым-қатынастағы элементтер (компоненттер) арқылы жүйені сипаттауға қажетті және жеткілікті болатын шекарасы айқын анықталған келесі белгілерге ие білім берудің тұтастай объектісі: табиғилық, әлеуметтік, күрделілік, ашықтық, динамикалық, ықтималдық, мақсаттылық, өзін-өзі басқарушылық.

Үнемі оқумен айналысатын қоғамның ғана даму потенциалы өте жоғары болады, олай болса білім бүгінгі таңда тек қана қоғам мүшелерінің бір ғана бөлігі- жас урпақтың мақсаты мен артықшылығы емес, ол әрбір жеке адамның өмірдегі жетістікке қол жеткізу шарты болып табылады. Білім өмірлік үзіліссіз процеске айналуда, процесс шын мәнінде білімге деген жаңа көзқарасты білдіреді.

Білім процесінің тұрақтылығына қажеттілік барлық білім беру мекемелері жүйелерін, соның ішінде орта білім беру мен жоғары кәсіби білім беруді және педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін көтеру жүйесін дамытуды талап етеді.

Әлемдік практикада үздіксіз білім беруді жетілдірудің жаңа жолдарын іздестіру эксперименті мақсатты жүзеге асырылуда.

Халықаралық білім беру кеңістігі де дамуда. Сондықтан да әлемдік қоғамдастық адам білімінің (адамның қайда туратынына және оның білім деңгейіне байланыссыз) ғаламдық стратегиясын жасауға умтылуда. Сонымен қатар әлемдік білім кеңістігі философиялық және мәдени дәстүрлерімен, мақсаттар мен міндеттерімен және сапасымен біршама ерекшеленетін әртүрлі деңгейлік типтегі ұлттық білім жүйелерін біріктіреді.

Қазақстан, нарықтық экономикасы бар ел ретінде жаңа озық технологияларды қолдана отырып, әлемдік өркениетпен кірігуі тиіс. Қазіргі әлем келесілермен сипатталады:

  1. тұрақты дамудан үдемелі (өзгерістер, тұрақсыздық, анықсыздық пен болжаусыздық) дамуға қөшуімен;
  2. ақпараттың шексіз ұлғайуымен, ақпараттық коммуникацияның жаңа формаларының пайда болуымен, лездік коммуникация қуралдарының (интернет, ұялы телефон, т.б.) дамуымен, жоғары технологялардың (hi tech) пайда болуымен;
  3. постиндустриялды заманның ерекшеліктерімен (адами құндылыққа бағыттылық алумен): экономикалық шекарасыз әлем (жахандану) және бүкіләлемдік еңбекбөлінісі процесін дамытумен;
  4. әлеуметтік өзгерістердің болуымен: адами қоғамды қызмет көрсету қоғамына айналдыру, жекетулғаның қоғамдағы ролінің өсуі;
  5. интеллектуалдық өзгерістердің болуымен: ми мүмкіндігін тиімді пайдалану, «Өзің жаса» идеяясының өзектілігі, тұлғаны бағалауда интеллектуалдық коэфициенттен (IQ) эмоционалдық коэфициентке (EQ) көшу.

Бұл аталған жаңалықтар білім беру жүйелеріне жаңа талаптар қояды:

  1. мақсаттың өзгеруі: интеллектуалдық тұлғадан рефлексивтік тұлғаға айналу;
  2. оқыту процесінің мазмұнын зерттеу қызметі құрайды;
  3. репродуктивті оқытудан конструктивті оқытуға көшу;
  4. білімдік парадигмадан таным процесіне қатысушылардың белсенді әрекеттерін көздейтін іс-әрекеттік парадигмаға көшу;
  5. жаңа маман дайындау: экономикасы дамыған елдердің символикалық аналитиктерге (яғни анық емес жағдайда жұмыс жасай алатын, мәселе қоя алатын, оның шешімін таба алатын және стратегиялық жолдарын анықтай алатын мамандарға) деген қажеттіліктерінің артуы.
  6. Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті А.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында [3] ХХI ғасыр деңгейіндегі білім мен кәсіптік дайындық мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттары қатарына енгізілген. Елбасының айтуынша «экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сәйкес келетін білім берудің жаңа жүйесі қажет». Тек кепілді нәтижеге бағытталған толыққанды, сапалы, бәсекеге қаблетті білім ғана адами ресурстардың кәсіптік жинақтылығын қамтамасыз ете алады. Сондықтан да адами ресурстардың алдынала дамуын қамтамасыз ететін және Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіретін білім беру жүйесінің ұлттық моделін жасау мемлекет алдында тұрған басым мәселе болып саналады.

Білім қазіргі таңда өмірдің барлық салаларына, соның ішінде ғылым саласына кадрлар қалыптастыратын болғандықтан, ол ерекше әлеуметтік сала ретінде қоғамның, мемлекеттің және жекетұлғаның сапалы білім алуына деген мүддесін қанағаттандыру керек. Жаңа сапаны іздестіру бағыты – ол репродуктивті, центрлік білімнен (білімдер қосындысын игеруге бағыттылықтан) конструктивті, құзыретті білімге көшумен (өзінөзі жүзеге асырумен ) байланысты.

Кепілді нәтиже алуға бағытталған толыққанды, сапалы, бәсекеге қабілетті білім білім беруді ғаламдық интеллектуаландыруды және әлеуметтендіруді көздейді. Білім беруді ғаламдық интеллектуаландыру мен әлеуметтендіру басқа салаларды, яғни ғылымды, техника мен технологияны және өндірісті интелектуалдандырудан бурын жүзеге асырылуы қажет. Бұл дидактикалық заңдылықты сақтау қоғамның бүтін жүйе ретінде қызмет етуі мен озық дамуын үйлесімді және сенімді ғаламдық интеллектуалдандырудың маңызды шарты мен факторы болып табылады.

Адами ресурстардың кәсіби жинақтылығын қамтамасыз ету ең алдымен дидактикалық ғылым мен практиканың мәселесі болып саналады.

Интеллектуалды және әлеуметтік тәрбие мен білім беру оқытудың жоғары тиімділігіне (яғни орташа бір адамға бөлінетін шығындардың халқаралық нормамен тағайындалған мерзімдегі бідлікті кәсіби қызмет арқылы ақталатын) қол жеткізумен байланысты.

Оқытудың мұндай тиімділігіне қол жеткізу үшін оқу мазмұнының мақсаттары мен тұжырымдамаларын қайта қарастыру қажеттідлігі туындайды. Жоғары тиімді маманды дайындау болашақ мамандарды оқу мақсаттарының категорияларымен («білімдер», «қабылау», «қолдану», «талдау», «құрылымдау» және «бағалау») тутастық – жүйелік деңгейде қаруландыруды, яғни білім беру жүйесінде білімді толық игеру технологиясын (тұлғаны әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін терия мен практиканың байланысы тұрғысынан) жүзеге асыруды көздейді

Олай болса, оқытудағы негізгі мақсаттардың бірі- оқу мазмұнының білімалушылардың келешек мамандығына қажет және оның кәсіби қызметін жинақты ететін бөлігіне аса мән берілуі қажет. Бұл дегеніміз болашақ мамандарды кәсіби қызметтерін игеруге, үнемі кәсіби жетілуіне, сонымен қатар теория мен практика мәселелерін шешу жолдарына қазіргі ойлау стилі мен ғылыми тұрғыдан келуінің, өзін-өзі жетулдіру мен дамытуының негізі әрі тиімді құралы болатын білімдермен қаруландыру. Оқытуда шешімін табуы қажет мәселелелер: «оқу дербестігін қамтамасыз ету», тез өзгермелі әлемде өзін-өзі жетілдіруге, тез шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру.

Адами капиталды дамытуға қажетті және жеткілікті болдатын сапалы білім беру жаңа тұрпаттағы мұғалімнің қалыптасуымен байланысты. Жаңа тұрпаттағы мұғалім аталған бағытта (қазіргі білім беруді жетілдіруде) жоғары нәтижелілікке қол жеткізуде білім беру қызметінің тұжырымдамалық негіздерімен, педагогикалық менеджмент, сол сияқты гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білім саласындағы ғылыми зерттеулермен, қазіргі педагогикалық технологиялармен, білім беру саласында ақпараттық технологияларды қолдану әдістерімен жете қаруланып, оқытуда инновациалық орта құра алуы керек.

Жаңа тұрпаттағы педагогтың (мұғалімнің) миссиясы Моцей Танастың (Варшава) айтуынша: «Ғалымның ісі – әлем заңдылықтарын ашу мен сөзге айналдыру, Методолог ісі (миссиясы) – ғалым ашқан жаңалықты білім көзіне айналдыратын құралдарды табу болса, Педагогтың ісі (миссиясы) – оқушының біртұтас ойлауын, бұл үдеріске ғалым мен методологтың жетістіктерін теңөлшемде енгізе отырып, қалыптастыру. Педагогтың сапалық ерекшелігі –білімді және іскерлікті синтездеу».

Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:

          • Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

          • Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

          • Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу.

 Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:

          • Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

          • Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

          • Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу.

 Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:

          • Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

          • Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

          • Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу.

Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады, оқыту үдерісін басқарудың түйінді кілті бағалауда деп те айтуға болады.

Бағалау - оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады.

Қазіргі білімді бағалау жүйесінде мұғалім көптеген қиындықтарға кезігіп жатады:

- «Баға қою» мектеп пен мұғалім тарапынан сыртқы бағалау функциясын атқарады: мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды.

- Оқушының өздігінен оқуын қалыптастыруға мүмкіндік бермейді;

-Оқытуды даралауға қиындық келтіреді. Бұрынғы алған білімімен салыстырғанда әр баланың қаншалықты деңгейге нәтижеге жеткенін айқындау қиын;

Көбіне «зақым» келтіреді. «Баға қою» мұғалім қолында ғана болғандықтан балаға да, ата-анаға да психологиялық қысым жасалады. Оқушылар білім үшін емес баға үшін оқиды.

Мұғалімдер тәжірибесінде оқушының жеткен нәтижесі емес жұмыстың көлемі мен формасын бағалау әдетке айналған;

Бағалауда оқушыларды бір-бірімен салыстыруға екпін жасалатындықтан оқушылардың оқуға ынтасы , белсенділігі жойылады, орта деңгейде оқитын оқушылардың ынтасы мүлдем жойылып, жақсы оқитын оқушылардың жетістікке жетуіне жағдай жасалмайды.

Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы- оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесін қажет етті. Сол себептен, оқытуға деген көзқарас өзгергендіктен, оқыту нәтижесін бағалау да жаңа бағытқа ие болуда.

Оқушылардың білім нәтижелерін бағалауға байланысты Кембридждік Бағдарлама  оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін ұсынады. Бұл модуль бағалауды екі түрде қарастырады: суммативті (жиынтық) бағалау және және формативті (қалыптастырушы) бағалау. Яғни мұғалімдер оқуды бағалаумен қатар оқытуды бағалауды пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады.

 Сонымен қатар білім беру үрдісінде мұғалімдер мен оқушылар үшін қандай мақсатқа жету керектігін білу маңызды, ол мақсатқа жету критерийлерін түсінуді талап етеді.Оқыту нәтижесін бағалау-Бағдарламаның басты идеясы болып табылады. Сондықтан баланың тұлғасын емес, орындаған жұмысын бағалау керек. (С.Т.Щацкий) Бағалаудың түрлері мен әдістерін ұтымды пайдалану мұғалімге оқытуды даралауға, яғни әр оқушының мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.

Оқушылар алда тұрған мақсаттың мәнін түсініп, оған қол жеткізу үшін не істеу қажет екенін анықтай алған жағдайда ғана олар оқу мақсатына қол жеткізеді. Сондықтан оқу барысында өзін-өзі бағалаудың маңызы зор.

 Әрбір оқушының сабақта қалай жұмыс жасағанын анықтауда өзі-өзі бағалауға үйретемін.

Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білімге деген ынтасының артуына, білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Бағалауға деген көзқарасымызды өзгертіп, сабақтарымызға критерий арқылы бағалауды енгізіп біз оқушыларымыздың тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттай аламыз. Менің аз уақыт тәжірибемде сыныптағы білім сапасының өткен тоқсанға қарағанда аз да болса көтерілгендігі. Белгілі ғалым А. Байтұрсынұлы айтқандай «Шеберліктің белгісі- әртүрлі әдісті біліп, сабақта орынды қолдана білу». Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.

             Оқушылардың білімге деген ынтасын, пәнге деген қызығушылығын арттыратын, соның салдарынан білім деңгейін де көтеретін тағы бір тәсіл – жобалар тәсілі болып табылады. Бұл тәсіл соңғы кездерде бүкіл әлемде кең таралып келеді.  Жоба ұғымы дидактикалық мақсатқа жету үшін бір идеяны, белгілі бір бұйымды немесе өнімді жасауды, есеп шығаруды, схема құрастыруды жүзеге асыратын, жұмыс нәтижесі практикалық бір жазба, схема немесе есеп түрінде көрсетілетін жұмыс болуы керек.

      Жобалар тәсілі негізінде:практикалық немесе теориялық бір мәселені бастан аяқ қарастырып шығатын жобаның түпкі идеясын жүзеге асыру, бір нәтижеге қол жеткізу ісі жатады.Бұл тәсіл практикалық бір нәтиже беретін іздеу,зерттеу, таңдау тәсілдерінің кең спектрін пайдаланып, оған сыртқы факторлардың әсерін қарастыру болып табылады. 

     Осындай жұмысты орындау барысында балалар алған білімін толық пайдаланып, өздері де жаңа бастама, идея берулері керек. Жобалар тәсілін сауатты түрде қолдана бәлу үшін алдын ала көп дайындалу, тұрақты түрде жобаны жетілдіру, толықтыру ісін жүргізе білу қажет.

     Жобалар әр түрлі типте – зерттеу, шығармашылық жұмыстары, ойындық түрде, ақпараттық (мәлімет жинақтау, оны талдау, өңдеу, орналыстыру, безендіру) жұмыстар, практикаға бағытталған, істер сияқты болып құрастырыла береді.

       Пәндік – мазмұндық аймағына байланысты моножобалар (бір пән аясында) немесе пән аралық жобалар бола береді. Үйлестіру, қадағалау сипатына қарай тікелей (нақты) немесе жасырын координациялық жобалар болды. Орындаушыларының санына байланысты жеке, жұптық немесе топтық немесе топтық жобалар да жасала береді.  

Атқарылу мерзіміне қарай - қысқа мерзімді, орташа немесе ұзақ мерзімді деп бөлуге,аралас немесе дистанциялық (қашықтан) халықаралық жобалар деп айтуға да болатындары бар. Бұлар қазіргі информациялық технологияларды – жергілікті (локальді) және ауқымды (глобальді) электрондық желілерді, мультимедиялық оқыту құралдарын пайдалануға, тұрмыста компьютерлерді кең қолдануға байланысты туындап отыр.

Сөз соңында, қорыта айтарым, «Еңбексіз талант -тұл» дегендей уақыт көшінен қалмай, әлемнің дамыған алдыңғы мемлекеттерінің қатарына енуімізге өз үлесімізді қосып, ұрпақ алдындағы борышымызды шығармашылық еңбегімізбен жүзеге асыра беруге өз үлесімізді қосуға ат салысайық дегім келеді.

 

 

Әдебиеттер

  1.  

  2. Назарбаев Н.Ә. ««Казахстан-2050 стратегиясы»: жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты »-Астана, Ақорда, 2012ж.

  3. «Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».- Астана, 2010ж.

  4. Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы.- Астана, 2003ж. 

  5. Алимов А. Семинар-тренинг «Активные методы обучения».-Алматы КазНПУ им. Абая, 2017г.

5. Кагазбаева А.К. Теоретико-технологические основы методической подготовки будущих учителей математики в вузе.- Алматы, РИК, 2018. 299с.

666 0
Курбангазиева Райхан, п. ғ. магистрі, Айжарыкова Гулсаяш Орынбасаровна г.ғ.магистрі Әлімхан Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері. Ақтөбе қаласы, «ULY DALA USTAZY» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы № 00027
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: