Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI86

ОТБАСЫ МЕН БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Баланың алғашқы әлеуметтену ортасы - отбасы.   Адамның  тұлғалық сапаларының  жетіліп, қалыптасуы  отбасындағы   өзара қарым - қатынаспен  тікелей байланысты.   Отбасының баланың дамып, қалыптасуындағы ролін алмастыратын ешбір   орта осы уақытқа дейін болған емес.   Отбасының  негізгі қызметі өмірге бала әкеліп, ұрпақ сабақтастығын, адамзат өмірін жалғастырумен қатар, баланы тәрбиелеп, мәдени - тарихи құндылықтарды   бойына сіңіру, аға ұрпақтың   тәрбиесін, әдет-ғұрпын  сақтауға үйрету арқылы  саналы, дүниетанымы кең азамат етіп тәрбиелеу.    Баланың алғашқы әрекеті  сыртқы заттық ортамен тікелей байланысты.   Сыртқы іс-әрекетті  бала әдетте   ересектермен бірлесіп,  олармен бірге жасайды, ол отбасында басталады.  

ВыготскийЛ.С, әрбір психикалық функцияның өмір сахнасында   екі рет көрінетінін   атап көрсеткен  – алғашқысы  ұжымдық, әлеуметтік іс - әрекет, одан кейінгісі  баланың ішкі ойлау тәсілі [1, 40б].

Алғашқы отбасынадғы     өзара түсіністік, ата- ана, аға, әпкелерімен  өзара қарым-қатынас нормалары,  жағымды әдеттер адамның ары қарайғы  дамуында, басқа ортаға адаптациялануында  үлкен  рөл атқарады. 

 Л.С. Выготский психиканың дамуы туралы  мәдени-тарихи концепциясында  тұлға дамуында әлеуметтік ортаны  тек бір фактор ретінде емес, ең басты даму көзі деп қарастыруды ұсынады.  Баланың дамуында  бір- бірімен тұтасып өрілген  екі сызықтың болатынын:  біріншісі табиғи  пісу жолымен жүреді, екіншісі  мәдениетті меңгеру, мінез құлық және ойлау тәсілдерін  меңгеруден тұрады деп санайды. Выготскийдің теориясында ойлаудың   және басқа да психикалық функциялардың дамуы олардың өздігінен болмайды, ол  «психологиялық құралдарды» пайдалануының арқасында   тіл, жазу, санау жүйесі сияқты белгілер мен символдар жүйесін баланың пайдалануыннан  туады[2,32б].   Ал баланың  отбасында   басталған    тұлғалық сапаларының ары қарай   ғылыми негізде ұйымдастырылуы білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты талап етеді.Тек басқа адамдармен бірлестіктегі іс -әрекет  бала дамуының   басты көзі болып табылады. 

Сана диалог арқылы дамиды:  баланың ересектермен диалогы немесе ересектердің бір-бірімен диалогы. Адам өзімен өзі қалғанда да қарым-қатынастың функциясын сақтайды. Выготский: «сөзді үлкен әлемнің кіші бөлшегі, организмнің тірі клеткасы,   космосқа қатысты  атом» ретінде санайды.Л.С. Выготский   адамның дамуын -  жаңа мүмкіндіктердің  жинақталу кезеңінің  жаңа   дағдарыс кезеңімен  алмасатын сатылы процесс деп  қарастырады[3, 1б].Бұл түсінік адамзат дамуының теориялық негізін қалайды. Выготскийдің «жақын даму аймағы» түсінігі  баланың әзірге өзінің орындауға мүмкіндігі жетпейтін, тек ересектермен  бірлікте және солардың арқасында  жүретін әрекеттер кеңістігі болып табылады.  

  Баланың әлеуметтік ортаға ену  жолы,сонымен қатар жас ерекшелік кезеңдеріндегі дағдарыс  әр адамда әр түрлі мерізімге  созылады, соның ең күрделі кезеңі отбасында өтетіндіктен ата-ананың   тұлғаның даму теориясынан хабардар болуы  өзекті мәселе, әрі қажеттілік.  

         Отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы[4,7б]. 

         Отбасы - педагогикалық қатынас субъектісі. Бала үшін отбасы - ең алғашқы да аса белсенді тұлғалық қалыптасу көзі. Осыдан отбасында қабылданған көзқарастар, салт-дәстүрлер, ұстанымдар, әрекет-қылық үлгілері тұлға микроэлементіне бастау беріп, оның барша өмірінің негізгі сипатына ықпал етеді [5, 196 б.].

         Отбасы  әлеуметтік тұрғыдан қоғамда бірнеше негізгі функцияны атқарады, оның ішінде репродуктивтік (қайта өндіру), экономикалық (өндіру және тұтыну), қорғау (қауіпсіздік, денсаулықты сақтау), әлеуметтендіру (балаларды тәрбиелеу, аяқтандыру), коммуникативті (отбасындағы қарым-қатынас), т.б [6, 1б].  Осындай күрделі міндет ата-аналардың  құзырында. Орыс  педагогы В.А. Сухомлинский: «Тәрбие - ол балалармен үздіксіз рухани тілдесу. Және өз балаларыңызды сүйе отырып, оларды сізді сүюге үйретініңіз, үйретпесеңіз - қартайған шағыңызда көз жасыңызды төгесіз»[7, 5б.]деп тәрбиеде қателесудің қасіретін атап көрсетеді.  Әлемнің екінші ұстазыәл- Фарабидің әйгілі:  «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» [8, 1б] деп сануының мәні бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екендігін айғақтайтын басты дәлел. 

Баланың әлеуметтенуі жас ерекшеліктеріне, оның организміндегі физиологиялық  процестердің жүру  заңдылықтары мен  санасының дамуына байланысты қайшылықты процесс. Баланы әлеуметтік ортаға бейімдеуде отбасымен қатар, білім беру мекемелері де атсалысады. Егер, адам орта есеппен алпыс жас өмір сүреді деп есептесек, бала бес жасқа дейін қажетті сапалардың 60% қабылдайды. Бастауыш мектепке бала білуге ұмтылып оқуға даяр оқушы болып келеді. Одан әрі білімге құштарлығы, тәрбиелілігі ата-ана мен білім беру мекемелерінің бірлескен әрекетімен байланысты. 

Отбасы тәрбиесі  адамзаттың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруымен  байланысты отбасының  пайда болуынан бастау алады.   Отбасы, оның мүшелерінің міндеттері  атақты философ ойшылдардың еңбектерінен тыс қалмаған. Отбасы тәрбиесінің мәселелері педагогика ғылымының дамуы барысында  нақты ғылыми-теориялық және әдістемелік  мазмұнға ие бола бастады. К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, П.Ф. Лесгафт және басқалар балалар тәрбиесін ұйымдастыруда олардың даралық ерекшеліктерін, бейімділіктерін, дене-күш және психологиялық даму деңгейін ескеру керектігіне ерекше көңіл бөлген. Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, П.П.Блонский,  С.Т.Щатский, В.А. Сухомлинский бала тәрбиесіндегі  теориялық мәселелермен қатар оның  практикалық  әдіс тәсілдерді, баланы 9 жасынан еңбекке араластыру мәселесін қарастырған. Қазіргі зерттеулерде де баланың отбасындағы қарым-қатынасындағы іс-әрекетін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын құру, мектеп пен отбасы ара қатынасы т.б. мәселелері   өзекті  мәселе болып табылады.

Тәрбие - бұл жеке адамның қоғамдық тәжірибені игеруге  бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдап, қуаттаушы, әрі ұйымдастырушы мақсат-бағдарлы, әрі саналы орындалатын педагогикалық үдеріс  [9, 56 б.]

         Отбасындағы тәрбиенің субъектілері – ата-ана мен бала, әлеуметтік мақсат, міндет, педагогикалық тәсілдер, әдістер. Осы элементтерді біріктіретін негіз – іс-әрекет.

Ұйымдастырылған мақсатты жүзеге асыруда іс-әрекет болмаса, тәрбие де болмайды. Отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы ата-ананың басшылығымен, бақылауымен әртүрлі іс-әрекетке (оқу, еңбек, ойын, қарым – қатынас  т.б.) балаларды араластыруда.

         Отбасындағы басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: баланың тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын, ұйымдастыру.
         Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі - ұтымды ырғақ жасау. Күн тәртібі - өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.       

         Баланың   отбасында негізі қаланған көзқарасы және нанымы, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін ары қарайғы   дамуында білім беру ұйымдары оқытуда мектеп шешуші рөл атқарады.   Мемлекет балаларды тәрбиелеуде отбасына мектеп арқылы көмектесіп, отбасылық тәрбиенің мазмұны мен ұйымдастырылуына  басшылық жасайды. Мектеп пен отбасы бірлесіп күш жұмсай отырып, жас  ұрпақтың жан-жақты дамуына ат салысады. Ал   білім  беру ұйымдарының,  мектептің   отбасымен және қоғаммен  байланысы, негізінен, сынып жетекшілерінің жұмысы арқылы жүзеге асады.

         Баланы тәрбиелеу оның тұлғалық сапаларының қалыптасуы  өте күрделі мәселе. Тәрбиеде жеке адамның қалыптасуы ата-аналардың ықпалы мен олардың жалпы және психологиялық-педагогикалық сауатына байланысты.

 Осыған орай мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір түрі - педагогикалық насихат, яғни ата-аналардың психологиялық  педагогикалық сауатын  ашу. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуге әсер етеді. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі.

         Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға комектесіп, балалардың демалысын, қиын отбасыларын қамқорлыққа алып, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысып, ата-аналар жиналыстарын, конференция, пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізуге арналған дайындық жұмыстарына қатысады.

         М.Жұмабаев "Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн"[ 13, 1б.] деп  санаған. 

         Мектептің, отбасының   басты  мақсаты - қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастардың  мамандық таңдауы, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге,  кәсіби маман болып,еңбек етуге даярлығы осы екі  құрылымның  өзара ынтымақтастығымен байланысты.  

Сөйтіп,  біздер    отбасы мен білім беру мекемелерінің бала тәрбиесіндегі  ынтымақтастығының балалардың әлеуметтенуіндегі мәні  туралы   ғалымдардың пікірлерін талдай келе мынадай   қорытынды жасадық:

1. Баланың тұлға болып қалыптасуындағы негізгі  шарт- оның әлеуметтік ортада тәрбиеленуі.  Ал отбасы  адщамның алғаш дүние есігін ашқандағы шағын әлеуметтік ортасы. Отбасы -   ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің негізі, белгілі дәстүрлердің, өнегелердің сақтаушысы.  Олай болса, әр қоғамдық экономикалық жағдайлар мен   байланысты отбасының негізгі функциясын    орындап, бала дмауының түрлі кезеңдеріндегі дағдарыстарды дұрыс түсініп,  оның отбасындағы әлеуметтенуінің теориялық негіздерін ата ананың басшылыққа алуы;

2. Ата-ананың психологиялық және педагогикалық сауатын көтеру;

3.Мектеп - өзгеріп отыратын жағдайлар мен құбылыстарды ажырата білетін, жасампаз шығармашылық тұрғысынан әр құбылысқа баға бере қарайтын, болашақ мамандық иелерін, қоғам мен заман талабына сай талаптарды көре біліп, іс жүзіне асыратын жеке тұлға әзірлейтін мемлекеттік мекеме. Тәрбие берудің ажырамас бөлігі - ол мектеп. Мектеп - өзгеріп отыратын жағдайлар мен құбылыстарды ажырата білетін, жасампаз шығармашылық тұрғысынан әр құбылысқа баға бере қарайтын, болашақ мамандық иелерін, қоғам мен заман талабына сай талаптарды көре біліп, іс жүзіне асыратын жеке тұлғаның дамуын қамтамасыз етуге бағытталған  мемлекеттік мекеме. 

4.Білім беру мекемелерінің негізігі қызметі  баланы  білім әлеміне   енгізіп,  саналы тұлға етіп тәрбиелеу. Ол мекемелердегі оқу тәрбие процестері және оларды ұйымдастыру мен оқытушы тәрбиелеуші  мамандардың жалпы білім беру ұйымдарының  қызметі  ғылыми негізде, дидактикалық талаптарға сай  жоғары талап деңгейінде ұйымдастырылуы тісті.  Оқу мен тәрбиенің нәтижесінде  әлеуметтену процесі қарқынды жүруіне байланысты бұл кезеңде  оқушыда    жаңа саплар  қалыптасып, дамиды. 

 

 «Ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып  орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті...», - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, әрбір ісіміз, мұратымыз ел іргесін бекітуге, халықтың береке-бірлігін бекемдеуге негізделуі тиіс [14, 1-3 бб.]. Отбасы  мен   білім беру мекемелерінің  бала тәрбиесіндегі бірлескен ынтымақты іс әрекеті     үнемі  ізденісті  талап ететін   динамикалық процесс. Бала тәрбиесі   мемлекеттікті сақтаудағы күн тәртібіндегі  басты мәселе.   

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Выготский Л.С. "Педагогическая психология/ под ред. В.В. Давыдова М.: АСТ Астрель Хранитель, 2008 – 671с.
  2. "Қазақстан Республикасының Неке және Отбасы Заңнамасы" - шыққан жылы   газеттің  номері жылы айы1-бөлім, 1-тарау, 1-бап, 1.29-тармақ.
  3. Бабаев С.Б.  "Жалпы педагогика" Алматы, 2011 ж., 196 б.
  4. Түсіндірмелі сөздік www.sozdik.net
  5. В.А.Сухомлинский "Школа радости" Киев, 1972 ж., 5б.
  6. Қалиев С., Иманбекова Б. Халық педагоги­касының ауыз әдебиетіндегі көрінісі және оны орта  мектептің оқу-тәрбие үрдісіне пайдалану.-Алматы, 2010.
  7. Бабаев С.Б., Оразов Ш.Б., Бабаева Қ.С., Алматы, 2018 ж., 56 б.
  8. Семья и родительство –21 век.( Сборник научных трудов). – Курган, 2009.

 

 

 

 

 

 

1 135 0
Гүлдархан Баймусаева, №96 Аяла арнайы балабақшасының меңгерушісі міндетін атқарушы. Нұр-Сұлтан қаласы «ULY DALA USTAZY» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы № 00022
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: