Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI776

Жалпы металдардың қасиеттері

            Металдар –металдық жылтыры бар,электр тогін және жылуды жақсы өткізетін,сол сияқты соғуға,балқытып пісіруге болатын мөлдір емес заттарды айтады.Әдетте,металдар практикада таза түрінде емес,көбінесе қорытпалар түрінде пайдалынады.Барлық металдар мен қорытпалар қара металдар мен түсті металдар болып екі топқа бөлінеді.

Кристалдық құрылымы бар заттар металдар деп аталады.,оған иілгіштік,майысушылық,жылу өткізгіштік,жоғары электр өткізгіштік пен ерекше металл жалтыры тәрізді белгілер тән.

Металдың ортақ қасиеттері олардың атом қауыздарының электрондық құрылымымен және атомаралық байланыс түрлерімен айқындалады.Металл атомдарының сыртқы қауызында бір,екі,үш электронға дейін болса,ал металл еместерде оның саны-төрттен жетіге дейін.Металдағы сыртқы еркін электрондар ядромен бос байланыста болады да,соның салдарынанолар бір атомның орбитасынан басқа атомдардың орбитасына электрон газы секілденіп,жеңіл ауыса береді..Бұл орйда атомдар ионданып үлгереді.

Металл металмен қосылғанда байланыстың металға тән қасиеті пайда болады.,сол арқылы өзара тартылысы аттас зарядталған иондар мен қарсы зарядталған еркін электрондарға негізделеді.Осының арқасында металдардың біріктіргіш иондарын біртұтастыққа айналдыратын берік байланыс электронды газ пайда болған еркін электронды қозғайды.,байланыстың металл түрі қатаң болмайды,ал металдардың өзі иілмелі тұрғыда болады.яғни жекелеген көлемдер өзгеріске түскенде иондар арасындағы басқалай байланыс салыстырмалы түрде өзгермейді.

Еркін электрондар жылуды атомнан атомға жеткізуші болып табылады,мұның өзі металдардың жылу өткізгіштігіне айтарлықта й әсер етеді.Металдардың жоғары электр өткізгіштігі потенциалдардың сәл ғана өзгешелігінің әсерімен еркін электрондардың бір бағытқа ауысуы арқылы  электр тогының пайда болуымен түсіндіріледі.

Әрбір металл өзінің құрылымымен және қасиеттерімен ерекшеленеді.Сонымен қатар оларды белгілері бойынша бір топқа біріктіруге болады.Барлық металдарды қара және түсті металдар деп екі топқа бөлуге болады.Қара металдарға жататындар:темір және оның көміртегі ерітіндісі,шойын мен болат,ал түсті металдарға қалған басқа металдар жатады.

Металдар адамзат қоғамына ерте кезден белгілі.Өркениетті өндірістің дамуына сәйкес және адамдардың металдарды игеруіне,қолдануына байланысты тарихта бүтіндей металдар дәуірінің аты қалды.Мысалы ,мыс,қола дәуірі.

Ал енді металдардың периодтық жүйедегі орналасуына келетін болсақ,қазіргі белгілі болған 109 элементтің 87-сі металдар.Олар периодтық жүйенің барлық топтарында орналасқан.Мысалы,бордан астатқа дейінгі дейін түзу сызық жүргізсе,сызықтың астыңғы сол жағында орналасқан элементтердің барлығы-металдар.Металдардың жалпы барлығына сәйкес ортақ келесі физикалық қасиеттері бар:

1.электр тогын өткізгіштігі

2.жылу өткізгіштігі

3.металдық жылтырлығы

4.иілгіштігі

5.тапталғыштығы

6.мөлдір еместігі.

Осы жалпыға ортақ қасиеттерімен бірге олардың әрқайсының өзіне тән қасиеттері бар:

1.балқу температурасы

2.тығыздығы

3.салыстырмалы атомдық салмағы

4.түсі

5.қаттылығы

6.валенттілігі

Металдардың көпшілігі химиялық активті элементтер боландықтанжай және күрделі заттармен әрекеттеседі.

Метал құрылымдар әр түрлі металдардан,әсіресе болаттардан жасалған құрылыстық заттар.Металл құрылымдар зауыттарда дайындалады да құрылыстарда құрастырылады.Металл құрлымдарының әрі берік,әрі жеңіл түрлері де болады.Жеңіл алюминий қорытпаларынан жасалған құралымдарды пайдаланудың маңызы зор.

Металдар мен құймалардан жасалған өнеркәсіптік қондырғылар,ауылшаруашылық техникасы,қатынас көліктерінің тетіктері,энергетика және химия өнеркәсібінің қондырғылары жемірілуге ұшырайды.Жемірілудің нәтижесінде келтірілген зияннан металл бұйымдар жарамсыз болып қалады,бұл тіпті апаттарға соқтыруы мүмкін.Сондықтан жемірілу процесінің негізін біліп,оның зардаптарының болғызбау жолдарын үйрену керек.Жемірілу прцесі тотығу-тотықсыздану процесіне жатады,оның жүруі металдардың белсенділігіне тәуелді. Белсенді металдар оңай жеміріледі. «Бекзат»металдар жемірілмейді.Металдардың жемірілуін болдырмау шараларын білу керек.

Пайдалынған әдебиеттер:

1.Химия.9 сынып.Алматы,Мектеп.2008ж-224б

2.Ә.С.Тапалова .Бейорганикалық химия.Есептер мен жаттығулар.-Астана,2008ж. 174 б

627 0
Жанар Алдабергенова, Жалпы орта білім беретін кешкі мектептің химия, физика пәні мұғалімі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000918
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: