Бүгінде ел болашағы инновация жаңалықтары мен жаңа технология желісіне тәуелді болып кеткендей. Қазір бір дүниеге таң қалып отырсақ , ертең ол қызықсыз, аса бір жаңалық болмай қалып жатады. Қайда барады?, қанда жетістік дейсің еріксіз. Алайда уақыт керуеніне тоқтау сала аласыңба? Заман ағымы, біздің елімізді де өз арнасымен ағызуда. Ғылым табысқа жетелесе, табыс- жарқын болашақтың бірден- бір мойындағың келмитін факторы болып табылады. Мысалы, ғылым жолы қандай жол? Бұл жолда не күтеді? Осы сыңайдағы сауалдар әрбір жас ұрпақты мазалауы мүмкін. Дамыған елдерге қарасаң алып бара жатқан ештеңкесі жоқ, алайда оларда білім бар. Бізде жоқ емес, тек ол бар білімді неге пайдалану керектігін білсек жеткілікті. Бұрын ат үстінде ойнақтап , қылыш жүзінде шойшақтап жүрген еркін халық едік. Керек, олда керек , азулы елге ондайда қарсылық керек шығар, дегенменде қазір білектің күші, найзаның ұшы деген түсініктің қалғаны қашан. Білімдінің ақырып, білімсіздің бақырып тұрған сәті ғой. Зияткерлік әлеует, жаңа білім мен инновациялық ізденістер әлемдегі ұлттық экономикаларды дамытудың қозғаушы күші екені анық. «Әзірше біз шетел тәжірибесін қабылдап жатырмыз. Тіпті ең заманауи шетелдік жабдықты пайдалану өзіндік серпілісімізді білдірмейді. Біз өзімізде пайдаланып және әлемге ұсынуға болатын жаңа нәрселер жасауға бағдар ұстануға тиіспіз», деп тапсырды өз сөзінде Елбасымыз. Ол үшін ғалымдарымыздың дәуір сұраныстарына сай өз дүниетанымын, ғылыми көзқарастарын қайта қарауы өте маңызды. Елбасы алдымызға қойған дамыған 30 елдің қатарына кіру жөніндегі сындарлы мақсат – мемлекет, университет пен бизнестің ынтымақтастығы мен күш-жігерін біріктіргенде ғана жүзеге аспақ. Әлемдік тәжірибеде ұлттық инновациялық жүйенің негізгі құрылымы ретінде осы үш тағанның әрбір элементінің функциялары нақты айқындалған: университеттің рөлі – бұл білім, кадрлар мен технологияларды генерациялау; мемлекеттің міндеті – бірлескен қызмет жағдайларын және нормативтік-заңнамалық қамтамасыз ету, ал өнеркәсіп идеялар мен әзірлемелерді іске асыруы тиіс. Үш бірлік бір мақсатқа осылай жұмылады.
Кез келген елдің ұлттық инновациялық жүйесінде ғылыми ауқымды өндіріс үшін маңызды ресурсқа айналатын зерттеу университеттерінің орны ерекше. Барлық белгілі әлемдік жоғары технологиялық ареалдар зерттеу университеттері базасында дамуда және өз елдерінің инновациялық даму драйверлеріне айналып отыр. Сонымен қатар университеттерде жыл сайын жаңа идеяларды ойлап табуға қабілетті және елдің болашағын анықтайтын жаңа буын пайда болып, қалыптасатынын атап өткен жөн. Зияткерлік меншік саласында елімізге білімге негізделген экономиканың серпінді өсуіне ықпал ететін материалдық емес активтерден мемлекетке үлкен пайда алуға мүмкіндік беретін пәрменді заңнамалық және институционалдық тетіктер жасай отырып, жүйелі мәселелерді шешуді жеделдетуді жолға қоямыз. Әрине, бұлар айтуға жеңіл, бірақ «көз қорқақ, қол батыр» деген қағиданы да естен шығармауымыз керек. Қол да, ой да батыл болса, ізденістің ізі ашыла береді.
Бизнесті ғылымға тарту үшін тікелей және жанама әдістерді қолдана отырып, салықтық ынталандыру механизмдерін енгізу тиімді. Білім мен ғылымды қолдауға және дамытуға бағытталған, оның ішінде шикізат, технологиялық жабдықтар, жинақтаушы және қосалқы бөлшектер импорты кезінде кедендік баждар салудан босатуды көздейтін өндіру секторларындағы салықтық преференциялар мысалы бойынша жоғары оқу орындарының эндаумент-қорларының шоттарына түсетін қаражатқа салықтық ынталандыруды енгізу қажет. Ғылым – әлеуметтік прогресстің қуатты қозғалтқышы. Біз оның арқасында өмірімізді ұзартуға, денсаулығымызды нығайтуға, түрлі ауруларды емдеуге, қоғамды сумен және тамақпен қамтамасыз етуге мүмкіндік аламыз. Қоғамды ақпараттандыру жоғары деңгейге жетті, кез-келген ақпаратты ғаламтордан табуға мүмкіндік бар. Компьютер мен ұялы телефондар үйреншікті жағдайға айналды. Ғылым біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Қоғамның дамуы, ғылымның дамуымен тығыз байланысты. Олар әрқашан бірге жүреді. Әр адам оған өз үлесін қоса алады. Мен ғылымның соңғы жетістіктеріне қуанамын және мүмкіндігінше көп ашулар болғанын армандаймын. Әрине, оның барлық жетістіктері біз үшін пайда әкелген жоқ. Менің ойымша, атом бомбасын ойлап табу – адамзаттың ең үлкен қателігі. Сондықтан, ғылыми білімді тек жақсы ниетпен пайдалану керектігін әрқайсымыз түсінуіміз керек.
«Ғылымда даңғыл жол бар , ол ізденіс пен білім жолы», - деген қағидаға тоқталсақ. Бізде ғылым жолы сонау 6-8 ғасырлардан- ақ болғандығын архелогиялық зерттеулерден байқаймыз. Қазір ХХI ғасыр ширегі нендей өзгеріс болды. Өте көп. Ізденіс өз нәтижесін берді. Елбасымыз «Рухани жаңғыру», « Ұлы даланың жеті қыры» сынды мақалаларында осы бір тұсты ерекше атап өтеді. Біздің бұрынғы асыл қазынамызбен, қоныстарымызды барынша тез, әрі тың зерттеулер жүргізуді талап етеді. Ашылмаған рухани жерлерді зерделеу көзделген.