«Ұлы тұлғаларын білмейінше бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Алаштың басты мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті. Тарихтың қай кезеңінде болсын,олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген. «Алаш»-төрт әріптен құралған мазмұны терең елеулі сөз. Бұл сөз сонымен қоса айтар ауыз бен естір құлаққа да жеңіл. Алайда осы сөздің астарында, қисапсыз қасіреттер, ұлты үшін құрбан болған қазақ зиялыларының қиын тағдырлары, қазақ халқының тамыры терең тарихы жатыр.
Мемлекет – ұлттық бостандықтың, ұлттық тұтастықтың, тәуелсіздіктің кепілі. Мұны Алаш зиялылары жақсы түсінді. Сондықтан бәріне қарсы тұрып, бүкіл қазақ халқын азаттық жолына бастады. «Алаш арыстарының арман-мұраты сол кезеңдегі тарихи жағдайлар мен солақай жүйелерге байланысты жүзеге аспай қалды. Дегенмен де, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде, Алаш негізін салып кеткен ұлт-азаттық қозғалыс және тәуелсіздік туралы идеялар, қазақ қоғамының жүрегінде шоқ сияқты қызарып тұрған еді. ХХ ғасырдың соңында, яғни 1991 жылы сол шоққа жел тиіп, ол отқа айналды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы құрылды. Біз «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі», «Төрткүл дүниемен тереземіз тең» десек, осы қастерлі ұғымдар Алаш идеяларынан нәр алған сол боздақтардың арманының орындалуы іспетті. Алаш зиялылары халықтың көкірегіне ғасырлар бойы шер болып қатқан азаттық туралы аңсарды, ел болу жайлы ұлы мәселені күн тәртібіне қойды. Сұлтанмахмұтша айтсақ, олар «Қазақ үшін жүрек майын шам қылған» көзсіз батырлар, заманынан озып туған биік өре иелері еді».
Алаш деген – азаттық үшін құрбандыққа бару, Алаш деген – білім мен намысты халыққа тарату, Алаш деген – көпшілікке прогресшіл және ашық ой-сананы дамыту, Алаш деген – ұлтжанды болу. Бізге әлі де Алаш идеясын ысырып тастауды көздеген, кеңестік-отаршыл кездегі ойлау жүйесінен, психологиялық пиғылдан арылуға көп күш жұмсауға тура келеді. Осыдан бір ғасыр бұрын құрылған «Алашорда» үкіметінің аңсаған арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан. Қазақтың кең байтақ даласы, рухани байлығы Алаш зиялылары бізге аманаттаған құнды байлығымыз. Қазақ үшін жанын құрбан еткен арыстардың рухы алдындағы адалдығымыз бен перзенттік парызымыз Алаштың аманатын бойға сіңіріп, соған лайық еңбек ету. Алаш қайраткерлері қалыптастырған ұлттық санамызды жаңғырту – бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы етер, ұлтты біріктіруші идея ретінде қашан да қазақ елімен бірге жасайды.
Алаш партиясының басты мақсаты-қазақ халқына өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйені құру, яғни оның ұлттық мемлекеттілікке құқығы бар және ақырында дербес мемлекеттілікке қол жеткізуге, озық әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, ішкі Ресейден қазақ жеріне қоныс аударушылардың толқынын тоқтатуға, қазақ қоғамы жаңа өмір сұраныстарына сәйкес өзгертуге (жаңғыртуға), демократиялық қағидаттарды құрметтеумен бір мезгілде,атап айтқанда, білім мен ұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал етуге тиіс еді. "Алаш" партиясы қызметінің бағыттары келесідей болды: соғысты тоқтату, ұлттық-өңірлік –федеративтік негізде демократиялық республика құру, әйелдердің ерлермен тең құқықтары, көп әйел алуға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, ана тілінде міндетті және тегін жалпыға бірдей бастауыш білім беру болды. Алаш партиясы ұлттық саяси күш ретінде Алашорда үкіметін құрып және Алаш автономиясын жариялап, тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруға ұмтылды. Тағдырлары қайғылы аяқталғанына қарамастан, Алаш қайраткерлері ел мен жерге, қазақ ұлтына қамқорлық жасап, оның жарқын болашағы үшін күресті. Саяси санаға толы, тәуелсіздік идеясын тудыратын олардың идеялық мұралары халқымыздың жадында мәңгі сақталады-аманат, атқарылған жұмыстар туралы өсиет, ал Алаштың құрметті азаматтарының есімдері халқымыздың жадында мәңгі сақталады.
Алаштың саяси көсемі бөлған Әлихан Бөкейханов, өз заманының ерекше туылған азаматы еді. Ол өз ұлтының тарихын жетік меңгерген, мәдениет пен салт-дәстүрге құрметпен қараудың, туған халқына адал қызмет етудің үлгісін көрсетуші тұлға. Әлихан Бөкейханов, ұлттық мемлекеттілікті құру үшін үздіксіз күрес жүргізді.
Алаштың рухани көсемі бола білген тұлға Ахмет Байтұрсынұлы еді.Ахаң сол уақыттағы қазақтың елдігін қорлап отырған жағдайларға қарсы, «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп империя мүддесіне қарама-қарсы келетін ой айтқан болатын.
Қаншама сәтсіздікке ұшыраса да өз идеясынан бас тартпау, Алаш көсемдеріне тән ортақ қасиет. Өздері жүрген жолдың ауыр жол екенін біле тұра, олар өз өмірлерін бәйгеге тіккен еді. Уақыт кез-келген дүниені реттейді. Алашордашылар аңсап кеткен күн қазақтың басына туды. Алайда біз осы жолда құрбан болған ,тәуелсіздік үшін жанын берген, ұлтымыздың ұлы тұлғалары туралы ұмытпауымыз керек. «Бас иіп тағзым етеміз, Алаштың арыстары!»