Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану – оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін жаңа технологиялардың берері көп. Яғни оның бір ерекшелігі –оқушыға жан-жақты ықпал етуі. Бұл тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін-өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жетелейді. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізінде оқушы белгілі бір қажетті біліктермен дағдылардың иесі, әртүрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді,сауатты,өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін,мәдениетті болуға тиіс.
Сондықтан қазіргі таңда жаңа тұрпатты мұғалімнің міндеті-баланың өзім деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алатынына кепілдік бере алады.Жаңа білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес өз тәжірбиемде оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда сын тұрғысынан ойлау техналогиясын қолданып жүрмін. Сыни ойлау деген-әр жеке тұлғаның кез келген жағдайдағы мәселені ойлап,зерттеп, қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.Сыни тұрғыдан ойлау- өзіндік,жеке ойлау болып табылады.Ол-өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу,шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау,әр мәселеге байланысты өз пікірін айту,оны дәлелдей алу,сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бастауышта сәтті сабақ белгіленген мақсатқа жетуге ұстаз бен оқушының өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асатын үрдіс.Оқыту үрдісінде оқушылардың өз бетімен білім алуға дағдыларын қалыптастыруда аталған бағдарламаның өзіндік құрамы бар.Олар қызығушылықты ояту,мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Жоғарыда көрсетілген әр стратегияға тоқталар болсақ, «Қызығушылықты ояту» («Ой қозғау», «Ой шақыру», «Миға шабуыл») стратегиясы — сабақ барысында оқушының есте сақтау және жадыларының қабілетін сұрыптап, байқауға арналған стратегия.Үйрену процесі-бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Үйренуші жаңа түсініктерді,өзінің білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.Сондықтан да,сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады. Қызығушылықты ояту кезеңнің екінші мақсаты-үйренушінің белсенділігін арттыру.Өйткені,үйрену-енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені белгілі.Оқушы өзі білетінін еске түсіріп, қағазға жазады,көршісімен ой бөліседі,тобында талқылайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап,оны байырғы біліммен ұштастырады.Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі- мағынаны ашу.«Мағынаны тану» стратегиясы, бұл сабақты түсіндіруде мәтінді оқу, сабақ мазмұнын меңгеру кезеңі десек те болады. Бұл кезеңде оқушылар жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды. Мағынаны түсінуді ұйымдастыру кемшіліктерді болдырмаудың кепілі.
Тақырып туралы ой-толғаныс-бағдарламаның үшінші кезеңі.Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді.Оқушылар өз ойларын және өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастырады,ой түйістіру өз үйрену жолын,кестесін жасау мақсатында басқалардан үйренеді.Бұл үйрену сатысы ойды қайта түйіп,жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады.
Жалпы қазіргі күнгі оқытуда сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, сатылай кешенді талдау технологиялары түрлі әдіс-тәсілдермен қатар қолданылып, сабақтарды қызықты етіп өткізуге көптеген мүмкіндіктер жасалуда.
Осы жаңа педагогикалық технологиялардың тек қана мұғалімнің ғана емес, оқушы бойында да, қызығушылық тудырары сөзсіз. Себебі, бала жаны жаңашылдыққа құмар келеді.Сабақта осындай инновациялық технологияларды пайдалану оқыту тиімділігін арттырады. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтан әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
«Жақсы мұғалім әр уақытта қымбат, өйткені ол — мектептің жүрегі» деп ағартушы-педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, мектеп үшін ең керегі – жақсы мұғалім.Бүгінгі күннің мұғалімнен маман ретінде талап ететіні — белсенділік, өзіндік сыни көзқарасы бар, педагогикалық ситуациялардың шешімін таба білетін, мәдениетті, рухани жаны таза, дүниетанымы кең, адами асыл қасиеттердің қазынасы, әрі кәсіби білікті маман болу. ”Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім” деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сәйкес білім беру мүмкін емес. Біздің жалпы білім беретін орта мектеп жұмысында инновациялық процесті жобалау және бағдарлы білім берудегі мақсатымыз – шығармашылық ізденістегі ұстаздар қатарын толықтыру, білім беру мен оқыту әдістемесін жаңа технологиялармен байыту, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бәсекеге қабілетті жеке тұлғасын тәрбиелеу.