Поиск статей:
ESI
Рейтинг:

Жаңартылған білім мазмұнында география сабағын қашықтықтан оқыту ерекшеліктері

«Жаңартылған білім мазмұнында география сабағын қашықтықтан оқыту ерекшеліктері» тақырыбында өзім өткен оқу жылының  4-тоқсанында дайындаған  видео сабақтар бойынша тәжірибемен  бөліскелі отырмын. 

Қашықтықтан сабақ өткізу кез-келген мұғалімнің қолынан келетін қарапайым әрекет  сияқты болып көрінуі мүмкін. Оған әдеттегі сабақтан гөрі  аз уақыт кетеді. Бірақ бұл мүлдем  олай емес. Тек дұрыс құрылған  жоспар, шыдамдылық және қарым-қатынас қашықтықтан оқытуды ақпараттық және қызықты ете алады.. Сондықтан экран арқылы балаларды қызықтырғысы келетін мұғалімдерге арналған бірнеше кеңестерге тоқтала кетейін. 

Бірінші кеңес: сабақ мақсатын нақтылау.

Сабақтың мақсаттары мұқият ойластырылуы керек. Мұғалім де, балалар да алда тұрған міндеттерді нақты түсінуі маңызды. Бұл -  балалармен қарым-қатынастың ажырамас бөлігі. Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту процесінде сыныппен күнделікті «кездесулер» өткізудің қажеті жоқ. Әр оқушы  материалды өз бетінше оқып,  сонымен бірге сыныптастарымен тығыз байланыста болу керек. 

Екінші  кеңес: шаблонды қолдану 

Электрондық сабақ жоспарын құру кезінде бәрін нөлден дамытудың қажеті жоқ, сіз интернеттегі шаблондарды пайдалана аласыз. Бұл сіздің біреудің жұмысын көшіріп отырғаныңызды білдірмейді - сіз жай ғана қолданыстағы диаграммалар мен матрицаларды өз материалдарыңызбен толтырасыз. Сонымен, мұғалім шаблондарға сүйене отырып, жеке оқу ортасын жасайды және нақты балалармен жұмыс жоспарын өз бетінше құрады. 

Үшінші  кеңес: пікірталасты қолдау

Мектепте сабақ барысында мұғалім ойландыратын сұрақтар қою арқылы пікірталасты ынталандырады. Қашықтан оқыту курсының оқытушысы оны әрдайым жасай алмайды, өйткені бәрі ақпараттың ұсынылу тәсіліне байланысты. Қашықтықтан оқытуда  «Bilim Lend», «Daryn online», «Classroom», «Zoom», «Micrasoft Teams» т.б. платформалары пайдалану өте ыңғайлы  Платформа тестілеуге, нәтижелерді бақылауға және кеңес беруге мүмкіндік береді. 

Төртінші   кеңес: тұрақты байланысты қамтамасыз ету 

Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылармен тұрақты байланыста болу керек.. Егер сіз өзіңіздің жетістіктеріңізді үнемі қадағаламасаңыз, материалды игеруде олқылықтар болуы мүмкін, Сондай олқылықтарға жол бермеу  үшін мұғалім мен оқушы арасында үнемі кері байланыс болу керек.

Бесінші кеңес: сапалы мазмұн құру

Қашықтықтағы сабақ тек PowerPoint презентациясында ғана емес. Материал интерактивті және қызықты болуы керек. Мысалы, сіз “Kahoot”, “Googleдиск” пайдаланып, оқушылардың білімін тексеру үшін тест құра аласыз. Оқу материалдарымен қатар сайттарда сабақтарды, сценарийлерді және оқытуға арналған нұсқаулық бар. Интернетте сізге қашықтықтан білім берудің шынайы маманы болуға көмектесетін көптеген ресурстар бар, ол аз ғана тәжірибе мен шыдамдылықты қажететеді. 

Бейнесабақ құру барысында менің және әріптестеріме   үлкен жауапкершілік артылды. Жүйелі сабақты жоспарлау оның ішінде дәстүрлі емес сабақ жоспарын құру үлкен шығармашылықты қажет етеді.  Біздің оқушыларымыз   ерте жастан ақпараттанған  ортада өсіп келеді. Оларды бірсарынды сабақ қызықтырмайды. Оның үстіне қашықтықта оқып жатқан балаларға сапалы білім беру мұғалім алдындағы өте күрделі міндет болды. Сондықтан мұғалімдерге  қазіргі уақыттың қиындығына қарамастан, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» саналы білімді азаматтарды тәрбиелеу жауапкершілігі   арта түсті. Мен 9- класс географиясына   арналған видеосабақтарды даярладым.    Сабақтың ерекшелігіне байланысты «ZOOM», «Clasroom»,  «Micrasoft teams» «Whatsapp» байланыс платформаларын пайдаландық. Себебі әр плаформаның өз ерекшеліктері бар.  Сабақты мәнді,  мағыналы өтуі сабақтың ұйымдастыру бөліміне байланысты. Сабақ құру барысында «диалогтік оқыту» тәсілдерін көбірек қолдануды үйғардым. Себебі үнемі мұғалім сөйлейтін болса оқушылар жалығады, ал диалог құру барысында оқушылардың сабаққа толық қатысуын қамтамасыз етуге болады. География сабағы әдеттегідей сабақ кестесінің басында қойылмайды, сол себепті оқушының зейінін немесе аз уақыт болса да тынығуы үшін «релаксациялық жаттығулар»  немес қысқа бейнебаян пайдаланамын. Ол несімен тиімді? Біріншіден, оқушы сабаққа өзін жинақтайды, екіншіден, сабаққа қызығушылығын арттырады. Қазіргі таңда мұғалім «үйретуші» ролінде емес, «бағыттаушы, нұсқаушы» ролінде. Сондықтан да түрлі тәсілдерді пайдаланып, оқушының өз бетімен сабақтың тақырыбын ашуына ықпал ету керек. Мысалы, «суретті сөйлет» немесе «логикалық шынжыр» әдісін пайдалануға болады. Яғни, оқушы слайдта көріп отырған көрнекіліктер арқылы сабақтың тақырыбын ашады. Сабақтың басында мұғалім шеберлікпен оқушылармен байланыс орнатып алса ғана сабақ өз нәтижесіне жетеді. Сабақтың негізгі бөлімінде өткізілетін сабақтың тақырыбына қарай таңдалып алынған түрлі платфорамаларды пайдалану мүмкіндіктері бар. Мен «Білім ленд» сайтын және «Yotube»платформасын жиі пайдаландым. Сабақтың мазмұынан байланысты бейнефрагменттерді   де қолдандым.. Осы тақырып төңірегінде оқушыларды елімізде болып жатқан жаңалықтармен хабардар ету  мақсатында  үзінділерді жаңалықтардан алып отырдым. «Білім ленд» сайтын барлығыңыз қолданып жүрген боларсыздар. Ол сайтта  тақырыпқа қатысты көп ақпараттар,көрнекіліктер, бейнематериалдар жинақталған. Жоғарыда айтылғандай оқушылардың назары сабақта болуы үшін мұғалім оқушылармен диалогқа түседі, яғни суретке қатысты сұрақ қояды. Мысалы, мұғалім шаруашылықтың негізгі орталықтарының туларын ұсынса оқушылар қандай елдердің тулары екенін табады. Оқулықтағы берілген ақпаратта тұлғалардың есімдері аз беріледі. Мысалы белгілі бір кен туралы мәліметпен танысу барысында, ол кеннің кімнің атымен аталғанын да айта кету артық болмайды, осы орайда «Тұлғаны таны» әдісін қолдандым. Яғни, сабақтың негізгі бөлігінде сабақтың тақырыбына байланысты көрнекіліктер, диалогқа түсетін тапсырмалар көбірек болуы тиіс. Сабақтың нәтижелілігін, яғни жемісін сабақтың соңында көреміз. Мен сабақты бекіту бөлімінде әр сабақта әр түрлі тапсырмаларды алып отырдым. Логикалық сызба тиімділігі неде? Оқушылар аз уақыт аралығында тиісті сөздерді жазады, логикалық ой қабілетін дамытады. Сабақ мазмұнында проблемалық сұрақ туындайтын болса, «SWOT» талдау пайдаланамын. Бенджамин Блумның таксономиясындағы деңгейлік сұрақ үлгілерін, «Блум түймедағы» және де «Жуан, жіңішке» сұрақ үлгілерін пайдаландым. Байқап отырғандарыңыздай,  басым көпшілігі оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытатын тәсілдер. Мұғалім сабақтың өн бойында  кері баланыс алып отырса, сабақтың соңында оқушының сабақта білімі   қай деңгейде екенін анықтау үшін және олардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін рефлексия өткізеді. Ең жиі пайдаланатын әдістің бірі «Бес түйін сөз, бір ой», осы орайда оқушылар сабақта естіген жетекші ұғымдарды атай отырып, сабақта толғандырған ойларын айтады. Немесе «СМС» әдісі арқылы бір біріне сұрақ жолдайды. Ұсынылып отырған әдістер бұл сабақтардың кейбір үлгілері ғана. 

Еліміздің білім беру саласында жүріп жатқан түбегейлі құрылымдық қайта құрулар, білім беру саласындағы реформа – Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды бағыттардың бірі. Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін алдымызда отырған  жас ұрпақ- ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету – мұғалімнің басты міндеті. Әр мұғалім -  өз сабағының көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлікті қажет етеді. .

499 0
Нургул Мустафина, №51 гимназияның география пәні мұғалімі, Ақтөбе қаласы «ULY DALA USTAZY» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы № 0006
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: