Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI468

Сабақтағы тиімді кері байланыс - сапалы оқытудың негізі

 «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса»

(Махатма Ганди)

 

       «Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз. Жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында, 2012 жылы халқыма ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиясының өзектілігі арта түседі. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.»

Әлемде білім беру ісінің нәтижесін бағалай білудің өзіндік тәжірибесі  қалыптасқаны белгілі. Бұл ретте оқушының қаншалықты білім алғандығы емес, оның алған білімін қаншалықты пайдалана алатындығы маңызыды болып отыр.Оқушылардың дамуын жақсарту үшін мұғалім оқыту үдерісінде  жаңа әдіс - тәсілдерді өз тәжірибесіне енгізе  білуі тиіс. Мен шығармашылық ізденісте жүріп , өзімнің шығармашылық тақырыбымды"Сабақтағы тиімді кері байланыс- сапалы оқытудың негізі " деп алдым. 

Мақсаты:Оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі  маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту. Менің таңдаған тақырыбым жаңартылған білім мазмұнында оқушылардың білім сапасын арттырудың тиімді жолдары деп есептеймін. 

Күтілетін нәтиже: Оқу мақсаттарына бағытталады, оқушылар дұрыс бағытта екенін біледі, оқушыларды қателерін түзеп, өз жұмыстарын жақсартуға ынталандырады, оқушыларға өз беттерінше ойлануына, жауап беруге мүмкіндік береді, бірнеше қадамнан кейінгі ілгерлеу   туралы хабардар етеді,басқа оқушылармен салыстыруды болдырмайды. 

Соңғы жылдар кері байланысты орнату көптеген ғалымдардың назарында. Кез келген әлеуметтік ақпараттық қарым –қатынастын, сондай ақ оқу дерісінің қатысушылар арасындағы өзара қарым қатынастын тиімділігін дәлелелі ретінде кері байланыстың маңызы өте зор. Өйткені мұғалім де оқушы да сабақ барысында екі жақты өзара іс әрекеттің ұйымдастыру нәтижесінде дер кезінде кері байланыс алуға мұқтаж.

Кері байланыс дегеніміз не? Кері байланыс (ағылш. feedback) – адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы. Дәстүрлі сабақтарда үнемі біз кері байланысты жүргізіп пе едік осы уақытқа дейін? Өздерініз білесіздер сабақтың соңында немесе жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң біз балаларға төмендегідей сұрақтарды қоятынбыз. Мысалы балалар бүгінгі тақырыпты түсіндіңдер ма?, кім түсінбеді ?, кімнін сұрақтары бар? деп сұраймыз. Бұл әрине ауызша кері байланысқа жатады. Алайда осындай кері байланыс тиімді болды ма? Осындай сұрақтарға оқушылар не деп жауап беруші еді әрине тез кету, үзіліске немесе үйге қайту үшін оқушылар түсіндік, сұрақ жоқ тағы да сол сияқты сұрақтармен шығуға асығатын. Алқазіргі кезде сабақта тиімді кері байланыс берсе сапалы оқытудың негізі болып табылады.

Оқу үрдісінің барысы туралы түсінік қалыптастырудың бірден бір құралы, оқу міндеттері мен мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, мұғалімді оқушының жетістіктері мен қиындықтары туралы хабардар етеді.

Мен үнемі жоғары да айтылған ережелерді басшылыққа ала отырып , сабақтарымда кері байланысты қолданып отырамын. Енді әдебиеттік оқу пәнінен Ө. Тұрманжановтың " Мектеп - біздің анамыз" атты бір  сабағыма тоқталып кеткенді жөн көрдім. Бұл сабағымда оқушылар топтық жұмыс орындаған кейін топ бір- бірін дескрипторға қарай отырып, ауызша кері байланыс бергенде  салынған суреттің эстетикасына мән берсе деп кері байланыс беруі мені таң қалдырды. Міне, осыдан кейін оқушылар өз жұмыстарын жақсартуға ынталанды. Сабақ соңында тақырыпты толық түсінгенін немесе түсінбегендігі туралы " Желкенді қайық "атты кері байланысты қолдандым. Жоғарыда айтып өткендей күнделікті сабақтарымда оқушы оқу мақсатына жеткен, жетпегенін анықтауға мынадай кері байланысты қолданамын.Математика пәнінен"Табыс сатысы" кері байланысын қолданған едім, сыныбымда он жеті оқушымның он бесі тапсырма орындағанда" өзіме сенімдімін" сатысын таңдаса, 2 оқушым табыс сатысының "өзіме көмек керек" сатысын таңдады. Екі оқушымды сабақ соңынан кейін екі таңбалы сандарды азайтуға есептер беріп, шешу жолдарын түсіндірдім. Одан кейінгі сабақтарымда екі оқушым есепті қатесіз шығарды. Сабақтарымда ауызша кері байланыстарға "Ішкі және сыртқы шеңбер", "Құпия жәшік"т. б. кері байланыстарды қолданамын.

Жазбаша кері байланысты үй тапсырмасына немесе сынып жұмыс дәптерлеріне  және ата- анаға оқушының жетістігі мен кемшілігін жазып жіберіп отырамын.Тиімді кері байланыс оқушыларды мадақтау тәсілдері арқылы ойын жинақтауға үйрету, сөйлеу дағдыларын дамытуға, қарым-қатынасқа тарту, мінез-құлық ерекшеліктерімен жұмыс жасау, сенімділікті нығайту, зерттеуге бағыт беру, өзіндік жұмысты дамытады  деп ойлаймын.

Сонымен, кері байланыс оқу/оқыту мен үйренудің/үйретудің қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтау мүмкіндігін береді. Кері байланыс арқылы оқу мен оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға болады. Кері байланыс дұрыс жауап немесе бағыт таңдалынып, қателерді түзету әрекеттерін іске қосады.

ОЛ оқушыға не береді? Оқушы өз әрекетін реттей алады, сабақта не үшін әрекеттер жасалғанын түсінеді, өз оқуына жауапкершілік алады, болған жағдайға рефлексия жасап үйренеді, өзін-өзі реттеуге машықтанады. 

Мұғалімге не береді? Мұғалім тиімді жоспарлауға, сабаққа нақты мақсат қоюға, оқушы ерекшеліктерін анықтауға, сабағына өзгеріс енгізуге мүмкіндік алады. 

Ата-аналарға : жиі  және маңызды кері байланыс ұсынылған  жағдайда оқыту тиімді болады.


ҚОРЫТЫНДЫ

 Кері байланыс – топтық жұмыс барысындағы екі жақты ақпарат алмасуды, көңіл-күй аясын жақсартуды көздейтін даму үдірісі. Бұл үдеріс жұмысты қаншалықты дамытып, қаншалықты келесі сабаққа өзгеріс енгізе алады? Ең біріншіден, тиімді жүргізілген кері байланыстың оқушылардың танымына әсерін айқын көруге болады. Яғни, оқушының сабақта жетістікке жетуі, өз-өзін реттеп, метатанымына әсер етуі. Кері байланыс арқылы оқушы өзінің қай деңгейде екенін біліп қана қоймай, қалай дамуға болатынын көре алады. 

Жалпы, кері байланыс – мұғалімнің әр оқушыны өз ортасында өмірге дайындауы, айналасында болып жатқан құбылыстарды түсінуге жетелеуі, өзіндік көзқарасын қалыптастыруы, сабақта алған білімін қоғамда пайдалана білуге, шешім қабылдауға үйретуі десек, бұл әр мұғалімнен ізденіс пен табандылықты, өзіне деген шынайылықты талап ететін қашанда түрлену, даму үстінде болатын үдеріс. 

 

 

 

   ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ:

 

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 2017 жылғы 31 қаңтардағы жолдауынан үзінді

2. А.Қ. Әлімов" Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану" Оқу құралы.Алматы, 2015ж.

3. https://kk.wikibooks.org/wiki/ 

4. «Тиімді оқыту» Жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту бағдарламасы. Мұғалімге арналған бағдарлама. – Астана: ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016. - 60 

5. «ТӘЖІРИБЕДЕГІ  РЕФЛЕКСИЯ» Жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту бағдарламасы.- Астана: ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016. – 88 б. 

6. Ғаламтор сайттарынан алынған мәліметтер

 

 

 

 

4 959 0
Самал Рахатова, Жалпы білім беретін Юрий Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000271
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: