Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп,адамзат қоғамын алға апаратын күш білімде ғана.Қай елдің болсын өсіп өркендеуі,ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне,даму бағытына байланысты.Білім беру жүйесіне енгізілген реформа ең алдымен оқушыларға сапалы білім беруді,болашақта әлемдік бәсекеге қабілетті болуын,функцияналдық сауаттылығы жоғары болуды көздейді.Елбасы ұстаздар қауымына жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде үлкен жауапкершілік жүктейді.Осыған орай мемлекетіміздің білім саясатын, яғни ҚР 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жасалып жатқан жаңа білім мазмұнын жаңартудың 2016-2019 жылдарға арналған кезеңдік бағдарламасын басшылыққа ала отырып,жүктелген міндеттерді атқаруымыз керек.
Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты.Себебі,білім беру парадигмасы өзгерді,білім берудің мазмұны жаңарып,жаңа көзқарас,жаңаша қарым-қатынас пайда болды.Келер ұрпаққа білім мен тәрбие беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.Бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек.Сондықтан әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді,оны дербестікке,ізденімпаздыққа,шығармашылыққа тәрбиелеуді,белсенділігін арттыруды жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияларды меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа технологияны ендіруді міндеттейді.
Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса,қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды.Сабақ мұғалімдердің өзінің емес,оқушының іс-әрекетімен бағаланады.Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып,пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сыни тұрғыдан ойлаудың маңызы зор деп ойлаймын.Бұл иллюстративті-түсіндірмелі,ішінара іздену,проблемалық,пікір-сайыс,ойын,шығармашылық,өзін-өзі дамыта оқыту әдістерінің жиынтығы.Сын тұрғысын оқу-тәрбие үрдісінде басқару мен ұйымдастырудың тиімділігі оқушылардың өз алдына белсенді дамуына негізделеді.Қазіргі таңда оқушыларды кез келген қиыншылықтарды жеңуге,өз мәселелерін шешуге,әр түрлі жағдайларға сын тұрғысынан қарауға,екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға,сапалы шешім жасауға үйрету қажеттігі айдан анық болып тұр.Сын тұрғысында ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра оқыту,оқушылардың жеке,топпен жұмыс жасау негізінде білім алумен ұштасады.Бұл модуль оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады.Оқушылардың ауызша,жазбаша тілін,ойлау,есте сақтау қабілетін,әрбір ақпаратқа,сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына,шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады.
«Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясын жаңа сабақты өз бетінше меңгеру үшін қолданған тиімді.Оқушы ең алдымен тақырыпты өзі оқиды,таныс мәліметтерді белгілейді,өзі білмеген мәліметтерді табады да кестені толтырады,білмегенін сұрайды,нені білгісі келгенін айтады. Мысалы, «Негізгі,туынды етістік» атты сабағымда «Етістік туралы не білемін?», «Негізгі,туынды етістік туралы не білгім келеді?», «Не үйрендім?» деген сұрақтарына жауап беріп,кестені толтырды.Өздерінің ойларын ашық жеткізді,етістік туралы көп нәрсе үйренді.Белсенді түрде білім үйрену жолына қарапөзгерістер енгізеді, нағыз білім шыңына көтеріледі үлкен әлемге енеді.Сыни ойлай отырып өз-өздерін бағалайды.
Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интеллектуалдық,кәсіптік,адамгершілік,рухани,азаматтық және көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту,яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында. Жаңашыл педагогтардың мақсаты – оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету,оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу.