Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI465

Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

          Баланың жас ерекшелігін ескере отырып математикадан түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, интелектуалдық деңгейін көтеру кезде бiлім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылық пен жұмыс істеуін, логикалық ойлау және функционалдық сауаттылық қабілеттерін артып, кеңінен іс жүзінде қолдануды талап етеді. Оқуға қабілеттілік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішінде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Оқуға қызықтырудың басты элементтерінің бірі- нәтижеге жетуге ынталандыру. Осы қойылған талаптарды әр оқушы өз мүмкіндігі деңгейінде орындайды. Сондай-ақ, математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту өзекті мәселе етіп қойдым. Осы өзекті мәселені шешу барысында  өзіндік білім көтеру тақырыбым –математика сабағында бейіналды дайындық және бейінді оқытуды ұйымдастыру. Сонымен қатар «функционалдық ойлауды дамыту» дегеніміз:
     • барлық  логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;
     • ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту.
«
функционалдық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – сауатты сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К. Д. Ушинский.
          Елбасымыз өз Жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік  беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық  және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет”-деп, айқын атап көрсетті. Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел болашағы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Орта білім беру мақсаты жедел дамып келе жатқан әлем жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдыларының негізінде өз бағытын еркін анықтайтын, өз мүмкіндіктерін іске асыра алатын, өзін –өзі дамыта алатын және өз еркімен дұрыс жауапты, дербес шешім қабылдайтын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту мен оған жан –жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып, оның математика сабағында және функционалдық сауаттылығын арттыруды жауапты іс деп таныдым.Қазіргі заманғы  ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Ол міндет – білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы  жас ұрпақтың білім деңгейін халық аралық дәрежеге жеткізу.

         Ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы  және терең білім іскерлігінің болуын, олардың шығармашылық пен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын етеді. Математика пәнін оқыту процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың интеллектісін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру – оқушының пәнге деген қызығушылығынан  және қажеттілігінен туады.

Оқу – тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде оқытушы басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет істеу үшін оқушылардың оқуға деген белсенділігін арттыру жолдарын ұтымды ұйымдастыру үшін мұғалімнің өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, психология мен педагогикалық ғылымдарды толық меңгеріп, ондағы ғылыми жаңалықтарды  және озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып отыруы  тиіс. Сонда ғана оқушылардың білімге деген белсенділігін арттыруда мұғалімнің қызметі  жемісті болады, оқу – тәрбие жұмысының нәтижесі бүгінгі күннің көтерің кі талабына үн қосады. Оқушылардың оқу процесіндегі белсенділігін арттырудағы, функционалдық сауаттылықтың дамуындағы мұғалімнің үздіксізізденуі – бүгінгі күннің негізгі талабы.

                Қазақстанның орта білім беру жүйесінің алдында адамзаттық құндылық тұғырнамасында қалыптасқан, өзіне-өзі сенімді, ғылыми – теориялық білімділігі  мен тәжірибелік қабілеттері арқылы әлеуметтік кеңістікке еркіне не алатын қасиеттерінеие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Осыған орай біздің мектепте жылда ұйымдастырылатын әдістемелікіс-шараларының бірі  –оқушылардың ғылым апталығы. Осы апталықта  өткізілген «Озық ойлы оқушы» атты сыныптан тыс жұмысымда оқушылармен әр түрлі фокустар көрсетіліп, анаграммалар,

жұмбақтар, ребустар шешілді. Оқушылар атақты математиктер туралы презентациялар  ұсынады. 5-11 сынып оқушыларына «Формулалар марафоны» және математикалық диктант атты сайыстар өткізіледі. 3-5 сынып оқушыларына «Жанұя және математика» атты сайыс дәстүрге айналды. Осы сайысқа оқушылар отбасы  мүшелерімен топ құрып, белсенді қатысады.

         Ерекше қабілетті, дарынды, оқушыларды анықтап, оларды байқау, іздендіру, олимпиада сияқты жарыстарға дайындауды міндетім деп санаймын. Мектеп математикасын оқушының толық меңгеруі дегеніміз – математиканың мектеп көлеміндегі барлық бағыттары бойынша толық білім, білім дағдыларын игеру деген сөз. Демек, оқушы математикалық білімнің кез келген бағыттары бойынша, кез келген уақытта талдау жасай білу керек.

Математика ғылымын бизнеспен байланыстыруда көптеген қызықты мәліметтер алғанын дәлелдеп келтірді. Олайболса, математика пәнінигеру – оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттері дамыған функционалдық сауатты  оқушы шығармашылығына, кәсіби құзырлығына айналса, математиканы оқытудың басты мәселесі шешіледі деген ойдамын.

 

 

6 576 193
Лаззат Сыздыкова, С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің математика пәнінің мұғалімі Павлодар облысы, Баянауылы ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000268
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Айгуль Жумагельдина
20 октября 2021 21:04
Лаззат Қайратовна оқушылармен жұмыс жасауда ойлау қабілетін, логикасын дамытып, өздігінен ізденуге бағыттай біледі. Іске сәт.
Жанагуль
20 октября 2021 21:09
Шығармашылық табыс тілеймін. Сауатты оқушыларың көп болсын
Айнур Темиржанова
Айнур Темиржанова
20 октября 2021 21:18
Өте пайдалы👍🏼
Алуа
20 октября 2021 21:25
Сәттілік тілеймін! Еңбегіңіз бағаланып, жетістіктерге жете беріңіз! 👍👏🏻👏🏻👏🏻
Айнур Саттарова
20 октября 2021 21:28
Нағыз заманауи ұстаз! Өз ісінің шебері! Шығармашылық табыс тілеймін.Іске сәт!
Жупар Архабаева
20 октября 2021 21:43
Өте құнды дүние. Шығармашылығың шыңдала берсін
Гульжихан Балгабаевнп
20 октября 2021 21:44
Оқушылармен аянбай жасаған еңбегіңіз жемісін берсін! Пән мұғалімдеріне әдістеме ретінде таптырмайтын көмек. Жұмысыңызға шығармашылық табыстар тілеймін.
Гульжихан Балгабаевнп
20 октября 2021 21:46
Цитата: Гульжихан Балгабаевна
Оқушылармен аянбай жасаған еңбегіңіз жемісін берсін! Пән мұғалімдеріне әдістеме ретінде таптырмайтын көмек. Жұмысыңызға шығармашылық табыстар тілеймін.
Асем Жакенова
Асем Жакенова
20 октября 2021 21:47
Лаззат Кайратовна оқушыларды математика пәніне қызықтыруда дұрыс жол таба білгенсіз. Шығармашылық табыс тілеймін.
Омарова Умит Балташевна
20 октября 2021 21:51
Функционалды сауаттылығын дамыту жолындағы өте көп заманауи, оқушылардың қызығушылығын арттыратын жұмыстар жүргізіліп, нәтижелі болады деп сенемін. Ұстазға шығармашылық жетістіктерге жете берсін деп тілеймін.
Гульнара
20 октября 2021 21:51
Өте пайдалы
Арайым
20 октября 2021 21:52
Нағыз ұстаз!
Капезов Алимхан
Капезов Алимхан
20 октября 2021 21:52
Жұмысыныз тбаысты болсын 👍👍👍
Куралай
Куралай
20 октября 2021 21:52
Тамаша! Сәттілік тілеймін!
Ерсенұлы Елдар
Ерсенұлы Елдар
20 октября 2021 21:53
Еңбегі жемісті болсын✊✊
Хамида
Хамида
20 октября 2021 21:55
Шығармашылық табыстар тілеймін!
Sagila
Sagila
20 октября 2021 21:55
Педагог өз іс-әрекеттерінің нәтижелерін тек талдап немесе сынақ түрінде бағалап қана қоймай, алғыр ойларымен бөлісіп, өз шығармашылық деңгейін жүйелі түрде толықтыру үшін кәсіби, шығармашылық байқауларға белсене қатысып отырады.
Тукенова Умут
Тукенова Умут
20 октября 2021 21:57
Сәттілік тілеймін! Еңбегіңіз бағаланып, жетістіктерге жете беріңіз🤗
Алдиярчик
Алдиярчик
20 октября 2021 21:57
👍👍👍👍👍👍 қолдаймын
Акгул
20 октября 2021 21:57
Мақала өте жақсы жазылған
Даулет
20 октября 2021 21:58
Еңбек етіп, аянбай тер төгіп жүрген осындай ұстазымыз, әрқашанда биік-биік шыңдардан көріне берсін!!!!
Айгерим Мусетовна
20 октября 2021 21:58
Керемет! Шығармашылық табыс тілеймін 💐
Сержан
20 октября 2021 21:59
Керемет статья
Dara
20 октября 2021 22:02
Керемет! Сәттілік тілеймн 👏🏻👏🏻
Саулет Шарбекова
20 октября 2021 22:05
Керемет. Маңызы зор, құнды мақала. Еңбегіңіз жемісті болсын. Сәттілік тілеймін!
Очень правильная работа.
20 октября 2021 22:05
Творческих успехов
Балжан
20 октября 2021 22:05
Улкен табыс тылеймын 🙏
Бибигуль Косыбаева
20 октября 2021 22:05
Сәттілік тілеймін 👍👍👍
Туремуратова Асемгуль
20 октября 2021 22:15
Ляззат Қайратовна оқушылардың матсауаттылығын дамытып, қызықты сабақ пен үйірме жұмысын қатар алып, еңбектеніп келесіз, шығармашылық тілеймін
Казангапова Ажар Шалгынбаевна
20 октября 2021 22:21
Ляззат Кайратовна творческих успехов вам. 👩‍🎓👍🌷