Жан-жақты білімді, салауатты, тәрбиелі, мәдениеті жоғары өркениетті елдің ұрпағын тәрбиелеп шығу бүгінгі мектептің алдына қойылған басты мақсаттардың бірі. Бұл мақсатты іске асыру және оған жету әрбір орта мектеп мұғалімінен бүгінгі заман талабына сай оқыту әдістемесін күннен күнге жетілдіре түсуін талап етеді.
Олай болса, оқушыларды жеке өзіндік тұлға етіп тәрбиелеуде математика пәнінің жалпы оқыту және тәрбие жүйесіндегі алатын орны, салмағы зор және ерекше, оны барлық жұрт түсінуі тиіс деп ойлаймын.
Қазіргі таңда математиканы оқытудың негізі- сабақта сапаны арттыру, қолданылатын әдістермен танымды білімді деңгейде көрсету.
Менің шығармашылық ізденістерімнен туындаған іс-тәжірибелік еңбегімнен сабақ барысында есептерді шешудің ұтымды әдістерін тауып , неғұрлым тиімді жақтарын анықтауды мақсат етемін.Осыған орай төмендегі міндеттерді айқындай білу керек:-болашақ,өмірде алған білімді қолдана білу үшін математикалық білімді нақтылы меңгеру;-өмір мен қоғамға аса қажетті математика ғылымына тән жан-жақты талдау;
-нақтылықты тану әдісі мен суреттеу формасы арқылы математиканың әдісі мен идеясын түсіну .Осы мақсатта сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте боламын.Қазіргі уақыт талабына сай біз де өз сабақтарымызда жаңаша ұйымдастырып,өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын.Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп,оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келемін.Өз сабағымда математикалық сауаттылық тапсырмаларын көбірек қамтуға тырысамын әрине уақытты үнемді пайдалана білу олда мұғалімнің шеберлігін қажет етеді. Математика пәні сабақтарын ойын түрлері арқылы оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ой белсенділігін арттыруға бағыттаймын.Шығарылу жолын түсіндіріп көрсет деп тапсырма беруге болады. Мұнда оқушы өзі жазған шығарылу жолына тоқталса,екінші жағынан оны дәлелдейді.
Күнделікті жоспардағы сабақтан гөрі мұндай сабақтар оқушының есінде ұзақ сақталады, ой-өрісі кеңейеді. Ойлау қабілеті дамиды, сабаққа қызығуы, белсенділігі артады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту барысында ауызша, жазба дағдыларын меңгерту көзделеді.
Мен геометрия сабағында «Суреттер сөйлейді » тәсілін пайдаланып ,оқушының ойлау қабілеті мен ажырата білу қабілетін байқауға тырысамын. Оқушының салу есептерін салу кезінде ұқыптылығын, шапшаңдығын ескеруге болады.
Бұл әдісті пайдалана отырып көп жетістіктерге жетуге болады. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір – бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастайды. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, үнсіз отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастайды.
Теореманы дәлелдеу кезінде оқушыларда көбіне еркін сөйлеу дағдылары қиындықтар туғызады .
Қазір күнде оқушылар өзара топпен жұмыс барысында өте жақсы белсенділік танытып анықтамаларды , формулаларды , теоремаларды айтады Мұндай әдістерді сабаққа пайдалану оқушы үшін де,мұғалім үшін де тиімді.
Біріншіден,үздіксіз білім алуға жағдай жасап оқыта отырып дамытуға, екіншіден, өз бетінше білім жинақтауға бейімделуіне ықпал жасаудамын.
Математиканы оқыту кезіндегі оқушыларда танымдық қызығушылықтың қалыптасуы жұмысында жалпы білім беретін мектеп мұғалімі белгілі қиыншылықтарды сезеді. Математика курсы сыныптан сыныпқа күрделенеді, бұл оқушылардың пәнді түсінбей, оған деген қызығушылығының төмендеуіне әкеліп соғады.
Математика баланың жеке тұлға ретінде жалпы дамуын өзіне мақсат етеді. Бұл мақсат келесі міндеттерді анықтайды:
Оқушыларда келесі бастапқы түсініктерді қалыптастыру:
Математика мағынасы мен оны үйренуі жайлы;Математикалық ұғымдар жайлы;Математикалық білімдердің адам өмірі мен еңбегіне әсері жайлы.
Мұғалім оқушыларды соңғы нәтижені, алдын ала болжауды үйрету керек. Ішкі түйсік – алдын ала логикалық ойлаусыз ақиқатка жетуі.
Ол сезімдік қабылдау, қиял, жалпылама негізінде пайда бола алады. Оқушылар болжауды, эвристикалық және шынайы ойлауды үйрену қажет.
Ал бұл балаларға өз бетімен жаңа фактілер мен заңдылықтарды іздеуге, болжам шығаруына мүмкіндік берген жағдайда жүзеге асады.
Мұндай оқыту оқушыларды белсенділік, икемділік, пікірталас кезінде тәуелсіздік, математикалық жұмысына деген қызығушылық сияқты қасиеттерін туғызады.
Жұмыс тәжірибесі негізінде мұғалімдердің келесі қиыншылықтарын қарастыруға болады:
Оқушылардың жауаптарын дұрыс бағалай білмеу;
сабақта мұғалімнің қызығушылығының болмауынан туындайтын қиындықтар;
Жаңа әдістемелік бағдарламалардың болмауы немесе жетіспеуі
Әрбір оқушының оқу мүмкіндігіне сәйкес алынған жаттығуларды орындауда сабақта әрбір оқушыларға жеке-жеке көңіл бөлінбеуі.
Мұғалімдердің тәжірибесінде тиімді сабақты ұйымдастыруда кездесетін қиындықтарды мен оны шешу жолдарын талдау
-сабақта қолданатын әдіс-тәсілдердің бірсарындылығы;
-сабақта уақытты тиімді қолданбау;- сабақта АКТ тиімді қолданбау;
- проблемалық оқыту элементтерін сирек қолдану;
- барлық оқушылардың танымдық әрекетке тартылуын қамтымау;
- сабақтың және тапсырмалардың логикалық құрылымына мән бермеу;
-сабақта көрнекі құралдардың жеткіліксіздігі;
- теориялық материалдың қажеттігін бағалай алмау;
- жаттығулар мен тапсырмаларды немқұрайлы таңдау;
- оқушыларды жеке орындауға арналған тапсырмалармен толық қамтымау;
- оқушыларды шектен тыс көп тапсырмалармен жалықтыру.
Аталған қиындықтарды шешу жолдарының бірі – сындарлы оқыту теориясын басшылыққа алып сабақты белсенді әдістер қолдану арқылы тиімді жоспарлау болып табылады.
Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыру көкейкесті мәселе болып отыр.
Қандай да болмасын оқушы үшін қиындық тудырған кезде есептің нәтижесін көргенде, оның өзгеше бір сезімге бөленіп, бір марқайып қалуына ұмтылу қажеттілігін туғызуға мүмкіндік жасауға пән мұғалімі жұмысының өз нәтижесі болатындығын атап өткім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.К.Бұзаубақова . «Қазақстан мектебі» журналы, 2011 ж, №9; [24-28б]
2.Н.Ә.Назарбаев . Президент Н.Назарбаевтың International Herald Tribune басылымына берген сұхбаты. Астана -2010
3.А. Көбесов. Әл-Фарабидің мұралары.Алматы,1989,[49б].