2021-2022 оқу жылында кәсіби даму мақсаты ретінде «Оқушылардың анализ дағдысын ПТМС формуласы арқылы дамыту» мәселесін алған болатынмын.Аталған кәсіби даму мақсатты 2020-2021 оқу жылының екінші жартысынан бекітіп, зерттеуді жалғастырып келемін. Кәсіби даму мақсатымды жүзеге асыру үшін 10 «В» сыныбын алған болатынмын. Аталған сыныптың таңдалуының басты себебі осы сыныпта жоғары дағдылар бойынша қиыншылықтар кездеседі. Өйткені 10 сынып оқу мақсаттары доғары деңгей дағдыларын қамтиды. Оқушылардың жыл соңында Қазақстан тарихы пәнінен сыртқы жиынтық бағалау тапсырады. Ал сыртқы жиынтық бағалау тек жоғары деңгей дағдысын қамтиды. Сабақты жоспарлау барысында «Кеңестік Қазақстанның мәдениеті» бөліміндегі «Кеңестік білім беру саласындағы реформалар қандай мақсат көздеді?» тақырыбы алынған болатын. Қазақстан тарихы пәнінің әр сабақ мақсаты тарихи концептіге негізделеді. Сабақтың фокусы болып «маңыздылық» концептісі белгіленген. Оқушылар кеңестік білім беру саласындағы реформалардың маңыздылығын аша білуі тиіс. Сабақтың мақсаты бойынша оқушылар білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру керек. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жоғары деңгей дағдысы бойынша бағалау критерийлерін құрастырдым. Олар талдау дағдысы бойынша кеңестік білім беру реформаларының оң және теріс жақтарын анықтап, қазақ мектептерінің жабылуының себептерін талдайды және сыни тұрғыдан ойлау дағдысы бойынша қазіргі кездегі білім жүйесін кеңестік дәуіріндегі білім жүйесімен салыстырады. Бұл бағалау критерийлері кәсіби даму мақсатын жүзеге асыруға бағытталған. Сабақты жоспарлау барысында өткен тараулармен байланыс орнаттым. Ол 9 сыныпта өткен тоқырау кезеңіндегі білім беру саласындағы реформалар болатын болса, 10 сыныптың оқу жылының бас кезіндегі жылымық кезіндегі білім беру саласындағы реформалар болатын. Оқу материалын меңгеруді ұйымдастыру кезінде тақырыптың оқу бағдарламасының өзге тақырыптары және тарауларымен өзара байланысы іске асыруды біртіндеп жоспарладым. Бұл сабақ 10 «В» сынып оқушыларымен жүзеге асқандықтан, сабақтың өткізу түрлерін жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерін өткізуді жөн көрдім. Бұл сыныпта 21 оқушы білім алатындықтан, сабақты осы үш түрде өткізу жоспарланды. Сәйкесінше жеке тапсырманы орындау барысында оқушылардың бірін-бірі бағалауы жоспарланған болса, жұптық тапсырманы орындау барысында оқушылардың өзін-өзі бағалауы жоспарланып, топтық жұмыс барысында оқушылардың бірін-бірі бағалауы мен мұғалімнің бағалауын жоспарладым. Кәсіби даму мақсатына жету үшін осы әдіс-тәсілдер оқушыларың жоғары дағды тапсырмасын орындау арқылы берілеген ПТМС формуласын дұрыс орындауға септігін тигізеді. Жалпы айтқанда сабақты жоспарлау үдерісінде сабақ құрылымы бағдарлама талаптарына сәйкес жасадым. Сабақ кезеңдерi бiр-бiрiмен байланысты және логикалық түрде жүйеленген. Сабақтың басталу кезеңінен бастап аяғына дейін уақытты рационалды бөліп көрсеттім. Оқушыларды зерделендiре түсетiн жеңiл тапсырмадан қиын тапсырмаларға өту кезенiн жоспарлай білдім.
Оқыту үрдісі кезеңінде «миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылар сабақ мақсатын анықтай білді. Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін талқыладым. Алға қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру үшін оқушыларға жеке жұмыс парағын әзірледім. Жұмыс парағы сабақ мақсаты мен бағалау крийтерилері, сабақтың негізгі мәтіні, барлық тапсырмалармен тапсырма дескрипторларынан тұрады. Жеке жұмыс барысында оқушылар кеңестік білім беру реформаларының оң және теріс жақтарын анықтады. Берілген дескрипторлар негізінде оқушылар үш оң және үш теріс жағын анықтады. Осы тұста жоғары деңгей оқушылары тапсырманы берілген дескриптордан тыс қосымша білім беру реформаларының оң және теріс жақтарын анықтады. Сабақ барысында барлық 21 оқушыны тексеруге уақыт тапшылығы болғандықтан https://randstuff.ru/number/ сайтын қолдандым. Ол үшін сабақ барысында1-ден 21-ге дейін оқушыларға сандарды таратқан болатынмын. Осы сайт кез келген санды рандом тәсілі бойынша анықтайды. Сол арқылы сайт анықтаған сан кімнің нөмірімен сәйкес келсе, сол оқушы жауап берген болатын. Бұл жеке тапсырма оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра түсті. Қабілеті жоғары және қабілеті төмен оқушылар осы жеке жұмыста бірдей деңгейде жұмыс жасауға мүмкіндік бердім. Жеке жұмыс арқылы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану модулі жүзеге асты. Бұл тапсырманы орындау барысында уақыт регламенті сақталған болатын. Келесі жұптық жұмыста қазақ мектептерінің жабылуының себептерін анықтауға тапсырма бердім. Берілген дескриптор бойынша оқушылар 4 себепті анықтады. Бұл тапсырманы орындау үшін жұмыс парағында көрсетілген мәтін қолданылды. Бұл себептер оқушылардың жоғары деңгей дағдыларын жетілдіруге бағытталған және осы себептер оқушылардың ПТМС формуласын орындауға септігін тигізеді. Себебі кез-келген позицияда оқушылар міндетті түрде таңдаған позицияларының бірнеше себептерін көрсетедеді. Сәйкесінше «Оқушылардың анализ дағдысын ПТМС формуласы арқылы дамыту» атты кәсіби мақсатымның жүзеге асырылуына септігін тигізеді. Алайда, осы тұста оқыту үрдісі кезінде жұптық жұмысқа уақыттың тиімді бөлінбегенін байқаған болатынмын. Себебі барлық тапсырмаға бір мәтін келтірілгендіктен, бұл тапсырманы орындау барысында жеке жұмыс кезінде бірқатар оқушы қазақ мектептерінің жабылуының себептерін анықтаған болатын. Сәйкесінше бұл тапсырманың орындалуына уақыт бөлмей, ауызша жауап алу мүмкіндігін қолдануға болатын еді. Келесі ретте осындай жағдай орын алған кезде уақыттың тиімді бөлінуіне аса назар аударамын. Топтық жұмыс кезінде қазіргі кездегі білім жүйесі мен кеңестік кездегі білім жүйесі салыстыра отырып ВЕНН диаграммасын толтыруға тапсырма берілген болатын. ВЕНН диаграмасы оқушылардың жоғары деңгей дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушылардың көшбасшылық қасиеттін ескере отырып, әр топ басшысын өзім тағайындаған болатынмын. Оқушылар сабақта алған білімдері мен өз білімдерін қолдана отырып ҚазКСР мен ҚР білім деңгейін салыстыра білді. Әр топта 7 оқушыдан келгендіктен, барлық топ тапсырманы берілген дескрипторлар бойынша жұмыс жасады. Әр топтың көшбасшысы тапсырманы орындау үшін топтың ішін жұптарға бөлді. Топ басшысы І жұпқа ҚазКСР білім айырмашылығын, ІІ жұпқа ҚР білім айырмашылығын, ІІІ жұпқа ұқсастықтарын анықтауға тапсырма берді.Осы тұста саралау үрдісі жүзеге асырылған болатын. Өйткені топ басшылары болып қабілеті жоғары оқушыларды тағайындадым. Топ басшыларының жұмысы ойымнан шықты. Олар өз жұптарының жұмысының қадағалап, әр дескриптор бойынша жауаптарын саралап отырды. Әр топ бұл тапсырманы талқыға салуға дайын болды. Оқыту үдерісі кезінде жауап беру тәсілін өзгерткен болатынмын. Әр топ берілген бір дескриптор негізінде өз жауаптарын ортаға салды. Нәтижесінде топтар бірін-бірі тыңдап, өз жауаптарын толықтырып алды. Көшбасшылар сабақ тақырыбы бойынша қорытынды айтқан болатын. Кәсіби даму мақсатыма сәйкес ПТМС формуласының маңызды тұсы дұрыс қорытынды шығара білу. Себебі кейбір оқушылар қорытынды жазуда қиналады. Көбінесе оқушылар қорытынды бөлімінде қайтадан позицияны қайталап жазғандықтан, көшбасшылардың қорытындысы басқа оқушыларға үлгі ретінде болды. Алдағы уақытта оқыту үдерісі бойынша саралап оқытуға аса назар аударамын. Себебі сабақтағы саралап оқыту барысында басты көңілді жоғары деңгей оқушыларына бөлген болатынмын. Яғни саралау үрдісіне назар аудару қажеттілігі туындап отыр. Келесі кезекте төмен деңгейдегі оқушыларға назар аударып, саралау үрдісін үш деңгейдегі оқушыға қосымша тапсырма жоспарлаймын. Кәсіби даму мақсатыма жету үшін саралау үрдісі септігін тигізетінің байқадым. Оқу материалын меңгеруді ұйымдастыру кезінде тақырыптың оқу бағдарламасының өзге тақырыптары және тарауларымен өзара байланысынсәтті жүргіздім.
Сабақ мақсатын жүзеге асыру барысында бағалау үрдісіне аса назар аудардым. Сабақ барысында өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау және мұғалім тарапынан бағалау түрлерін жүргіздім. Сабақ барысында бағалаудың бірнеше түрлері жүргізілген кезде оқушылардың сабаққа қызығушылығы арта түсетінін және де оқушының тапсырмаларға деген зейіндерінің арта түсетінін байқадым. Осы сабақтағы бірінші тапсырма жеке жұмысқа бағытталды. Тиісінше бұл тұста бірін-бірі бағалауы жүзеге асты. Бұл бағалау түрі бірінші тілді сынаптарда жүргізген тиімді екенін анықтадым. Себебі оқушылар саны көп болғандықтан мұғалім тарапынан бағалау жүргізу тиімсіз болып саналады. Бірін-бірі бағалау үрдісі осы тапсырмада тиімді жүргізілді. Оқушылар бірін-бірі бағалау кезінде обьективті болды. Оқушылар дескрипторлар негізінде бірін-бірі әділ бағалады. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы алдын ала жасалған дұрыс жауаптар негізінде жүзеге асырған болатынмын. Бірін-бірі бағалау кезінде оқушылар дескрипторларды нақты ұстанып, сапалы дәлелдерді келтіретінін байқадым. Сабақ барысында жүзеге асырылған бағалаудың келесі түрі оқушылардың өзін-өзі бағалауы болды. Бағалаудың бұл түрі жұптық жұмыс барысында орын алды. Жұптардың жауаптары тыңдалғаннан кейін алдын ала жасалған дұрыс жауаптар арқылы жұптардың өз жауаптарын бағалауға мүмкіндік бердім. Алайда жекелеген оқушылардың ауызша бағалауына мүмкіндік бермедім. Алдағы уақытта бағалау үрдісін жекелеген оқушыларға өз жұмыс нәтижесі бойынша кері байлынысты ауызша жеткізуіне уақыт бөлемін. Топтық жұмыс барысында бағалаудың бірнеше түрі жүргізілген болатын. Бірінші кезекте топ көшбасшылары өзінің топ ішіндегі жұмысты бағалады, екінші кезекте топтар бірін-бірі бағалаған болатын болса, үшінші кезекте мұғалім тарапынан бағалауды жүзеге асырдым. Мен топ басшыларының жалпы жұмысын бағаладым. Келтірілген жауаптарына қазіргі таңдағы білім жүйесінің өзгерісіне қосымша тоқталдым. Сабақ соңында бағалау критерийлеріне қайта тоқталып, оқушылар жұмыс парағында сабақ барысында орындай алған және орындай алмаған тұстарын бағалау критерийлері бойынша талдады. Нәтижесінде оқушылардан сабақ барысына кері байланысты жазбаша орындауын қадағалап, жекелеген оқушылардан кері байланысты ауызша жүргізуін сұрадым. Жалпы сабақта жүргізілген бағалау стратегиялары тиімді өтті деп санаймын. Алдағы болатын сабақтарда жоғары қабілеті оқушыларға сабақ мақсатына сай бағалау критерийлерін өздеріне болжауға мүмкіндік беремін. Сонымен қатар өзара бағалау жүргізу кезінде, бір-біріне ауызша комментарий арқылы жүргізілуін қамтамасыз етемін.
Сабақ барысында сәтті орын алған тұстарды атам өтуіме болады. Сабақты жоспарлау барысында уақыттың үнемді жоспарлануы, сабақтың өткізу түрінің алуан-түрлілігін атап өткім келеді. Сабақ кезеңдерi бiр-бiрiмен байланысты және логикалық түрде жүйеліктің сақталуын атап өткім келеді. Сабақтақырыбының оқу бағдарламасының өзге тақырыптары және тарауларымен өзара байланысы жүрді. Мұғалім талаптарына сәйкес осы сабақты жүзеге асыру барысында оқушылардың 9 сыныпта алған білімдері мен, 10 сыныптың алдыңғы өткен тарауымен өзара байланыс орнаттым. Оқыту үрдісі кезіңде оқушылар сабақ мақсатын аша білді. Осы тұста алдағы уақытта оқушыларға бағалау критерийлерін өздері анықтауға мүмкіндік беремін. Себебі бұл жекелеген оқушылардың сабақтың фокусын анықтауға септігін тигізеді. Алдағы уақытта оқушылардан кері байланысты ауызша жүргізуге назар аударамын. Екінші тілді сыныптарда бағалау үрдісі бойынша алдын-ала белгіленген бағалау үлгісін ұсынамын. Бұл оқушылардың бір-бірін нақты бағалауға көмектеседі.Сабақ түрі жеке жұмыстан жұптық жұмысқа, жұптық жұмыстан топтық жұмысқа бірізділікпен өтті. Бірақ та, оқыту үрдісі кезінде жұптық жұмыс түрінің өткізілуін өзгертуге болатының түсіндім. Себебі топтық жұмыс кезінде топ көшбасшылары топ ішін жұпқа бөлген болатын. Жұптық жұмысты саралау үрдісі ретінде ауызша өткізуге болатынын түсіндім. Жоғары деңгей оқушылары ауызша жауап беру арқылы төмен деңгейдегі оқушыларға нақты себептерін анықтауға септігін тигізеді. Бұл аталған себептер оқушыларға ПТМС формуласын орындауға көмектеседі. Тиісінше бұл ПТМС формуласы оқушылардың жоғары деңгей дағдыларын жетілдіріп академиялық тілдің дамуына әсер етеді. Демек ПТМС формуласын жетік меңгерген оқушы сыртқы жиынтық бағалау кезінде жақсы көрсеткішке ие болады. Кәсіби даму мақсатын жетілдіру үшін саралау үрдісіне назар аударамын. Себебі сабақ барысында саралау үрдісі тек жоғары деңгей оқушыларына бағытталған болатын. Болашақта кәсіби даму мақсатын дескрипторларды саралау арқылы жүзеге асырамын. Сараланған дескрипторлар төмен деңгейдегі оқушының талдау, сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу дағдыларының дамуына әсер етеді. Осы тұста кәсіби дамыту мақсатын әрі қарай жетілдіремін.
2