Бүгінде тәуелсіз мемлекет болғанымызға отыз жылда толып қалды. Уақыт өз еншісінде дегеніне қол жеткізері анық. Ата- бабаларымыздың аңсаған азаттық тұғыры міне бүгінгі күн! Отыз жылда еліміздің жеткен жетістіктері мен асқан аслуары жетерлік, кемшіліктерімізде аз емес. «Тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік?»-, деген сұрақ әрбір қазақ азаматының жадында қалыптасып, мәңгі сақталып қалуы тиіс деп ойлаймын. Осы күнге қалай жеткенімізді ұмытпауымыз тиіс. Желтоқсан ызғары мен ашаршылық кезеңдер «тәуелсіздік» терминін естігенде еске түсірердей. Өткеніміз бен бүгініміз қағаз беттеріне жазылатын тарих. Ия, оны ұмыту мүмкін емес—ті.
Тәуелсіздік – жаратқанның бізге берген үлкен сыйы, халқымыздың ең асыл құндылығы. Осы уақытқа дейін жеткен жетістіктеріміз осы тәуелсіздіктің арқасы десек қателеспейміз. Отыз жыдың ішінде елімізде экономикалық жағынан болсын, өндіріс, білім-ғылым саласы жағынан болсын қарқынды дамуда. Басқаларын айтпағанда тіл мәселесіде оңтайлы шешілуде. Еліміздің тәуесіздікке қол жеткізген күннен бастап атқарылған игі жұмыстар мен жеткен жетістіктер шаш етектен. Мысалға алып қарасақ. Ең алдымен Қазақстанның ірге тасының қалнуының алғышарттарын айтар едім. Мемлекетіміздің нышандары белгіленіп, билік жүйесінің қалыптасуы. Ұлтық валютамыздың айналымға енуі мен қарулы күштеріміздің құрылуы және еліміздің беделді халықаралық ұйымдарға мүше болуы біздің алғашқы жетістігіміздің баспалдағы болып есептелмек. Сонымен бірге «Қазақстан-2050» стратегиясының қабылдануы, «Нұрлы жол» , « 100 нақты қадам» сияқты ауқымды бағдарламалардың жүзеге асуы, осының барлығы дерлік Елбасымыздың жүйелілігі мен бірізділігінің және халқымыздың бірлігі мен ынтымағының арқасы деп білеміз.
Осыдан отыз жыл бұрын тәуелсіздігімізді алған күннен бастап, өз тіліміз бен дінімізді, өз мемлекеттігімізді және тарихымыз бен мәдинетімізді қалыптыстыруға белсене кіріскен едік. Бір үлкен қоғамнан бөлініп шығып жеке дара мемлекет болу бізге берілген мүмкіндік еді. Ия, қиындықтар кездеспеді деп айта алмаймыз бұрынғы жүйенің құлдырауы, жаңа жүйенің қалыптасуы қоғам үшінде, еліміздің дамуы үшінде өз әсерін тигізбей қоймады. Осының барлығына қарамастан біз бір мемлекет болып қалыптасық. Тәуелсідігімізді ала салып біз іске кірістік. Еліміздегі түйіні шешілмеген проблемаларға белсене кірістік. Оның алғашқысы кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі тіл мәселесі. Қазақ тілі- бізідің ана тіліміз біз оны ешқашан ұмытпауымыз тиіс. Бұл біздің қолданыс тіліміз. Бұл тілдің осы мемлекеттен басқа ешбір елде дами алмайтындығын және басқа Отаны жоқ екенін түсінуіміз керек. Қазақстанның әрбір азаматына тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы үшін, алдымен тілімізді қалыптастыруымыз керектігі нақты әрі тұжырымды жеткізілген. Сондықтан тілімізді әрбір азамат білуі әрі құметтеуі міндетті. Біз тәуесіздікті алумен қатар сөз бостандығына да ие болдық десем ақиқаттың астарын ақарғаным емес пе? Тоталитарлық жүйедгідей бүгінде ешкімде көзқарасы немесе,позициясы үшін қуғын-сүргінге ұшырату жоқ. Қазіргі қоғамда еркін сөйлеуге, өз ойын жеткізе білуге құқылы. Тәуелсіздігіміздің ең бір маңызды белесі осы деп білемін.
Сол тәуесіздіктің нәижесі бүгінгі күніміз, әрбір арайлап атқан таңымыз екенін ұмытпай жадымызда сақтағанымыз жөн. Осы бір тыныштықты, еліміздегі бірлік пен ынтымақтастықты сақтап қалу үшін әрбіріміз еңбек етуіміз керек деп білемін. Отыз жылдың көлемінде әрбір қазақ азаматы өзін тәуелсіз мемлекеттің азаматымын деп сезіне алды. Осы бір керемет сезімді әрқайсымыз басымыздан кешіре алдық. Осы сәтте Ә.Бөкейхановтың мына бір сөзі ойыма келеді. «Біздің жұрт бостандық, теңдік,құрдастық , саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады». Тұнып тұрған философия дермісің, бостандық пен еркіндікті бізге жалау еткен ата-бабамыздың рухы ешқашан сөнбейтініне үмітпен қараймын.