Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI451

Денешынықтыру пәнінің жаңартылған білім берудегі орны

Жалпы қазіргі қоғам жаңашылдықты қалай түсінеді? Білім беру жүйесінде ғана емес күнделікті тіршілікте де әсері баршылық. Жаңа ғасыр—жаңа технология. Аталған білім беру жүйесі мектеп қабырғасында оқытылатын пәндерге тікелей қатысты. Ал соның ішінде дене тірбиесіне, денешынықтыру пәніне деген көзқарас қандай?

Денешынықтыру десе бірден көз алдыңа жаттығу жасап тұрған бейне, яки болмаса төреші мен тренер елестейтіні анық. Ал қазіргі жаңартылған білім мазмұнындағы денешынықтыру пәні болса ше, оған көзқарас қандай? Барлық пәндер секілді бұл пәнніңде өзіндік ерекшелігі мен тиімді жақтары баршылық

Қазіргі заман педагогінен тек өз пəнінің терең білгірі болуы емес, сонымен қатар ол танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты,  білімді жəне инновациялық технологияны жан-жақты меңгерген, жоғары мəдени, педагог атағына ие, кəсіби құзырлы маман болу талап етілуде. Спорт  мамандарының кəсіби əрекеті жүйесіндегі ең басты компоненттерінің бірі – ол педагогикалық компонент. Мысалы, қосымша білім беру саласындағы түрлі категорияларымен (балалар, жеткіншектер мен ересектер, т.б.) жүргізілетін спорттық жұмыстарында педагогикалық білімдер мен педагогикалық дағдылар қажет, жалпы дене мəдениеті проблемаларын шешу үшін педагогикалық əдістерді қолданады. Сонымен бірге дене шынықтыру мұғалімінің өзінің іс-əрекетінің мазмұндық жəне процессуалдық компоненттерін қазіргі инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану арқылы жүйелеуде. Қорыта айтқанда, педагогикалық құзыреттілік спорттық педагогтің көпаспектілі əрекеттері кезінде нақты мақсатталған, нəтижелі шешімдер қабылдауына өз септігін тигізеді. Осылардың барлығын ескере отырып, дене шынықтыру пəні мұғалімдерінің теориялық жəне  практикалық     кəсіби    дайындығының ең маңызды міндеті ретінде болашақ дене шынықтыру пəні мұғалімдерінің педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыруды белгілеуге болады.

Жас ерекшелігін ескере отырып, сауықтыру тапсырмалары барынша нақты түрінде айқындалады: омыртқа иілімдерінің қалыптасуына, табан ойысының дамуына, сүйек-буын аппаратының нығаюына көмектеседі; барлық бұлшық ет тобын, әсіресе бүгу – бұлшық еттерді дамытуға; дене мүшелерінің дұрыс қалыптасуына; жүрек-қантамырлар қызметі мен тыныс алу жүйесін жетілдіруге ықпал етеді. Тәрбиелеу тапсырмалары балалардың жан-жақты дамуына, олардың жүйелі денені шынықтыру жаттығуларына қызығушылығы мен қажеттілігін қалыптастыруға көмектеседі. Балаларда салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған,  баланың үнемі ширақ, көтеріңкі көңіл күйде болып, физикалық және психикалық дамуы қамтамасыз етілетіндей жағдайлар жасап, оқытуды ұйымдастырудың маңызы өте зор. 

Оқыту келесі дидактикалық қағидаларға негізделеді.  Саналы әрекет және белсенділік,  көрнекі болу,  қолжетімді және дараландырылу,  жүйелілік,   ілгерілеушілік.

Еліміздің болашағы, өркениетті елдердіңқатарында тізе тірестіре тұруы мен бәсекегеқабілетті болуы бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуденбасталады. Сол ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілікті арқалаушы қауымның бірі –мұғалімдер. Әлемдік озық тәжірибелергенегізделген оқытудың жаңа түрін дамыту, әроқушының табиғи қабілеттерін дамытуға қолайлыжағдайлар жасау қазіргі таңдағы мұғалімгеберіліп отырған тапсырма іспеттес. Білім мазмұныжаңартылуда, жаңа перспективалар, оқытудыңжаңа технологиялары пайда болуда. Қарқындыдаму үдерісін бастан кешіріп жатырғанмұғалімдер мен оқушылар үшін басты ұстаным –неғұрлым көбірек дағдыларды игеру. Осындайжаңашылық пен жаңалықтар барысында ақыл-оймен қатар дене мүмкіндіктерінің дамуы маңызды екендігін естен шығармаған жөн. Яғни,денсаулығы зор, дене мүмкіндіктері жоғарынәтиже көрсететін адам ғана кез-келгенқиындықтарды өткеретіндігі хақ. Осы орайда мектептегі басқа да білім беру пәндерімен қатардене шынықтыру пәнінің де алар орыны бар. Білімді, тәрбиелі және дені сау ұрпақтарды оқытуүшін аталмыш пән мұғалімдері де өзіндіктәжірибесін шыңдап тұрулары қажет. Кәсібишеберліктерін дамыту үшін, бір мүддені мақсатеткенұстаздар тобы біріге жұмыстанса оңтайлынәтижелерге қол жеткізу ықтималдылығыжоғарылайды.Дене шынықтыру сабағын ұйымдастырудың негізі оның құрылымы жаттығулар мен қимыл-қозғалыс ойындарын іріктеу және бөлудің болжамды жоспары. Дене жаттығуларының физиологиясы мен гигиена талаптарына сәйкес әзірленген және дене жүктемесі кезінде 6-7 жасар бала организмінің шаршауы мен жұмыс қабілеті заңдылықтарына байланысты болады.Жалпы дамыту жаттығулары организмге, жекелеген бұлшық ет топтары мен буындарға тікелей ықпал етеді, сондай-ақ қимыл-қозғалыс үйлесімділігінің жақсаруына, кеңістікте бағдарлай алуына, жүрек-қантамырларға және организмнің тыныс алу қызметіне оң әсер етеді. Жалпы дамыту жаттығуларын дұрыс орындау үшін бастапқы қалыптың маңызы зор. Әртүрлі бастапқы қалыптар қолданылады: тұру, отыру, тіземен тұру, шалқасынан жату, етпетінен жату. Бастапқы қалыпты өзгерте отырып, педагог қозғалыс тапсырмасын күрделендіре немесе жеңілдете алады.

Педагог баланың психофизиологиялық даму ерекшеліктерін ескере отырып, оның мүмкіндіктеріне сүйене отырып, қимыл әрекеттерді үйрету барысында оның алдына біртіндеп жаңа қимыл тапсырмалар қояды.

Жаңаны меңгеру балалардан белгілі бір физикалық және психикалық күш-жігерді, қиындықты жеңе білуді, жинақылықты, мұқияттылықты, ой нақтылығы мен белсенділігін, зейінді дамытуды талап етеді: эмоционалдық, егер оқыту үрдісі қызығушылық туғызса және балалардың көңіл күйіне оң әсер беретін болса; бейнелі – қимыл-қозғалыстың көрнекі үлгісін қабылдау және жаттығу орындау кезінде; сөз-логикалық – тапсырманы ұғыну және жаттығудың барлық элементтерінің орындалу ретін, қимыл ойында мазмұны мен әрекетті есте сақтау және оларды өздігінен орындау кезінде; қимыл-қозғалыс – жаттығуды балалардың өзінің практикалық орындауына байланысты; ерікті, онсыз жаттығуды түйсіне, өздігінен орындау мүмкін емес. Физикалық әлеуетті дамыту әлеуметтік құзыреттіліктің дамуымен, баланың адамгершілік сана-сезімінің қалыптасуымен, оның толеранттылық, кеңпейілділік және өзара көмек көрсету, мақсатқа ұмтылу, адалдық секілді адамгершілік қасиеттерінің дамуымен тығыз байланысты.

 

1 719 8
Амангелді Габдылуап, "Кемеңгер ЖОБМ" КММ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Кемеңгер ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000258
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Акмарал
29 октября 2021 12:54
КЛАССНАЯ РАБОТА 👍👍👍👍
Акмарал
29 октября 2021 12:57
Цитата: Акмарал
ОТЛИЧНАЯ РАБОТА 👍👍👍👍
ТТТТТ
29 октября 2021 12:58
Удачи✌ Молодец
Ппп
29 октября 2021 20:56
Жақсы Мақала екен,керемет !
Аслан
29 октября 2021 20:56
Керемет, нағыз ұстаз
Еркебұлан
29 октября 2021 21:10
👏👏👏Биіктен көріне бер
Нурай
2 ноября 2021 00:53
Сәттілік👏 тек Алға
Тыныс
2 ноября 2021 00:54
Керемет, жарайсын👍👍