Тәуелсіздік! Осынау таңбасы таста қалған, қаны қара жердің тамырында жатқан киелі ұғымды тебіренбей айту мүмкін емес. Тәуелсіздік- бабаларымыздың аңсауымен ұрпақтың қолы жеткен өмірдегі өрелі жетістігіміз. Біздің тыныстап отырған, еркін әрі бақытты күн кешіп жатқан өміріміздің өзегі. Тарих тереңіне үңіліп, әрбір қалған ізге қарап бабаларымыздың бастан өткерген дәуірлер есебінде кеткен аламан шайқастар, халықты қынадай қырған аштық, жау тылында жаутаңдап қалған жұрттың әрбір тамған көз жасы мен қанына қарап тәуелсіздіктің қандай киелі ұғым екенін сезіне аламыз. Дәл қазір бейбіт елдің бақытты ұрпағымыз, еркіндік айдынында жүзген егемен елміз. Алайда, бізге, артында қалған ұрпақтарына осынау ұлан-байтақ жерді, елді аманаттап кеткен батырларымыз бен ұлы тұлғаларымыздың еткен еңбегі мен теккен төрі өз алдына бір төбе. Өткен күндер тезіне көз жіберер болсақ, еліміздің ел болып қалыптасуына мыңдаған жылдар кеткенін байқаймыз. Еліміздің қашан да егемендікті аңсап, еркіндік жолында тынбай күресуінің нәтижесінде ешкімнің ырқына көніп, ықпалына жүрмейтін қуатты мемлекет ретінде тарих сахнасынан орын алдық. Ұлт жанашыры Әлихан Бөкейханов «Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады»деп ұлтымыздың еркіндікке ұмтылудағы қадамының маңыздылығын ұқтырды. Егемендік жолындағы ерліктің бірі де бірегейі-1986 жылғы желтоқсан көтерілісі. Қазақ жастары билік басындағылардың шешімін құптамай, наразылық білдірді. «Қазақ елін тек қазақ азаматы басқарсын» деп кеңестік билікке қарсы шықты. Алаңда қандарын төккен қыршын жастардың жанқиярлық ерлігінің арқасында бодандықтан арылып, бостандықта өмір сүру бақытына ие болдық. Осылайша 1991 жылы көптен күткен килеі тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, халқымыздың сан ғасырлық тарихының шынайы ақтаңдақ беттері ашылды. «Тарихты жеңген жазады» демекші, ғасырлар бойы жалғасқан күресіміздің нәтижесі жеңіспен аяқталып, бабаларымыздың аңсап күткен арманы орындалып, тәуелсіздіктің ақ таңы атты. Әлем елдерінің тізіміне жаңа мемлекетіміздің аты жазылды. Тәу етер қастерлі тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде еліміз өзін күллі әлемге таныта білді. Аз ғана мерзімде жаңа жетістіктер мен толағай табыстарға қол жеткізді. Атап айтсақ:
1.Еліміздің тұңғыш президенті сайланды.
2.Тарихи аренаға тәуелсіз мемелекет ретінде енді.
3.Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
4.Мемлкеттік рәміздер қабылданды.
5.Ұлттық валютамыз-теңге айналымға енгізілді.
6.Егемен еліміздің тұңғыш конституциясы қабылданды.
7.Мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі қайта жанданды.
8.Еліміздің бірқатар студенттері «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелдік оқу орындарында білім алды.
9.Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шекті.
10.Халқымыздың ұлы тұлғалары мен көрнекті қоғам қайраткерлерін еске алу шаралары жоғары деңгейде атап өтілді.
11.Мемлекетіміз Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ете бастады.
12.Қазақстанның араласуымен Шанхай ынтымақсатстық ұйымы құрылды.
13.Еліміздің тарихында алғаш рет саяи партиялар мен қозғалыстардың биліктің нақты тұтқасына қол жеткізуі мемлекеттік бағдарламалардың қалыптасуына және қабылдануына мүмкіндік алды.
14.Қазақстан шет мемлекеттермен достастық келісімдер мен экономикалық ынтымақтасу саласында көптеген келісімшарттарға қол жеткізді.
15.2000 жылы Астанада Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрылды.
16.2002 жылы тарихи қала Тараздың 2000 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
17.2003 жылы Астанада әлемдік және дәстүрлік діндер жетекшілерінің бірінші құрылтайы өтті. Бұл-еліміздің басты жетістіктерінің бірі.
18.2010 жылдың желтоқсан айында елімізде саммит өткізілді.
19.2011 жылы Қазақстанда тұңғыш рет қысқы Азия ойындары өткізілді. Ел намысын қорғаған спортшыларымыз жүлделі орындарды иеленді.
20.2012 жылы 22 қарашада Халықаралық көрме бюросы мүшелерінен Астана 103 дауыс жинап, 2017 жылы әлемдік көрме өткізу мүмкіндігіне ие болды.
21.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «2050 стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауын жариялап, соның негізінде бірқатар жұмыстар атқарылды.
22.2013 жылы Республикамыздың тарихында алғаш рет жергілікті билік органдары басшыларын сайлау өткізілді.
23.Елімізде энергетика, мәдениет және спорт, инвестициялар және даму, ұлттық экономика министрліктері құрылды.
24.2015 жылы 27 шілде де Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымның мүшесі атанды.
25.2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Қазақстанда EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырылып, көрмені тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді.
26.2018 жылдан бастап мемлекетіміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етті.
27.2018 жылы Елордамыз-Астанаға 20 жыл толып, мерейтой жоғары деңгейде атап өтілді.
28.Егемендіктің небәрі 10 жылдығында Қазақстан әлемде өндірген газ саласы бойынша 4-орынды иеленді.
29.Қазақстан өзінің халықаралық аренадағы рөлін нығайту үшін экспорт-импорт саласында ауқымды жобаларды жүзеге асырды.
30.2021 жылыСемей полигонының жабылғанына 30 жылтолды.
Елдің еркіндігі мен егемендігін аңсау бар, оған қол жеткізу бар және оны сақтап қалу деген үлкен жауапкершілік бар. Біз аталған кезеңдердің үшіншісіндеміз. Яғни, болашаққа бастаушы, кемелденген келешекті жасаушы ұрпақпыз. Сондықтан да қолдағы баға жетпес байлығымыздың қадірін білу, оны келесі жаңа дәуірге жеткізу және аманат ету-мойнмыздағы парыз, бізге жүктелген жауапты міндет.