Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI447

Инновациялық технологияларды оқу үдерісінде қолдану

«Алты алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» 

Мағжан Жұмабаев

        Ұлт болашағы үшін күрескен қазақтың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаев айтқандай төрдегі орынға лайық болу сезінген адамға, бүгінгі ұстазға оңай жүк емес. Құсқа қос қанат қандай керек болса адамға білім мен тәрбие де сондай қажет. Ал білім беретін, тұтас ұлттың келешегін тәрбиелейтін біздер -   еліміздің ұстаздары.

Ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал ететін, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш – білім. Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Өйткені адамзат тарихы, тағылымы осыны дәлелдеп отыр.Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы өзгерістерге мейілінше бейімделіп отыруды талап етеді. Бүгінгі күні бүкіл әлем «білім қоғамын» құру бағытымен жүріп келеді. Осыған байланысты  оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар білім беру талаптарына сай жаңартылып отырады. Сол жаңалықтарды үнемі тиімді пайдаланып отыру мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.

     Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттерінің  бірі -   оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Әрбір мұғалім балаға заманауи білім беру үшін  - өзінің инновация туралы белгілі бір дәрежеде білімі болуы, жан-жақты меңгере білуі оны өзінің іс-тәжірибесіне енгізіп, практикасында дұрыс қолдана білу қажет.Инновациялық процестердің негізгі идеяларын түсіну, осы өзгерістерді жүзеге асыру мұғалімдердің дайындығына, жауапкершілігіне   байланысты. Бүгін ашылған жаңалықтар ертең ескіріп қалып жатқан күндерде өмір сүріп жатқанымызды ескерсек, білімнің қарыштап дамып жатқанын, ғылымдағы өзгерістер жоғары жылдамдықпен алға басып бара жатқанын байқаймыз. Жүсіпбек Аймауытов айтқандай « Сабақ беру – үйреншікті   жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» Сабақ беру кезінде инновациялық технологияларды кеңінен әрі тиімді пайдалану -мұғалімнің шеберлігі. Мұғалім өз ісінің шебер ұйымдастырушысы болса, оқушы белсенді, креативті ойлайтын және  оқу процесінде ақпаратты талдай біліп, бақылай, бағалай алатын болады.Мұғалім қызметіндегі маңызды нәрсе – ол жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшелігін шығармашылыққа қарай жетелей алу, ескеру, оқушыға не қажет екенін, кімге,нені қалай үйрететінін білу.Сол кезде ғана  әрбір оқушыны жеке дербестікке, ізденімпаздыққа жетелей аламыз.

Инновация»  термині латынның «novation» деген сөзінен шыққан жаңару, өзгерту дегенді білдіреді. Қазақстанда «Инновация» сөзінің анықтамасын алғаш енгізген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз -білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану  және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынды.  Н. Нұрахметов « Инновация» білімнің мазмұнында , әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырады. Осы мәселені талдай келе инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі. Жеке түрі (бір-бірімен байланыспаған дара түрі), модульдік (бір-бірімен байланысқан түрі), жүйелі(білім беру мекемесін толық қамтитын).Ертеде қолданылған жаңалықтар мен идеялар өзгертіліп, түрлендіріліп жаңа бағытта ұсынылса соның өзі инновацияға жатады. Ол оқушы қызығушылығын арттырып, білімінің   көтерілуіне септігін тигізуі керек. Технологияны, әрбір сабағын  жаңаша ұйымдастыра отырып әр мұғалім өз тәжірибесін нығайта алады. Ол жетістікке жетудің  негізгі факторы. Инновациялық технологияны пайдалану –бүгінгі күннің басты талабы. Оның негізгі мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін сақтау, ойларын дамыту, белсенділігін дамыту, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Мен «Тиімді оқыту мен оқу» курсында алған және өзімнің   теориялық білімімді пайдаланып, үйренген жаңаша әдіс-тәсілдерді  өзімнің қысқа мерзімді сабақ жоспарыма енгізіп, практикада кеңінен пайдалануға тырыстым. Сындарлы оқыту теориясына негізделген оқытудың мақсаты мұғалімніңөз сабақтарында оқушының білім-біліктерін дамытуға негізделеді. Өз сабағымды жаңартылған білім мазмұнына сай, сындарлы ойлай алатын жаңа заман балаларын оқыту   үшін осы уақытқа дейінгі пайым, түсініктерімді  өзгертіп жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегімді кеңінен аша бастадым.Қазіргі жаһандану заманында әлемнің озық тәжірибелерімен, түрлі ғалымдардың теорияларын  оқи  отырып өскелең ұрпаққа заман талабына сай білім беру керектігін ұқтым. Әрбір сабағымда жаңа әдіс-тәсілдерді түрлендіріп пайдаланып, АКТ ны меңгеріп, түрлі курстарға қатысып өз практикамды жетілдіруге кірістім.  Мұғалім құзіреттілігін арттыру үшін оқушыларға табысты, сапалы  білім беру керек. 

Ол үшін мұғалімде  Шульман   ұсынған «үш көмекші» болуы шарт. 1. Бас- заман ағымына сай теориялық мықты білімі, 2) қол – мол  тәжірибелік   дағдылары, 3) жүрек – оқушыларға деген мейірімі.Оқытуды басқару және көшбасшылықмодулі әрбір ұстаз үшін шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау, әріптестерімен бірлесе отырып, іс-тәжірибе алмасуда белсенділік таныту. Мұғалім бұл жерде іс-әрекеттегі көшбасшы, бағыттаушы, зерттеуші, жоспарлаушы, үлгі көрсетуші болып табылады. Қазіргі мұғалімдердің барлығы  ақпараттық технологияны жете меңгеріп, сабаққа тиімді пайдалана білуі шарт. Қазіргі қоғамның жаңа қажеттіліктеріне сай инновациялық тәсілдерді меңгере білу оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. Өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман көшінен қалмайтын, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етуіміз керек. Таным белсенділіктерін арттыратын, өз-өзіне сын көзбен қарайтын жеке тұлғаның дамуына жол ашады. Мектеп баланы өмір бойы оқытпайды, мектепте алған білімі өмір бойы оқуға және алған білімдерін өмірде тиімді пайдалана білуге үйретуі тиіс. Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез таралу, даму жылдамдығы білім беру талаптарының түбегейлі өзгеруіне әкеп соғып отыр. Ол үшін білім беру саласындағы әрбір мұғалім төмендегі міндеттерді шешу керектігі айқын.

  1. білім сапасын арттыру
  2. әлемдік білім кеңістігіне ену
  3. орта білімді ақпараттандыру
  4. интернет жүйесін пайдалану
  5. электронды оқулықтар
  6. аудиобейне - материалдар
  7. қашықтықтан басқарып, оқыта білу

Сөзімді қорытындылай келе күн сайынғы сабақтар өзгеше, бала қызығушылығына сай түрлендіріле, түсінікті түрде қызықтырақ берілуі тиіс. Ол үшін кез келген мұғалім ақпараттық технологияны меңгерген, өз ойын жүйелі жеткізе алатын болуы керек. Әр оқушы бойына ұлттық тәрбие мен жаһандық білімді еге білсек  ұлтымыздың келешегі жарқын болатынына нық сенемін.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. — //Қазақстан мектебі, №4, 2006.

2. М.Валиева «Жаңа педагогикалық технологиялар» Әдістемелік нұсқау, 2002 жыл

3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. — //Қазақстан мектебі, №4, 2008

4. Ізденіс және даму перспективалары. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2016 жыл

 

427 0
Бахытжамал Молдабекова, Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Қостанай қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000256
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: