Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан 2030”жолдауында: “оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп, қалыптастыруымыз керек” дегені мәлім.
Елбасының осы алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар-әрине, жастар. Олай болса, сол жастарға саналы білім мен салауатты тәрбие беру қажет. Ол, мектеп пен ұстаздарға байланысты. Қазіргі таңдағы өзгерістер қоғамның шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондай басым бағыттардың бірі- жеке тұлғаға бағытталған білім беру.
Мұғалім болу – менің бала күнгі арманым. 1997 жылы Қатира Дүтбаева атындағы колледжді аяқтап, ары қарай жоғары оқу орны Халел Досмұхамедов атындағы педагогикалық университетін бастауыш сынып мұғалімі бойынша бітіргеннен кейін Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясында, №34 лингвистикалық-гимназияда, №23 орта мектепте қызмет еттім. Тауман Амандосов атындағы жалпы орта мектебінде 4 жыл көлемінде жұмыс істеп келемін. Аталмыш мектепте қазіргі таңда Базарбаева Мүслима Толыбайқызы басшылық етеді. «Түсі жылыдан түңілме» деген, қазіргі таңда Мүслима Толыбайқызына педагогикалық ұжым ғана емес, ата-аналар қауымы да үлкен сенім артады.
«Бүгінгі заман білектілердің заманы емес, білімділердің заманы» деп бекер айтылмаса керек. Сапалы білім қай кезде болмасын жарқын болашақтың кепілі. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов айтып кеткендей, қазіргі жастарымыздың озық ойлы маман болып қалыптасуына айрықша көңіл бөлуіміз қажет. Ол үшін түрлі деңгейдегі байқаулар тұрақты түрде өткізіліп тұруы тиіс. Осы ретте, ұрпақ тәрбиесіне немқұрайлы қарамайтын азаматтардың белсенділігі мен ұстаздарымыздың біліктілігінің арқасында біздің ұжым көптеген жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Мектепте жас жеткіншектің қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі концерттік бағдарламалар, жарыс сабақтар ұйымдастырылып тұрады.
Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір педагогтің алға қойған мақсат-міндеті мен педагогикалық ұстанымы болуы керек. Сондықтан біздің де ұстанымымыз-жүрек қалауымен таңдаған мамандығымызға жауапкершілікпен қарау. Ұстаз болу жай ғана мамандық емес. Ол-адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі екені сөзсіз. Баламен ойнасаң дүние сырының кілті іздемей-ақ табылады, бала жүрегінен орын аласың. Баланың білімге деген құлшынысын арттырасың. Осындай бала жүрегіне жол тауып, еңбегімен еленіп жүрген Тауман Амандосов атындағы жалпы орта мектебінде тәжірибелі педагогтар қызмет атқаруда. Тәжірибелі ұстаздар «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбелеуде жаңа инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында аудандық семинар өткізіп, өз тәжірибелерімен де көппен бөлісті. Семинар жұмыстарында дамыта оқыту, жеке бағдарлы оқыту, проблемалап оқыту, денсаулық сақтау технологиясын, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі атқарылатын жұмыс кешендерін жүйелі көрсете білді.
Қорыта келсем, мен мұғалімдік мамандықтың қоғамға тигізер игі ықпалын, маңыздылығын айтқым келді. Болашақта игілік атаулының барлығы білім арқылы келмек. Ал ондай білімді беруші, басты үйретуші жұмысқа тарту – ұстаз. Сондықтан, мұғалім-мәртебелі мамандық.