Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI350

Тәжірбие мен ізденіс

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары мектепте болып жатқан барлық үдерістердің ұйымдастырушысы, бақылаушысы және үйлестірушісі болып табылады. Директордың орынбасары оқу процесінің ұйымдастырылуына, оқу бағдарламаларының орындалуына, оқыту сапасына жауап береді, оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуына бақылауды жүзеге асырады, оқу сабақтарының кестесін, сонымен қатар күнделікті ақпарат есептерді береді. Сондықтан директор орынбасарының басты қасиеттерінің бірі-ұжымның жұмысын ұйымдастыра білу, тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру. Бұл тұлғаның  барлық күш-жігері ұжымдағы жұмыс ырғағын сақтауға, оң микроклимат құруға, қызметкерлердің өнімді өзара әрекеттесуіне бағытталған. [1].

Мектепішілік бақылау –ол тиімді бақылау оның диагностикалық негізге көшуімен, мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту құралына айналуымен, тұтастай алғанда мектептің өмірі туралы объективті ақпарат алумен тығыз байланысты.Бір жағынан, оның нәтижесі жеке топ ішіндегі және олардың арасындағы қарым-қатынасты сапалы жақсарту, екінші жағынан-мұғалімдердің кәсіби өсу дәрежесі және оқушылардың жетістіктері болуы керек.Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру, бұл бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептелінеді. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын тексеру, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Нил Флеминг зерттеуі бойынша әр адам ұсынылатын   ақпаратты әртүрлі қабылдайды деп атап көрсетеді. [2]. Аудиалдар тыңдалым арқылы көптеген мағлұматты меңгерсе, визуалдардың қабылдау жолы- көру арқылы, ал кинестетиктер қоршаған ортаны сезім органдары арқылы қабылдайды. Сондықтан тиімді саралау әрбір оқушының оқу стиліне сай сұрыпталуы қажетіктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады.

Оқушылардың білімін, дағдыларын бағалаудан бұрын, сол берілген білімнің қабылдануын, дағдының қалыптасуын тексерген жөн. Білімді тексеру арқылы мұғалім "Балаға не берді, бала дағдыны қалай қалыптастырды, білімді қалай қабылдады, кемшілік неде және кімнен?" деген сияқты сұрақтарға жауап табады.  Бақылау - жаза емес. Бақылау мәдениетті жүруі тиіс. Бақылау процесінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, ыстық сезіммен "көмектесейін" деген ниет білдіруі керек. Оқушы бір нәрсені түсінбесе оны ұрыспай, өрескел мінез танытпай көмектескені жөн. Пандемияға байланысты ,қашықтықтан оқыту барысында  оқу үдерісінде көптеген кедерлігердің  кездесіп   отырғандығы-баршамызға мәлім.Осындай кедергілер мен қиындықтардың білім сапасындағы олқылықтардың көрініс табуына әкеп соқтырды.  Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектеп ұжымы да бірауыздан осы олқылықтарды  ығыстыруға белсене атсалысты. Мектепішілік бақылаудың нәтижесі бойынша білім сапасын, жиынтық бағалау қорытындыларын талдау, білім алушыларда туындаған қиындықтарды анықтау,  жоспарланған түзету жұмыстарын ұйымдастырып ,төмен нәтиже көрсетіп отырған және аралас оқытуға көшкен сыныптардың (9,11 сыныптар) білім алушыларынан пәндер бойынша мектеп әкімшілігі тарапынан қима жұмыстары мен   бақылау жұмыстарын жүргізіп, бақылау жұмыстарының қорытындысын жиынтық бағалау жүргізу қорытындысымен салыстырмалы талдау керек болды.Лауазымдық қызметке ауысуыма байланысты оқу үрдісін басқаруда тиімді әдістерге жүгініп,көп   іздендім.   Осы тұста "Сыншы дос» әдісін қажет қылдым. Өз әріптестерімнің мені "сыншы дос" ретінде қарауын орынды деп қабылдаймын. Педагогикалық зерттеулер көрсетіп отырған "Сыншы достың" атқаратын әрекеттерін өз тәжірибеме енгізу үстіндемін. Іс-қимыл (сыншыл  дос атқаратын арнайы әрекеттер):

сұрақ қояды;

тыңдайды;

ынталандырады;

түйіндейді;

көтермелейді;

көндіреді;

ақылға салады;

кері байланыс береді; ой қозғайды; [3]

Осы негізде әр бірлестіктің отырыстарына қатысып,БЖБ ,ТЖБ жұмыстарының   нәтижесін олармен бірлесе отырып,проблемаларды,демек қиындық тудырған мақсаттарға жеке дара тоқталып талдап отырдық. Қарапайымнан ,күрделіге,демек,мысалы,6-сыныпта туындаған меңгеруде қиындық тудырған мақсаттың не 5-сыныптан,не бастауыш сатысынан туындағанын анықтай отырып, ұйымдастырылатын қосымша сабақтарда тереңнен үңіле отырып,жоспарладық,себебі сыныптан-сыныпқа көшкен сайын бұл мақсаттар күрделене бастайды.Мысалы: қаз тілінен «Мәтіннің жанрлық түрлерін ажырату» мақсатын меңгеруде оқушыға  қиындық тудырса,өз өмірінде оған ең  қажетті құжат,атап айтқанда; өтініш,мінездемені толтыру қиынға соғады ,демек осы тұста ресми іс құжаттары жайлы оның талапқа сай толтырылуы мен басқа да стиль түрлерінің ерекшелігіне  мән берілуіне  қосымша сабақтарда назар аударылуы керек деп, әр пән мүғалімдері тарапынан жеке талдау жұмыстары үйымдастырылды.  Осылайша пән бірлестігі жетекшілері мен бірлестік мүшелері бірлесе отырып, білім алушылардың меңгеруі үшін қиындық туғызатын жекелеген бөлімдерді, тақырыптарды анықтап,себептерін талқылап, олқылықтардың орнын толтыру  мақсатында бірлестік ішінде арнайы кесте құрылып, шағын топтармен қосымша сабақтар мен жеке консультациялық жұмыстар арнайы кесте негізінде ұйымдастырылды. Оқытудың қол жеткізілмеген  мақсаттарын ескере отырып, әр мұғалім тарапынан БЖБ мен ТЖБ талдаулары негізінде сараптама есептері  жасалынып, бірлестіктер ішінде талқыланды,соның негізінде әр  бірлестік бойынша бірлестікішілік қиындық тудырған мақсаттар бойынша жалпы мәліметтер жинақталынды,бұл қомақты іс-26 мамыр - 19 маусым аралығындағы «Жазғы мектептің»  талапқа сай ұйымдастырылуына үлкен бастама болды. Білімдегі олқылықтарын анықтау үшін педагогикалық-психологиялық диагностика да   жүргізілді .Мектепте беделді ұстаздардан құрылған «Шығармашылық топ» та осы кезеңде пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетіп, қолдау жасап отырды.

Директордың орынбасарының түзету және кеңес беру көмегі мұғалімге өзінің кәсіби қызметінің тиімділігіне байланысты мәселелерді уақытында көруге, оларды тануға және оң нәтиже әсер етпейтіндей етіп түзетуге көмектеседі.

Ол үшін директордың орынбасары мұғалімнің іс-әрекетін бақылау функциясын орындап қана қоймай, сонымен қатар мұғалімнің әр түрлі деңгейдегі қиындықтарды жеңуі туралы ұсыныстарды ұсына отырып, кемшіліктерді дұрыс түзете алуы керек. [1]

- әдістемелік жедел кеңестер;

- оқу меңгерушісінің кеңесі;

- белгілі бір мәселелер бойынша жеке мұғалімдер мен мұғалімдер топтарына кеңес беру. Сыншы дос"  әдісі әріптестерімнің  тәжірибесін жақсартуда өз нәтижесін беріп келуде. Біріншіден,  сабақтарға қатысқанда сәтсіздіктерін меннен жасырмайтын болды. Өйткені олардың алдында мен де лауазымдық қызметіммен қатар,пән мұғалімі болып  сабақтарымды  өткізіп жүрмін, қандайда бір кемшіліктер барлығымызда да болып жататынын байқайды. Бір-бірімізбен ашық сөйлесуге бейімделгенбіз. Сабақты талдауда  өз түйгендерімді айтып отырып,  сабақтың барысына  қатысты көбіне жағымды пікірлер білдіруді ескеремін. Осылайша әріптестеріме мотивация  беруге тырысамын. Нәтижесінде; мінсіз мұғалім болмасақ та, шынайы болуға  әріптестерім бір-бірін шақырды. Қазір  «Сыншы достың" позицияларын сабақ беретін сыныптағы оқушыларым да кеңінен қолданып келеді. Көбіне біз жауап берген оқушыны тыңдап,қалыптастырушы баға бергенімізбен осы тұста басқа оқушылардың осы нақты жауапқа байланысты бір-біріне деген  кері байланысын  ұйымдастыруға назар аудармаймыз.Ал мен сабағымда оқушыларды  «Сыншы достың" позициялары  негізінде  кері байланыс беруге атсалыстырып отырамын. 

Бүгінгі таңда  оқу барысындағы  олқылықтарды жою мақсатында әдістемелік кеңесте "Ұстаздың шығармашылық шеберханасы" әдісін қолданып келемін. Әр әдістемелік кеңестің соңында белгіленген  әдістемелік бірлестіктің мұғалімдері белсенді әдіс-тәсілдерді таныстырумен қатар ,оны  сабақ мақсатына сай тиімді  қолдану жолдарымен бөліседі. Сонымен қатар,заманауи : әдістер арқылы аудиториямен   жұмыстар жүргізіліп ,мұғалімдер іс-тәжірбиелерімен  алмасып отырады.  

Жеке тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген мұғалімдер өз сабағына талдау жасауда қиналады, олар өз сабағын толығымен сипаттап берумен шектеледі. Оқушылардың жұмыстарын, сабақ үстіндегі өзі жүргізген жазбаларын (егер жүргізсе), оқушылар рефлексиясын талдамастан, "мақсатыма жеттім" деп тұжырымдайды. Сондықтан, осындай үстірт, рефлексиясы әлсіз талдауларды жақсарту үшін, сабақ өткізген мұғалімге өз сабағы жайлы ақпараттарын талдап, сыни бағалап алуға мүмкіндік беру керек. Джон Ковен (1998) «Рефлексия жасау дағдысы жай ғана "рефлексия жаса!" дегенде емес, бірнеше сұрақтар қатары ұсынылып, соған жауап беру арқылы тиімдірек дамиды" деп атап көрсеткен [4]. Мұғалімдердің тәжірибесін жақсарту үшін оларды рефлексивтік жазбалар жасауға дағдыландыру қажет.Келесі кезекте ағымдағы жылы оффлайн ,демек бетпе-бет форматына  өтумен қатар, мұғалімдерді өз сабақтарының ұйымдастырылуы бойынша рефлексивті есеп  жазуға шақырмақпын.Бұл бастама да өз жалғасын табар деген үміттемін. 

 Әдебиеттер тізімі:

1. ("Педагогикалық диалог" журналы, № 4 2013ж. 32-39-беттер)

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ. 2012ж

3. Сью Суоффилд "Сыншыл достық" мақаласы, "Педагогикалық диалог" журналы, 2014ж. № 3, 79-93-беттер.

4. Cowan, J. (2006). On becoming an innovative university teacher. Open University press. p.16-20. 8. Gibbs, G. (1988). Learning by doing: a guide to teaching and learning methods. Oxford: Further Education Unit. p.34-42.

243 0
Шара Коченова, «Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектеп» КММ Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алматы облысы, Көксу ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000253
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: