Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» халыққа арналған жолдауында «біздің жас мемлекетіміз көркейеді, кемелденеді, біздің бабаларымыз сонымен бірге ержетеді. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып , қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат,жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады»деп көрсеткеніндей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш-білім нәрі екендігі бәрімізге мәлім. Қазіргі нарықтық жағдайымызда болашақ ұрпағымызды білімді, мәдениетті, саналы етіп тәрбиелеуде егеменді елімізде оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр.
Бүгінгі күні қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесінің баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, бастауыш сынып оқушыларының білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Ойын дегеніміз-жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігін, көп білуді, сондай-ақ басқа да толып жатқан сапалық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістерінің бірі. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады. Ойын адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп те айтуға болады. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ұлы педагог А.С.Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмірін қызыққа, қуанышқа бөлеуін қамтамасыз ету үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді,- деп қарастырады.
Халық даналығындағы «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді, ойында озған өмірде де озады» -деген аталы сөздің сырына жүгінсек, баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп есейгенде де өмірінде жалғаса береді. Ойын-баланың негізгі әрекеті. Ойын үрдісінде бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелерімен
ертегілеріндегі кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлануға, шығармашылығын байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл-қозғалысын дене бітімін жетілдірсе, іс-әрекеттегі амал-тәсілдері ой-сананың дамуына ықпал етеді, ал қарым-қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным-түсінік, мінез-құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді.
Ойын-халық педагогикасының құрамды бір бөлігі. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Мысалы: қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттырарын білген. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды , жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды бейнелей алады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алтынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді.
Ойын балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортада да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс-әрекет көрінеді. Бала ойын әлемінде өмір сүреді. Оның ізі шындық өмірге қарағанда терең сақталады. Ойын баланың мінез-құлқының қалыптасуына, психикалық үрдіс кезіндегі гармониялық жетілуіне әсер етеді. Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып, білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті-сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс жасай білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыруда түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге қол жеткізу оқушыны ізденіске баулу.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланылатын ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер т.б. Мұндай ойындар оқушыларды жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі-дамытушылық ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білімділік дағдыларын қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын талап-оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту. Бұл талаптар мынадай сұранысқа жауап береді:
ü Балаларға қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
ü Баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
ü Ойын барысында балаға жаңа білім, білік дағдылардың қайнар көзіне жету;
ü Баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік дағдылары мен сәйкес келетіндігі.
Ойын қызық және тартымды болу үшін ойынға керекті материалдарды түрлі-түсті түрде дайындаған дұрыс. Оқушылардың қызығушылықпен ойнайтын ойындарының тағы бір түрі-рөлдік ойындар. Рөлдік ойындар оқудың кез-келген процесінде оқушыларды жаттықтыруда игеру
қабілеттерін арттыруда ұтымды қызмет атқарады. Рөлдерде ойнау оқушы үшін пайдалы, себебі өзінің үйренген білімін, өзі өскен ортада, нақты жағдаяттарда, өз өмірлерінде қолдана алады. Оқушы тез және ұтымды сөйлеуге үйренеді.
Ұлы Абайдың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Ойын оқушылардың достық, жолдастық қарым-қатынастарын орнатуға көмектеседі.
Қорыта айтқанда, ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін , ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға әсерін тигізеді. Ойынды қолдану бастауыш сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, материалды қажетті деңгейде игеруіне ықпал етеді.