Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI309

«Төңкерілген оқыту» технологиясын кейс әдісімен кіріктіре қолданудың тиімділігі

Қашықтықтан оқыту жағдайындағы ауызекі сөйлеу тіліндегі қарым-қатынастың тапшылығы оқушылардың сөйлеу тіліне ғана емес, оқушыларымның жазылым жұмыстарында аргументтермен   негіздей алмау, кейде   тұжырымдарды қисынсыз, дәлелдемесіз ұсыну мәселелері орын алды. Сондықтан осы қиындықтарды еңсеру үшін  қашықтықтан оқытуда  «Төңкерілген оқыту» технологиясын негізге ала отырып, оны кейс әдісімен кіріктіру арқылы оқушыларымның  өзіндік оқуын реттеу көзделді. Төңкерілген оқытудың өзегі – төңкерілген сабақта (flipped classroom) оқу әрекетінің дәстүрлі   бірізділігі өзгертілген  теориялық материалдар дәрістер түрінде беріледі, дағдыларды бекіту және пысықтау үшін практикалық  тапсырмалар сабақта  және үйде орындалады. [1]   

Осы тұрғыда жүргізген іс-әрекеттегі зерттеуім бойынша   кейс әдісін қазақ тілі пәніне бейімдеп қолдану іс-тәжірибеммен бөліспекшімін. Бұл тәжірибем кәсіби даму мақсатымнан туындады. Биылғы оқу жылында  қазақ тілі  пәнінен 8 «С» сыныбында бірнеше сабақтар сериясын кейс әдісі негізінде іс-тәжірибемнен өткізіп,   «Кейс әдісі  арқылы  оқушылардың   өз ұстанымын  негіздеу және  аргументтеу   дағдыларын дамыту» кәсіби даму мақсаты бойынша  «Кейс әдісі    оқушылардың   ұстанымын   негіздеп, идея туындату  және аргументтеу дағдыларын дамытуға қалай әсер етеді?» деген іс-әрекеттегі зерттеу сұрағын негіздедім.  Сабақтарым осы зерттеу сұрағы негізінде жоспарланып өткізілді. 

       Бұл зерттеу жұмысын негіздеуге себеп болғаны 8 «С» сынып оқушыларының көпшілігінің оқу-танымдық деңгейлері Блум таксономиясы бойынша саралағанда жоғары әрі  сыни тұрғыдан ойлай алатын дарынды оқушылар болғанымен,  зерттеушілік дағдылары жақсы дами қоймаған.  Осы негізде  мектебіміздің психологтары  жүргізген зерделемені саралау нәтижесінде сынып оқушыларының жаңа білімді меңгеру стилдері  анықталып, сыныптың көпшілігі «әрекетшіл» екені анықталды, яғни жаңа білімді меңгеру стиліне қарай  алдына   міндеттер қоюда өзіндік әрекетін белсендіре алатын оқушылар екенін пайымдадым. Ондай болса, өзін-өзі ұйымдастыра алатын оқушыларды тек бағыттай білуім керек деп шештім. Осыған орай, қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың өздік жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін проблемалық оқыту әдісі  ретінде  кейс әдісі  таңдалып алынды. [2]   Кейс әдісі туралы тереңдеп оқу барысында түсінгенім бұл әдіс тілдік дағдыларды кешенділік сипатта  меңгерту үшін   өзге әдістермен  қоса меңгертуге қолайды болатынын пайымдадым.[2]  Осы тұрғыда ДББҰ Назарбаев Зияткерлік мектептеріне арналған «Дарынды балаларды дамыту» бағдарламасы (2013) аясында қарастырылған зерттеу моделін [3]  қолдану көзделіп, зерттеу моделін кіріктіруге  шешім қабылдадым. Өйткені дарынды оқушылардың   мәселені анықтау, зерттеушілік дағдыларын жетілдіруде, сөйлеу мәдениетін арттыру өте өзекті. Бұл іс-әрекеттегі зерттеу мәнмәтінінде жүргізілген сабақтар сериясындағы үшінші  сабағымды ортаға салмақшымын. 

      Оқытудың ішінара іздеу (эвристикалық) әдісі қолданылады  деп шештім. Шешім қабылдаудың зерттеу, коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беретін аспектілері ескеріліп жоспарланды. Нақты өмірлік фактілердің негізінде  проблемалық жағдайды құру, ақпаратпен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын дамыту көзделді. Кейс әдісі арқылы жүзеге асатын аналитикалық ойлау мен  ақпаратпен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын дамыту сабақ мақсатындағы  тиімді жүзеге асыруға көмектеседі. Өздігінен ізденуге бағытталды. Проблеманы өз бетінше тұжырымдау көзделді. Кейс әдісі проблемасы құрылмаған оқу жағдаяттарына негізделіп алынды. Оқу мақсаты бойынша үй жағдайындағы жұмыстары арқылы күтілетін нәтижеге жету көзделді.  Сабақ «Биоалуантүрлілік» бөлімі бойынша «Биоалуантүрліліктің өзгеруі» тақырыбында жоспарланды. Алынған оқу мақсаты: 8.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу:  Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша автордың негізгі ойын сақтай отырып, өз сөзімен (синонимдермен алмастыру, сөйлем құрылымын ықшамдау) жинақы мәтін жазу. [4] Кейс материалдары  мен  зерттеу нәтижелері  бойынша әр түрлі  тараптардың   негізгі ойын сақтай отырып, өз сөзімен (синонимдермен алмастыру, сөйлем құрылымын ықшамдау) жинақы мәтін жазу, тұжырым шығару нысана етілді. Осы оқу мақсаты негізінде  «Мәңгілік ел» жалпыұлттық құндылықтарына тұлғаны баулу көзделді. Атап айтқанда, НЗМ құндылықтары:

  1. қазақстандық патриотизм;
  2. өзіне және айналадағы адамдарға, қоршаған ортаға құрмет және жауапкершілік;
  3. ынтымақтастық;
  4. жауапты азаматтық позиция;
  5. құндылықтарға  деген құрмет.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы және  оқушылардың топтаса жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлауы арқылы бағалау дағдылары негізінде  жүзеге асады деп пайымдадым. Сонымен қатар, биология, география,  химия, бейнелеу өнері,  қазақ   әдебиеті, Қазақстан тарихы  пәндерімен тығыз пәнаралық байланыста меңгертіледі, өйткені  оқушылардың аталмыш сабақтардағы сөздік қоры мен қалыптасқан дағдыларына сүйене жүргізіліп, дамытылады.Сабақтың мақсаты: кейсті зерттеу нәтижелері  бойынша әр түрлі  тараптардың   негізгі ойын сақтай отырып, өз сөзімен (синонимдермен алмастыру, сөйлем құрылымын ықшамдау) жинақы мәтін жазады; мәселеге өз көзқарасын білдіріп, ойын дәлелдеп,  тұжырым шығарады. Осы мақсат үй тапсырмасы негізінде   тиімді жүзеге асады деп жоспарланып,   өзара оқытуға негізделген оқушыларды   «оқу мүмкіндіктеріне» қарай  өзара үйренуге негізделген аралас типті  5 топқа тапсырма жеке-жеке әзірленіп ұсынылады деп түйдім. Оқушылар алдымен жеке, содан кейін  сабақта топта жұмыс жасайды деп жоспарланды. Тапсырма бір болғанымен, кейс мәтіндері әр түрлі, өйткені  оқушылардың топтық жұмысында ой қайталаушылық орын алмау керек. «Журналист  жазбасы» әдісі негізінде алынды. Тапсырмалар нақты төмендегідей сипатта ұсынылды: кейсті оқып,  пандемия жағдайындағы  атмосферадағы өзгерістердің  биоалуантүрлілікке әсері  жайлы зерттеу жүргізу үшін  5   проблемалық сұрақ  құрастырып жазыңыз. Сұрақтарыңыздың ішінен  зерттеу үшін маңызды деген 2 сұрақты таңдап алып,   сауалнама әзірлеңіз. Сауалнама мазмұнында аргументтеудің  «болжам, себеп-салдар, өзгеріс» ұғымдарымен байланыс орнатылуы қажет. Сауалнаманы  отбасы мүшелері мен сыныптастарыңыздан, әр түрлі пән мұғалімдерінен т.б.  (кемінде 6-8) жүргізіп, мәселені зерттеңіз.    Сауалнаманы  3 күн жүргізіңіз және  алынған жауаптарды «Қос жазба» күнделігінің бір бөлігіне жазып отырыңыз.

Проблемалық сұрақтар құрастырады. Сауалнама жүргізу үшін сұрақтар  таңдап алады. «Қос жазба» күнделігін жүргізеді.

Сауалнамаға алынған жауаптар ( Күні. Не деді?)

Мәселеге өз көзқарасыңыз.

 

 

Зерттеу жүргізу барысында  алынған мәліметтер

бойынша  қысқаша  есеп     (50-60 сөз) жинақы мәтін жазыңыз.

 

Дескриптор:

  1. кейсті мұқият оқиды;
  2. кейсте көтерілген мәселе бойынша зерттеу жүргізу үшін   5  проблемалық сұрақ  құрастырып жазады;
  3. 2 сұрақты таңдап алып,  сауалнама әзірлейді;
  4.  сауалнама мазмұнында  аргументтеудің  «болжам, себеп-салдар, өзгеріс», «биоалуантүрліліктің келешегі» ұғымдарымен байланыс орнатылуы қажет;
  5. сауалнаманы  отбасы мүшелері мен  сыныптастарынан, әр түрлі пән мұғалімдерінен т.б.  (кемінде 6-8) жүргізеді;
  6.  ой-пікірлердегі қарама-қайшылықтардың туындау себептеріне қатысты аргументтерді  «Қос жазба» күнделігінің бір бөлігіне жазып отырады;
  7. күнделіктің екінші  бөлігіне әр пікірге қатысты қысқаша өз көзқарасын білдіріп, өз аргументтерін ұсынады;
  8. зерттеу соңында 50-60 сөзден тұратын есеп жазады.

Кейс мәтіндері ұсынылады. Төңкерілген сынып моделінің негізгі компонентінің бірі оқу контентіне байланысты  онлайн платформа бойынша үй жағдайындағы тиімді ұсынылған тапсырмалар негізінде өздік жұмыстарын орындап, сабаққа  жақсы дайындықпен келеді.  Сабақ «Teams» платформасында өткізіледі, топтық жұмыс үшін осындағы каналдар мен тапсырманы орындау үшін «Жазба кітапшасы» қосымшасы қолданылады деп жоспарланды.

Қызығушылықты ояту кезеңінде https://www.youtube.com/watch?v=MkCJEwhHCxo     «Елімізде жан-жануарлар мен өсімдіктердің бірнеше түріне қауіп төніп тұр» 

бейнебаяны қойылады. Сұрақ: Өздеріңіз тыңдағандай, қызыл кітап қалыңдауда, ал мына 3 сурет Сіздерге қандай ой айтады?

Сұрақтар: Сабағымыз не туралы болуы мүмкін? (Биоалуантүрліліктің бүгіні мен келешегіне пандемияның әсері қандай болуы мүмкін?)

Мағынаны тану сатысы:

Сабақтың  тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау.  2 минут

Мақсатты талқылау: 

  1. Жинақы мәтін дегеніміз не?

Бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпаратты сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу.

  1. Жинақы мәтін түпнұсқа мәтіннен неше пайызға дейін қысқа болады?   (75%
  2. Егер кітап болса, түпнұсқа мәтіні 99% ықшамдалады.
  3. Жинақы мәтін тек автор идеясынан ғана тұрады. Өз идеяңды қосуға болмайды. Осы жағдайда Сіз авторсыз.

Жинақы мәтін құрастыру жолдары:

  1. Мәтінді мұқият оқу және негізгі қосымша ақпараттарды анықтау;
  2. Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу;
  3. Автордың ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау;
  4. Мәтіннің түпнұсқасының сілтемесін көрсету: Абай айтқандай «.....»; «Парасат» журналында берілгендей «.........»; 
  5.  Мақалада        көрсетілгендей «............» т.б.

Проблемалық сұрақ:  2 минут

Пандемия жағдайы  биоалуантүрлілікті  сақтауға   және дамытуға қатысты экологиялық, антропогендік факторларға  қалай ықпал етуі мүмкін? Кейс материалымен жұмыс жасап, зерттеу жүргіздіңіздер. Бүгін біз зерттеуіміздің нәтижесін ұсынамыз. 

«Зерттеу   және тұжырым»  12 минут

«Жазба кітапшасы» қосымшасына өтеді. 

1-тапсырма 

Сауалнамалық   зерттеу  жұмыстарыңыздың нәтижесі бойынша  (синонимдермен алмастыру, сөйлем құрылымын ықшамдау)  жинақы мәтін жаз.  Ойыңды  жеткізу үшін «Жағдаятты аргументтеу»  моделін қолдан деген сипатта тапсырмалар ұсынылады.

Дескриптор:

  • сауалнаманың бір        маңызды  сұрағын  жазады;
  • әр тараптың        (1-2 сөйлем) көзқарастары мен        аргументтерін  жазады;
  • көзқарастардан туындайтын  1-2 болжамды атайды;
  • көзқарастардан туындайтын  салдарды шығарады;
  •  «Өзгеріс» (Тұрақты        даму, Эволюция, Отбасы, Махаббат пен Зұлымдық, Білім)  ұғымдарының бірімен байланыстырып, мәселенің болашағына қатысты  (1-2 сөйлем) ұсыныс жасап, (1 сөйлем) тұжырым шығарады;
  • ықшамдау  үшін бірыңғай мүшелерді алып тастайды.

«Жағдаятты аргументтеу» моделі

                                              Проблемалық сұрақ

 

Қызығушылық білдіретін тараптар

Ата-аналар

Оқушылар

Мұғалімдер

Мамандар

Мәселеге көзқарастары мен оған дәлелдері 

 

 

 

 

Көзқарастардың болжамдары 

 

 

 

 

Көзқарастардың салдары 

 

 

 

 

Өзін-өзі бағалау парағы:  1 минут

Ескерту: Өз деңгейлеріңізді  рубрикаға + белгісімен анықтап көрсетіңіздер.

Бағалау критерийлері

Төмен

Орта

Жоғары

көзқарастары мен  аргументтерін  жазады

 

 

 

1-2 болжамды атайды

 

 

 

салдарды шығарады

 

 

 

2-тапсырма

«Пандемия жағдайындағы өзгерістердің биоалуантүрлілікке  әсері қандай?» деген сұрақты өз кейстері бойынша талқылап,   зерттеу нәтижесін ұсын. 

Кейс бойынша   жүргізген зерттеу жұмыстарыңыздың нәтижесімен  топта ортаға салып,  «Жағдаятты аргументтеу» моделін толтырыңыздар» [2]

деген тапсырма ұсынылады. Оқушылар каналға өтіп, топта жұмыс жасайды. 10 минут. Топтағы оқушылардың рөлдері:

Ұйымдастырушы: каналда жиналысты бастап,  жазбаны (бейнежазбаны) қосып,  жұмыстың жүрзілу барысын басқарады.

Сарапшы: мәселені талдауда жауаптарды қорытындылап, саралайды.

Жол сілтеуші: идеяның жарамдылығын талдайды, кеңес береді.

Баяндаушы: мәселенің жайын, шешімін өзгелерге түсіндіріп, баяндайды, мүмкін соңында топ жұмысын қорғауға шығады.

Қарсы сұрақ қоюшы:  айтқан пікірге келіспей әдейі қарсы сұрақ қойып, өзгелерді дәлелдеуге үйретеді.

«Жағдаятты аргументтеу» моделі . [2]

 

                                           Таңдалған проблемалық сұрақтары

 

Тараптар және олардың саны

Ата-аналар

Оқушылар

Мұғалімдер

Мамандар

Көзқарастары және  оған  1-2 дәлел

 

 

 

 

Көзқарастардағы  1-2 қайшылық

 

 

 

 

1 болжам

 

 

 

 

Көзқарастар мен қайшылықтардың  2-3 салдары 

 

 

 

 

Мәселенің болашағына қатысты ұсыныс жасап, тұжырым шығарыңдар.  Тұжырымда «Өзгеріс» концептісінің  (Тұрақты  даму, Эволюция, Отбасы, Махаббат пен Зұлымдық, Білім)  ұғымдарының бірімен байланыс орнатыңдар. [2]  

 

Топтардың өзара бағалауы:  4 минут

Топтар өзара бір-бірін рет бойынша «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы  кері байланыс береді.

 «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Бағалау критерийлері:

  • тараптар  саны көрсетіледі;
  • мәселеге көзқарастарын анықтап, 1-2 аргумент келтіріледі;
  • көзқарастардағы  1-2 қайшылықты айқындайды;
  • 1 болжам шығарады;
  • мәселеге өз көзқарастарын білдіріп, дәлелдеп,  тұжырым шығарады.

Өзін-өзі бағалау парағы:  1 минут

Бағалау критерийлері

Төмен

Орта

Жоғары

жинақы мәтін жаза алады

жинақы мәтін жазуда қиналады

жинақы мәтін жазуда кейбір кемшіліктер байқалады

жинақы мәтінді талапқа сай жазады

нәтижесімен бөліседі

зерттеу нәтижесімен бөлісуде қиналады

зерттеу нәтижесімен бөлісуде бірнеше олқылықтар байқалады

зерттеу нәтижесі бойынша жан-жақты талдауымен бөліседі

Өзіндік тұжырым шығарады. 

Өзіндік тұжырым шығаруда қиналады.

Тұжырым шығаруда сенімсіздік байқалады.

Тұжырымын жинақы және сенімді  ұсына алады.

Кері байланыс          2 минут

Іс-әрекеттегі зерттеудің кері байланыс сауалнамасы:

Сілтеме арқылы өтіп,  кері байланыс парағын толтырыңыздар.

Оқушыларға жіберу үшін сілтеме https://forms.office.com/P  қосымшасында ұсынылады.

Мазмұнында қамтылғаны:

  • Сіз зерттеу  барысында қай жұмыс түрлерін  өте жақсы орындай алдыңыз?

А) 5 проблемалық сұрақ құрастыру;

Ә) 2 сауалнамалық сұрақты таңдап алу;

Б) Сауалнама жүргізу;

Г)  зерттеу бойынша «Қос жазба күнделігін» жүргізу; зерттеу, «Жағдаятты аргументтеу»  модельдері;

Д) зерттеу бойынша жинақы мәтін жазу;

Е) топта нәтижені ортаға салып талқылау;

Ж) топ жұмысын таныстыру.

  • Сізге қай жұмыс түрін        орындау қиын болды? (1-2 түрін көрсетіңіз)

А) 5 проблемалық сұрақ құрастыру;

Ә) 2 сауалнамалық сұрақты таңдап алу;

Б) сауалнама жүргізу;

Г)  зерттеу бойынша «Қос жазба күнделігін» жүргізу; «Жағдаятты аргументтеу»  моделін қолданып талдау;

Д) зерттеу бойынша жинақы мәтін жазу;

Е) топта нәтижені ортаға салып талқылау;

Ж) топ жұмысын таныстыру.

Рефлексия  «3-2-1» әдісі қолданылады.

  1. Сіз үшін маңызды болған 3 ақпарат
  2. Қиындық келтірген 2 жағдай
  3. Келесі сабаққа 1 ұсыныс 

       Сабақтың жоспарлануы жоғарыдағыдай сипатта болды.  Дифференциация берілетін тапсырма арқылы жүзеге асырылып, үй жағдайында жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша және шағын кейс материалдары бойынша жүзеге асырылады.  Күтілетін нәтиже бойынша да   дифференциация жүргізіліп, сауалнаманың бір  маңызды  сұрағын   жазудан бастап, әр тараптың  (1-2 сөйлем) көзқарастары мен  аргументтерін   жазады; көзқарастардан туындайтын   1-2 болжамды атайды; көзқарастардан туындайтын  салдарды шығарады; «Өзгеріс»  концептісімен байланыстырып, мәселенің болашағына қатысты   (1-2 сөйлем) ұсыныс жасап, (1 сөйлем) тұжырым шығарады; ықшамдау  амалдарын қолдана алуға дейінгі әрекеттерді әр оқушы өзінің шама-шарқына қарай меңгеретіні  ескерілді. Қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы  да жүзеге асырылды. Топтағы оқушылардың ұйымдастырушы, сарапшы, жол сілтеуші, баяндаушы, қарсы сұрақ қоюшы ретінде рөлдерді өз қалаулары бойынша  атқару арқылы өз деңгейіне қарай саралануға мүмкіндік туғызылып, қолдау көрсетілді. Дифференциация сабақтың барлық бөлімінде қолданылды. Сауалнамалық  зерттеу   жұмыстарының нәтижесі бойынша   (синонимдермен алмастыру, сөйлем құрылымын ықшамдау)  жинақы мәтін жазу.       Ойыңды   жеткізу үшін «Жағдаятты аргументтеу»   моделін қолдану. «Зерттеу   және тұжырым» тапсырмасы, «Жағдаятты аргументтеу» моделі негізінде   оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы, топтардың өзара бағалауы; «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі  бойынша бағалау критерийлері: тараптар   саны көрсетіледі; мәселеге көзқарастарын анықтап, 1-2 аргумент келтіріледі; көзқарастардағы  1-2 қайшылықты айқындайды;1 болжам шығарады; мәселеге өз көзқарастарын білдіріп, дәлелдеп,  тұжырым шығарады. Үйге берілген кейс материалы зерттеу  тапсырмалары оқушылардың өздік жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін ұсынылды   және қауыпсіз  жұмыс  түрлері берілді. Оқушылар сабақта  өздерінің АКТ дағдыларын дамыта алды, өйткені оқушылар жұмыстарын «Жазба кітапшасы» қосымшасында орындау арқылы АКТ-ні тиімді қолданды. Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамыту тиімді жүзеге асты. Оқушылар   жеке жұмыс жасау барысында «Өзгеріс» (Тұрақты  даму, Эволюция, Отбасы, Махаббат пен Зұлымдық, Білім)   ұғымдарының бірімен байланыстырып, мәселенің болашағына қатысты ұсыныс жасап, тұжырым шығару тапсырмасы арқылы  биоалуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығына қатысты ой қорытындыларын жасай отырып, экологияның тұрақты дамудағы  маңыздылығын пайымдай алды. Жағдаятқа қатысты ата-аналардың, мұғалімдердің көзқарастарын білу мақсатында сауалнама жүргізу арқылы  оқушылардың әлеуметтенуі, коммуникативтік құзыреттілігі арта түсті. Кейс материалдары  мен   зерттеу нәтижелері  бойынша әр түрлі  тараптардың негізгі ойын сақтай отырып, өз сөзімен (синонимдермен алмастыру, сөйлем құрылымын ықшамдау) жинақы мәтін жазып, өздері үшін  тұжырым шығара алды. Сабақ мақсаттары жүзеге асырылды. Негізгі ойды сақтай отырып, өз сөзімен (синонимдермен алмастыру, сөйлем құрылымын ықшамдау) жинақы мәтін жазуға машықтанды. Оқушылар топта жұмыстарын ортаға салу барысында   өзара келісімде ынтымақтаса жұмыс істеді.  Күтілетін нәтиже, оқу тапсырмалары мен дескриптор және қолдау көрсету арқылы  дифференциация тиімді жүзеге асырылды. Қашықтықтан оқыту жағдайына қарай оқушылардың топта жұмыс жасауына қосымша 3 минут уақыт берілді де уақытты нақты ұстану мүмкін болмады.Уақыт жетпегендіктен, жоспарға өзгеріс енгізілді. Топта  жұмыс жасау барысында  уақыт тапшылығына байланысты «Жағдаятты аргументтеу» моделіндегі   «Мәселенің болашағына қатысты ұсыныс жасап, тұжырым шығару» деген бөлігі қысқартылды. Ол күрделі байланыстар орнату үшін бұл бөлік өте маңызды еді. Сабақта оқытуға қатысты сәтті өткен аспектілерді атап өтетін болсам, кейс материалымен жұмыс жүргізіп, сауалнама алып, шағын зерттеу жұмысымен айналысу; сауалнама нәтижесі бойынша әр тараптың  (1-2 сөйлем) көзқарастары мен  аргументтерін  жазу; көзқарастардан туындайтын  1-2 болжамды атай алу; көзқарастардан туындайтын  салдарды шығарып, жинақы мәтін жаза алу;  тұжырым ұсына алу тиімді жүзеге асты. Оқушылардың   мәселені көре алуы,  материалды құрылымдай алуы мен  зерттеушілік дағдылары дами түсті. Оқушылардың бағалау критерийлерін негізге ала отырып,  өзара сындарлы кері байланыс беру дағдыларының жетіле түскені байқалды. Сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? Қызығушылықты ояту кезіндегі ұсынылған бейнебаянды және «Жағдаятты аргументтеу» моделі бойынша ұсынылған  соңғы тапсырманы енгізбей, оқу тапсырмасын барынша ықшамдау қажеттігі туындайды. 5 топтың жұмысын тыңдау уақытты көп қажет ететін болғандықтан, 4 топта жұмыс жасау арқылы нәтижеге қол жеткізу ескерілу керек. Сабақ іс-әрекеттегі зерттеу аясында жүргізіліп, оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуда тиімді болды. Сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? Сабақта өз жұмыстарын ұсынып, нәтижесін ортаға  салып  айта алмаған оқушылармен қосымша сабақ өткізіп, жекелеме жұмыс жүргізу керек, яғни «Скаффолдинг» әдісін қолдана отырып, қолдау көрсету қажеттігі туындайды. Өзін-өзі реттеуге, басқаруға негіз болған кейс-тапсырмалар күрделілік деңгейі бойынша қолданбалы жаттығулар  түрінде  алынды, өйткені  проблеманы шешу жолдарын іздеуге негізделді.  Оқыту үдерісінің  мақсат-міндеттеріне байланысты  талдау мен бағалауға және шешімдер қабылдауға үйретуші кейстердің  алынуы тиімді болды. Шынайы нақты өмірлік жағдайларды көрсететін практикалық кейсті алдағы тәжірибемде қолданамын деп шештім. Сауалнама нәтижесін саралағанда  көпшілігі зерттеу бойынша «Қос жазба күнделігін» жүргізу; зерттеу моделі, «Жағдаятты аргументтеу» модельдерімен жүргізген талдауларының  атап өтсе, ал зерттеу бойынша сауалнама жүргізу негізінде жинақы мәтін жазудың күрделілігін және «Жағдаятты аргументтеудің» қиындық туғызғанын да көрсеткен. Бұл алдағы уақытта осы бағытта әлі де жұмыстар жүргізу қажеттілігін және   ақпараттарды іріктеп, маңыздысын жинақтап жазу дағдыларына төселдіруде маңызды аспектілермен жұмыс жасау керек деген тұжырымға әкеледі. Төңкерілген оқытудың  тиімділігі критерийлер негізінде оқушылардың өзіндік дайындығы арқылы күтілетін нәтижеге қол жеткізе алдым. Басқалардың көзқарасын сындарлы бағалау тиімді жүзеге асты және дарындылықты дамыту қадамдарын жетілдірудің  маңызды жолдары көрсетіліп, айқындалып, тәжірибемді  жетілдіре алдым. Нәтижесінде оқушыларым біршама күрделі байланыстар орната алды, өз ұстанымын негіздей отырып, сауалнамалар жүргізу негізінде идеялар туындатып, нәтижесін жинақы мәтін түрінде  жазу арқылы нақты аргументтерді келтірді, зерттеушілік  дағдыларын кешенді түрде жетілдіре түсті.

 

        Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 2021-2022 оқу жылында білім беру үдерісін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқаухат. Нұр-Сұлтан. 2021ж. -380 б.
  2. Қойлық Н.О., Каупенбаева С.М., «Оқу үрдісінде проблемалық оқытуды қолданудың тиімділігі» әдістемелік нұсқаулық. –Алматы, «Өрлеу»  БАҰО,   Алматы   2019 -38 б.
  3.  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасы – 

NIS-Programme «Қазақ тілі» (Т1) пәні бойынша оқу бағдарламасы , Негізгі мектеп (6-10-сыныптар)  Нұр-Сұлтан   2019ж.

  1. ДББҰ Назарбаев Зияткерлік мектебі «Программа развитие одаренности детей» Астана 2013ж. 531 б.
  2. https://www.cpm.kz/ru/portal/blogs/?page=post&blog=u25582-blog-s11&post_id=188913
  3. https://kk.vvikipedla.com/wiki/Argumentation_theory
  4. https://melimde.com/pars_docs/refs/56/55863/55863.pdf

https://melimde.com/1-essede-argumentteu-deleldeme-teoriyasini-andaj-elementteri-o.html?page=3

867 0
БАКЫТЖАН ИСИНА, Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі, педагог-сарапшы Қарағанды қаласы Ұлы дала ұстазы № 000233
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: