Поиск статей:
ESI
Рейтинг:

Ұстаз-ұлы тұлға

Ұстаз деген -жарық күні ғаламның

Ұстаз деген-анасы ол адамның.

Бүкіл әлем  мойындайды еңбегін,

Сенде одан адам болып жаралдың.


Ұстаз-осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағана жатыр

Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес .Адамды тәрбиелеп,оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш,сондықтан да ұстаздың еңбегі ұлы күш.         Ұстаз....Қандай қасиетті сөз!Әр адамның жүрегіне ерекше жылуық нұрын себетін аяуы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.Адам баласының қадір түтып, құрметтейтін екі ұғым боса,соның бірі Ұстаз. «Ұстаз»қазақ баласы үшін қашанда қасиетті ,қадірлі болған.« Ұстаздан тәрбие алған»немесе «Ұстаздың алдын көрген»деген сөздер құлаққа       «Ана тәрбиесін алған»деген сөздермен ұштасып жатады.Алғаш әріп танытып,өмірдің қыр қыр сырын біуге,сан қиы құбылыстарынтерең түсінуге мұрындық болып,жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп,адамгершілікке баулыған мұғаімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық.

Ұстаз-таудан арқырай аққан тау өзеңі секілді,айналасыңа қуат беріп,жолыңа кездескендерді сумен нәрлендіріп ,таудай қиындықтарды тастай домалатып,біімнің кең әллеміне тыңыштық тауып ,дамыдайды.Ұстаз-Жер деген әлемнің бетін көркейткен ,шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана.Ұстаз ақылдың тозбайтұғын бой тұмары.Ұстаз-қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып,білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын,армансызға арман ұялатып,қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі.Ұтаз-берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді.Ғылым иесі ғылым да,ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да,егін салған диқан да,мал бағып терін төккен шопан да,көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім,тәлім алған.

«Мүғалім мамандығы-барлық мамандықтың анасы»демекші,ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.«Ұстаз болу-өз уақытынды аямау,өзгенің,уақытын аялау»-деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы,ұстаздардың еңбегі ерен.Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп,ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару-екінің бірінің қолынан келе бермейді.Ұстаз болу-жүрек жылуын,мейірім шуағын,адамгершілік ұлыллығын баланың бойына дарыту.Ұстаз болу-шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау.Ұстаз болу- жас ұрпақтын жарқын боашаққа барар жолын айқындап беру.Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері,ағартушы-ғалым Ахмет Байтүрсынов «мұғалім-мектептін жаны»деп бағалаған.Осыдан-ақ ұстаз деген- ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады.Себебі,ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады.

« Адамның адамшылығы -жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай,мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Тәуелсіз ел атанып,төбемізге ту тігіп,тіліміздің мәртебесі артып,әлемге атымызды таанытып жатқан кезде ұлттың,елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлуінде.Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек,мектептің басты тұлғасы,жүрегі-мұғалім.

Сөзден жыр кестесін өрген Ғафу Қайырбеков ұстаз деген сөздің анықтамасына былай дәлел  берген.

Ұстаз болу- сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу- жүректін батырлығы.

Ұстаз болу -мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның асылдығы.

Осы төрт қасиет ұстаздың бойынаң табылуы қажет

Алдымызға келген балалар-біреудің мандай алды жарығы,енді бірі-жар дегенде жалғызы,бірі ерке,бірі-қой аузынан шөп алмас момыны.Мандай алды жарығын таңшолпандай жарқыратып,жар дегенде жалғызын көпшілікке үйретіп,қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап  сөйлер шешен етіп тәрбиелеу білікті,мықты ұстаздың еңбегінің нәтижесі деп ойлаймын.

Ұстаз деген- күн шуағы елімнің,

Ұстаз деген- болашағы жерімнің.

Ұстаз деген -мейірімді асыл жан,

Білімменен сусындаған барша жан.

Осы өлең жолдарын арнай отырып,барша ұстаздарды алда келе жатқан ұстаздар мерекесі мен құттықтай отырып,қажымас қайрат, мықты денсаулық тілеймін. Саңалы шәкірттеріміз көп болсын.

510 0
Орынгүл Шапық, Шегірен ауылы жалпы білім беру орта мектебінің «Балапан»шағын орталығының тәрбиешісі Павлодар обылысы, Шарбақты ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000089
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: