Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI271

Ағылшын тілін оқытудағы жаңа технологиялардың маңызы

Ағылшын тілін оқытудағы жаңа технологиялардың маңызы

Түйін: Соңғы жылдары білім беру үдерісінде жаңа технологияларды қолдану мәселесі күн санап өзектілігін арттыруда. Бұл тек жаңа техникалық құралдарды ғана емес, сонымен қатар оқытудың жаңа формалары мен әдістерін, оқудағы жаңа тәсілдерді құрайды. Ағылшын тілін үйренуде заманауи технологияларды қолданудағы алдымызға қойған басты мақсат - оқушыларға ағылшын тілін оқыту сапасын арттыру, олардың коммуникативті мәдениетін қалыптастыру және дамыту, практикалық тұрғыдан жетілдіру барысында жаңа технологияларды қалай тиімді пайдалануға болатындығын көрсету. Осы мақсатта, бұл мақала ағылшын тілін шет тілі ретінде оқыту үдерісінде заманауи технологияларды қолданудың маңызы мен рөлін көрсетуге бағытталған. Мұнда оқушыларға ағылшын тілін жаңа технологияны қолдану арқылы меңгертуге көмектесетін әртүрлі тәсілдер мен әдістер талқыланады. Аталмыш әдістердің қатарына ағылшын тілін үйренуге арналған веб-сайттар, компьютерлік тілдерді оқыту бағдарламалары, презентацияға арналған бағдарламалық жасақтама, электронды сөздіктер, чат және электрондық пошта арқылы хабарлама жіберу бағдарламалары, CD-ойнатқыштарды тыңдау және видео-клиптер кіреді.

 

Түйінсөздер: жаңа технологиялар, ағылшын тілі, әдіс-тәсілдер, веб-сайттар.

 

         Тіл – халықаралық коммуникация қызметіне әсер ететін аса маңызды элементтердің бірі болып саналады. Оқушылар ағылшын тілі дағдыларының тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу сынды бөліктерін шеберлік пен қарым-қатынас үшін пайдаланады. Сонымен қатар, оқытудың маңызды элементтерінің бірі - мұғалімдердің өз сабақтарында тілді үйрену процесін жеңілдету үшін қолданатын әдіс-тәсілдерін қамтиды. Ағылшындық ғалым Беккердің айтуынша, компьютерлер мұғалімдерге ыңғайлы, қол жетімді, дайындықтары жеткілікті және оқу бағдарламасына өзгерістер енгізуге болатын тілдік сыныптарда маңызды оқу құралы ретінде қарастырылады. Мұғалімдердің көпшілігі компьютерлік технологияны сапалы білім берудің маңызды бөлігі деп есептейді. Сондықтан жаңа технологиялар тіл үйренушілерге шексіз ресурстар ұсынады. 

Кез-келген мұғалім тіл үйретуде сәттілікке жету үшін білім алушыларды компьютерлік технологияларды қолдану арқылы тиісті әрекеттерді жасауға шақыруы тиіс. Дұрыс технологиялық материалдарды қолдану білім алушылар үшін пайдалы болуы мүмкін. Компьютерлік тілдік іс-әрекеттерді қолдану оқушылардың бірлескен оқуын жақсартады. Сонымен қатар, компьютерлік іс-шаралар білім алушыларға жедел ақпарат пен тиісті материалдарды ұсынады. Тиімді әрі дұрыс таңдалған интернет материалдары оқушыларды көбірек білуге ынталандыратыны аныққ. Сондай-ақ, жаңа технологиялар ағылшын тілі мұғалімдерін оқыту ресурстарымен қамтамасыз етеді және оқушылар әлеміне көптеген оқу тәжірибесін ұсынады. Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушыларға көптеген шынайы материалдар ұсынылады және оқушыларды тілді үйренуге ынталандыратыны сөзсіз.

Жаңа технологиялар әрқашан оқыту мен оқу ортасының маңызды бөлігі болып келді. Бұл мұғалімдер кәсібінің маңызды бөлігі, себебі мұғалімдер оны оқушылардың білім алуын жеңілдету үшін қолданады. Оқыту мен оқудағы жаңа технологиялар туралы сөз қозғалғанда ‘интеграция’ терминінің қатар жүретіні айқын. Жаңа технологиялар біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігі болғандықтан, технологияларды оқу бағдарламасына енгізу идеясын қайта қарастырып, оларды ағылшын тілін оқытуда күнделікті қолданысқа енгізетін уақыт келіп жетті. Яғни, қазіргі таңда жаңа технологиялар оқыту тәжірибесінің ажырамас бөлігіне айналды және мұғалімдер үшін оқыту тәжірибесін дайындаудан бастап оқыту мен оқу процесіндегі маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) білім беру жүйесіне енгізу оқытудың жаңа парадигмаларын тудырды. Қазіргі таңда біз технологияның барша әлемді шағын ғана ауданға айналдырған кезеңде өмір сүріп жатырмыз және жаңа технологияларды қолданудағы жетістіктерді педагогикалық ұсыныстарға негіздейміз. Сондықтан да, ағылшын тілін үйренушілердің мүмкіндіктерін жаңа технологияларды қолдану арқылы қалай жақсарту керектігін қайта қарау қажеттігі туындап отыр. Жаңа технологиялар мен педагогикалық ұсыныстардың өзара әрекеттесуі ағылшын тілін үйренушілердің гетерогенді қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейінде ғана емес, оқушылардың шектеулерін барынша азайтуға бағытталған кез-келген жаһандық жаңалық болып саналады.

Сондықтан бұл мақала қазіргі заманғы технологиялардың ағылшын тілін меңгеруде оқушыларға қалай көмектесе алатындығы туралы шолу болып табылады. Технологиялық тұрғыдан дамыған әлемдегі АКТ-ның қарқынды өсуі оқушыларға оқу процесіндегі кейбір кедергілерді жеңуге көмектесті. Оқыту мен білім беру саласындағы заманауи технологияларды қолдану мұғалімдерге, оқушыларға және басқаларға өздерінің қоршаған ортасынан тыс адамдардың қауымдастығына енуге, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға, мәселелерді жан-жақты талдауға, сынға алуға және ұйымдастыруға, кәсіби шеберлікке ие болуда және бүкіл қоғамның өзгеруінде қол ұшын созатыны сөзсіз. Қазіргі жаңа технологиялар, мәселен, жаңа бағдарламалық жасақтамамен немесе желімен жабдықталған компьютерлік жетілдірулер, мұғалімдерге уақытты тиімді пайдалануды жеңілдетеді. Ендігі кезекте, мұғалімдер білім беруде қалаулы нәтижелерге жету үшін кез-келген сәтте әлемдегі кез-келген мекеннен білім беруді жалғастыра алады.

Бұрын оқыту мен оқу дегеніміз тек бетпе-бет дәрістерді, дайын қағаз кітаптарды немесе баспа материалдарын оқуды, конспектілеуді және тапсырмаларды көбіне сұрақтарға жауап беру арқылы орындауды немесе эссе жазу түрінде орындауды білдіретін. Қысқаша айтқанда, білім беру, оқыту және оқу үдерісін жүргізу мұғалімсіз, кітапсыз және тақтасыз жүзеге асыру мүмкін еместей саналатын. Бүгінгі таңда білім беру мен оқыту мүлдем жаңа мәнге ие болып отыр. Қазіргі таңда компьютерлер әр сыныптың маңызды бөлігіне айналды, ал мұғалімдер оқушыларға компьютерлердің қалай жұмыс істейтінін көрсету үшін DVD, CD-ROM және видео қолдануды күнделікті әдетке айналдырды. Оқушылар тақырыптық материалдармен қатар интерактивті құралдар мен CD-ROM дискілерді пайдалану арқылы өзара әрекеттестікке ене бастады. Сонымен қатар, әр оқушы өзіне тапсырылған жұмысты өз қарқынымен орындауға толық мүмкіндік алды.

Жаңа технологиялар ағылшын тілін қашықтықтан үйренуге мүмкіндік береді: жаңа технологияның оқыту саласындағы ең үлкен әсері - бұл бірнеше адамға әр түрлі орындардан бір уақытта білім алуға көмектесу мүмкіндігіне ие болуы. Оқушылардан нұсқаулар мен ақпараттарды білу және алу үшін алдын-ала белгіленген уақытта немесе белгілі бір жерде жиналу талап етілмейді. Тек модемге қосылған (немесе CD-дискімен) компьютер ғана қажет; бұл құралдардың көмегімен адамдардың үйлері және кеңселері мектептегі ‘сыныптан’ кем түспейтін ахуалға жетті.

Жаңа технология ағылшын тілін үйренуде топтық оқытуға мүмкіндік береді. Әйтсе де, қашықтықтан оқыту оқушылардың дәстүрлі топтық оқытудың деңгейіне ие бола алмайтындығын алға тартатындар бар. Бұл теорияның дұрыс емес екендігін дәлелдеу үшін жаңа технологиялар қашықтықтан білім алушыларға онлайн-қауымдастықтар, арнайы чат бөлмелері мен хабарландыру тақталары ұсынылды. Мұның бәрі оқушыларға өз кеңістігінде оқшауланғанына қарамастан ынтымақтастық пен қарым-қатынас жасауға толықтай мүмкіндік береді.

Жаңа технологиялар жеке жылдамдықты өзгертуге мүмкіндік береді: мультимедиялық құралдар, онлайн және CD-ROM негізінде оқыту мұғалімдерге тәуелді сабақ жоспарларының қажеттілігін жоюға көмектесті. Ағылшын тіліндегі ұғымдарды тезірек түсінетін оқушылар оқуға көп уақыт жұмсамай, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын соза отырып үнемі алға жылжиды. Оқу процесіне дәл осындай жеке қарқынмен ену барлық тіл үйренушілер үшін аса пайдалы.

Сондай-ақ, жаңа технологиялар ағылшын тілін үйрену барысындағы оқыту шығындарын төмендетуге және өнімділікті арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар, технология сандық нәтижелерді жылдам еместеп шығарады және оқушыларға ағылшын тіліндегі кез-келген ақпаратты тез әрі жылдам ұғынуға және жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Жаңа технологияны қолдану арқылы оқушылар уақытты үнемдеп, жұмыстарының өнімділігін арттырады. 

Ағылшын тілін үйренуде жаңа технологияларды қолдануда кезігетін тосқауылдар: әрине, білім беру технологиялары оқушыларға жағымды әсер етуі үшін, мұғалім алдымен технологияларды өз бетінше игеріп, барынша жақсы дайындалуы тиіс. Ақпаратты тарату үшін қолданылатын құралдар оқушылардың қажеттіліктерін алдын ала ескере отырып жасалуы қажет. Компьютерлік немесе технологиялық сауаттылықтың жетіспеушілігі сынды факторлар да алдын ала қарастырылуы тиіс. Мектептер мен кәсіпорындар білім беру технологияларының қарапайым құрал екендігін және оның жетістігі көбіне оны дұрыс жоспарлаудың әсеріне байланысты екенін есте сақтауы қажет. Осы факторлардың барлығын ескергенде ғана ағылшын тілін үйретуде жаңа технологияны пайдалану дұрыс таңдау болып саналады.

Технологияның дамуы мен цифрлық революцияның өрлеу кезеңі ағылшын тілі мұғалімдерінен мультимедиялық технологияларды қолдайтын шет тілін оқыту мен оқудың жағымды ортасын құрудың тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ойлануды қажет ете бастады. Нәтижесінде, «тілді компьютер арқылы үйрету» ағылшын тілін оқыту саласында үлкен танымалдылыққа ие болды. Ағылшын тілін компьютер арқылы үйрету мүмкіндіктерін талдау барысында бұл мақала мультимедияның ағылшын тілі сабақтарында маңызды рөл атқара алатындығына бағытталған. Осы бағытта, біз әдебиеттерге шолу жасау барысында келесі тұжырымдарды жасадық: ағылшын тілін мультимедиялық оқыту - бұл мықты әрі осал тұстары бар жаңа әдіс. Оқу тиімділігін арттырудың маңызды факторына айналған мұғалімдер қауымы мультимедияны оқушылардың тілді табиғи ортада әрі тиімді түрде меңгеруіне мүмкіндік беретін шынайы тілдік оқыту ортасын құру үшін толық пайдалануы тиіс.

Мультимедиа термині компьютерді қолдану саласындағы соңғы әрі кең танымалдылыққа ие термин. Жалпы айтқанда, мультимедиа - бұл мәтін, дыбыс, сурет, анимация және бейнелердің тіркесінен тұрады. Ол әдеттегі қондырғыларға күрделі графикті бейнені көрсетуге мүмкіндік беретін CD-ROM ойнатқышы, дыбыстық жабдықтар және арнайы жабдықтарды қамтиды. Соңғы кездері қуатты ортаға айналған интернеттің қарқынды дамуының нәтижесінде бірқатар қызметтер, соның ішінде «электрондық пошта, веб-сайттар (WWW), жаңалықтар топтамалары, дауыстық және бейнеконференциялар, файлдарды тасымалдау және файлдармен алмасу, көптеген корпоративті қызметтер» мамандандырылған бағдарламалар арқылы жүргізіліп отырады. Ағылшын тілін оқытудың контекстінде мультимедианы интеграцияланған медиа деп атауға болады. Себебі ол мәтін, графика, анимация, аудио және тағы сол сияқты әртүрлі ақпараттар түрінен тұрады және олар ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін ақпаратты шолу, сұрау, таңдау, байланыстыру және пайдалану мақсаттарында қолданылады. Оған дәлел, американдық ғалымдар Смит пен Вудидің мультимедияға «ұғымдарды бейнелеу үшін көрнекі құралдар мен ауызша сипаттамаларды қолдану құралы» деп анықтама беруі болса керек.

Ағылшын тілін оқытуда қолданылатын мультимедиа төрт кезеңді қамтиды деп болжанады. Бастапқы кезең 50-ші жылдардан бастап, бірнеше шет тіл институттарында ғана эфир, кино, магнитофон және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарын ағылшын тілін оқытуда қолдана бастаған сәттен бастау алады. Ол кезеңде қолданылған аудио және бейне таспалар ағылшын тілін оқытудағы маңызды революция ретінде саналған. Кейіннен 70-80-ші жылдардан соң аудио және видеотаспалар электронды технологияның дамуына байланысты күрт дами түсті. Электрондық таспа, диапроекторлар, бейнекассеталар, лингафон кабинеттері және басқа да электронды құрылғылар осы дәуірге енгізілді деуге толық негіз бар. 90-шы жылдардың басына қарай компьютерлік технологияның дамуы мен цифрлық революцияның бастау алуына байланысты мультимедиялық технологиялар ағылшын тілін оқытуда қол жетімді бола бастады. 2000 жылдардың басында Интернет компьютерлік оқыту материалдарын жеткізудің қуатты құралына айналды. Интернетте кез-келген уақытта және кез-келген жерде ақпарат алу, жұмыс жүктемесін жеңілдету және тіл үйренушілердің бір-бірімен сөйлесуі үшін дүниежүзілік құралдар ұсынылды. 

ПЛАТО бағдарламасы (автоматты түрде оқытуға арналған бағдарламаланған логика) ағылшын тілін үйретуде ең танымал оқу жүйелерінің бірі болып саналады. Себебі, бұл бағдарлама әртүрлі тілдік жаттығулардан, грамматикалық түсіндірмелерден, тесттерден және аударма мәтіндерінен тұратын арнайы жабдық. Мұнда коммуникативті оқыту әдісіне аса көңіл бөлініп, оқушылар дайын сөздерді қайталамай, оларды табу, мәнерлеп оқу арқылы ағылшын тіліндегі сөзді мңгеруге дағдыланады. Оқушылар тіл үйренуді жеңілдету үшін компьютерді немесе аппараттық құралдарды пайдалануы тиіс. Бұл үлгіде компьютер түрткі немесе құрал ретінде қарастырылады. Себебі бұл бағдарламалық жасақтама мәтіндік процессорлардан, емле мен грамматиканы тексеру құралдарынан тұрады. Сондай-ақ, бұл бағдарлама әртүрлі дағдыларды (тыңдау, жазу, сөйлеу және оқу) біріктіріп қана қоймай, тілді үйрену мен оқытудың тиімді құралы ретінде қызмет ететін әртүрлі технологияларды байланыстырады. Бұл мультимедиялық желілік компьютерді тілдік сыныпта қолдану оқушыларға ағылшын тілін үйренудің тиімді құралы ретінде ықпал етеді. Мысалы, оқушылар негізгі грамматикалық немесе лексикалық түсіндірмелерге, айтылым туралы ақпаратқа жылдам қол жеткізе алады. Осылайша, ол тілдік жаттығуларды ұсыну үшін мұғалімнің рөлін атқара алады немесе оқушылардың ойлау дағдысының дамуына түрткі болады. Қорыта айтқанда, жаңа технологиялар мен интернеттің пайда болуы ағылшын тілін меңгеруде оқушылардың шет тілін еркін сөйлеушілермен қолжетімді және арзан жолмен қарым-қатынасқа енуіне қолайды жағдай тудырды.

 

Әдебиеттер:

 

  1. Джонассен Х. Интернет арқылы оқу орталарын құру; 1999 жылғы білім беру технологиялары конференциясы және көрмесі: Технология мектептері - 1999 - 45-46 бет.
  2. Бим И.Л., Биболетова М.3. Бастауыш мектептегі шет тілі курстарының мүмкін формалары мен мазмұны. // Мектептегі шет тілдері. №2. 3-бет.
  3. Браун, Д. Оқыту принциптері бойынша тіл педагогикасындағы әдіс-тәсілдер. Нью-Йорк: Лонгман, 2001 ж.
1 361 0
Эльмира Жумабаева, Әл Фараби атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі Алматы облысы Ұлы Дала Ұстазы № 000045
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: