Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1775

Композиция дегеніміз не?

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға композиция және перспектива жайлы кеңірек ұғым беру. Сурет салудағы тұтас құру қабілетін дамыту.
Дамытушылығы: Халқымыздың бейнелеу өнері шеберлерімен және 
олардың еңбектерімен таныстыру. Сурет салу арқылы қолды жаттықтырып оқушылардың шеберлігін ұштау. 

Тәрбиелілігі: Оқушыларды нәрселерді безендіру жұмыстарымен

таныстырып, өздерінің ою - өрнектен композиция құрумен

шұғылданып, осы өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар:
 Сурет салуға арналған альбом, түрлі – түсті қарындаштар, АКТ бейнеролик т.б

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.

 

                    Сабақ барысы: 


 І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, толық сабаққа дайындығын тексеру


ІІ.Өткен сабақты қайталау

- Оқушылар біз жаңа сабаққа кіріспес бұрын өткен сабаққа оралып, үй тапсырмасына шолу жасайық.

                Ойын:.     “Картошка" әдісі

Ол  үшін біз сұртопта аққа тез жауап   беру қажет себебі мен сіздерге ыстық доп лақтырам,қолымыз күймес үшін тез жауап береміз

Қосымша түстерге қандай түстер жатады?

Жылы түске қандай түстер жатады?

Туыс түстерге қандай түстер жатады?

Суық  түске қандай түстер жатады?

Қарама қарсы түстер қандай түстер?

Контраст түстер дегеніміз не?

Негізгі түстерді ата?

 

                     Жаңа сабақ

 

Композиция туралы оқущыларға жаңа сабақты түсіндіру, видеоролик көрсету.
Нақ нұсқаны қою, қай тұстан отыратыныңды анықтау, параққа суретті дұрыс орналастыру, бәрі де композициядан басталады. Композиция - латын сөзі, «ойлап шығару»   деген үғымды білдіреді. Суретші шығармасында айтпақ ойы әсерлі болуы үшін бейнелейтін заттар мен адамдарды қоршаған нәрселерді белгілі тәртіп, үйлесімділік заңдылығы бойынша көп көңіл бөледі. Бұл деген - композиция. Композиция дегеніміз - салынатын суреттегі барлық бөліктерді байланыстырып, орынды құрастыру, үйлестіру. Композицияның негізгі талабы – шығарманың көркемдік бірлігін табу. Бұл үшін суретші алдымен композицияның орталық нүктесін табу керек. Көрерменнің көзіне бірден түсетін, көлемі жағынан үлкен немесе көп орын алмайтын, бірақ назарды бірден өзіне аударатын шығарманың сәулелі немесе күңгірт тұсын, өзінің айналасындағы ортадан автордың қалауымен ерекшеленген ортаны композициялық орталық деп атаймыз. Суретшілер сурет салу барысында композиция көмегі арқылы өздерінің ойлары мен сезімін білдіріп, оларды толғандырып, өмір шындығы мен қиялын көрсете алады.
Кез келген суретті салу композициядан басталады. Композициялық әдістердің бірі салынған суреттің шекарасын толық көрсетпеу арқылы іске асырылады. Композиция суретшінің ойына байланысты заттың қозғалыстағы немесе бір қалыпты қозғалыссыз тұрған қалпын көрсетуге жол ашады. Сурет салғанда, көкжиек сызығын әр түрлі, кез келген биіктікте белгілеуге болады. Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды. Яғни ол шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Қарапайым сөзбен айтқанда, көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, үйлесімділік (композиция) сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Композиция мен сюжет өзара тығыз байланыста болады. Кейіпкер өз ортасына лайық іс - әрекетте бейнеленеді және олардың іс - әрекетін, психологиялық ішкі толғанысын, бояу ерекшеліктерін композицияның жалпы тақырыбына байланысты көріп байқауға болады. Суретшінің белгілі көркем шығарма жазудағы ой - мақсаты. көркемдік – эстетикалық принципі (композициялық) үйлесімділік құрылысына сәйкес айқындалады.
Көркем шығармадағы үйлесімділік орта. Суреті салынатын нәрсені орналастыру, орнын белгілеу, көру нүктесін таңдау, қағазға дұрыс орналастыру үйлесімділіктің (композицияның) бастапқы негізі болып табылады. Болашақ сурет жөніндегі негізгі ой қалыптасқаннан кейін, сурет салушы шығарманың жоспарын жасайды. Жоспарға үйлесімділік (композиция) қисыны әбден дұрыс болды деп есептелгенше түзетулер жасалады. Бейнеленетін суреттің жеке бөліктері бір – бірімен байланыста болғанда ғана үйлесімділік шешім дұрыс болады. Бейнеленетін нәрселердің кеңістікте
өзара орналасуын дұрыс белгілеу үшін көмекші сызықтар (тіке, көлденең, көлбеуі) сызылады. Бұл нәрселердің көлбеу бұрыштарын анықтау үшін пайдаланылады.

 

Сарамандық жұмыстар:

 

«Өзіңді тереңірек тани біл»

 

Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы берілген сөздерден композиция құрастыру: күн ,тау, үй, ағаш, қорап, жол, сақина, гүл, стөл, адам т.б

 

Сергіту сәті:       Ойын: “Тереуіш"

 

Барлық оқушылар шеңбер болып тұрады және бір оқушы ортаға шығып тереуішті екі алақанның ортасына ұстап тұрып барлық оқушының қолына салған секілді салып , соның ішінен бір оқушының алақанына салады, ал соны бір оқушы ортаға шығып тереуіш кімінің қолында екенін табу қажет.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

 

                             Жаңа сабақты  бекіту

Рефлексия: “Бес саусақ” тәсілі

 Бас бармақ - басты мәселе: Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

 Балалы үйрек - бірлесу: Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза қылдым?

 Ортан терек - ойлау: Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
 

Шылдыр шүмек -   шынайылық: Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
 

Кішкентай бөбек - көңіл-күй ахуалы: Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?
 

VІ. Үйге тапсырма. 
 

 Жеміс жидек немесе көкөністердін композициясын құрастырып келу.

 

 

 

1 665 0
Сатыбалдина Оксана Айсақызы Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы “Шығармашылық орталығындағы” МКҚК Оригами үйірмесінің жетекшісі Ұлы Дала Ұстазы № 000781
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: