Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1774

Білім беру контентін оқып-үйреніп, мектеп жасына дейінгі балалардың дағдарыс кезеңдерінің ерекшеліктері

Қазіргі уақытта баланы мектепке дейінгі ұйымға дайындау, белгілі бір дағдыларды  игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Мектепке дейінгі өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі - өнегелі, жігерлі, дербестік, және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы.

Мектеп жасына дейінгі балалардың дағдарыс кезеңдері баланың өтпелі кезеңдеріне байланысты. Өйткені бала психологиясында бұл кезеңде жаңа құрылымдар мен саналы ерекшеліктер пайда болады. Бала психикасының дамуындағы дағдарыстың пайда болуын оның жақын арада даму аймағына қатысты қаситеттерді өзгеру заңдылығымен ұштастыру түрде іздестіру керек болады.

Мектеп жасына дейінгі дағдарысты тек теориялық схемамен қарастыруға болмайды. Біз іс жүзінде тиісті материалдарды таңдаудан бастауымыз керек.

Мысалы : 3 жастағы баланың дағдарысының мән жайын ашып көрсету үшін баланың  дамуындағы сыртқы және ішкі жағдайларды қарастыру қажет. Бұл мәселенің тиімді жері баланың  дағдарысқа ұшырау себептері қандай жағдайға байланысты болады және оның қалыпты жағдайдан ауытқуына әсер ететін не нәрсе соны алдын ала ашып алу керек.

Осы дағдарысты жеке алып қарастыратын болсақ біріншіден, дағдарыс баланың бойындағы мұндай жағымсыз қасиеттерді оның тіл алмай, қасарысуынан арылту керек. Баланың жағымсыз қылықтары ересектердің қойған талаптары мен айтқандарының бәріне қарсы шығады.Алайда баланың бір нәрсені істеуіне зауқы болмаса мұның бәрі жағымсыз қылықтары мен қарсылық көрсетуін (мысалы ол ойнап жүргенде оған жатып ойыншықтарыңды жина десе ол бірден жинай қоймайды) мұның бәрін дағдарыс кезеңінің көріністері деп санауға болмайды. Бала барынша өзінің ойындағысын істегісі келеді, бірақ оған тыйым салынады. Бұл жайттардың бәрін қисыққыңырлық қылық, жағымсыз мінез деуген болады. Осындай жағдайда баланың ересектер талабына қарсы әрекеті оны өзі ұнатқан іспен шұғылданғысы келетінін көрсетеді. Бұл кезеңде жаңадан көптеген қозғалысқа байланысты дағдылар қалыптасады. Сәби еркін жүреді, сөйлейді. Айналасындағы заттарға әуестігі артады, әр нәрсені білгісі келеді. Ойлау қабілеті дамиды. Жаңадан шартты  рефлекстер қалыптасады. Сүт тістері толық шығып үлгереді. Бұл кезеңде баланың   айналасындағы болып жатқан жағдайларға қызығушылығы артады. 

Бұл не ? деген сұрақтарға жауап   іздейді. Ми көлемі артып,  дами түседі. Анық сөйлейді. Бұл кезеңде бала үшін   әртүрлі ойынның маңызы зор. Ойын арқылы денесі өседі, көңіл күйі қалыптасады. Әсіресе, қимыл әрекеті қажет ететін ойындар арқылы қанқасы мен бұлшықеттері дұрыс жетіле түседі.

Баланың дамуын ішкі табиғи процесс деп түсіну дұрыс емес. Мысалы 7 жасар баланың дағдарысына сипаттама беретін болсақ, бұл кезеңде жаңадан көптеген қозғалысқа байланысты дағдылар қалыптасады, жауапкершілікті тәртіпті сезінеді. Ойлау қабілет дами бастайды. 

Осы кезде баланың ақыл-ойының өсуіне орай қауырт өзгерістерге ұшырап, тәрбиесі жөнінен де бұрынғы уакытқа қарағанда неғұрлым қиындай түсетіні айқын байқалады. Бұл кезеңде оны енді мектеп жасына дейінгі бала деп те, оқушы деп те атау қиын. Өйткені, ол өтпелі кезеңді басынан кешіреді.

Мектеп жасына дейінгі баланың дағдарысқа ұшырау жағдайы оның бірбеткейлігінін,  күрт өзгеретіндігін қарапайым бақылау арқылы көзге түседі. Бірақ оның мінез-құлқы мен өзінің маңындағы адамдармен қарым-қатынастарынан анық байқала қоймайды.
          7 жастағы баланың басынан өтетін дағдарыстың негізінен екі түрлі ерекшелігін қарастырып көрейік. Бала айтқанға көнбей қырсығады. Жүріс-тұрысы өзгереді. Мінезінде ойланбай істейтін жасанды қылықтар пайда болады, ұшқалақ, қылжақбас күлдіргі қылықтары пайда болып, ол өзін сайқымазақ ретінде көрсетеді. Мұндай қылықтар баланың 7 жасқа дейінгі кезеңі болғанымен, оның төңірегінде оған жете мән бермейді. Мұнда қылжақтау әрекетінің пайда болуы нендей себептерге байланысты? Бала мұндай келеңсіз қылжақбас бейнелерді әсіресе өзінің сыртқы тұрпатына, өзгелердің жүріс-тұрысына қарап еліктеп істейді. Мысалы, біреудің дауысы дірілдеп шығатын болса, соның сөйлеу ырғағьна қарап, бала өз дауысын да дірілдетіп шығаратын болады. Сондықтан баланың орынсыз сөз айтып, қалжыңдаса, оған ешкім де таңданбайды. Өйткені мұңдай мінез көріністері жеті жасар балаларға тән ерекшелік екендігі оның дамуындағы заңды құбылысқа тән мінез және онын ұяндықтан ажырап, өзіндік ерекшеліктерін сыртқа шығару белгілері болып саналады.
 Баланың мінезіндегі дағдарысқа ұшырау себептерін оның бойындағы ішкі және сыртқы сапалы өзгерістердің пайда болуымен ұштастыру қажет.
 Бұл жастағы баланың өз көңіл-күйін біліп, «мен қуандым» «мен ренжідім», «мен ашулымын», «мен көңілдімін», «менің ызам келіп тұр» деген жайттардың мәнісін түсіне бастайды, яғни ол өзінің күй-жайын бағдарлай алады. Ал 3 жастағы сәбидің басқа адамдарға қатынасын аңғаруы сияқты, 7 жастағы бала өзінің әсерлену сезімін ұғына алады. Соның нәтижесінде 7 жасар баланың бойындағы дағдарысын сипаттайтын кейбір ерекшеліктер көріне бастайды.

Өмір тәжірибесінің әсерінен бала басынан кешірген  нәрселердің мәнін түсініп, оларды жинақтап түсіну мүмкіндігі қалыптасады. Әрбір жаңа жүріс сайын тастар арасындағы жаңа байланыстардың пайда болатыны сияқты, баланың тіршілігі әрекетінде белгілі пайым, тұтас ұғым жасалады. Осыдан келіп 7 жастағы баланың танымдық әрекеті жаңа сипатқа ие болады. Ал осы  жастағы баланың дағдарыс кезеңінде сыртқы әсерлер жиынтығын жалпылап, басынан кешірген сезім күйлерін даму жағдайын түсінерлік дәрежеге жетеді. Сәтсіздікке ұшыраса оған реніш білдіріп, өзге балалардың ұнамсыз қылықтарын жақтырмай сырт айналады. Кемтарлардың жүріс-тұрысысына күледі. Өз басынан кешірген сәтсіздіктеріне реніш білдіреді. Ал арада көп уақыт өтпей-ақ, ашық-жарқын бола қалады. Алайда ол көптеген сәтсіздіктерді қорытып, оған жалпы сипат беруге ойы жетпейді. Мектеп жасындағы бала өз сезімі мен басынан өткен жайттарды жинақтай бастайды. Басынан кешірген ашу-ызалары тұтасып, оның ренішті жағдайлар жайындағы түсінігі қалыптасады. Алайда ондай сезім күйлерінің бәрі дара уақиға сипатында болып қала береді. Мектеп жасына дейінгі балада өзін-өзі бақылау, намыстану сезімдері қалыптаспаған. Мұның бәрі бала өсе келе өз бойындағы ерекшеліктерін әр алуан жағдайларды басынан кешіру арқылы сезіне алатын болады. Сондықтан да баланың дағдарысы осы өз басынан өткен оқиғалар мен мінез-құлықтарының мәнін түсіне алмау себептерінен туындап отыратындығын атап көрсетуді қажет етеді.

Мектеп жасына дейінгі кезеңде кездесе қоймайтын тәрбиесі қиын деп аталатын балалар да кездеседі. Бұл кезеңде бала өз басын бағалау маңындағыларымен қарым-қатынаста қандай орын алатынын ол әлі де пайымдай алмайды. Соның салдарынан ол өзінің ішкі қайшылықтарының мән-мағынасын түсіне алмайды. Ал жеті жастағы баланың дағдарыс кезінде мектеп жасына дейінгі ерекшеліктерінен ажырап,  дамудың жаңа кезеңіне қарай аяқ басады. Өтпелі кездегі мұндай ерекшеліктер енді баланың бойында жаңа сапалардың пайда болуына қолайлы жағдай тудырып, оның дамуын жаңа күрделі сатыға көтереді. 

 Дағдарыс кезіндегі қиын балалардың даму сипатын анықтау үшін олардың сыртқы жағдайларға әсерленуін мүмкіндігінше терең зерттеп, олардан тиісті қорытындылар   шығарып отыруды қажет етеді.
Дағдарыс жасын мұқият зерттеу арқылы баланың негізгі әсерлерінін ауыспалы болуы осы кезеңде өтетінін көрсетеді. Дағдарыс ең алдымен баланың бойындағы күрт өзгеріс екенін байқатады. Мұндай орта үш жастағы бала үшін өзгермейді. Баланың дағдарыс кезеңдерін бақылап жүрген зерттеушілер бұрын өзін жақсы ұстап тіл алғыш және ерке болған сәби аяқ астынан кінәмшіл, ашулы, тілазар болып шыға келеді дейді.
Дағдарықтың ішкі сипатын іздестірген шетелдік зерттеушілердің басым көпшілігі дағдарыстың ішкі сипатын биологиялық факторлармен түсіндіреді
            Баланың бойындағы ерекшеліктер 3-6 ай ішіндегі адам танымастай жаңа өзгерістерге ұшырап, оның ішкі дүниесіндегі елеулі құрылымдар пайда болады. Ал, баланың дағдарысқа ұшырау белгілері елеусіз болып қала береді. Осы орайда оның психологиялық өзгерістерге ұшырауы сыртқы орта мен маңындағы жағдайларға тәуелсіз екеңдігін аңғартады. Яслиден бала-бақшаға ауысқан баланың қылығындағы өзгерістер бізді таңдандырады. Осы орайда біздер сәби бойындағы елеулі өзгерістерді байқап көріп, сыртқы ортаның әсерінен гөрі оның ішкі жан дүниесінің елеулі өзгерістердің неғұрлым шапшаң қарқынмен дамығанына көз жеткіземіз, Сондықтан баланың ішкі өзгерістері әрқашан да оның өмірінде елеулі із қалдырып отырады.

         Менін ойымша дағдарыстар баланың ішкі өзгерістеріне байланысты болып отыратын ерекшеліктер. Бұл бағытта ішкі және сыртқы сипаттар арасында нақты сәйкестік жоқ сияқты. Сәби дағдарысқа ұшарайды. Онда қандай елеулі өзгерістер болады?  Бала не себептен қысқа мерзім ішінде осындай өзгерістерге ұшырады?
 Мен баланың дамуына әсер етіп отыратын ортаның ықпалын қозғаушы күш деп санайтын болсам, онда ортаның әртүрлі жас кезеңдерінде дағдарысқа ұшырау себептері оның ішкі дүниесінің өсіп-жетілуіне сәйкес жаңа сапалардың жасалуы деп санаймын. Өйткені баланың жасына қарай тіршілік ортасына әсерленуі түрлі сипатта болады. Бұл шындықты бекерлеуге біздің ешқандай құқымыз жоқ. Бала дамуында жаңа сапаларды игеріп, сатымен жоғары өрлеген сияқты болып отырады.

Баланың қажеттілігі мен ниеттіліктерінің өсіп, олардың жасы өскен сайын түрлі мазмұн-сапаларды игеруі жалпы психикалық дамудың қайта құрылып, тіршілік жағдайына лайықты өзгеріп отыруы деп түсінген дұрыс. Ойымды қорыта келе м
ектеп жасына дейінгі балалардың дағдарыс кезеңдерінің ерекшеліктерінің көпүрлілігін атап көрсетуге болады,
 баланың дамуы оның іс-әрекетіне орай жаңа сапаларға ие болады, егер сананы баланың өз ортасына қатынасы десек, соған орай оның санасы да жаңа мазмұнға ие бола бермек.

807 0
Ешмуханова Ақмарал Аманжоловна «Алтын дән» балабақшасының әдіскері Ұлы Дала Ұстазы № 000780
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: