Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1683

Люффаны - күнделікті өмірде пайдаланудың жолдары

«Люффаны- күнделікті өмірде пайдаланудың жолдары»  оқушы үшін күрделі тақырып.Оқушы іздену барысында жұмысты жан-жақты  іздене отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдасына көбірек көңіл аударған. Ол өсімдікті тек өсуі мен көбею жолдарын ғана зерттемей, масаж жасауға, денені жақсы  жууға   болатындығы, өсімдіктің пайдалы қасиетін химиялық жолмен де өңдеуге  болатынын дәлелдейді. Табиғи материалдардан өнімдерді қолдануға тырысуда. Люффадан әр түрлі ойыншық түрлерін , шәугім, шайнек  астына төсегіш  жасап та шығарды. «Люффаны- күнделікті өмірде пайдаланудың жолдары » туралы ізденуге өз әлінше әрекет еткен. Оқушы өзі пайдаланып келе жатқан еңбегін көпшілік қауымға таратып, кең құлаш жаюына әрекет етеді.

АҢДАТПА

«Люффаны- күнделікті өмірде пайдаланудың жолдары » атты ғылыми жұмыста өсімдіктің жалпы сипаттамасы  туралы  берілген.«Люффа» өсімдігінің адам денсаулығына пайдасы туралы зерттеулер жүргізілген.Табиғи материалдан әр түрлі өнімдер жасап  қолданған.Қазіргі кезде жиі қолданбайтын яғни ұмыт қалған, табиғи  өнім «монша жөкесін» егіп өсіріп, пайдалану жолдарымен таныстырады.Қосымша зерттеулер жүргізу арқылы, люффадан қол өнер бұйымдарын жасауға болатынын және жапырақтарынан, дәнегінен  гербарий кептірілген өсімдіктер коллекциясын жасады. Табиғи өнім-денсаулық кепілі.Таза табиғи өнімдерді пайдаланған дұрыс деп есептейді.

 

АННОТАЦИЯ

В научной работе » люффа - способы использования в быту " дана общая характеристика растения. Проведены исследования о пользе растения» Люффа " для здоровья человека.Изготавливали различные изделия из природного материала.Натуральный продукт, который в настоящее время используется не так часто, знакомит с тем, как сеять и использовать «губку для бани». Проведя дополнительные исследования, удалось создать изделия ручного искусства из люффы и создать коллекцию растений, высушенных гербарием из листьев, зерен. Натуральный продукт-залог здоровья.Считается, что лучше использовать чистые натуральные продукты.

 

ANNOTATION

In the scientific paper "luffana - ways to use it in everyday life", a general description of the plant is given. Studies have been conducted on the benefits of the plant" luffa " for human health.They made various products from natural materials.The natural product "bath sponge", which is now often not used, that is, forgotten, is sown and introduced to the ways of use. By conducting additional research, he discovered that it was possible to make handmade products from luffa, and created a collection of dried plants from the leaves, seeds, and herbarium. Natural product-the key to health.It is believed that it is better to use pure natural products.

 

МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

           Мақсаты:

Люффаның пайдалы сырын ашу және оны ата-бабаларымыз қалай пайдаланды, люффаны  қазір біз қалай пайдалануға болатынын анықтау.

Міндеттері: 

• Люффаның  қалай өсетіні туралы ақпарат жинақтау;

• Ертеде люффаны тұрмыс-тіршілікке, шаруашылыққа қалай пайдаланғанын анықтау;

• Люффаны  қолданысқа қалай пайдалануға болатынын зерттеу;

 

Болжам:

Егер біз люффаның  құпиясын аша білсек, онда қазіргі кезде люффаны қалай қолдануға болатынын, қандай пайдасының бар екеніне көз жеткіземіз. 

Зерттеу жүйесі:

Ақпарат көздерін жинау, табиғаттағы люффаны , өсетін жерін бақылау және люффаны  тәжірибе жасау, қорытынды шығару.

                                       ЖОСПАР

 

  1. Кіріспе бөлім

 

  1. Негізгі бөлім

Люффа  және оның жалпы сипаттамасы.  

Люффаның адам денсаулығына пайдасы. 

Люфанның  химиялық құрамы.

Люффаны   қолданылуы.

Люффадан  жасалған табиғ өнімдер,монша жөкесі, заттар.

 

  1. Дәлелдеме бойынша жинақтап қорыту 

КІРІСПЕ

  Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден ақ өз қажетіне жаратып келеді. Дәрілік , емдік қасиеті бар өсімдіктерді табиғаттың жасыл дәріханасы деп те айтуға болады.Табиғи өсімдіктердің құрамына химиялық заттардың кіруіне байланысты ол сырқат адамның бойындағы ауруды жазады. Әлбетте, әрбір дәрілік өсімдік емдік практикасына енгізілмес бұрын ғылыми медицинада зерттеудің ұзақ жолынан өтеді. Атап айтқанда химиялық құрамы тексеріледі, организмге әсер етуші факторы, адамның әр түрлі органдары мен жүйелерінің қызметіне ететін ықпалы анықталады. Өсімдіктердің шипалық қасиеттері сонымен қатар, ботаникалық бақтарда, көптеген жоғары оқу орындарының кафедраларында және аптекалық мекемелерде де зерттеліп келеді. Шөптік заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен Рим дәрігері Гален алғаш емдеді.Өсімдіктер әлеміне бай өлке Қазақстан алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі болып саналады. Қазақстанда өсетін 6000- ға жуық өсімдіктер түрі бар .Соның ішінде көптеген түрі өзіміздің Оңтүстік Қазақстан өңірінде өседі.

НЕГІЗГІ   БӨЛІМ

Люффа және оның жалпы сипаттамасы

 Люффа өсімдігі   топырақ талғамайды, дегенмен де молынан гүлдеуі үшін топырағы құнарлы болғаны дұрыс. Арам шөбін жұлып түбін   қопсытып тұру керек. Күнді жақсы көреді, бірақ алакөлеңкеде ұзағырақ гүлдейді . Люффа бір жылдық өсімдік. Оған   күтім жасамаса  гүлдеуі нашарлап, гүлінің көлемі кішірейіп кетеді.Люффаны сабағын байлау өте маңызды.Кірпіктері ұзын, жемісі ауыр, гүлі сары болып келеді.Жас жемістері қияр сияқты болып келеді. Люффа негізінде   Қырымда, Орталық Азия мен Кавказда өсіріледі. Люффа– ұзындығы 60-75 см жетеді .Оның ұрығының түсі қара және  саны 10-15 ке дейін жетеді. Сабағының ұзындығы 3-4 метрге дейін өседі.Люффаны далаларда адам қоныстанған пунктерде, бақтарда, бақшаларда өсіруге болады. Шамамен жемісі 4-5 айда пісіп жетіледі.Жасыл қабыршағы кеуіп сары-қоңыр түске айналады.Жемісі толығымен құрғақ болғаннан кейін, олар жеміс қабығының астына тоқылған өткізгіш торға айналады.  Мен адамдардың табиғи өнімді қолданғанын қалаймын. Қазіргі кезде губка, мочалка қолданады. Онда түрлі микробтар болуы мүмкін.Люффаны қолдану. Люффамен  шомылуға немесе ыдыстарды жууға қолдануға болады. Ол теріні қышудан, кез-келген типтегі бөртпелер, қызарудан қорғайды . Ешқандай химиялық қоспасыз табиғи ортада өсірілген өсімдік . Мен одан әр түрлі жұмсақ ойыншықтар жасап шығардым.  

. Зерттеу жұмысының жаңалығы:

Люффа барлық жерде бірдей өсе бермейді, яғни ауасы ластанбаған жерде ғана өседі, гүлі сары, дәрілік өсімдікке жатпайды.Күннің ыстық болғанын қалайды, жылы сүйгіш.Люффаның өсіп өну уақытысы 200 күнге жуық.Люффаны тұрмыс тіршілікте қалай пайдалануға болатынын анықтап, табиғи өнім монша жөкесін жасадым.Эксперимент жүргізу нәтижесінде мен жетекшіммен бірге люффа өсімдігін наурыз айының аяғында ектім.Люффа өсімдігінің топырағын үнемі шауып , көң сеуіп құнарлатып отырдық. Аптасына екі рет суғардық .Шілде айында күнде суғаруға тура келді . Таңгы 7 лер шамасында люффа өсімдігінің гулдері ашыла бастайды.Гүлдерінің әсемдігін сіздерге сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Гүл дегеніміз ол өсімдік олар өмір сәні, табиғат көркі, адамға жақсы көңіл күй сыйлайды.Сабағының ұзындығы 3-4 метрге дейін өседі. Бір сабағында 30 ға   жуық гул ашады екен.

Менің байқағаным сол гүлдерден тек 15 шақты гүлі ғана өнім береді. Жас жемістері қияр сияқты болып келеді. Люффа  қияр мен асқабақтың туысы , жылуды жақсы көреді. Оның мұртшалары шырмауыққа ұқсайды. Жемістері үлкен және ауыр болып келеді.Жемістері толығымен құрғағаннан кейін, қабығының астында тоқылған өткізгіш шоқтардан жасалған талшықты жөкіш сақталады.Аллергиясы бар адамдарға және дерматологиялық мәселелерді емдеу үшін де қолдануға болады. Менің апа аталарым тек қана табиғи монша жөкесін ғана қолданады. Біз бұл люффа өсімдігін жылда егіп жемісін жинап аламыз.

 


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1Биология жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық.Ата мұра 2009

2.Қазақ Энциклопедиясы,7том

3.М.Қожабеков,Г.Қожабекова Дәрілік өсімдіктер Алматы,   "Қазақстан" 1982.

4.Шаңырақ:Үй тұрмыстық энциклопедиясы

Алматы:Қаз,Сов энциклопедиясы  Бас. ред.1990) 

5."Люффа" туралы іздену барысында мына сайт пайдаландық: http:∕∕www.uroweb.ru∕

 

ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Мен үшін зерттеу ісінің ең жауапты кезі басталды, ол зерттеудің жоспарын құру. Әдіс-тәсілдер көмегімен мен әлемді тани алатын боламын. Зерттеу әдістері әр түрлі болуы мүмкін:Біз жаңа заттар мен құбылыстарды: КӨРЕМІЗ, ЕСТИМІЗ, ИІСКЕЙМІЗ, ҰСТАП КӨРЕМІЗ.

Зерттеуді жүргізу үшін әр түрлі тәсілдерді қолдануға болады. Ғылыми   кеңесшісі: ҚР  мемлекеттік сыйлықтың лауреаты , М.Әуезов атындағы Оңтістік Қазақстан университеті, т.ғ.д. профессор Кедельбаев Б.Ш.

Қорытынды

Осы зерттеу жұмысын жүргізу барысында қол жеткізген          нәтижелеріміз:

Люффа  - күрделі гүлдер тұқымдас,бір жылдық өсімдік.Люфа өсімдігін жемістері толық жетіліп пісуі үшін ақпан айының басында егіп отырғызу керек екен.Люффа жемісінен жұмсақ ойыншық, ыдыс астына қоятын         төсегіш, монша жөкесін жасадым.Люффа гүлінен әр түрлі  гербарий жасадым.Люффа өсімдігінің егілуі Оңтүстік өңірінде азайып бара жатқаны мәлім болды.Адамдарды табиғи экологиялық таза өнімдерді қолдануға шақырамын.Люффа жөкесімен шомылғанда дене бөртпейді, теріні қышудан қызарудан сақтайды.

А-деңгейі

  1. Люффа  қайда өседі?
  2. Люффаның құрылысы қандай?
  3. Люффаның  сыртқы пішіндері қандай болады?

                              Б-деңгейі

  1. Люффа  қалай қоректенеді
  2. 2.Люффа   қалай көбейеді?

    3.Люффа табиғаттағы, медицинадағы маңызы қандай?

С-деңгейі

  1. Люффаны  неліктен дәрілік өсімдікке жатпайды ?

Эксперимент-зерттеу әдістерінің ішіндегі ең маңыздысы.Ол барлық ғылым саласында қолданылады. «Эксперимент» деген сөз латын тілінде аударғанда eksperimentum тәжірибе деген ұғымды білдіреді.Кез келген эксперимент зерттеу нысанасындағы эксперименттің барысын тексеру және салыстыру мақсатында қандай да бір практикалық жұмыс жүргізуді көздейді.Кейде эксперимент ойша жүргізіледі. Экперимент нәтижесі нақты болу үшін бірнеше рет жүргізуге болады. 

284 0
1) Айгүл Султанова 2) Әмірхан Құлахмет 1) №128 жалпы орта білім беретін мектеп бастауыш сынып мұғалімі 2) 3 «А» сынып оқушысы Шымкент қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000553
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: