Асқабақ тақырыбын жан-жақты ізденіп, асқабақтың адамдар денсаулығына, қандай пайдасы және сырлары бар екенін, тереңдей іздене отырып, зерттеген.Мысалы: Асқабақтың дәрілік қасиетін және де түрлі тағамдар мен сусындар арқылы адамдар денсаулығына,емдік қасиеттерінің қыр сырын аша отырып, пайдалы екендігін зерттеп, анықтау барысында жұмыс жасаған.
Аннотация
Оқушы ғылыми зеттеу жұмысында асқабақтың пайдасы туралы ғылыми теориялық, практикалық білімдерді жинақтап, қызықты фактілерді көрсете білген. "Асқабақ" - дәрумендер ұясы. Асқабақта каротиндер бар: витаминдер А1, В1, В2, РР, С, Т калий, кальций, темір бар. Асқабақ мың бір ауруға ем екенін көрсете білді. Асқабақ диеталық өнім саналады. Крахмал, холестерин және транс майлары жоқ, қант аз және ас қорытуға пайдасы көп.Ғылыми жұмыста асқабақ адамның иммунитетін көтеретін тағам екені көрсетіліп, оны пайдалану үшін практикалық кеңестер берілген.Зерттеу жұмысы тек мектеп оқушыларына емес, жалпы оқырмандарға қызықты деп ұсынамын.
Зерттеу әдістері:
- Салыстыру, талдау, теориялық жалпылау
- Анықталған заңдылықтар мен зерттеу нәтижелерін салыстыру
- Зертханалық жұмыс
- Компьютермен жұмыс
Зерттеу нысаны: Асқабақ туысы (тыква - Cucurbita)
Практикалық маңыздылығы.
Бұл тақырыпты зерттеудің белгілі бір теориялық және практикалық маңызы бар. Аннотация
Автор научной исследа вательской работы "Польза тыквы" собрала интересные теоретические, практические данные о пользе тыквы. Тыква - кладезь витаминов А1, В1, В2, РР, С , Т, калий,кальций, железо. Автор приводит нас к выводу, что тыква- лекарство от тысяч болезный. Тыква также диетический прадукт. В ней нет крахмала холестирина трансжиров и мало сахара. Тыква быстро усвояется организмом человека.
Автор научной работы приводит интересные практические рекомендацин по приготовлению тыквы в быту, которые повышают иммунитет детей и взрослых. Это в очередный раз доказывает пользу тыквы.
Я считаю научную исследовательскую работу ученицы полезной
и рекомендую ее школьникам и широкуму кругу читателей. Автор отлично справилас с заданием.
Abstract
Annotation on scientific work "The benefits of pumpkin" student 3 "В" class School number №128 Shymkent lgilik residential area Annotation The author of the scientific research work The benefits of pumpkin has collected interesting theoretical practical data on the benefits of pumpkin.Pumpkin is a storehouse of vitamins A1.B1.B2.PP.C.T.potassium, calcium, iron. The author leads us to the conclusion.That pumpkin is a cure for thousands of diseases.Pumpkin is also a dietary supplement. It has no trans fat cholesterol starch and is low in sugar. Pumpkin is quickly absorbed by the human body. The author of the scientific work gives interesting practical recommendatiobr for cooking pumpkin at home which increase the immunity of adult children.This once again proves the benefits of pumpkin. I consider the student s scientific recommend it to schoolchilbren and a wide range of readers.The author did an excellent job with the task.
КІРІСПЕ
Біздің ғылыми жобамыздың басты мақсаты - Асқабақтың адам ағзасына пайдасын зерттеу және ақпараттар жинақтау, адамдардың оны қандай жағдайларда пайдаланатынын кеңірек танысып мағлұмат жинақтау.
Міндеттері:
1. Асқабақты зерттей отырып, тереңдей таныстыру.
2. Асқабақтың емдік қасиеттерін анықтау.
3. Асқабақ дәнінің пайдасын зерттеу.
4. Асқабақтан жасалған тағамдардың денсаулыққа деген пайдасын анықтап, жасалу жолдарын көрсету.
Зерттеу заты - асқабақ, асқабақтың дәні
Зерттеудің өзектілігі - Яғни біз асқабақты күнделікті өмірде жиі қолданылғанымен, оның көптеген пайдасын,өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз.
Зерттеудің болжамы - Ассқабақтың пайдасы жайлы көбірек оқып білімімізді жетілдіре отырып, асқабақтың көптеген біз білмейтін сырларын ашу.
2.1 Асқабақтың шығу тарихы
Асқабақтар тұқымдасына (тыквенные – Cucurbitaceae) 1 мыңдай түр жатады. Жер шарының екі бөлігінде тропикалық және субтропикалық аймақтарында кең таралған өсімдіктер, қоңыржай климатты облыстарға да өтеді. Түрлерінің пайда болған орталығы болып Гималайдьщ Шығыс бөлігі, Азияның Оңтүстік-Шығысы және Оңтүстік Америка табылады. Түрлерінің басым көпшілігі өрмелеп, сиректеу ұзын сабақтары арқылы жерге төселіп өсетін біржылдық өсімдіктер. Көп жағдайда пальмалардың арасыңда өседі, сабақтарының сыртыңда қатгы түктері болады.Жапырақтары үлкен, қосалқы жапырақшалары болмайды, жапырақ тақталары жүрек тәрізді, саусаққалақшалы немесе саусақсалалы тілімделген болып келеді де, сабаққа кезектесіп орналасады. Қарапайым немесе бұтақталған (тармақталған) мұртшалары болады.
Асқабақ туысы (тыква - Cucurbita). Тамыры ұршық тәрізді болып келетін, кейде түйнектері болатын көпжылдық, немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер. Туыстың құрамында 18 жабайы өсетін түрлері бар, ал 5 түрі тек мәдени жағдайда ғана кездеседі. Түрлерінің көп мөлшерде кездесетін орталықтары Мексика, Гватемала, Гондурас. Ірі асқабақты (тыква гигантская - C.maxima) европалық орталық аудандарында (Украина, Поволжье) және Приморский аймағында көптеп өсіреді. Мускатты асқабақтың (тыква мускатная - C.moshata) тропикалық аудандардың жылы және ылғалды климатына бейімделген сорттары бар, олардың жемістерінде қантгың мөлшері аса жоғары болады. Пісіп-жетілген дәндерінде 52% дейін май болады, Кавказда және Орта Азия мен Қазақстанда көп өсіріледі. Кәдімгі асқабақтың (кабачки - С.реро) жемісінің формасы мен мөлшері және түсі көп өзгеріп отырады. Қазақстанда бұл өсімдікті көкөністік өсімдік ретінде өсіреді. Асқабақ тұқымдасының көпшілігінің дәнінде көп мөлшерде май болады, оны тамаққа да, техникаға да пайдаланады. Кейбір түрлері сәндік өсімдіктер ретінде пайдаланылады, мысалы люффа (Luffa) туысының түрлері.
2.2 Асқабақтың биологиялық сипаттамасы
Асқабақ – асқабақтар тұқымдасына жататын (лат. Cucurbitаceae) біржылдық не көпдылдық шөптесін өсімдік. Бұта немесе ағаш түрінде өсетін «бақша өсімдігі». Қазақстанда 3 түрі көп тараған: кәдімгі асқабақ (Cucurbita pepo), мускатты асқабақ (Cucurbita moschata), ірі асқабақ (Cucurbita maxima).
Асқабақтың жапырағы ірі, бүйрек пішіндес, гүлдері қос жынысты, сары түсті, мұртшалары бар, ал жемісі дөңгелек немесе сопақша, ірі (кейбіреулері 30-40 кг-ға дейін), сортына байланысты түсі әр түрлі болады. Дәндері сопақша не овальді, жеуге жарамды, түсі ақ, сарғыш, жасыл, сұр, иісі Асқабақ тұқымдары 13-14 0С жылулық температура болғанда өсе бастайды. Асқабақ тіпті әлсіз аяздарды көтере алмайды, тез өліп қалады.Асқабақ б.з.д. ІІІ ғасырда Мексикада, Перуде белгілі болып, 15 ғасырдың соңында Мысырға әкелінген деседі. Ал емдік қасиеттері Авиценаның, Мухаммед Хусейн Шеразидің жазбаларында ұшырасады. Бұл еңбектерде асқабақ дәнінің майы құлақ пен тамақ ауруына шипа екендігі, ыстығы көтерілген жандарға асқабақ тұндырмасының ем болатындығы жазылған. Бір қызығы, сол заманда көру қабілеті нашарлағандар, семіздіктен жапа шеккендер асқабақты пайдаланған көрінеді. Асқабақтың қуатты тамыр жүйесі бар, олар тамырларының осы ерекшелігіне байланысты топырақ қабаттарының төменгі бөліктерден ылғалды сорып алады және құрғақшылыққа төзімді.
Құрамы май қышқылдарына (80% ға дейін), пальмитин және стеарин (30%), олеин (25%), линол (45%), эфир майларына, С, В дәрумендеріне, каротиноидтар мен аминқышқылдарына бай. Қант 14% ға дейін кездеседі (жеңіл сіңірілетін). Антигельминттік әсер көрсететін фармакологиялық белсенді заты кукурбитин аминқышқылы болып табылады, ол асқабақ дәндерінде түрі мен сортына байланысты 0,1 – 0,3% ға дейін болады.
Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы саяси тұжырымдамасының басымдықтарының бірі - жаңа жоғары технологиялық дәрілік препараттарды алумен байланысты өндірістерді дамыту болып табылады. Қазақстан жерінде асқабақтар тұқымдасына жататын көптеген түрлері өсіріледі, алайда технология мен зауыттардың жеткіліксіздігі нәтижесінде өнімдер егістіктерде қалады немесе бөлшектік сатуға жіберіледі. Асқабақ дәндерінің өнделіп қолданылатын үлесі көп емес. Осыған байланысты Асқабақ дәндері (Semina Cucurbitae) негізінде фитосубстанция алу көзделіп отыр. Бұл өсімдік дәндерінің тағамдық сапасы өте жоғары, диеталық және емдік өнім ретінде танымал. Тез сіңірілуі мен тағамдық құндылығы бүйрек және бауыр функциялары бұзылыстарында таптырмас өнім, асқорыту жүйесі, жүрек – қантамыр жүйесі, гипертонияда, паразиттерге қарсы, диуретикалық әсер көрсетеді. Асқабақ дәндері микро-, макроэлементтерге, минералдар мен май, аминқышқылдарына және витаминдерге толы. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығы өзінің импортқа тәуелділігімен сипатталады. Сондықтан да Республикамыздағы ең маңызды міндеттердің бірі - халықты жaңа, эффективті, бaғaсы қолжетімді дәрілік препaрaттармен қaмтaмасыз ету, импортқа тәуелділікті төмендету, жаңа дәрілік заттарды іздеу, және олардың негізінде дәрілік препараттарды қолданысқа енгізу аса маңызды болып табылады. Сол себепті, осындай дәрі-дәрмектерді өндіру, жаңа өнім алу өзекті мәселенің бірі болып отыр. Асқабақтың оннан аса сорттары белгілі. Асқабақ жемістері оның кейбір сорттарында 60 кг-ға дейін жетеді. Асқабақ - бұл тамақ және жемшөп дақылдары. Ол қазіргі медицинада кеңінен қолданылады. Асқабақ Орталық Азияның барлық аумағында өсіріледі және кейбір жерлерде жабайы түрлері де кездеседі.
Асқабақтың химиялық құрамы
Химиялық құрамы: асқабақ жемісінің 70-94% су кіреді және 6-30% құрғақ зат, 1,5-15% қант, 4-23% талшық және гемицеллюлоза, 20-24% крахмал, 0,3-1,4% пектиндер, 1-3% азотты заттар, 0,5-0,7 % шикі май, 0,1% қышқылдар, 0,4-1,4% күл, 100 г өнімде 25-40 мг-аскорбин қышқылы, 100 г
өнімде каротин 2-28 мг. Асқабақ С, В1, В2, РР, Е дәрумендеріне, каротиноидтармен және К, Ca, Mg, Fe, P, Si, Co, Cu – тұздарына бай. Сонымен қатар көп мөлшерін липофильді заттарға тән талшықтар қамтиды.
Асқабақ тұқымында эфир майы іздері, фитостеролдар, ақуыз, қант, салицил қышқылы, шайырлар, кукурбитацин, эдестин, фитин, ферменттер анықталған. Тұқымдарының құрамында антигельминтикалық зат бар - гетерозид пепорезин деп аталатын. Асқабақ жапырақтарында 629 мг % С дәрумені бар. Гүлдерінің құрамында эфир майы кездеседі.
Эфир майлары көптеген өсімдіктерде кездеседі және олардың бәрінде де эфир майларына тән ерекше иісі болады.
Эфир майлары негізінен парфюмерия, косметика және тамақ өнеркәсібінде, медицинада қолданылады.
Фитостеролдар - бұл табиғи түрде кездесетін молекулалар көптеген өсімдіктерге негізделген тағамдарда кездеседі. Зерттеулер көрсеткендей, фитостеролдар бар азық-түлік тағамдары холестеринді төмендетеді.
Ақуыз тірі организмнің негізін құрайды, онсыз өмір жоқ.
Салицил қышқылы 2% дейінгі концентрациясында антисептикалық және кератопластикалық әсер етеді.
Кукурбитацин – күйзеліске қарсы тура алады.
Эдестин – деген ақуыз, ол антитела өндіруге қатысады. Микробтарға вирустарға қарсы турады.
Фитин - сүйек тінінің өсуі мен дамуын жақсарту үшін, сондай-ақ қан түзілуге қатысады, рахит ауруын және анемияны емдеу үшін қолданылатын бірдей дәрілік препарат түрінде де шығарылады.
Ферменттер- адам ағзасында биологиялық үдерістерге қатысады.
Асқабақ тұқымында кездесетін химиялық заттардың барлығын қарап отырсаңыздар адам ағзасына керек екен.Асқабақ микроэлементтерге өте бай. 100 гр. асқабақ шырынында адам ағзасына керекті бір тәуліктік темірді қанағаттандырады. Тісжегіден сақтайтыны анықталған себебі фтордың жеткілікті мөлшері бар. Асқабақты қайнатпай қолдану қандағы холестерин концентрациясын азайтады, сондықтан жүрек-қан тамырлары ауруларына пайдалы. Кальций тұздарының болуына байланысты асқабақ остеопороздың алдын алу және емдеу үшін қолданылады.
Асқабақтың адам денсаулығы үшін маңызы
Асқабақ адам болмысын салқындатады, ішкі ағзалардағы тамырлардың бітелуін ашады, зәр шығарады, адамдағы сарғаюды (сары ауру) емдейді, безгек ауруына қарсы тұрады. Қайнатылған асқабақтың қортылуы нашар, нашар сіңіріледі - бұл асқазанда тез бұзылып және сұйықтыққа айналады және асқазанда басымдылық көрсетіп артық су жинайды.Егер сіз оны басқа көкеністермен бірге қолдансаңыз оның қорытылуы жақсарады, жақсы сұйықтық пайда болады, өт үшін пайдалы, қызу көтеріліп ауырғанда безгек ауруына жақсы көмектеседі.Егер оның жаңа шырынын ана сүтімен араластырып, құлаққа және мұрынға тамызса, сонымен бірге асқабақ діңінен сұйық ботқа жасап басына байласа, жапырақтарсыз, бас ауруын, ми қабығының қабынуын, энцефалит, менингит, ессіздік, ісіктер және ұйқысыздықты емдейді.
Асқабақтың гүлсабағын қамырға орап, пісіріп қолданса және шырынын сығып көзге тамызса, Бұл көздің ағындағы (склердің) сарғыштығын алып тастайды. Егер сіз көзге гүлінің шырынын тамызсаңыз бас ауруынан жазады.
Асқабақтың қайнатпасын, ішке қабылдаған кезде, шөлді басады, Егер 75 гр шырынын балмен араластырып және аздап ас содасын қосып, қайнатыңыз оны қантпен жесеңіз, өтті айдап нәжіс арқылы сыртқа шығарады, ішектерді тазалайды, бүйректерді тазартады.
Асқабақ қабығының құрғақ ұнтағын, егер жесе геморройға көмектеседі және ішкі қан кетулерді тоқтатады. Жалпы, асқабақтың барлық түрлері ыстық табиғаты бар өңірлерге, ыстық елдердің тұрғындары пайдалы, ал суық елдердің тұрғындарына және қарт адамдарға керісінше пайдасы жоқ.
Бұл адамдарда іштің бұрап ауыруына әкеп соғады, тәбетті нашарлатады, қара-өт және шырышты заттар түзеді. Мұндай құбылыстардың алдын алу үшін асқабақты қышқылмен қайнату керек мысалы қыша, сарымсақпен, қара бұрышпен, тұз немесе жалбызбен.
Асқабақ дәнінің емдік қасиеттері
Асқабақ тұқымдарын медицинада ресми түрде ішек құртын айдағыш дәрі (глистогонное средство) ретінде қолданады. Ол үшін әр түрлі әдістер бар. Мысалы, 300 гр. асқабақ тұқымына 100 гр. балды араластырып қабылдайды, содан кейін бір жарым сағаттан кейін іш өткізетін дәріні ішеді.
3.4 Асқабақтан жасалатын тағамдардың түрлері
Асқабақтан жасалатын тағамдар адам денсаулығына қуырылған күйінде де қайнатылған күйінде де тамаққа пайдаланады. Асқабақ ботқасы - ең алдымен сүтті қазанға құйып пісіріп аламыз, содан соң ашылған дайын асқабақты сүтке салып 1 сағаттай қайнатамыз. 1 сағат қайнап болған соң күрішімізді саламыз ,дәміне қарай тұз қосамыз . 20 минут қайнатамыз . Асқабақ құймағы Асқабақтық қабығын аршып, дәнін алып тастайды. Үккішпен үгіп, оған сүт құяды да, 15-20 минут бұқтырады. Содан соң суытыл, ұн немесе кепкен аяның ұнтағын, жұмыртқаның құмшекер қосып езілген сары уызын қосады, аздап тұз салады. Сосын жақсылап араластырып, көпіршітілген белок қосады. Ұн орнына стакан толар-толмас ұнтақ жарма қосса да жетіп жатыр. Құймақты жақсылап қыздырылған майға қуырады. Дастарқанға дайын құймақпен бірге қаймақ және қүмшекер қоса беріледі. 1.5 кг асқабаққа: 1 стакан сүт, 1 стакан бидай ұны немесе кепкен нан ұнтағы, 1 ас қасық құмшекер, 2 жұмыртқа, 1 ас қасық сары май керек. Тұз татымына қарай салынады. Қуырған асқабақ Асқабақтың қабығын аршып, дәнін алады. Турап тұздайды (қажетіне қарай бұрышталады). Ұнға аунатылып, сары майға қабығы қызарып қабыршақтанғанша қуырады. Оны қаймақ қосып жеген жақсы. Алма қосып піcірген асқабақ Асқабақ пен алманы ұсақтап турайды да, араластырып, шала піскенше (10-15 минут) бұқтырады. Оттан алып, аздап суытады да, жұмыртқаның қант қосып үгілген сары уызын, содан соң көпіршітілген белок қосады. Сосын мұқият араластырылып сары май жарылып, кепкен нан ұнтағы себілген формалы ыдысқа салып пісіріледі. 500 г асқабаққа: 500 г алма, 2 жұмыртқа керек. Құмшекер татымына қарай салынады. Асқабақ дәмін тағам үшін шикілей де, қуырыпта пайдалануға болады. Асқабақ өсіру жөнінде Бақша мақаласынан қараңыз.
Пайдасына көз жеткіздік. Үйде асқабақты көбіне мантықазанға салып, буға немесе суға қайнатып жеуді бәріміз де білеміз.
Ал оны фарыштап, арнайы пешке салып пісіріп жеуді білесіз бе? Білмесеңіз үйретейік. Бұл ас әрі пайдалы әрі дәмді, тіпті қонаққа ұсынар ерекше мәзіріңіз боларына сенімдіміз.
Асқабақтың сыртын жуып, ортасын ойып, ішіндегі пістелерін тазалаймыз. Алдын ала жуып, тазаланған күріш, ұсақталған ет, пияз, тұз, түрлі дәмдеуіштер қосылып дайындалған фаршты саламыз. Ескерте кетейік, фаршты өз қалауыңыз бойынша дайындауға да болады. Мысалы, мейіз қосып, ұсақталған картоп, сәбіз, тіпті қызанақты турап араластырсаңыз да болады. Бұл тәбетті ашар ас болуына мүмкіндік бермек.
Ескерту: Асқабақтың ортасына салынатын ет, пияз, түрлі дәмдеуіштерді алдын ала аз ғана майға бір қуырып алуға да болады. Ішіне фарш салынып болған соң, ортасын ойып қойған абзал. Ойыққа мөлшерлеп су құйыңыз. Ол күріштің пісуі үшін қажет. Болмаса күрішті алдын ала суға
17
бір қайнатып алып ет, картоптармен араластыруға да болады. Бұл асыңыздың тез пісіп, шикі болып қалмауына кепілдік бермек. Дайын болған асқабақты газ плитаның астыңғы пешіне, болмаса түрлі электрлі пештерге салып пісіруге болады.
Ескерту: пештегі асқабақтың сыртқы қабығы қызарып, күйіп бара жатқандай болуынан қорықпаңыз. Солай болуға тиісті. 25-30 минуттан соң шанышқымен немесе асханалық істікпен шұқып тексеріп көруге болады.
Асқабақ жемісінен мармелад өндіру.
Асқабақ жемістері дәрумендердің бай көзі, биологиялық белсенді заттардың жиынтығы. Олар адам ағзасына пайдалы, жеткілікті жақсы сіңетін ақуыздар, пектин, көмірсулар, крахмал, органикалық қышқылдар, майлар, дәрумендер, минералды тұз және басқа заттарға бай. Асқабақта қант көп және аз органикалық қышқылдар (қышқылдығы 0,8-2,9%) болғандықтан, оны кондитерлік фабрикаларда кеңінен цукаттар мен пастила, мармелад жасау үшін қолданады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы:
1. Асқабақ ботқасы. Асқабақ адам денсаулығына өте пайдалы. Мен зерттей келе Асқабақтан жасалған тағамдарды көп жеген дұрыс деп ойлаймын. Мысалы: Асқабақтан мынандай тағамдар жасадым дәмі өте тамаша. Ең алдымен асқабақты турап аламыз, сосын 1 л сүтті қайнатып алып, тураған асқабағымызды сүтке салып 1 сағат көлемінде қайнатамыз. Асқабақ езіліп болған соң, күрішті салып қайнатамыз. Дәміне қарай тұз және асқабақтың дәнегін езіп қосамыз.
2. Асқабақты жұқпа. Қамырды илеп алып, сосын жұқпа етіп жайып қояды. Ал асқабақты пиязбен бірге майға қуырады. Піскен асқабақты езеді. Домалақ жайылған қамырдың жартысына дайын
болған асқабақты бір тегіс салып шығады. Қамырдың жартысын бетіне жауып шеттерін жақсылап бекітіп шығады. Оны бөліктерге бөліп шығады. Дайын бөліктерді қызып тұрған табаға екі жағын қыздырып пісіріп алады. Сосын қолдың сары майын табаға салып күйдіреді, дайын жұқпанының екі жағын майлап алады. Осылай асқабақты жұқпа дайын болады. Дәмі өте керемет және пайдалы, имунитетті көтереді, қанды көбейтеді.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
Асқабақ - адам өміріне қажетті ең құнарлы, пайдалы өсімдік. Біз жоғарыда Шығыс медицинасында, оның ішінде қазақ емшілерінің шипасында асқабақтың етін, дәнін, шырынын, қайнатпасын пайдаланудың ежелгі рецептерімен таныстық. Уақыт көші алға қарай жылжыған сайын халық емдері де жаңарып, дами береді. Асқабақ адам затына мың бір ауыруға ем екеніндігі есімізден шығармаған жөн деп санаймын. Үнемі асқабақтан жасалған тағамдары мен дәні жиі жеуге кеңес беремін. Асқабақ көптеген ауырудың емі екенін есімізден шығармаған жөн деп санаймын. Кейінгі кезде халық емшілері мен асқабақтың емдік қасиетін зерттеушілер асқабақ мәйегімен мынандай ауруларды емдеуге ақыл-кеңес береді :
1. Теріге қышыма, есекжем шыққанында, денені күйік шалғанында үккіштен өткізілген асқабақ мәйегінен компресс тартылады.
2. Бауырдағы боткина дертінде 3-4 ай қатарынан үзбестен асқабақ мәйегін жейді. Бұл ем бауырдың қызметін жақсартады.
3. Лямблиоз (құрт) дертінде асқабақты алып, дәні мен мәйегін ойып тастайды да жылы су құяды. Ол жарты сағат беті жабық ыдыстың ішінде тұруға тиісті. Дайын болған тұнбадан күніне 4 рет астан 20 минут бұрын жарты стақаннан ішеді. Емдік курс 20 күн. Бір айдан соң емді қайта жалғастырған жөн.
4. Егде адамдарды ұйқысыздықтың мазалайтыны белгілі. Одан арылудың тәсілі: қайнатылған (буға піскен) асқабақ мәйегінен ботқа дайындап, күніне 2 рет 50 грамнан ішіп отырады. Ұйықтар алдында қайнатпасына бал қосып, 1/3 стақаннан кәдеге жаратады. Екінші тәсіл: 20 бадам жаңғағын 1 шай қасық асқабақ дәнегіне қосып, үстіне қайнаған су құйып, 8 сағат тұндырып қойып, кешкілік ішіп емделеді. Мінеки,қорыта айтқанда қарапайым асқабақтың мың бір дертке қандай дәру екенін көрдіңіздер. Олай болса, Сіздің дастарханыңызда асқабақтан дайындалған да дәмді тағамдар, шипалық шырын, қайнатпалар орын алсын!
Ұсыныс
- Асқабақтың құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендер көп болғандықтан асқабақтың түрлері жерімізде көптеп өсірілсе.
- Ауылшаруашылығында асқабақ түрлерін өсірумен айналысып экспортқа шығарса, еліміздің экономикасы көтеріледі.
- Асқабақтың емдік қасиеттері баспа беттерінде, теледидарда кеңінен насихатталса.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Әметов Ә.Ә. Ботаника — Алматы: Дәуір, 2005 — 512 бет.
- Қ.К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Сөрекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов. Оқулық. Өсімдік шаруашылығы. Алматы 2011
- Ражабова Г. Х., Кароматов И. Д., Хошимова Н. Тыква как лечебное растение и перспективы его применения в клинике внутренних болезней. Электронный научный журнал «Биология и интегративная медицина» 2017 №3 (март).
- Н.Н. Бородина, с.н.с., Л.П. Андриевская, с.н.с. – ФГБНУ НВНИИСХ. Тыква – культ ура богарного земледел ия, ее полезность и ле чебное зна чен ие в народной мед ицине. Экологическая страничка – научный журнал.