Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI168

БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫННЫҢ РӨЛІ

Аңдатпа

Біздің ана тіліміз – қазақ тілінің келешегі балалардың сөйлеу мәдениетінің деңгейімен байланысты. Осы тұрғыда әр баланың тілін жетілдіру, олардың сөйлеу мәдениеті қоғамдық қажеттілік болып табылады. Қарым-қатынас ережелерімен қаншалықты ерте таныстыруды бастасақ, сөйлеу құралдары соншалықты саналы және табиғи қалыптасады да, баланың сөйлеу мәдениетін жетілдіреді.

 

Будущее нашего родного языка зависит от уровня детской речевой культуры. В этом контексте улучшение языка каждого ребенка, его речевой культуры является общественной потребностью. Чем раньше мы начинаем знакомиться с правилами общения, тем сознательнее и естественнее формируются средства речи, тем лучше речевая культура ребенка.

 

The future of our native language depends on the level of children's speech culture. In this context, improving the language of each child, his speech culture is a social need. The earlier we begin to get acquainted with the rules of communication, the more consciously and naturally the means of speech are formed, the better the child's speech culture.

 

Түйін сөздер:сана, ұлттық сана, тілдік сана, ұлттық құндылық

 

 

 «Тіл – жұрттыңжаны. Өзтілінөзібілмегенелболмайды. Тіліненайырылғанжұрт – жойылғанжұрт.
 ... баланыңтілідұрысболса, елдіңтілінкөркейтіп, байытыпгүлдендіреді...»
 Х. Досмұхамедұлы
 

 

Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Анатілімізді оқып үйретуді дұрыс жолға қою педагог мамандарға, соның ішінде, біздерге жүктеліп отыр. 

Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар.Болашағымыздыбаянды етер басты  қаруымыз – тіліміз.Осыған орай балабақшадағы оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста дидактикалық ойындар арқылы қолдана білуге ерекше мән берілген.

Тіл – ұлттық тәрбиенің негізі. Туған тілдің тағдырын ойлағанда ең бірінші көз алдымызға бүгінгі жас ұрпақ елестейтіні орынды. Өйткені тіл үйрену – балабақшада, бастауыш сыныптарда дыбыс үйретуден басталады. Фонетикадағы дыбыстарды дұрыс айтылуын білмеген бала сөзді сезбейді, түсінбейді. Ол үшін сол дыбысты, сөзді тыңдау, есту, көру, сезу керек. Сонда ғана сөздің мазмұнын эмоция, ым-ишара, бейне арқылы түсінеді.Кіші жастан-ақ баланың тіл үйренуге деген қызығушылығы пайда болады, сөзбен «тәжірибе» жасай бастайды.Тілдің мағыналық, әрі грамматикалық құрылымын бағдарлай отырып, жаңа сөздер құрады. Дегенмен бала тілінің өз-өзінен дамуы барысында олардың тілдік дағдылары жоғары болмайды, сондықтан педагогикалық-психологиялық тұрғыдан арнайы зерттеу, жаттығу және оқыту қажет.

Біздің ана тіліміз – қазақтілінің келешегі балалардың сөйлеу мәдениетінің деңгейімен байланысты. Осы тұрғыда әр баланың тілін жетілдіру, олардың сөйлеу мәдениеті қоғамдық қажеттілік болып табылады.Балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру жолдары деп біз тілдік жаттығуларды, саусақ ойындарын, сондай-ақ сөздік жұмысқа бағытталған өлең жолдарын айтып отырмыз.Тілдік жаттығуларға тыныс алу жаттығуларын, артикуляциялық жаттығуларды, фонетикалық жаттығулар мен дикциялық жаттығулардыжатқызамыз.Жаттығуларды жүйелі қолдану ана тілінің ережелері мен нормаларын игеруге, оларды нақты жағдайларда қолдана білу іскерлігін қалыптастыруға көмегін тигізері анық.Баланың тілін дамытуда «саусақ» ойындарын дидактикалық және дамытушы материал ретінде қолдана отырып, оның қызықты, әрі пайдалы құрал екендігіне көз жеткізесіз.Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- дидактикалық ойындар арқылы тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

Біз балалармен дидактикалық ойын арқылы сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту ісінде дидактикалық ойын арқылы балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып

– балалардың сөздік қорын дамытамыз;

– жаңа сөздерді меңгертеміз;

– үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отырамыз;

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі дидактикалық ойын арқылы сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда дидактикалық ойындар, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде дидактикалық ойындар –баланың шын тіршілігі. Дидактикалық ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады.

Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Дидактикалық ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала ешнәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал, еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлайда білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп-есейгенде де жалғаса береді. Ойын барысында өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.

Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл-қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым-қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным-түсінік, мінез-құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.

Дидактикалық ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Ойын дегеніміз – баланың тілін дамытатын, қызықтыра отырып, ойдан ойға жетелейтін тыныс кең, алысқа меңзейтін, қиялға қанат бітетін нәзік нәрсе.

Ұлы педагог В.И. Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз, шығармашылықсыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді. Демек, ойын арқылы баланың ақыл-ойы, сөздік қоры толыға түседі.

Дидактикалық негізгі мақсаты балалардың ықылас-зейінін, сөздік қорын,байқампаздығын, еске сақтау, қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болса, сол ойындардан үлкенде мәнді, мағыналы істер туындап өрбейтінін байқаймыз. 

Өз тәжірибемізде балалардың сөздік қорын дамытуда дидактикалық ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Дидактикалық ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді,таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар.

Тәжірибеде балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойыны) үш түрлі етіп өткізу тиімді келеді.

Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтеді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы?», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы аз, қайсысы көп?» т.б.  Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино,  лото, суреттер қолданылады.

Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш?», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «Не артық?»

Ал, сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуді үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».

Сонымен қатар балалардың сөздік қорын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр»,«Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу, тапсырмаларын да пайдаланып отыру өз нәтижесін береді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытта қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.

Балабақшаларда сонымен қатар ұлттық педогогиканы дидактикалық ойындармен ұштастырып ұтымды пайдаланылса, онда тәрбиеленушілердің тілін дамытуға, білімге деген құштарлығын арттыруға және қазақ халқының мол мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады.

Қазақтың белгілі ғалым-ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин ұлттық ойындардың балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін, өткен ұрпақтың дәстүрі мен тарихын құрметтеп, эстетикалық, адамгершілік, қасиеттерінің дамуына, сөздік қорынының баюына қосатын үлесін жоғары бағаласа, біртуар ақын Мағжан Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастаулары қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігінің, тілдік тәрбиенің негізгі ажырамас бөлшегі деп тұжырымдайды. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі 3 жастан 5жасқа дейінгі балаларға білім беру стандарты. Ресми басылым. Астана. 2007ж.

Дүкенбаева Ғ.С. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу: Алматы. Рауан, 1992-60 б.

«Отбасы және балабақша» 2010 ж. №5 12 бет.

 

859 0
Асел Айтқалиева, МКҚК «Ұлан» бөбекжай» бақшасының тәрбиешісі Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы № 00035
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: