Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1640

Биология сабақтарын оқытудың әдістерін тиімді пайдалану

Қазіргі уақытта заман талабына сай ғылым мен техниканың жетістіктерін білім беру саласында жүзеге асыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Жаңа заманғы білім беру жүйесі жаңа міндеттерді жүктейді. Сондықтан қазіргі білім берудің жаңа ақпараттық технологияларын игермейінше, сауатты, жан-жақты, білімді маман болу мүмкін емес.

     Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Сонымен қатар мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін- өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

   Бүгінгі таңда білім ұйымдарындағы пәндерді дербес компьютер көмегімен оқыту нәтижелігін зерттеудегі ғылыми мәселелерді шешу ең басты орын алады. Мектептегі пәндерді оқыту процесінде компьютерді қолданып сабақ өткізу мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекетінің мазмұнын, құрылымын, өзгерте отырып, олардың мотивациялык эмоциональдық ортасына, сезімінің өсуіне әсер етеді [1].

     Жалпы білім беретін мектептегі биология пәнінің бастауыш білім беру сатысындағы дүниетану пәні негізінде құралады. Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, адам қоғам, адам табиғат арасындағы қарым қатынас түрлері жайында ғылыми сарамандық ұғымдар беріледі.

Пәнді оқып үйрену барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады және олардың өзара байланысты екендігін ұғынады. Биология, химия, география пәндерінің бастама негіздері қаланып, соның ішінде қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады.

   Биология - бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан орта буында өсімдік құрылысы өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы баспалдағымен танысады. Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамыта отырып оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.

Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы стратегияларды пайдалануда оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға жол ашады. Оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескере білім алуға қабілетін зерттей отырып, тұлғалық негізінің ашылуына жол ашатын ұстаз.

Оқушылар биология сабағында арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы кез-келген тақырыпты өздері меңгереді. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, олардың ой-танымын кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасауына көп көмегін тигізеді.

   Биология пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің барлығы биология бойынша мемлекеттік білім стандарты талаптарына сәйкес келеді. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тірі табиғатты, ағзаларды толығымен түсінуге ықпал жасайды. Биология пәнінің кейбір тараулары ойлануды, талдай білуді, салыстыруды қажет етеді.   [2].

Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын. Оқушылардың өздігінен танып-білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін.

Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын.

Биология сабағын өтуде өз пәніме деген оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып, қазіргі заман талабына қажетті білім алуға жағдай жасауға тырысамын.Оқушыларды сабақтан жалықтырып алмас үшін бүгінгі күндегі жаңа технология бойынша сабақ үлгілерін ойластырып, күнделікті жоспарға өзгерістер ендіріп, сайыс, дебат, ХХІ ғасыр көшбасшысы түрінде сабақтар өткіземін. Және сабақта

оқытудың интерактивті әдістері мен СТО бағдарламасының кейбір элементтерін көп қолданып жүрмін. Сонымен бірге биология сабақтарында оқушыларға мынадай талаптар қойылады:

- үйге берілген тапсырманы оқулық бойынша оқу;

- оқыған материалды биологиялық тілде айтып шығу;

- тақырыпқа байланысты таблица жасау, тірек-сызбасын сызу, негізгі терминдерді жатқа

айту;

- тақырыпқа сай өз пікірін айта білу;

- қосымша ақпарат көздерінен алынған материалдармен тақырыпты толықтыра білу.

Оқушылардың сабақтағы белсенділігі олардың сабаққа деген қызығуларының артуымен тығыз байланысты. Әсіресе, дидактикалық ойындар оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін жетілдіріп, өз пікірін дәлелдеуге, сыныптастарымен еркін пікірлесуге ықпалын тигізеді. Дидактикалық ойындар оқушыларды биологиялық материалдарға қызықтыруымен қатар алған білімдерін бекіту, тереңдету үшін де тиімді. Өйткені, дидактикалық ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, оның ойлау қабілетін ізденімпаздығын еңбекқорлығын жетілдіруге, олардың жеке тұлғалық қабілеттерін тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырған К.Гросс, Г.Спенсер, И.Хейзинга, И.Кант, В.Демин т.б. ғалымдар ойын теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын іс-әрекетінің әлеуметтік тұрғыдан маңызды жақтарын айқындап, оның бала қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін анықтаған.

   Дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар арқылы теориялық білімді нақтылап, білім-білік дағдыларды қайталап және бекітуге арналған.

Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын алып, оның баланы дамытудағы мәні анықталды. Оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы әлемдік ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеу қолға алынды. Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін, сыннан өткен тәрбие көздерін биологияны оқыту барсында тиімді қодану қажет.

Осы бағытта:

1. Идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;

2. Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру;

3. Отанымыздың мейлінше бай, көркемдікті бағалай ілуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу;

4. Балалардың алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру, тілін онан әрі дамыта түсу;

5. Еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу керек.

Демек, биология сабақтарында дидактикалық, ойындарды оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге негіздеу қажет. Осыған орай биологияны дидактикалық ойындар арқылы меңгерту жұмыстарының мынандай мақсаттары болуы керек:

а)дидактикалық ойындарды тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда 

биологиялық жұмбақтарды, сауалғыларды, сөзөрімдерді сөзжұмбақтарды оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;

ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы оқушылардың мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;

б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп, олардың биологиялық тілін қалыптастыру керек.

Ойынның маңызы туралы В.А.Сухломинский: «Ойын дегеніміз - орасан зор жарық терезе, осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне қоршаған дүние туралы түсініктерін, ұғымдардың ширақ тасқаны келіп құйылады. Ойын дегеніміз - бұл ынталық пен құмарлықтың отын жағатын ұшқын».

   Биологиялық кештерде, КТК (көңілдер, тапқыштар клубы), брейн-ринг өткізу барсында, сабақты бекіту кезеңінде, үй тапсырмасын сұрау кезеңінде, үйірме жұмыстарында биологиялық жұмбақтарды қолдануға толығымен болады.

  Дидактикалық ойын кеші - эмоциональды өте қызықты өтетін тәрбие жұмыстардың бірі. Өткізілетін дидактикалық ойын кештері тек тыңдаушы, көрермендерді ғана емес қатысушылардың қызығушылығына үлкен әсер етеді.

Əдебиеттер:

1. Аужанова Н.Б. Внеклассная работа по биологии. Учебное пособие. -Алматы: Даир, 2008. - 240 с.

2. Аужанова Н.Б. Дидактические игры по биологии и экологии. Методические рекомендации. - Алматы: Даир,2008. - 88 с. 

3. Мұғaлiмге aрнaлғaн нұсқaулық: Екiншi (негiзгi) деңгей\-Бaкиров К.A., Нaмысовa Г.A, Аушева И.У, Шаримова А.Г, Ғабдоллақызы Б, Байкенова Б.А.

223 0
Еспаганбетова Куралай Щорсовна директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, биология пәні мұғалімі Ақтөбе қаласы «Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Ұлы Дала Ұстазы № 000508
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: