Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1634

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық және логиканың дамуында ӨТШТ әдістері мен тәсілдері инновациялық құрал ретінде

Қазіргі замаңғы педагогтердің инновациялық технологияларды қолдануы уақыт талабы болып табылады. Технологиялардың меңгеруі – қазіргі мектепке дейінгі мекеме педагогтерінің   «таныстыру  карточкасы».

Ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтердің педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі  таңдағы әрбір педагогтің міндеті. 

Қазіргі таңда көптеген инновациялық технологиялар, бағдарламалар мен әдістемелер білім беру үрдісінде қолдануда.

Дені сау бала өнерлі  деп ӨТШТ технологиясының авторы Генрих Саулович Альтшуллер айтқан. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып дамытса, оның нәтижесі соншалықты ерте жемісін бермек. Мектеп жасына дейінгі балалармен ӨТШТ технологиясымен жұмыс қызықты және ауқымды, бағдарламалармен қатар тиімді қолдануға қолайлы. ӨТШТ технологиясы балалардың қиялын дамытып қоймай, болып жатқан үрдістерді түсіне отырып, жүйелі түрде ойлауға үйретеді. Барлық сабақтар мен ойындар баланың тақырыпты, материал мен қызмет түрін өзі таңдауын болжайды.

Аталмыш технологияны қолдану балалардың білімге деген құштарлығын дамытудың бірден бір жолы болып табылады. 

Өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясының авторы Генрих Саулович Альтшуллер. Генрих Саулович техникалық проблемаларды шешу әдісін жасап шығарған. 

Мектепке дейінгі мекемелерге ӨТШТ 1987 ж. Находка қаласында кездесоқ жағдайда келді. Инженер-техник қызметкерлеріне арналған кезекті семинарына мектепте сабақ көрсетуді жоспарланады. Бірақ қатысушыларды қателесіп балабақшадағы мектепалды даярлық тобына сабаққа қатыстырады. Бұл жаңылыс семинар қатысушылардың өздеріне мектеп жасына дейінгі балалардың әлемін ашуға және мазалаған негізгі сұрақтарын шешуге мүмкіндік берді. Бұл өнертапқыштық тапсырмаларды қай жастан бастап шешу керектігі еді.

Технологияның басты идеясы – техникалық жүйелер «қалай болса солай емес», нақты заңдылықтар бойынша пайда болады және дамиды. Қазіргі таңда ӨТШТ амалдары мен әдістері мектепке дейінгі  жастағы балалардың өнертапқыштық түсінігін, шығармашылық қиялын, диалектикалық ойлауын  дамыту үшін балабақшада қолданылады.

Технологияның жаңалығы: Әлемнің үздіксіз динамикасын көруге, яғни барлығы да, бар жерде өзгеретіндігі жайлы түсіну. Барлық құбылыстарда, жүйеде, айналадағы қоршаған заттарда, қарама – қайшылықты көру біліктілігінде және осы қарама-қайшылықты шешу нәтижесінде - мінсіз соңғы нәтижеге шығу. «Мықты» ойлаудың қалыптасуы, мағыналылығы, жоғарыда айтылған барлық бағыттар біртіндеп автоматтандырылған деңгейге көшуі, ойлаудың ажыратылмас бөлігіне айналады. 

ӨТШТ мақсаты- балалардың қиялын ғана дамытып қоймай, болып жатқан үрдістерді түсіне отырып, жүйелі түрде ойлауға үйрету. Тәрбиешілер балалардың қоршаған ортаның бірлігі мен қайшылығын түсінуге қабілетті, өздерінің ұзақ мәселелерін шеше алатын шығармашылық тұлғанының қасиеттерін практикалық тәрбиелеу бойынша құралмен қамтамасыз ету.

    Қазіргі уақытта мектепке дейінгі тәрбие бүкіл қоғамдық, жалпы халықтық іс болып отыр, себебі қоғам өміріндегі өзгерістер – жан-жақты дамыған, білімді, парасатты жаңа адам тәрбиелеп, өсіруді талап етеді.

Мектеп жасына дейінгі бала өзінің жас ерекшелігі бойынша – ізденуші. Оның зейіні қызықты нәрселерге бағытталған. Қызығушылық жағымды эмоциямен сүйемелденеді. Сондықтан, балалардың мектепке дайындығының сапасын жоғарылатуда  оқытудың тартымды әдіс-тәсілдерін дайындау ерекшеленеді. Педагогтар мектепке дейінгі білім беруде заманауи инновациялық технологияларды   мен әдістерді  қолданады.

Мектеп жасына дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары заманауи инновациялардың арасында нәтижелі және тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға тырысады.

         Осымен мектепке дейінгі дидактикадағы технология - ӨТШТ деген Балалармен ӨТШТ технологиясы бойынша жұмыс жасай отыра, ең негізгісі – сабақтарға, шығармашылық іс-әрекетке деген қызығушылықтарын таныту.

Балалардың зейінін адамгершілік  жаққа аударып, әңгімелерде  жақсы мен жаманды айыра білуге, кім кінәлі. Балалардың  шығармашылық дамуының және елестетуін дамытуда түрлі әдіс пен тәсілдерді қолдану маңызды: миға шабуыл, эмпатия, морфологиялқ талдау, фокальдық нысандар әдісі. 

  Миға шабуылдың арқасында, кезкелген жағдаяттардан шығуға болатынын балалар түсінеді. Сонымен балаларда ойлаудың ақыл-парасыттылық   негізі қалыптасады. 

Балалар  осылай құрастырылған ертегілерді ұнатады, кез келген салыстыру мен сипаттамалар арқасында себебі сюжеттер өте қызықты. Тізбе әдісі фокальдық нысандар әдісіне балама болып табылады. Бұл әдіс балаларда психологиялық серпін көтеруге көмектеседі. Мақсаты: түрлі кез келген нысандармен   ойша байланысқан қарым-қатынас жасау. Әдістің мәні келесіде: балаға кез келген үш нысанды атауды ұсыну. Балалар  таңдап алынған  заттардың сапасын атайды. Нысанды таңдап алу кезекпен таңдап алынған сапаларды жазып, балалар  оның қандай бейнеде болатынын түсіндіреді. Балаларға бейнені суреттеуге ұсыну, заттар қызықты және  өзгеше болады.  

ӨТШТ технологиясында морфологиялық талдау  әдісі ерекше орын алады.

Жаңа бейнені құрған кезде  нұсқалар  біріктіретін негізгі мінездемелер туралы мағына береді.  Сонымен  бұл әдіс бүлдіршіндердің психологиялық кедергілерден  тіл және креативті    шығармашылық арқылы  дамытуға, қиялдауда батылдылықты  қалыптастыруға  мүмкіндік   береді. 

 Балалар   көпшіл, өз ойларын айтуға , алынған білімді күнделікті өмірде қолданады. Балалар  қалыпсыз ойлауға, жеке шығармалар жасайды, өз қиялдарын дамытады.

 «Әр   бала – керемет күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып  білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан кез келген педагог балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Педагогтың мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі» - деп белгілі педагог Ш.Амонашвили айтқандай педагог шеберлігі мен білімділігі  ӨТШТ құндылығы мен маңыздылығын аша түседі.

Қай ғасырда болмасын бала тәрбиесі үлкен мәселе болып саналады. «Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» деген сөзді Платонның өзі бекер айтпаса керек. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың  ілгерілеу   үрдісінде адам факторы  және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемаларын күрделеніп отыр. Осыған байланысты тәрбие берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты – барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыру.  Мектепке дейінгі тәрбиенің алдына қойылатын талаптар мен мақсаттарды өз дәрежесінде орындау – білімді, бала тәрбиесінің ерекшелігін жетік меңгерген мамандардың ғана қолынан келеді.

ӨТШТ  әдістері мен тәсілдерін жұмыс барысында қолданған кезінде, бүлдіршіндерде мектеп жасына дейінгі ересек балаларға қарағанда  ешқандай психологиялық кедергілер жоқ екені байқалады. Технология жаңа және бейтаныс зат алдындағы кедергілерді алып тастауға, оқу және өмірлік мәселелерді  жеңілмейтін кедергілерді  кезекті тапсырмаларды шешу  ретінде түсінуге қалыптастыру. 

Осыдан басқа өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы, қоршаған проблемаларды тиімді және маңызды шешуге негізделген оқытудың ізгілендіру мінез-құлқын  тұспалдайды. Балалар  ойнап, әлемді әр алуан түрде көреді. Технология  туындалған мәселелерде қалыпты шешімдер табуға, бұл балаларға мектепте және ересек өмірде керек болады. XXI ғасыр – бәсеке ғасыры, ертеңгі Қазақстанның тізгінің ұстайтын, әртүрлі мәселелерден хабардар, кез келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін құзырлы азаматтарды осы бастан тәрбиелеуіміз керек. 

Қазіргі өмір талабына сай педагогикалық білімді ғана емес, әрі тәрбиеші, әрі зерттеуші, әрі жоғары ұйымдастырушы педагогтарға зәру екеніміз шындық.  

Өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясын қолдану әсемдікті өз қолымен жасауға мүмкіндік береді. Баланың қарқынды өзгеріп отыратын әлемде өмірге тұлға ретінде дайындау.

Казіргі таңда өнертапқыштық тапсырмаларды шешу  технологиясының  мазмұны   тұлғаның       қасиетін қалыптасуына, баламен меңгерілетін   білім, дағды мен іскерліктің   жүйесімен анықталады.   

         Қазіргі таңда Маңғыстау облысының бірқатар мектепке дейінгі  мекемелерінде өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы технологиясының  әдістері мен тәсілдерін балалардың өнертапқыштық тапқырлығын, шығармашылық елестетуін,   диалектикалық ойлауының дамуын  қолданады.

          Аталған басылымда мектепке дейінгі мекеме педагогтарының оқу-тәрбие үрдісінде  өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы қолданылатын сабақ конспектілері берілген.

Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер үшін өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы  – ұжымдық ойындар және  тәрбиешілерге арналған әдістемелік ұсынбалары бар сабақтар жүйесі. Технологияның міндеті: негізгі білім беру бағдарламасын ауыстырмай, нәтижесін ең жоғары деңгейге көтеру. Өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясының әдістері мен тәсілдерін   тәрбиеші қолданатын бағдарламалармен қатар алып жүруге болады. Барлық сабақтар мен ойындар баланың іс-әрекеттің тақырыбын, материал және түрін өзбетімен таңдауын болжайды.

         Мектеп жасына дейінгі балалармен   білім беру үрдісінде   технологиялық әдістерді, яғни жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып  нәтижелерге және мектепке оқытуда жетістікке жетуге кепіл береді.

Әр педагог – технологияларды шығарушысы. Технологияларды шығармашылықсыз құру мүмкін емес. Технологиялық деңгейде жұмыс жасауға дағдыланған педагогтерге даму жағдайында танымдық үрдіс негізгі бағдар болып табылады. 

Чарльз Диккенс: «Адам басқа адамдарға жетілдіруге көмектеспесе, өзін-өзі жетілдіре алмайды» деген.

 Қиялдамайтын    бала және шығармашылық серпінсіз    тәрбиешіні елестетуге болмайды.

719 0
Махамбетова Ұлбосын Амандосовна №14 «Айгөлек» балабақшасы МКҚК І санатты әдіскері Ақтау қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000502
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: