Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1315

«Бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқыту процесінде оқу-зерттеу қызметіне баулу әдістемесі»

1.ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА БІЛІМ БЕРУДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1 Дамыта оқыту технологиясы жөніндегі түсінік

1.2 Бастауыш мектеп оқушыларына білім беруде дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері.

2.БІЛІМ БЕРУДЕ ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

2.1 Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың құзіреттілігін дамыту.

2.2 Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі.

3.БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ДАМЫТА ОҚЫТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ.

3.1 Бастауыш мектептің оқу процесінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың дәстүрлі  формалары, жолдары, әдістері.

3.2 Дамыта  оқытудың зерттеу нәтижелерін сараптау.

 

Зерттеудің өзектілігі:Қазақстан Республикасындағы туындап жатқан әлеуметтік экономикалық өзгерістер еліміздің әлемдік білім деңгейіне енуі жағдайында жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес білім беру жүйесі мазмұны мен оқытудың әдістемелік жүйесін қайта қарау мәселесін талап еткен еді. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде білім мазмұнын жаңарту, жетілдіру мәселелері өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Жаңа технология үрдісінің талабы-балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттыра отырып, балаға жан-жақты дамуына және жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі мақсаты –балаларға сапалы білім мен тәрбие беру арқылы, денсаулығы мен физиологиялық дамуын қорғау және нығайту екені белгілі. Сол себепті Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру.

Білім мазмұнын жаңарту оқу материалының теориялық негіздерін жан-жақты терең қарастыруды талап етеді. Кезінде бастауыш білім жүйесінің өзгеріске ұшырауына Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, С.М.Языков, А.А.Люблинская т.б. ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі себеп болған.Дамыту кезінде оқушыларды біліммен қаруландыру, дағдыны меңгерту, білімге құштарлықты қатар жүргізу керек. Білім жоқ бала ойлай да алмайды. Дамыта оқыту барысында білім көлемі де күрделенуге, кеңеюге тиіс деп есептелген. Еліміздің егемендік алып қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кездегі дағдарыстан шығатын қуатты талпыныстарға жол ашты. Білімнің айрықша басымдылық алуы қазіргі қоғамдық прогрестік заңдылықтарынан туындайды.Жаңаша білім құрылымы, негізгі әдістері, формалары, оқу құралдары дамыта оқытудың әдістемелік жүйелері сияқты маңызды мәселелер білім беру орталықтарының құнды құралы.

Ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруге мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған мәліметтер ағыны күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған шығармашылық жеке тұлғаны қалыптастыру – оқытушының басты міндеті болып саналады.

 

         Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектепте әдебиеттік оқу мен математикада дамыта оқыту технологиясын тиімді қолдану жолдарын меңгеру. Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру.    

Зерттеу міндеттері:

1. Бастауыш мектептің дамыта оқытудың таным өрісі.

2. Бастауыш мектепте ана-тілі cабағында дамыта оқыту әрекетін іске асыру жолдары.

3. Дамыта оқыту технологиясын бастауыш сынып оқушыларына білім беруде    пайдаланудың теориялық негіздері.

4. Дамыта оқыту технологиясы жөніндегі түсінік.

5. Бастауыш мектеп оқушыларына білім беруде дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері.

6. Білім беруде дамыта оқыту технологиясын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері. 

7. Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың құзіреттілігін дамыту.

8. Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі.

Зерттеудің әдістері: Психологиялық, философиялық, педагогикалық, ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасау. Салыстыру; педагогикалық эксперимент жұмысы; эксперимент нәтижесін статистика әдісімен жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын өңдеу және де  бағалау.

Алынған нәтижелер, олардың жаңалығы. 

Зерттеу нәтижелері әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік негіздерге сүйене отырып айқындалган теориялық дәйектілігімен, теориялық және тәжірибелік материалдар нәтижелерінің үйлесімділігімен, кешенді әдіс-тәсілдерінің қолдану. 

Деңгейлеп  оқытудың қалыптасуының  тиімділігі: эксперименттік тәжірибе түрінде тексеріліп, жоғары оқу орындарында оқу процесіне енгізілумен қамтамасыз етілген.

Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Жұмыс анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулардан, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі 88 бетте баяндалған.

Көрнекіліктер, кесте, қолданылған әдебиеттер саны. Диссертациялық жұмыстағы көрнекіліктердің  жалпы саны 7 оның ішінде: кестелер 6, сурет 3, әдебиетер саны 55.

Кілт сөздер тізімі: қазақ тілі, педагогика, психология 

Жарияланымдар туралы мәлімет. Диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша  1 мақала жарияланды.

Ел дамуының ертеңгі бағыт- бағдарын саралаған Елбасының Жолдауында білім беру саласына: Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз деп ерекше мән берілген. Алайда, жаһандану дәуірінде қатаң бәсекеге төтеп бере алатын мемлекет қана өркениет көшіне ілесе алады. Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білімділік сипатымен айқындалатынын ескере келе, білім мен тәрбие беру саласының маңызы ерекше екенін мойындауымыз керек. Адам қазіргі дамуында табиғаты мен ойының мөлшерсіз мүмкіндіктерін игеруге ұмтылуы қажет. Қазіргі таңда мұғалімдердің негізгі міндеті – ұлттық ділі жоғары, сана-сезімі дамыған, өзіндік көзқарасы бар жеке тұлғаны қалыптастыру және оқушылардың өз бетімен білім алу жолдарына үйрету.

Осыған орай оқушы оқыту үрдісінде, әрбір сабақта өзінің оқу әрекетінің мақсат-міндеттерін анықтап, соларды іске асырудың нақты тәсілдерімен амалдарын қолданып, өзін-өзі бақылап отыруға тиіс. Міне, осындай жағдайда ғана балада білімге деген қажеттілік, талпыныс, қызығу, танымдық белсенділігі қалыптасады.

Оқушыны оқу үрдісінің нысаны ретінде ғана санамай, оны сол үрдістің тең құқықты мүшесі ретінде қабылдап, оқушыға бет бұру қазіргі мектеп дамуының негізгі қарқынының бірі болып отыр. Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі, өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъект ретінде көрінумен бедерленеді делінген. Осыдан білім беру саласында ең алғашқы орында тұрған ол-мектеп мәселесі екенін аңғара аламыз. Себебі мектеп бүкіл білім жүйесінің бастау алар тұсы, білімділіктің іргетасы қаланар сынақ алаңы.
 Бүгінгі күннің өзекті мәселесі сапалы білім беру үшін сапалы мұғалімдер даярлау. Білімнің сапалы болуы үшін ең алдымен Білім бұлағы-кітапта демекші жақсы көңілге қонарлық оқулық және білімді оқушы санасына сіңіре білетін шебер мұғалім қажет.

Зерттеудің мақсаты білім беру сатылары арасындағы дамыта оқытудағы сабақтастықты талдау және тәжірибе мен теория жүзінде сабақтастықтың тиімділігін қалыптастыру. Оқытудың түрлері және әдіс-тәсілдеріндегі сабақтастықтың дидактикалық шарттарын тұжырымдау, оқушылардың үздіксіз математикалық дайындығындағы сабақтастықтың теориялық, ғылыми-әдістемелік негізін жасау.

Бастауыш сыныпта және негізгі буында математиканы дамыта оқытуда сабақтастықтың орындалу үрдісі.

Бастауыш сыныпта және негізгі мектеп математикасын сабақтастыра отырып дамыта оқытудың мазмұны арасындағы, оқыту формасы және әдіс-тәсілері арасындағы байланыс жүйесін қамтамасыз ету жолдары.

Егер сабақтастық тұжырымдамасын белгілі бір мақсатта қарастыра отырып, Бастауыш сынып оқытудың жетекші компоненттері мен мұғалімнің іс-әрекеті стиліндегі негізгі ұстанымдар мен дидактикалық шарттардағы сабақтастықты қамтамасыз етсек, онда Бастауыш және негізгі мектептерде математиканы сабақтастық негізінде дамыта оқыта отырып, оқытудың сапасын арттырып, оқушылардың білімдерін кеңейтіп, тереңдеуін қалыптастырар едік, өйткені үздіксіз математикалық дайындығында дамыта оқытудағы сабақтастық оқушылардың қабілеттілігі мен құзреттілігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Зерттеудің міндеттері. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама-қайшылылығында ашылады. Сондықтан қарама – қайшылықты шешіп, сапалы білім беру үшін мектепте математиканы дамыта оқытуда сабақтастықты қамтамасыз ету қажет.

1. Үздіксіз білім беруде математиканы дамыта оқытудағы сабақтастықты анықтау.

2. Оқулықтардағы теориялық білім мазмұнындағы және есептер жүйесін қосымша құрастырылған есептермен толықтырудың қажеттілігін негіздеп, олардың негізгі міндеттерін ашып көрсету.

3. Оқулық құрастыруда тақырыптық сабақтастық мүмкіншіліктерін анықтау және мектеп оқулықтарындағы теориялық білім мен есептер жүйесін толықтыру мақсатында есеп құрасытырудың келесі бағыттарын қарастыру:

4. Қосымша есептер жүйесін және мәтінді есептерді әртүрлі тәсілдермен шығару әдістемесін мектеп практикасында қолдану әдістемесін қарастыру. Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л.ВЗанков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны «субъект» ретінде тануға бағытталды. Жаңа технологияны сабақ үрдісіне қолдану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшіліктерін ескере отырып, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады.Жаңа технологияны жүзеге асыру үшін мұғалімге көп ізденіс керек. Сонымен қатар, сыныбындағы оқушыларының қай пәнге қабілетті екенін байқап, ары қарай дамытуға көп көмегін тигізу қажет. Мен жаңа технология бойынша өз сыныбыма Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту» технологиясын математика және қазақ тілі пәндеріне қолданамын.Мұндағы мақсатым- өз бетімен дами алатын, әртүрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу.Жылдар бойы сабақ жүргізу нәтижесінде оқушының білім сапасын көтеруге, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру барысында жан-жақтылыққа ұмтыламыз және ізденеміз. Алдыңда отырған оқушының білім деңгейі, білімді менгеру дағдысы барлығында бірдей болуы мүмкін емес жағдай.Деңгйлеп саралап оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағыттайды.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? — деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек.ІІ деңгейдегі тапсырмалар өзгертілген жағдайда немес өткен сабаққа арналған тапсырмалар бойынша,ІІІ деңгейдегі тапсырмаларына талдау, жинақтау, қорыту барысында есептер, тапсырмалар беріледі.Ал ІҮдеңгейлік тапсырмалар оқушының шығармашылықпен жұмыс істей алатындай, ойын дәлелдей алатын қабілетті оқушылар орындау үшін беруге әр мұғалімнің тәжірибесіне байланысты. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылатын рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу.

Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды.Деңгейлік тапсырмалар бойынша бағалау «ұпайлық» жүйемен жүзеге асырылады. І деңгейді орындаған бала 5 ұпай жинаса «3»алады.ІІдеңгейді орындаған 10 ұпай жинаса «4» алады.ІІІ деңгейді орындаған 15 ұпай жинайды «5» баға қойылады.ІҮ деңгейге 20 ұпай «5» деген баға алады.

Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясының әдіс – тәсілдерін қолдану

Сондықтан Қараевтың насихаттап жүрген деңгейлеп оқыту технологиясында оқушыны жан-жақты мүмкіндігін ескере отырып жеңілден аурына қарай деген принципті қолдана отырып, жүйелі түрде қойылатын мақсат – білім, білік дағдыларын тұрақты болуына, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал ету. Ол үшін оқушылар мынадай әдіс тәсілдерді қолдану қажет:

Берілген тапсырмалардың ерекшелігіне көңіл бөлу;

Берілген тапсырма қызықты, маңызды болған кезде ғана оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады.

Деңгейлеп оқыту, біріншіден, білім алушының жеке қабілетін анықтауға, екіншіден, білім алушылардың бір-бірінен қалмауына мүмкіндік берсе, үшіншіден, әр білім алушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады, төртіншіден, әр білім алушы өз деңгейімен бағаланады.

 

                                   Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ш.Елеукенов, Замандас парасаты. Әдеби сын. Алматы: Санат, 1977 ж.

2.Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы сынып жетекшінің орны.

3. Бастауыш мектеп журналы/ республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал/ №7, 2007.

4. Бастауыш мектеп журналы/ республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал/ №5, 2002.

5. Сынып жетекшінің анықтамалығы/ №1(01) 2009.

6. Әдеп және жантану/ хрестоматия/ Атамұра Алматы, 1996.

7. Я.А.Коменский. Великая дидактика. Москва, 1955.

8. Ж.Б.Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 1992.

9. Н.Әміриев. Ойдың көрінісі. // Қазақ тілі мен әдебиеті, 1999, № 5 – 6.

10.Матюшонок. Жас ерекшелік физиологиясы. Алматы, 1986.

11. Ә. Хасенов. Қазақ тілі оқулығына әдістемелік нұсқау. Алматы, 1986.

12. Д.Бірімжанова. Сауат ашу. // Бастауыш мектеп, 2004, №5.

13. Ғ.Тұрманбекова. Әліппе сабағы. // Бастауыш мектеп, 2004, № 7.

14. Қ.Бозжанова. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру. Алматы, 1998.

15. Л.П.Федоренко, Г.А.Фомичева., В.К.Лотарев. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы. Алматы,1982.

 

 

973 0
Кадирбаева Урхия, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Тарих және Педагогика» факультеті, № 001829
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: