Мақсаты: Жаңартылған білім мазмұны бойынша қашықтықтан оқытуда бастауыш сынып оқушыларын ақпараттық коммуникативтік технологияларды тиімді қолдануға, өз бетімен кез-келген үй тапсырмасын қашықтықтан орындауға, және онлайн оқытуда оқушыларды зияткерліккке, интеллектуалдыққа, жұмысты дәл, нақты орындауға үйрету.
Міндеті:
- Бастауыш сыныптар бойынша оқу бағдарламаларында қарастырылған тақырыптармен жұмыс жасау кезінде практикалық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
- Қашықтықтан оқушылардың бастауыш сыныптарда, өзіндік үй жұмыстарын ZOOM конференциясы, ватсап желісі арқылы ұйымдастыру.
Күтілетін нәтиже: Қашықтықтан оқу барысында бастауыш сынып оқушыларының пәндерді оқуға деген қызығушылығы артады. Қашықтықтан білім беру барысында үй жұмысын орындауда оқулықтың тапсырмасы мен мәтіні бір-бірін толықтырады. Білім беру платформалары арқылы оқушылардың назарын жаңа тақырыпқа аудара отырып, мұғалім әрбір оқушының қызығушылығын, олардың мазмұнын толық түсінуге және пәнді оқып үйренуді оқулықтың тиісті бөлімін меңгерумен байланыстыра отырып, оны есте сақтауға деген ынтасын оятады. Әр түрлі деңгейдегі қызықты видеоматериалдарды көру арқылы балалардың бойынша жаңа сабақ тез жатталып қалады.
І. Кіріспе
Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты мектептер түгел қашықтан оқытуға көшті. Қашықтан оқудың қиындықтарымен бірге, бірқатар артықшылықтары да барлығын жаңа тәсілге көшкен кезден бері өткен уақыт көрсетіп отыр. Мен бастауыш пәнінің мұғалімімін. Сабақтарымда түрлі көрнекі құралдарды көбірек пайдалануға тырысамын. Ал қашықтан оқуға көшкеннен кейін сабақтарымды PowerPoint бағдарламасы арқылы слайдсабақтар түрінде ұйымдастырып жүрмін. Оның артықшылығы сол – тақырыпты ашатын түрлі суреттер мен кескіндемелерді, жазбаларды пайдалануға болады.
Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту. Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.
Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім беру сапалы білім беру қызметін алуда білім алушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуді, олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз етуді мақсат етеді. [1]
Бастауыш сыныптарда қашықтықтан оқытудың ерекшелегі
Бастауыш сыныптарды қашықтықтан оқыту оқушылардың ғаламторды ұшқыр пайланануға үйретумен қатар ата-анасымен балаларының байланысын күшейтті. Дегенмен, бұл жүйеніңде кемшіліктері жоқ емес. Еліміздің кей аймақтарында интернет желісінің болмауына байланысты білім алушы оқушылар мен ұстаздардың байланысқа шыға алмағандықтан қауіпке қарамай ауылдан қала асып келді. Оқушылардың басым көпшілігінде ноутбук пен сапалы смартфон кездеспейді. Сонымен қатар, бұл оқушылар білім жүйесіне арналған интернет платформасымен жұмыс жасай алмайды.
Болашаққа бет алған білім алушылардың бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтары мен түрлі қабілеттерінің қалыптасуы қоршаған ортасымен тікелей қарым-қатынас нәтижесінде жүзеге асады. Қашықтықтан білім беру оқушылардың топпен жұмыс жасауына, қоғаммен араласуына кедергі келтіруде. Қарым-қатынастың негізгі құралы-сөйлеу. Адам тілі арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Ойлаған ойын сыртқа шығарып, басқаға ұқтыра алуға тырысады. Тек өзі жұмыс істеген білім алушы өз ойын өзгеге білдіруге қиналып, тұйықталып қалады.
Айтылатын ойды ауызша жеткізу әсері болғанымен, қысқа мағынада қалып қояды. Сондықтан оқушылардың білімін дамытуда бағыт бағдар бере отырып, олардың ойлау тіліне қарай дамытуға тікелей ықпал ететін әдіс-тәсілдерді жан- жақты ойластыру қажет. Оқушылардың дұрыс сөйлеуін қалыптастыру ұстаздың үлкен жауапкершілік пен шығармашылық ізденісті талап етеді.
Қашықтықтан білім беру аясында:
- Ұстаздар қашықтықтан білім беру арқылы оқушылардың бірегей қабілетін дамытуға бағытталған айрықша тиімді әдістерді пайдаланады;
- Оқушыларды өз бетінше оқып үйренуге баулиды;
- Ойшыл ретінде оқушылардың өздерінің жасаған іс-әрекеттеріне жауап іздеп, жаңа алған білімдері мен бұрынғы білімдерін байланыстырады;
- Кездескен қиындықтарды шешу жолында балаламалы шешімдер қабылдап, қиын мәселелерді жаңалық ашу жолындағы мүмкіндіктер деп қабылдайды.
Бастауыш сыныптарды қашықтықтан оқытудағы өз тәжірибем
Елімізде бастауыш сынып оқушыларына қашықтықтан білім беруге бірнеше платформалар, арнайы сайттар бар. Оның бірі бастауыш сынып оқушыларына арналған iMektep.kz сайты. Бұл сайтта бастауыш сынып оқушыларына арналған әр-түрлі ойын жаттығулары, қызықты тапсырмалар, танымдық бейне материалдар орналасқан. Оқушы сайтқа тіркеліп 100 ден асқан 5 минуттық анимациялық фильмдерді көріп, ойнай алады.
Ал баршамызға белгілі Bilim Land жаңартылған бағдарламаға сәйкес әзірленген мектеп пәндерінің интерактивті сабақтарымен ұстаздарды қамтуда. Бұл сайттағы онлайн мектеп бөлімі әр сынып бойынша сабақтармен, тапсырмалармен қамтылуда. Еліміздің барлық ұстаздары осы сайтпен тиімді жұмыс атқаруда.
Онлайн оқытуда оқушыларға көптеген ииновациялық технологиялар қолданылып, сабақ беру процесінде өзіндік жұмыстар берілді. Әрине, оқушының мұғалімнің көмегінсіз жаңа сабақты меңгеруі қиынға соқса да, тәжірибе барысында өзіндік жұмыстарды беру арқылы, оқушының жаңа сабақты меңгеруі ойдағыдай болды.
Қазіргі уақытта бастауыш білім беру жүйесі қашықтықтан сапалы сандық білім беру ресурстарына үлкен қажеттілікті сезінуде, бұл іс жүзінде:
1. Бастауыш сынып оқушыларының өз бетінше білім алуы мен ұсыну іс-әрекетінің әр түрлі формаларын ұйымдастырады;
2. Білім беру іс-әрекетінің әртүрлі түрлерін, оның ішінде ақпаратты тіркеу, жинау, сақтау, өңдеу, интерактивті диалог, объектілерді, құбылыстарды, процестерді модельдеу, және т.б .;
3. Оқу процесіне мультимедиялық технологиялардың, виртуалды шындықтың, гипермәтіндік және гипермедиа жүйелерінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ассоциативті тікелей ақпаратпен қамтамасыз ету;
4. Бастауыш сынып оқушыларының зияткерлік қабілеттерін, сондай-ақ олардың білім деңгейі, дағдылары, жалпы білім беретін пәндердегі нақты сабаққа дайындық деңгейі бойынша объективті диагноз қою және бағалау, материалды меңгеру нәтижелерін мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес өлшеу;
5. Оқушылардың оқу іс-әрекетін белгілі бір оқушының интеллектуалдық деңгейіне, оның білімі, дағдылары деңгейіне, әсіресе оның ынтасы, қолданылатын оқыту әдістері мен құралдарын ескере отырып басқаруға;
6. Оқушылардың жеке дербес оқу іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін жағдай жасау, өздігінен білім алу, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру;
7. Мұғалімдерге, оқушыларға және ата-аналарға білім берудің мақсаттары мен мазмұнына қатысты уақтылы ақпаратты уақтылы беру;
8. Оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасындағы тұрақты және жедел қарым-қатынас үшін негіз жасау.
Zoom конференциясы мен чат
Бұл платформа сандық білім беру жүйесіне негізделген, қашықтықтан оқытудағы нақты уақыттағы хабарламалармен және мазмұнмен алмасу арқылы қолданылатын бейнеконференциялар. Қашықтықтан оқыту жүйесіне өте қажет бағдарлама, бұл конференцияға ұстаз бен барлық оқушылар бір мезетте кіріп, бір-бірімен бейне байланыс жасай алады. Пікір алмасып, өткен сабақты талдап, ұстаз тікелей эфирде оқушыларымен байланысады. Бұл конференцияны бастауыш сынып пәндері бойынша жаңа тақырыпты өткенде өте тиімді деп айта аламын, себебі барлық оқушылар бір мезетте кіріп, пікір алмасып, өткен тақырып бойынша өз ойларын ортаға сала алады.
Оқу үрдесінде бір тұтас болып қолданудағы сандық түрдегі қол жетімді деректер жиынтығы ретінде танылатын сандық білім беру ресурстары (СБР) бүгінгі күні ең перспективалы болып табылады. Сандық білім беру ресурстары – бұл цифрлық нысанда ұсынылған фотосуреттер, бейнефрагменттер, статистикалық және динамикалық моделдер, виртуалдық шындық және интерактивтік моделдеу объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс жазбалар, таңба объектілері және іскерлік графика, мәтіндік құжаттар және оқу ұрдісін ұйымдастыруға қажет басқада оқыту материалдары.
Бастауыш сынып оқушыларына қашықтықтан білім беру жағдайында сандық технологияларды тиімді пайдаландым.
- Білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз ету, білім берудің заманауи формаларына, жоғары интерактивтілікке, оқушылардың білім алу тәуелсіздігін нығайтуға көңіл бөлдім;
- Оқуды деңгейлеп саралау және дараландыру мүмкіндігін қамтамасыз ету (бұл пәндік білім мен білімді қалыптастыру деңгейіне де, зияткерлік және жалпы дағдыларға да қатысты);
- Оқушылардың жасын, психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін және оқушылардың мәдени тәжірибесіндегі айырмашылықтарды ескере отырып бейне материалдар жасадым;
- Әр түрлі формада ұсынылған ақпаратпен (графиктер, кестелер, әр түрлі жанрдағы құрама және түпнұсқалық мәтіндер, видеожазбалар және т.б.) жұмыс жасауға бағытталған материалдармен қамтамасыз еттім, себебі қашықтықтан білім беру тікейлей ұстаздың ақпараттық коммуникативтік құралдармен жұмыс жасауына негіз болды;
- Оқушыларыма осы тақырып аясында игерілген білім мен дағдыға негізделген өмірлік (соның ішінде күнделікті) мәселелерді шешуде тәжірибе жинауға бағыт беретін білім беру іс-әрекетінің түрлерін ұсындым, оның ішінде «Балапан» телеарнасындағы видео сабақтар өткен сабақты түсіндіру кезінде көп көмегін тигізді;
Қашықтықтан білім беруде көптеген қиыншылықтар да болды, мәселен заманауи мультимедиялық кейбір бейнесабақтар толығымен және тұрақты түрде көшірілмейді. Оқушыларға ватсапке сілтеме беруге тура келді, бірақ кейбір оқушыларымыз ата-анасының көмегінсіз тиісті бейнематериалдарды дұрыс көре алмауы;
• стандартты бағдарламаларды пайдаланып ойнату мүмкін емес;
• Сондай –ақ көбінесе тапсырманың аралық нәтижелерінің сақталуын қамтамасыз етпейді (атап айтқанда тест жұмыстары, дарын платформасы бойынша);
Қорыта келгенде, ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, рухани дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін келешек ұрпақ тәрбиесіне, соның ішінде ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағыттаумыз қажет. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін әр педагог өз пікірін жүйелі түрде жеткізе білетін, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интернет жүйесін пайдалана алатын, онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген оқытушы болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – оқытушылар. Осы үрдіспен мемлекетіміздің бәсекеге қабілетті дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсаты оқытушылар қауымына зор міндеттер жүктейді. [4]
Білім сапасы – оқытушылар қызметінің сапасы. Ал осы сапаға қол жеткізу үшін біліктілікті жетілдіру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру, сауықтыру орталығы, Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ облыстардың әдістемелік кабинеттері тарапынан өткізіліп жатқан көптеген қысқа және ұзақ мерзімді курстар, деңгейлік курстар, орта білім мазмұнын жаңарту аясында ұйымдастырылған біліктілік арттыру курстарының педагогтердің кәсіби даярлығын арттырып, өз ісін жоспарлай алуына, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көріп, баланың әрекетін ұйымдастыра алу шеберлігін шыңдауындағы маңызы өте зор.
Қазіргі таңда біліктілік арттыру курстары түгелімен онлайн режимде өткізіліп жатыр. Жалпы, бүгінгі күні қолда бар қашықтықтан онлайн-оқыту жүйелері ұстаздар мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнықтыруға мүмкіндік береді, әрі нақты сабақ беру үрдісін қамтамасыз етеді. Қашықтықтан оқытудағы сандық білім беру тікелей ұстаздың сабақ беру шеберлігін, тәжірибелілігін арттырып қана қоймай, ғаламтор жүйесіндегі білім беру ресурстарымен сауатты сабақ өткізуге дағдыландырды. Сөз соңында айтарым, мұндай формат сабақ сапасына да жоғары деңгейге көтереді, өйткені әрбір сабақтың үдерісі оқушының да, ұстаздың да жауапкершілігін арттырады.
Сөз сонында айтарым қашықтықтан оқыту арқылы бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпағымыздың денсаулығын сақтап қана қоймай, осы карантиннің созылып кетпеуіне, студенттеріміздің сапалы білім алуына зор үлесін қосып жатқан еліміздің барлық ұстаздарына алғысымды білдіремін!
Жалпы, бүгінгі күні қолда бар қашықтықтан онлайн-оқыту жүйелері ұстаздар мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнықтыруға мүмкіндік береді, әрі нақты дәріс беру үрдісін қамтамасыз етеді. Қашықтықтан оқытудағы сандық білім беру тікелей ұстаздың сабақ беру шеберлігін, тәжірибелілігін арттырып қана қоймай, ғаламтор жүйесіндегі білім беру ресурстарымен сауатты сабақ өткізуге дағдыландырады. Сөз соңында айтарым, мұндай формат сабақ сапасына да жоғары деңгейге көтереді, өйткені әрбір сабақтың үдерісі оқушының да, ұстаздың да жауапкершілігін арттырады.