Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1079

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық үрдістерін дамыту жолдары

Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан  әлеуметтік мәселелер: экологиялық, экономикалық, отбасылық дағдарыстар әр жастағы балалардың психикалық аурулар мен жүйке жүйелерінің бұзылуына әкеліп отыр. Олар психикалық дамуының тежелуі жүйке жүйесінің бұзылуы, яғни олигофрения, логоневроз, энурес, аутизм т.б. ауруларымен ауырады. Қазақстанда кемтар болып туылатын балалардың саны жыл сайын өсіп келеді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы
 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы 

Маңызды міндеттердің бірі – оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету міндеті көрсетілген. Осыған орай 2025 жылға дейін барлық мектептер инклюзивті білім беруге көшуі тиіс.деген заңын қолдай келе балалардың толыққанды кедергісіз білім алуына ықпал жасау ол –бізің басты міндетіміз. 

Қазақстан Республикасының Білім беру заңының 2-тарау 8-бабының 6-тармағында «Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзеуіне және әлеуметтік жағдай жасауды қамтамасыз етеді» делінген. 

         Республикада даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған көптеген оңалту орталықтары ПДПК мекемелері, түзету кабинеттері ашылған. Сондай-ақ біз балабақша психологтары баланың психологиялық қажеттіліктерін зерттеп, психологиялық түзету жұмыстары арқылы өз үлесімізді қосып келеміз. 

         Баланың ақыл-ой кемістігі жайлы айтар болсақ, олардың білімді меңгеру дағдысы толықтай сақталып, деңгейлері 2-4 жылға артта қалғандар.

         Ақыл кемтарлығы – баланың танымдық мүмкіндіктерінің, ойлау қабілеттерінің кемістігі, ақыл жарымжандығы, тапшылығы, жетімдігі. Бұл ми қызметінің бұзылуына, ондағы потологиялық өзгерістерден, мидың кеселге шалдығуынан, зақымдануынан туындайды. 

         Қалыпты физикалық немесе психикалық дамудан ауытқуға душар болған, сол себепті дамудың жеткіліксіздігінен коррекциялауды және оның орнын толтыруды қамтамасыз ететін арнайы жағдайларда тәрбиелеу мен оқытуды қажетсінетін балалар.   

          Мұндай жағдай әдетте, арнаулы оқу – тәрбие мекемелерінде жасалған. Бала бойында әрбір ауытқу (мыс: бір құлағының естімеуі) оның аномалды дамуын айқындаушы белгі болып табылмайды. Бұл жағдайларда балалардың дене және психикалық дамуы бұзылмайды: аномалды балалар санатына жатпайды. Шетелдерде дамудың ауытқуына душар болған балалар жөніндегі түсініктің ауқымы кең. Мысалы: «Ауытқуға душар болған балалар» түсінігі мүгедек балалар, сондай-ақ соматикалық ауыр сырқаттылар мен психикалық ауытқулары бар балалар деген ұғымды білдіреді, ал «айырықша балалар» түсінігін аса дарынды балалар деп ұғыну қажет. 

         Дамудағы болуы мүмкін ауытқулардың алдын-алу үшін және дер кезінде ұйымдастырылған коррекциялық – педагогикалық әсер етудің маңызы зор. 

         Ақылы (интеллекті) бұзылған балалар – ақыл-ой жағынан артта қалған балалар. Дефектологиядағы «ақыл – ой мешеулігі» термині орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) шектеулі зақымдануы нәтижесінде пайда болып, ауырлығы, таралуы және басталу уақыты жағынан әр түрлі болуы мүмкін танымдық іс-әрекетінің тұрақты әрі айқын көрінген төменгі деңгейі. Ақыл-ой жағынан артта қалған балаларды оқыту, тәрбиелеу және бейімдеу мәселелерін арнаулы педагогиканың бір саласы – олигофренопедагогика қарастырады. 

         Интеллектуалдық дамудың бұзылуына сипаттайтын олигофрения терминін неміс психиаторы Э.Креплин 1915 жылы енгізген. Ақаудың тереңдігіне байланысты ақыл-ой мешеулігі нақұрыстық, туа бітті кем ақылдылық және ақыл-ой кемтарлығы болып бөлінеді. 

         Нақұрыстық – ақыл-ой мешеулігінің өте асқынған түрі. Нақұрыс балалар айналадағы өзгерістерді ой елегінен өткізуге дәрменсіз, сөйлеу функциясы өте баяу және шектеулі түрде (бірқатар жағдайда дамуын мүлде тоқтатады) дамиды. Олар құқықтық тұрғыда саналы іс-әрекетке қабілетсіз, оқытып – үйретуге жатпайды және қажетті медициналық көмек пен күтім жасалатын әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің арнаулы мекемелерінде (ақыл-ойы тым артта қалғандарға арналған балалар үйі) ата-анасының келісімімен тапсырылады. 

         Психикалық дамуы кідірген балалар балабақша және жалпы білім беретін бастауыш мектептің бағдарламасын меңгеруі аса қиындық келтіретін балалар. Бірақ оларды ақыл-ой мешеулерге жатқызуға болмайды, өйткені психикалық дамуы кешеуілдеген  балалар өздері алған білімдерінің шегінде жалпы талдап – қорытуға бейімдік танытады. Сөйте тұра зиянды факторлардың бала организміне әсер ету мерзіміне және олардың шығу тегіне байланысты психикалық дамудың кідіруі (ПДК) эмоциялық еріктік жүйе танымдық іс-әрекетте әр түрлі нұсқада көрінеді. Бірақ ПДК – ның барлығына ортақ мынадай сипаттары бар: жоғары дәрежедегі әлсіздік нәтижесінде пайда болатын жұмыс қабілетінің төмендеуі; эмоция мен ерік күшінің дамымауы және жетілмеуі; жалпы мәліметтер мен ұғым – түсініктер қорының шектеулігі; жұтаң сөздік қор; интеллектуалдық дағдылардың сондай-ақ ойындық іс-әрекеттерінің толық қалыптаспауы. П.д.к. баллалар өзін-өзі бақылауға бейжайлық танытады. Бұл олдардың оқу бағдарламасын игеруге кері әсерін тигізеді. 

 Психикалық дамуы кідірген балалар арнайы мектепте оқытуды қажет етеді. 

         Баланың іштен жетілмей туатын физикалық және психикалық дамуындағы патологиялық кемістігін «дебильность» деп атайды. Дебильность олигофренияның идиот (нақұрыстық) пен имбецильден (туа біткен психикалық кемістіктің олигофренияның-ауырлығы орташа нышаны) кейінгі үшінші тобына жатады. 

          Дебиль – балалардың ақыл-ой қабілеттерінің таяудағы идиот пен имбецилге қарағанда жеңіл болады. Сондықтан да олар өздеріне арналған арнайы орталықтардан жеңілдетілген оқу бағдарламасымен ойдағыдай меңгереді. Және сонымен қатар қарапайым еңбектің түрлерімен шұғылдануға бейімделеді. Алайда бұл кемістік потологиялық процестің негізінде пайда болғандықтан дебиль – баланың психикалық дамуында да болмашы жеңіл ауытқулар байқалып тұрады. Бірақ ол ауытқулар жайшылықта көп біліне бермейді. Дегенмен де, педагогикалық тәсілдердің қағидасымен жүргізілетін түзету тәрбие жұмыстарының нәтижесінде дебиль балалардың физикалық дамуындағы потологиялық кемістіктерді тіпті де білінбей кететіндіктері соншалықты олардың кез-келегн қарапайым қол еңбегінің түрлерімен айналысуына мүлдем кедергі болмайды. Олифренияның дебильность тобына жататындардың өздері ауыр және жеңіл дәрежелі болып екіге бөлінеді. Өйткені олардың ақыл-ойының даму процестері мен сөйлеу тілдерінің бұзылулары біркелкі болмайды. Сөйлеу тілі ақыл-ойдың ең негізгі құралы ретінде оның даму процесіне байланысты бірыңғай жетіледі. Ақыл-ойдың патологиялық кемістіктері жаңадан нышан көрсетіп енеді. Енді байқала бастаған мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балалардың сөйлеу тілдеріндегі мүкістіктердің түрлері мен олардың айтылуындағы ерекшеліктері әр алуан болып келеді. Мұндай балалардың сөйлеу тіліндегі мүкістіктеріндегі, әсіресе олардың мектептің бірінші немесе екінші сыныбында оқып жүргенде анық байқалады. Айтылу ерекшеліктеріне қарай тіліндегі мүкістіктерді 4 топқа бөлуге болады. 1 топқа - әріп таңбаларын танып үйрене алмау, 2 топқа ежіктеп оқу, яғни буындық құрылымымен алмастырып шатастыру, 4 топқа оқығанын түсінбеу жатады. 

         Ақыл-ойы кем балалардың арасында оқығанын түсінбейтін кемістіктері барлар да кездеседі. Олар берілген мәтінді қатесіз оқығанымен оның мағынасын түсінбейді. Себебі, мәтінді оқыған кезінде не бастапқы не соңғы сөз тіркестерін ұмытып қалады. Соның салдарынан мәтіннің мазмұнына қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алмайды. Егер сол мәтінді басқа біреу дауыс ырғағымен мәнерлеп оқып берсе оны жақсы түсінеді, демек дебильдің жеңіл дәрежесіндегі балалар мәтіннің немесе сөйлеушінің құрамындағы тіркес сөздердің бір-бірімен грамматикалық, синтаксистік жолмен байланысып, белгілі бір мазмұнды тудырып тұрғандығын ұқпайды және өздерінің оқығандарының түсінігін есте сақтай алмайды.

         Сонымен қатар, дебиль балалардың ақыл-ой патологиялық кемістігі арифметикалық есеп амалдарында да айқын байқалады. Олар әдетте бірден онға дейінгі санауды онша қиналмай-ақ тез үйренеді, бірақ олардың сандық мөлшерлерінің мағынасы мен реттік қатарларының мәнін жете түсінбейді. Мұндай балалар тіпті ең қарапайым мысал есептердің өзін шығара алмай қатты қиналады. 

         Ал, мәселен есептің мақсаты мен шартын мүлде ұқпайды десе де болады. Ақыл-ой кемістігіне «көңіл бөлу, құрмет көрсету, қамқорлық жасау, зер салу, назар аудару, ілттипат білдіру, ықылас қою, жете ұғыну, егжей-тегжейлі  түсіну, ұқыпты болу, ескерту, елеу» сияқты парасаттылыққа тән қабілеттері дамымайды және жадыларында сақтау, естеріне түсіру қабілеттері төмендейді, сөйлеу тілдері бұзылады, кейде мұндай балалар ойларына келгенді айтып, беталды лағып, қисынсыз сөйлей береді. 

         Бас сүйегі мен милары зақымданған балаларда ішінара ауық-ауық құрысып-тырысып немесе қалшылдап-дірілдеп қалатын «эпилепсиялық» ұстамалы сияқты аурулардың да кездесетіндігі байқалады. Зақымның зардабынан болған  «эпилепсия» - «ми ауруы» деп аталады.бұларды қолдап отыру барлық арнайы мамандардың құзырлығында.яғни,

       «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»
 Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі №343 Заңы 

психологиялық-педагогикалық қолдап отыру – білім беру ұйымдарында іске асырылатын, процесінде ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) ойдағыдай оқыту және дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалатын жүйелі-ұйымдастырылып отыратына сенім білдіремін.

413 0
Мәншүк Арзахметова, «Аида» жеке балабақшасының психологы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000412
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: