Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауым балалармен жұмыс жасау, балалардың қуанышымен күлкісінен нәр алу.Ғұлама ұстаз Әл - Фараби айтқандай «Білім берме, тәрбие бер» - деген екен «Тәрбие – өмірдің өзекті мәселесі» екенін есімізге сала отырып, біз өз - өзімізді ізгілікке, имандылыққа, ұлтжандылыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелесең ғана, баланы дұрыс баулығаның! Сонда ғана балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз. Балабақшаның әрбір күнін қызықты да тартымды, мәнді де мағыналы өткізуді жоспарлаған тәрбиешінің мақсаты – бала тағдырына жауапты екенін естен шығармау. Сол себептен өз ісімді балабақшамыздағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына бағыт бағдар беріп қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа технологияларды дамыта отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру мақсатында балабақша педагогтарын жаңа технологияларды меңгерту курстарына қатысып білімдерін жетілдіріп отыруда. Біздің балабақшамызда мамандардың өз шеберлігін арттыру мақсатында төмендегідей формада жоспарға сәйкес жұмыстары жүргізіледі.
Мектепке дейінгі әдіскер жұмысының негізгі бағыттары қазіргі заман балабақша жұмысы мақсаты мен міндетімен анықталған.
Әдіскер жұмысының ең маңызды бағыттарының бірі балабақшаның педагогикалық ұжымымен дұрыс ұйымдастырылған және ойластырылған ынтымақтастық болып табылады. Ол балабақша педагогтарымен, ұжымымен, бастауыш сынып мұғалімдерімен, әртүрлі әкімшілік функцияларды атқаратын басқа да мамандармен ынтымақтастықты ойластырады.
Ынтымақтастық жемісті болу үшін әдіскер педагогикалық ұжыммен жүйелі жұмысты құруға мүмкіндік беретін басқару қызметтерінің әртүрлі тәсілдерін пайдалана білуі қажет. Әдістемелік құралда әдіскердің қызметінің негізгі бағыттары, ұйымдастырушылық функциялары, мектепке дейінгі ұйым педагогының біліктілігін арттыру жағдайында әдістемелік қызмет жұмысының мазмұны анықталған. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес педагогикалық, медициналық және қызмет көрсету қызметкерлерінің нақты іс-шаралары мен жұмыс мазмұны көрсетілген.
Әдіскер қызметіндегі кадрлармен жұмысты жүргізу үшін материалдар ұсынылған және педагог кадрлар жөнінде нақты мәлімет тізімі берілген. Әдіскер жұмысының барысында педагогтардың бағдарламаны тақырыптық-күнтізбелік жоспарлау мен орындауды талдау және бақылау, жоспарланған оқу-тәрбие жоспары іс-шараларын орындау бойынша педагогтардың жұмыс нәтижелілігі, тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігі жұмысын бақылау түрлері көрсетілген.
Мектепке дейінгі әдіскер жұмыс бағытының бірі – балалар отбасымен ынтымақтастық болып табылады. Баланың ортасын, отбасының материалдық және рухани жағдайларын білу, әдіскерге және оның әріптестеріне балаға қиын жағдайларда ғана емес, сонымен қатар, бала тәрбиесінде күрделі мәселелерді ескертуге мүмкіндік береді. Бұл жерде әдіскер жұмысында қызмет тетігі жүзеге асырылады. Әдістемелік нұсқауда отбасымен жұмыс әдістері мен түрлері ұсынылады.
Әдістемелік жұмыс Қазіргі заманның дамуымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдарға (бұдан әрі – МДҰ), ондағы тәрбие және білім беру үдерісін қалыптастыруға, негізгі оқу бағдарламаларын таңдауға және оның мазмұнына, оларды іске асырудың нәтижелеріне, педагог кадрларды іріктеуге, оқытуға, сондай-ақ әдістемелік жұмыстың ұйымдастырылуы мен бағытына қойылатын жаңа талаптар да пайда болады. Әдіскер баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру мен дамыту үдерісіне педагогтармен бірге қатысады. Шебер әдіскер педагогтық ұжымның міндеттерін нақты айқындап, оларды шешу жолдарын дәл белгілейді. Ұжымның тиімді жұмысы әдіскердің әдістемелік жұмыстың түрлі нысандарын дұрыс таңдай және пайдалана білуіне байланысты.
Әдіскер жұмысының негізгі бағыттары – ұжымның әдіскерлік қызметін ұйымдастыру, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, жинақтау және тарату, педагогтар қызметінің деңгейін көтеру. Осы бағыттарға сәйкес, жұмыстардың да негізгі түрлері анықталады. Қазіргі заманғы білімді ізгілендіру ең алдымен сол ортадағы баланың тәрбиесіне деген қарым-қатынаспен байланысты. Осыған байланысты, бағдарламаларды таңдау мәселесі үнемі өзекті күйде болады және оқу кешенінің әдіскері алдында неғұрлым жауапты міндет – педагогтық ұжым табысты түрде іске асыруы мүмкін балалармен жұмыс істеу түрін ғана емес, сонымен қатар балаларды тиімді тәрбиелеу мен оқытуға да ықпалын тигізетін жұмыс бағдарламасын таңдау міндеті тұрады. Сондықтан педагог қызметкерлер бағдарламалық-әдістемелік ағынның негізгі беталысына бағдар алулары тиіс. МДҰ бағдарламаларды модельдейді, жаңа эксперименттік анықтаулар мен бағдарламалық-әдістемелік материалдарды енгізуге қатысады, ал ата-аналарға өз балаларына арналған ұйымдастырудың қандай да бір нысаны мен түрін таңдау мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар жалпы дамыту және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын, инновациялық педагогикалық технологияларды жаңарту, сондай-ақ жалпы алғанда мектепке дейінгі білім беру жүйесі үшін неғұрлым болашағы зор, педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға арналған түрлі тәсілдерді енгізу үдерістері тұрақты түрде жүзеге асырылады. Педагогтардың шеберлігін арттыру, олардың теориялық және іс-тәжірибелік білімдерін толықтыру әдістемелік жұмыстың түрлі нысандары арқылы жүзеге асырылады. Барлық бағыттар өз кезегінде педагогикалық ұжым қызметінің бірыңғай желісін құруға ықпал етеді. Әдістемелік кабинет балалармен тәрбие және оқу жұмыстарын жүргізудің барлық бөлімдері бойынша қажетті материалдармен және көрнекі құралдармен жабдықталған. Кабинет әдіскері оған жүктелген міндеттерге сәйкес педагогтардың біліктілігін арттыру институтындағы курстарда және семинарларда өз біліктіліктерін арттырып жүрген педагог кадрлардың дербес есебін жүргізеді; педагог кадрлармен әдістемелік жұмысты үйлестіреді және бағыттайды; оқытудың және тәрбие берудің өзекті де неғұрлым күрделі мәселелері бойынша семинарлар, практикумдар, дәрістер, консультациялар ұйымдастырады; педагог кадрлармен жұмыс істеу тәжірибесінде түрлі белсенділік нысандарын: әңгімелесуді, пікірталастарды, конференцияларды, іскерлік ойындарды, педагогикалық жағдаяттарды қарауды пайдаланады; топтық, дербес консультациялар өткізеді; өздігінен білім алуға көмек көрсетеді. Әдістемелік кабинетте озық педагогикалық іс-тәжірибе туралы материалдар, әдіскердің күнделік жазбалары, тәрбиешілерге арналған баяндамалар, балалармен жұмыс істеудің тәрбиелік-білім беру күнтізбелік жоспары, озық тәжірибені көрнекті етіп көрсететін материалдар: фотосуреттер, суреттемелер, магнитофондық және электрондық жазбалар, балалар жұмысы, тәрбиеші дайындаған көрнекі құралдар болуы қажет. Қолда бар материалдардың өзі: балалардың іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай: балалар өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру, сабақтарда үйрету, мерекелер мен ойын-сауықтар, ойын, еңбек; тәрбиелеу міндеті бойынша: дене, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелері бойынша дұрыс іріктелуі және орналастырылуы тиіс. Егер орналастыру іс-әрекеттер бойынша жүргізілсе, онда әр бөлімнің ішінде әр түрлі жастағы топтарға арналған материалдарды бөлу қажет, ал егер материалдар тәрбие міндеттері бойынша орналастырылса, олар іс-әрекет түрлері және топтардың жас ерекшелігіне қарай бөлінеді. Материалдарды жүйелендіру кезінде «Балабақшадағы тәрбие және білім беру бағдарламаларын» құру қағидатын ескерген жөн. Барлық бөлімдерде әдістемелік нұсқаулар, жұмыс тәжірибесінің материалдары, нұсқаулық және әдістемелік құжаттар, көрнекілік және иллюстрациялық материалдар болуы тиіс. Мектепке дейінгі тәрбие бойынша нұсқаулық және әдістемелік құжаттар жеке папкада сақталады, ал ұйымдастыру және басқа мәселелер бойынша құжаттар (балабақшаны басқару, жабдықтау және жасақтау, кадрлармен жұмыс бойынша және т. б.) белгілі бір орында сақталуы керек. Кабинетте арнайы мақсаттағы топтардың педагогтарына, музыка жетекшілері мен пән жүргізушілеріне арналған балаларды ерте жастан тәрбиелеу жөніндегі материалдардың жеткілікті болуын ескерген дұрыс. Қоғамдық мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелерінің бірі – оқу-тәрбие және әкімшілік-шаруашылық қызметін басқаруды жақсарту. Сондықтан әдістемелік кабинетте «Мектепке дейінгі ұйымды басқару» арнайы бөлімін жабдықтау қажет, онда заңнамалық және нұсқаулық құжаттар, әдістемелік ұсынымдар, іс-тәжірибе материалдары топталады. Сондай-ақ әдіскер тәрбиешілерге түрлі әдістемелік көмек түрлерін ұйымдастырады. Мысалы, консультациялар, тәрбиешілермен тақырыптық әңгімелер. Балаларды тәрбиелеудің кейбір мәселелері ұзақ талқылауды қажет етеді және егер бұл мәселе бірнеше тәрбиешілерді толғандыратын болса, онда әдістемелік көмектің семинар түріндегі ұжымдық нысанын ұйымдастыру мақсатқа сай болады. Іс-тәжірибелік оқу-тәрбие жұмысы үдерісі кезінде тәрбиеші игеретін білімнің, икемдер мен дағдылардың жиынтығынан тұратын озық тәжірибені зерделеу, жинақтау және енгізу, әдіскерден көп күшті талап етеді. Осылайша, іс-тәжірибе көрсеткендей, барлық ұжым қызметінің тиімді болуы әдіскердің әдіскерлік жұмыс бағыттары мен ұйымдастырылуының алуан түрлерін дұрыс таңдауына және оларды қолдана білуіне байланысты.
Қолданылған әдебиет:
1. ҚР Білім туралы заңы . Астана ,2007 ж.
2. Балбөбек» бағдарламасы, Алматы, 1996ж
3. «Алғашқы қадам» бағдарламасы, Астана, 2009
4.. «Зерек бала» бағдарламасы, Астана, 2009
5. «Біз мектепке барамыз», Астана, 2009