Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI464

Оқушының білім, білік дағдыларын жетілдірудегі үй тапсырмасының маңыздылығы

Баяндама тақырыбы:Оқушының білім, білік дағдыларын жетілдірудегі үй тапсырмасының маңыздылығы.

Үй тапсырмасы – мұғалімнің сабақтан кейін оқушының өз бетімен орындауына арналған тапсырмасы. Үй тапсырмасы оқушының сабақта меңгерген жаңа материалды ұмытпауының алдын алады, ойын жинақтауына мүмкіндік береді.

Үй тапсырмасы білімін өз бетінше бекітуге, сабақта алған білімін қорытуға негізделген және оқушылардың оқу материалын меңгеруіне жағдай жасайды. Үй тапсырмасын шығармашылықпен, ынтамен орындайтын оқушыміндетті түрде танымның жаңа деңгейіне көтеріледі, ол оқушыныңзерттеушілік қабілетін дамытуға, белгілі бір мәселені терең түсінуге ықпал етеді.Үй тапсырмасын үйде орындау оқушының үнемі өз бетімен түрліқиындықтағы тапсырмаларды орындауына, шығармашылық қабілетін дамытуына дағдылануы  үшін  қажет.   Бұл  оқушыны  белгілі   бір  тәртіпке, жоспарлауға және өзіне деген сенімділікке үйретеді. 

Үй тапсырмасының негізгі түрлері төмендегідей:

1)материалды оқулық бойынша меңгеру; жаңа материалды меңгеруге бағыттайтын, даярлайтын тапсырмалар;

2)әртүрлі жазба және практикалық жұмыстарды (жаттығулар) орындау; оқушылардың білім, білік, дағдыларын бекітуге арналған тапсырмалар;

3) шығармашылық сипаттағы тапсырмалар;

4)әртүрлі сызбалар мен диаграммаларды дайындау;

5)биология пәнінен гербарий дайындау, табиғат құбылыстарын бақылау, сонымен қатар химия, физика және т.б. пәндерден түрлі тәжірибелік жұмыстар жүргізу.

 6)оқушылардың алған білімін тәжірибе жүзінде қолдануға бағыттайтын тапсырмалар;

 7) қайталауға арналған тапсырмалар;

8) зерттеу, іздену қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар.

 

Үй жұмысы оқушылардың мектепте алған білімін қайта жаңғыртып өздігінен пысықтауына, бекітуіне, сол арқылы оқу материалын тереңірек меңгеруіне көмектеседі.

Үй жұмысының мақсаты – оқушыларды өз бетімен білім алуға дағдыландыру.

Үйтапсырмаларынорындауүшінұсынылатынуақыт (астрономиялық сағатпен): 2-3-сыныптарда – 1,5 сағаттанасырмау, 4-5-сыныптарда – 2 сағаттан асырмау, 6-8-сыныптарда – 2,5 сағаттанасырмау, 9-11 сыныптарда – 3 сағаттан асырмаукерек.

Кез келген үй тапсырмасы сыныпта орындалғантапсырмамен салыстырғанда оқушыны танымдық әрекеттің жаңа деңгейінешығара алатындай, оның білімге құмарлығын арттыратындай,ізденуге ынталандыратындай болуыкерек.

Сондықтан  мұғалімдер үй жұмысына байланыстымына мәселелерді ескергеніжөн:

*үй жұмысы қоңырауға дейін беріледі және нені орындау керек,қалай орындау керек екені нақтытүсіндіріледі;

*үй жұмысының сынып жұмысымен тығыз байланыстылығы,өткен сабақтың жалғасы, жаңа сабаққа дайындық іспеттес болатындығыескеріледі;

*тапсырмалар оқушыларды өз бетімен ізденуге, алғанбілім-білік, дағдыларын жаңа жағдайда қолдануға бағытталуытиіс;

*тапсырмаларды бір жақты және бір типтес болмайтындай,оқушыларды жалықтырмайтындай етіп түрлендіріп отыруқажет;

*тапсырмаларға бағдарламаның негізгі тарауларын қайталауғаарналған сұрақтар енгізілуітиіс;

*әр тапсырманың өзінің қиындығы болады, бірақ ол оқушыорындай алатындай, бұл қиындықты өздерінің қабілеттері мен біліктілігінбарынша қолдану арқасында жеңе алатындай болуытиіс;

*оқушыларға берілген әрбір тапсырманы орындаудың анық әрінақты жолдары мен әдістері көрсетіліп, қандай ақпарат көздерін, көмекшіқұралдарды қолдану керектігі түсіндірілуі қажет. 

*барлық оқушыларға ең аз мөлшердегі тапсырмалар беріледі. Ең көп мөлшердегі тапсырмалар жеке оқу пәндеріне қызығушылық білдірген, тиісті қабілеттері бар балаларға арналған;

*үй жұмысы белгілі бір мөлшерден аспауы тиіс: негізгі тапсырманың көлемі жеткілікті болған жағдайда оқушыларды жеке тапсырмалармен жүктемеу керек. Оларды қажет жағдайда ғана беру керек: тексеру жұмысына дайындық ретінде немесе жаңа тақырыпты меңгеру алдында, өткенді қайталау мақсатында;

*тіл сабақтары, математика пәндерінен жазбаша үй жұмысының көлемі сыныпта орындалған жұмыстың үштен бір бөлігінен аспайды;

 

Үй жұмысы – оқу үдерісінің қажетті элементтердіңбірі. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ол сабақ кезінде алынған білімдібекітуге және тереңдетуге ықпалетеді.

Үй жұмысын ұйымдастыруда төмендегілер ескерілуіқажет:

1)үйжұмысынтекоқулықпараграфтарынжаттаумен есептерді орындау арқылы шектеуге болмайды.Шығармашылық, эксперименттік сипаттағы және проблемалық элементтері бартапсырмаларды көбірек қолдануқажет;

2)үй жұмысына оқушыларды өз іс-әрекетінің нәтижелерін өздеріталдауға бағыттайтын элементтерді қосуқажет;

мазмұны мен орындау формасы бойынша көптүрлілігімен ерекшеленетін 

3)үйжұмыстарын қолдануқажет;

Үй жұмысының мазмұны мен көлемін анықтауда оқушылардыңжас ерекшеліктеріне байланысты жекелей ерекшеліктерін ескеруқажет.

Үй тапсырмасының тиімділігін арттыруға арналған және оқушылардың терең білім алуына мүмкіндік беретін дидактикалық әдістер:

  1. оқу жұмысы үдерісінде жаңа материалды меңгерту  кезінде оқушылардың үй тапсырмасын дұрыс орындауына назар аударту алғышарт болып табылады;
  2. үй тапсырмасы тек репродуктивті (түсіндірмелі) әрекетке негізделмей, оқушылардан ойлауды және шығармашылықты талап ететін тапсырмаларға негізделуі тиіс;
  3. үй тапсырмасын мүмкіндігінше саралап беру және  пәнді терең меңгеруге талпынатын, қабілетті оқушылар үшін қиындығы жоғары қосымша тапсырмалар беру;
  4. үй тапсырмасын орындаудың тиімді тәсілін ұсыну;
  5. оқушыларды меңгерген материалды белсенді қолдануға және оны сапалы меңгеруде өзін-өзі бақылауды үйрету.
  6. әртүрлі жаттығуларды кезектестіріп беру есте сақтау қабілеттерін арттырады: көру арқылы есте сақтау (көшіруге берілген жаттығулар), есту арқылы есте сақтау (ауызша әңгіме құрау), логикалық ойлау (кесте, диаграмма, т.б. құрастыру), елестету (оқиға мен затты ойша бейнелеу);
  7. оқушылардың математикалық сауаттылығының нәтижесін жақсарту және білім сапасын арттыру мақсатында математика сабағында  меңгерген білім, біліктілігін тәжірибеде және күнделiктi өмiрде пайдалана білуге негізделген практикаға бағдарланған тапсырмаларды орындату ұсынылады;
  8. жаратылыс пәндерінен берілетін тапсырмалар оқушының зерттеушілік қабілетін дамытуға бағытталуы тиіс (мысалы, табиғаттағы құбылыстарды бақылау, өсімдіктердің, жануарлардың, жәндіктердің тіршілік ортасын, қоректенуін, т.б. зерттеу).

Кез келген сабақтың дидактикалық құрылымында үй тапсырмасын беру кезеңі болады. Олтөмендегікөрсетілгенәрекеттердентұрады:

1)   әроқушыныңерекшелігінескереотырып, үйтапсырмасытуралыақпарат беру;

2)   оқушыларғаүйтапсырмасының, жекелегенжұмыстардыңмақсатын, мазмұнынжәнеорындалутәсілдерінтүсіндіру (егжей-тегжейлінұсқаулық беру);

3)   берілгентапсырманыорындаумерзімітуралыақпарат беру.

4) білім алушыға қолдау көрсету  бойынша ата-аналармен жұмыс

Үй тапсырмасын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті  артып, өздігінен білім алуға  жүйелі түрде дағдыланады.

Қорытынды. Оқушы білімінің сапалы болуы үй тапсырмасын әр оқушыға түсінікті етіп беруге байланысты. Оқушы санасына түсінік пен ұғымды қалыптастырып, білімді жүйелі түрде меңгеруіне және жеке оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда үй тапсырмасының маңызы ерекше екендігін сабақтарда қолданғанымыздан білеміз. Сыныпта  кей оқушылар  үй тапсырмасын орындай алмай жатса, біреулері алға кетіп, біреулері кейін   қалып, білімдерінде ала құлалықтар орын алып жатады. Сондықтан да үй тапсырмасын сынып жұмыстарының сандық бөлігі деп қана қарамай, оқушы білімін тереңдетіп дамытатын,пәндерді меңгеруге әзірлігін күшейтіп, білімін жетілдіретін, оқушының өзіндік ерекше бейімділігін ескеретін және сан қырлы қабілетін  дамытатын сабақтың ерекше құрамды бөлігі деп қарау қажет. Оқулықтан материал ұсына отырып, оқушыларды ойландыратын да сұрақтарды іріктеп алуы керек. Үй тапсырмасын әр оқушыға әбден ұқтырып, теориялық заңдылықтарды тәжірибеде қалай қолданатынына назарларын аударады. Үй тапсырмасын орындау кезінде,   белсенді ой еңбегінің талдау, зерттеу, салыстыру формаларын қатар қолдана білуді оқушыларға үйретеді.Әсіресе, әр оқушының өзіндік ерекшелігін ескеріп, олардың әрқайсысына  жеке тапсырма береді. Өйткені кейбір оқушылар берген тапсырманы  оңай ұмытытады, не ұқпай қалады.Міне осындай ерекшеліктерін ескеріп, әр оқушыға қиындық туғызбайтындай көлемде тапсырма беріледі.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

    1.«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының ОРТА білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»

әдістемелік нұсқау хат

  1. 2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА ҒЫЛЫМ НЕГІЗДЕРІН    ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ /Әдістемелік нұсқау хат/

  1. «Бастауыш сынып» Республикалық  әдістемелік-педагогикалық журналы, 2015ж. №15.
  2. «Бастауыш мектеп» Ғылыми әдістемелік-педагогикалық журналы, 2013ж, №5.
  3. С.Ахметов Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру жолдары,  Алматы «Рауан», 8-9бет, 2007ж.

 

504 0
Кульзия Жампеисова, «№1 Бұқтырма орта мектебі»КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Шығыс Қазақтан облысы, Алтай ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000267
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: