Адамның ойын жарыққа шығаратын құрал – тіл. Ал тіл – адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай, сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тəжірибесін, өнер-білімін жеткізуші құрал. Рухани байлығымыз тіл арқылы жасалады, жеткізіледі. Кез келген халықтың тілі сол халықтың ұлттық ерекшелігін танытатын қойма тəріздес. Сол қойманы ашып, қазынасын танып білу – бізге мұратты іс. Тəуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тікелей басшылығымен елімізде тіл саясаты салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Үштілді оқыту – заман талабы. Үштілділік – бəсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.
«Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы “Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мəдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
«Үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы»,-Б. Хасанұлы анықтама бергендей бүгінде оны қолдануға жан-жақты күш салынуда.
Осы орайда құрылған «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» басты мақсаты:
• Қазақ тілінің мəртебесін көтеру;
• мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу;
• ағылшын тілін меңгерту;
• орыс тілін жетік білу;
• əр ұлттың тілдерін дамыту, оларды сақтап қалуға мүмкіндік жасау;
• тілдер гармониясының бірлігіне жол ашу.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Орыс тілін білу – тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымындары мен араласатын орталарын кеңейтіп жатыр. Ағылшын тілін меңгеру – жастарға əлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. Сол себепті үш тілдің белсенді қолданыста болуы өскелең ұрпақты жоғары деңгейге көтерері хақ. Бүгінгі таңда үштілді саясатты жүзеге асыру мақсатында мектеп бағдарламасына сай мұғалімдер мен оқушыларға ағылшын тілін жетік меңгеру талабы қойылып отыр. Осы орайда мектебіміздің бірқатар ұстаздары білім мазмұнын жаңарту аясында біліктілікті арттыру курстарына барып, өз кəсібилік деңгейін шыңдап, оқушыларға сапалы да саналы білім беруде аянбай қызмет етіп келеді. Тіл мамандары ретінде үштілділік саясатын қолдай отырып, ағылшын, орыс, қазақ тілі мамандары бірлесіп жұмыс жасауда. Əріптестеріміз балабақшадан бастап бүлдіршіндерді үш тілде амандасуға, бір-бірімен сөйлесуге дағдыландырып келеді. Өз іс-тəжірибемізде оқушылардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде жүргізудің тиімділігі зор екеніне көзіміз жетіп отыр. Өнімді нəтиже беріп жүрген іскерлік ойындары: «Полиглот», «Кім тапқыр?», «Үздік тілші», «Кел, сайысайық!», «Тілдер сөйлейді» сынды тағы басқа ойындарды өткізудің үштілді меңгертудегі маңызы айрықша. Оқушыларды ойната отырып, үш тілде жүргізілген сөзжұмбақтар, анаграммалар олардың коммуникативтік құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын арттыруға негіз болды. Сондай-ақ, ақпараттық технологияны: электрондық оқулықтар, бейнематериалдар, презентациялар, тест т.б түрлері оқушылардың қызығушылығын оятып, уақыттарын үнемдеуге, қосымша деректерді тиімді қолдануға түрткі болды. Шығармашылық жұмыстарға жетелейтін тапсырмаларды да оқушылар қызыға орындап, еркін аударма жұмыстарын жасауға дағдыланды. Мəселен, «Мақал-мəтелдердің үндестігі» салыстыру жұмысы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ұсынылып, сыныбына ISSN:2663-2543 • «UDU» 11 орай күрделеніліп отырады. Бұл тапсырмада мақал-мəтелдерді тақырып бойынша табу, үш тілде аудармасын ұсыну, үндестігін табу. Мақал-мəтелдер тақырыбы қазақша орысша ағылшынша Бұл жерде оқушылардың сөйлеу тілдері мен сауаттылықтарына назар аударылады. Ал осы тақырып бойынша қабілеті жоғары оқушыларға шығармашылық бағыттағы «Мақал-мəтелдердің баламасын жаз» тапсырмасын ұсынуға болады. Бұл жерде оқушылар өздері таңдаған тақырыпта үштілде мақал-мəтел ойлап, баламасын жазуға талаптанады. Шығармашылық бағыттағы тапсырманың бір түрі: «Тіл тағдыры ақындар жырында». Қазақша Орысша Ағылшын Үндестігі Ерекшелігі Бұл тапсырмалар оқушылардың ізденушілік əрекеттеріне, өз беттерімен білім алып, алған білімдерін ортаға салып, дəлелдеу дағдыларына түрткі болды. Ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерін дамытты. Пəнаралық байланыстың негізінде оқушылар əр пəннен алған білімдерін тоғыстыра отырып, өз мақсаттарына жете білуге дағдыланды. Үштілділікті əдебиет сабағында да жүйелі түрде қолданып келеміз. Мəселен, əдебиет сабағында «Ертегілер» тақырыбын өткенде іздендіру-зерттеу бағытындағы тапсырма ұсынуға болады. Яғни, «қазақ ертегілері мен əлем халық ертегілерінің үндестігі» тақырыбы бойынша оқушылар салыстыру жұмысын жасап, тапқан деректерін топпен бірлесе отырып, үш тілде еркін баяндап беруге талаптанады. Үлгі: Қорыта келгенде, Қазақстанның тілдер саясатындағы басты бағыт – тілдердің үштұғырлылығы. Бағдарлама қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін еркін меңгертуді көздеп отыр. Көпұлтты мемлекет үшін бұл қалыпты жағдай. Тілдердің бірлік пен үйлесімде өмір сүруі жəне бір-бірін ығыстырмауы тілдер гармониясын құрып, солай аталып та жүр. Басымдылық мемлекеттік тілге беріліп отырғаны баршаға белгілі. Ағылшын тілін меңгеруге ден қойылуда. Алайда, Қазақстан жерінде тұратын азаматтардың басын біріктіретін тіл ретінде қазақ тілі көш бастауы керек. Келер ұрпақтың мемлекеттік тілде сөйлеуі заман талап етіп отырған жағдай. Сондықтан, болашақ жастарымыз өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, əлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейте түсері сөзсіз.