Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI428

Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияны қолдану тиімділігі

Қазақстан Республикасы тəуелсіздік алғалы нарық саясатына жол ашылып, дүние жүзі мемлекеттерімен саяси, мəдени жəне экономика салаларында жан-жақты байланысқа түсуде. Өркениетті ел болу үшін əлемдік кеңістігіне бет түзеу қажеттілігі туындап, заман ағымына сай білім беруді дамыту, білім саласын əлемдік деңгейге көтеру –оқу орындары мен оқытушылардың басты міндеті болып отырғаны баршаңызға мəлім. 

Есбасы Н. Ə. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлттық бəсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» - деген еді. Сондықтан біздің болашағымыз үшін елімізге дені сау, білімді, рухы таза ойы биік адамдар қажет. Ал мұғалімдердің, яғни біздердің мақсатымыз рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған, тілдерді жақсы меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлға дегеніміз – əлеуметтік қатынастармен саналы іс-əрекеттің субъектісі ретіндегі индивид деген сипат беруге болды. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның əлеуметтік мəнінің болуы, əлеуметтік функцияларды атқаруда. Ал, мұғалімдер бұл мақсатқа ұлттық байлығымыз бен салт-дəстүрімізді, білім беру ісіндеге озық үлгілер, тұғырлы ұстамдарымен тығыз байланыстыра отырып дамыту, жас ұрпақтың қабілеті мен мен талантын ашу, шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіру, осы арқылы өз – өзіне деген сенімін арттыру, яғни өз жолын өзі дұрыс таңдауға дұрыс бағыт беру арқылы жете алады.

 Бүгінгі оқыту мен тəрбиелеудің негізгі нышаны - жеке тұлғаға бағытталған оқу. Жеке тұлғаға бағытталған оқыту- оқушының барлық мүмкіндіктерімен қабілеттерін ескере отырып, оның жеке ерекшеліктерін, қабілетін дамытуға жағдай туғызу. Адамның үнемі ізденіске, жаңалыққа ұмытылуы физиологиялық құбылыс, ал заманауи технологиялардың біздің қоғамымыздың түрлі салаларына орын алып, дамуы бүгінгі күннің талабы. Кез келген ұлты танып білу үшін сол елдің тілін, тарихын жетік меңгеру қажет. Сондықтан əр оқушының өз ана тілін жетік меңгеруімен бірге халықаралық тіл - ағылшын тілін жетік меңгере білуі ұстаздарға қойылған заман талабы жəне артылған үлкен жауапкершілік. Білім беру саласында оқытудың мазмұны өзгеріп, жаңа көзқарастар пайда болып, оқытудың жаңа технологиялары, яғни инновациялық оқыту технологиялары кеңінен қолдануда. Жаңа технологияны меңгеру əр ұстаздың интеллектуалды, кəсіптік, шеберлік жəне басқа да қабілеттерінің, біліктіліктерінің қалыптасуына, өзін-өзі дамытып, оқу тəрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына əсерін тигізетіні сөзсіз. Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, əр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мəнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. «Сабақ беру- үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол -жаңадан жаңаны табатын өнер. Бала ынтасын ояту үшін бір жаңалық қажет » деген екен ұлы кемеңгер Ж. А. Аймауытов. Оқу үрдісінде бұрыннан қолданылып келе жаткан Ж. Қараевтың Деңгейлі - саралап оқыту, «Модульдік жобалай оқыту» «Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы, Миға шабуыл, Интерактивті əдістер, Топтастыру, Инсерт, Класстер құру, Семантикалық кесте, Венн диаграмасы, жəне Ақпараттық технологиясы, рольдік ойындар т. б жатады. Оқушыларды ағылшын тілі пəні бойынша ауызша сөйлеу, өзіндік ойлау, функцианалдық сауаттылықты, монологты сөйлеу дағдыларын арттыруда, тақырыптық сөздік қорларын кеңейтуде жəне граматика-лексикалық білімдерін дамыту барысында қолданылатын көрнекіліктердің жəне əдістəсілдердің маңызы өте зор. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» - педагагогикалық технология. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы еркін сөйлесуге, тілді жетік меңгеруге, пікір таластыруға, бір – бірінің ойын тыңдап құрметтеуге, өзекті мəселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңе білуге бағыттайтын – технология. 

Сын түрғысынан ойлау əдісі бойынша қойылатын шарттары: Бұл стратегия бойынша сабақтар үш кезеңнен тұратынын ескерген жөн. I-кезең. Оқу кызығушылығын ояту. Үйрету процесі-бұрынғы біліммен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Бұл кезең бойынша ағылшын тілі пəнінен ой ашар, мыйға шабуыл, Ассоциялық кесте, болжау, класстер, аквариум əдістерін қолдануға болады. ТапсырмаАртық сөзді тап Odd the words Sofa pillow sugarsock garden skirtFlower street bridge II –кезеңМағынаны тану Бұл кезеңде оқушы жаңа тақырыппен танысадытақырып бойынша жұмыс істейдіжаңа тақырып бойынша мағынана ашатын түрлендірілген тапсырмалар ұжымдасқан топта орындаладыолардың өз бетімен жұмыс істеулеріне жағдай жасаладыМəтінмен жұмыс бойынша оқу түсінігін диаграмма толтыру, true or false, Jumblled Sentences (шатасқан сөйлемдерді ретімен қою), Order the phrase, Matching the picture with given paragraph INSERT əдісін мəтіннің мағнасын ашу үшін қолданудаоқушылардың ауызша сөйлеуой бөлісу дағдыларын қалыптастыруда тиімді. I) I know II) I want to know III) It is new for me IV) I have known «Total physical response» (физикалық сезіну) əдісі сөздікті іс – қыймыл арқылы ұғыныптез меңгеруге жақсы ықпал етеді. III – КезеңОй толғаныс Сын тұрғысынан ойлауды дамыту əдісінде бұл кезең маңызды əрекет болып табыладыОқушы нені үйренгенін саралапой елегінен өткізедіқорытындылайдыҰжымдық ісрекеттер білім игеруде ортақ қарым-қатынас құралына айналдыОқу процесінің ой толғаныс кезеңінде Венн диаграммасыСемантикалық картакесте толтырутест жұмысытақырып бойынша эссе жазупостер қорғау əдістері əр сабақтың ерекшелігінемұғалімнің сабақ жоспарлауына байланысты қолданыладыОсындай оқу əдістерінде оқушы неге үйренеді. - Ұжымдық жұмыс істеуге дағдыланады - Ой қабілеттері артадыжаңа идеямен бөліседі - Тілі дамидысөздік қорлары кеңейеді - Өздерін-өзібір –бірін бағалай алады - Бір-бірлерінің жауабын тыңдауды үйренеді - Пəнге деген қызығушылықтары артады - Өздеріне деген сенімділік көзқарастары қалыптасады - Іскерлік дағдысы дамиды

Елбасымыз Н. Ə. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажетҚазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетінтерезесін тең ететін – білім». Сондықтанқазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мəселесін қойып отырОқытудың əртүрлі технологиялары сарапталыпжаңашыл педагогтардың іс-тəжірибесі зерттеліпмектеп өміріне енуде

Қазақстан Республикасы "Білім туралы" 8-бабында "Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізубілім беруді ақпараттандыру халықаралықғаламдық коммуникациялық желілілерге шығуделінгенБілім беру жүйесінде осындай жаңа технологиялық əдістерді қолдану жəне заман талабына баланың сабаққа қызығушылығын ояту әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау сенімділігін туғызу әр жауапқа бірдей қарау,жақсысын мадақтап,нашарын сынамау жауапты соңыны деін тыңдау жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз ұинап сұрамау тіл байлығын дамыту үшін жауапты соңына дейін тыңдаубаланың рухани өсуіне жағдай жасау сай пайда болған ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану ағылшын тілі пəнін оқытуда оқушының қабілетіне қарай білім беругеоны дербестіккеізденпаздыққа тəрбиелеуде жəне жеке тұлғанаң жан-жақты дамып жетілуге жағдай туғызадыЖеке тұлғаға заман талабына сай сапалы білім берусаналы тəрбие бере отырыпоның өз ана тілін жəне ағылшын тілін жетік меңгере алуыр педагогтың алдындағы жауапкершілігі мол ортақ іс.

 Білімнің сапалы болуы оның ғылыми тұрғыдан жоғары дəрежеде болуы ұстаздың шеберлігі мен сабаққа тиімді əдіс – тəсілдң пайдалана білуіндеХХІ ғасырға сай білімді жəне дарынды полиглот азаматтарды тəрбиелеу шет тілін оқытатын ұстаздарға берілген үлкен тапсырма жəне сенімділік болып табылады.

 Пайдаланылған əдебиеттер

1. Мұғалімге Арналған Нұсқаулық Бірінші (ІлгеріДеңгей /Екінші Басылым/ 2014 ж.

 2. Қазақстан Республикасы Білім Жəне Ғылым Министрлігі ЫАлтынсарин Атындағы Ұлттық Білім Беру Академиясы «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» Дербес Білім Беру Ұйымы Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау басшылығы Астана 2016 

3. Елбасы Н.Ə Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруыжаһандық бəсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 31 қаңтар 2017ж

4. Қазақстан Республикасында білім беруді жəне ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

5. Мектептегі шет тіліРеспубликалық əдістемелік-педагогикалық журнал. №2(80), 2016

293 0
ЕЛЕНА ПРОВКИНА, №84 жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пəні мұғалімі Алматы қаласы «ULY DALA USTAZY» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы № 000320
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: