Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI413

СЫНЫПТАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕСІНІҢ КОМПОНЕНТТЕРІ

        Мықты сынып жетекші болу үшін оқытатын пәніңді және оқушыларыңды жақсы көруің керек. Сынып жетекші - тәрбие жұмысын ұйымдастыру саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгертіп, білім алушыларды жігерлендіріп, оларға қолдау көрсетіп және биік адами мұраттарға бағыттайды. Сыныптағы тәрбие жұмысы мектеп тәрбие жұмысы жүйесінің аясында жүзеге асырылады 

Міндеттері: Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту 

Топтық жоспарлау дағдыларын қалыптастыру

 Белсенділікті ынталандыру 

Қарым-қатынас құндылықтары туралы түсініктерін дамыту 

Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту

 Тәрбие процесін басқару, сынып жетекшісі болу — күрделі іс. Сынып жетекшісі — бұл топтың шын мәніндегі жетекшісі, ұйымдастырушы, білім беруші, үйлестіруші. Ол оқушылармен, атааналармен осы сыныпта сабақ беретін пән мүғалімдерімен бірлесе жұмыс жасай отырып, әр оқушының дене құрылысы мен адамгершілік тұрғысынан дамуын қамтамасыз етеді, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзін – өзі тануына, өзін-өзі тәрбиеленуіне жағдай жасайды. 

Сынып жетекшісі өз сыныбындағы оқушылардың ерекшеліктерін ескеруі керек, оларға өзгелерден өзгеше ғажайып рең беруге тырысу керек (көркем безендірілуі, қабырға газеті, ұжымдық шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру). 

Сынып- оқушысы үшін оңтайлы эмоция орталығы болуға тиісті, ал, сынып жетекшісі – ең алдымен балалардың мейрімді, шығармашыл, ізгі ұжымның іскер тәрбиешісі болуы керек. Тәрбие жүйесінің аса маңызды, айқындалған 5 компоненті: 

1. Жеке дара-топтық; 

2. Құндылық-бағдарлы 

3. Атқарымдық-әрекеттік 

4. Кеңістіктік-уақытты 

5. Диагностикалық-нәтижелілік. 

 1. Жеке-дара-топтық компоненті бұл ересектер мен балалардың қауымдастығы. Олар бір сынып көлемінде ортақ әрекет арқылы біріккен қауымдастық. Бұл қауымдастық бірнеше бөліктерден тұрады: сынып жетекші, оқушылар, ата-аналар, пән мұғалімдері басқа да тәрбие үдерісіне қатысы бар адамдар. Сыныптың тәрбие жүесін құрудағы өте маңызды компонент. Себебі осы адамдар сыныптың тәрбие жүйесінің мазмұнын, қандай бағыттың қажетті екенін анықтап, жүзеге асырады. Жүйенің мағынасы мен маңызы, оқушылардың қажеттілігін жүзеге асыру және әрқайсысының тұлғалық дамуына ықпал ету арқылы ұжым ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету. Соның ішінде сынып жетекшінің көзқарасы, құндылық бағдары, қызығушылығы, ұстанымы тәрбие жүйесінің негізгі құраушы факторы болып табылады. Ал сынып оқушылары, бір жағынан өз дамуының толық құқылы иесі, екінші жағынан бірлескен әрекет, қарым қатынастың еріксіз ықпалының нысаны. 

2. Құндылық-бағдарлы компоненті. Ол келесі жиынтықтан тұрады: 

* Тәрбие жүйесінің маңыздылығы; 

* Мақсат, міндеттері; 

* Сыныптың ұжым ретінде әрекетінің келешегінің болуы 

* Сыныптың тәрбие жүйесін құрудың және іске асырудың негізгі қағидасы. 

Сыныптың тәрбие кеңістігінде жеке дара да, топтық та құндылықтар бар. Бірі қарымқатынастарды құруға, бірігіп әрекет етуге ықпал етсе, кейбір құндылықтардың тіпті қажеттілігі шамалы болады. Яғни мәселе тәрбие-леудегі құндылықтардың басымдылығы мен олардың маңыздылығында. Бір сыныпта басымдылық адамгершілік қасиеттерге берілсе, кейбіреуінде қарымқатынасқа, үшіншісінде-бірігіп әрекет ете алуға берілуі. Сондықтан әр сынып жетекші өз сыныбына басым және маңызды құндылықтарды анықтауы қажет. Яғни кез-келген жолмен жеңіске жету ме, әлде жеңілсе де өз абыройын сақтап қала алу ма? Сіз үшін, сіздің сыныбыңыз үшін не маңызды, соны нақты анықтау керек.

 Атқарымдық-әрекеттік компонент келесі бөліктерден тұрады: 

• Сыныптағы оқушылардың біріккен әрекетін, қарым-қатынасын ұйымдастыру әдістері мен түрлері; 

• Тәрбие жүйесінің атқаратын негізгі міндеттері 

• Сыныптың күнделікті тіршілігін, өз бетімен әрекет етуін педагогикалық жағынан қолдау, қамтамасыз ету, Бұл компоненттің негізін сынып оқушыларымен біріккен әрекет, шара құрайды. Кеңістіктік-уақытты компоненті. 

Ол келесі бөліктерден тұрады:

 • Сынып оқушыларының тіршілік-әрекетіндегі, күнделікті дамуындағы адамгершілік-рухани, сезімдік-психологиялық, заттық-материалдық ортасы, жағдайы;

 • Сыныптың басқа сыныптармен, қоғаммен байланысы, қарым-қатынасы. Біз күнделікті байқаймыз кейбір сынып оқушылары өздерінен ересек не жасы кіші балалармен қарым-қатынас жасайды. Ал кейбіреуі тіпті өзімен бірге оқитын оқушылармен тіл табыса алмай жатады; 

• Сыныптың жалпы мектепішілік тәрбие кеңістігіндегі орны. Кейбір тапсырманы не шараны өткізуді тапсырғанда сыныптың деңгейіне, өз бетінше әрекет ету алу қабілетіне қараймыз. Бұл сыныптың жалпы мектептегі тәрбиелік бет-пердесі; 

• Сыныптың тәрбие жүйесінің даму кезеңдері. 

Тәрбие жүйесі байланысы мен қарым-қатынасы шектелген, жабық жүйе болмауы керек. Сынып жетекші өз сыныбының басқа да сынып оқушыларымен байланысын қалыптастырып, оның нығаюына атсалысқаны дұрыс. Сондықтан кейбір шараларды параллель сыныптар арасында бірігіп өткізуді ұйымдастыру қажеттігі бар. Бірақ бұл жерде ескеретіні оқушылардың барлығын шарамен қамту. Қалғандары бос отырса, бір-біріне кедергі жасап, ешқандай жетістікке қол жеткізе алмайды. 

Диагностикалық-нәтижелілік компонеті. Ол келесі бөліктерден тұрады: 

Тәрбие жүйесі нәтижелілігінің келесі көрсеткіш өлшемдерін алуға болады. Оқушылардың тәрбие көрсеткіштері; 

Сыныптағы оқушының өз-өзін жайлы сезіну деңгейі; Сыныптың тіршілік-әрекетімен оқушы мен ата-анасының қанағаттануы 

Сыныптың ұжым ретінде қалыптасуы;

 Сыныптың абырой беделі; Сынып ұжымының жеке даралық қасиеттерінің көрініс табуы. Осы көрсеткіштерді анықтауға сәйкес әдіс-тәсілдер анықталып, қортынды шығарылады. Сонымен, сыныптың тәрбие жүйесінің негізгі  құрамдас бөліктері мен оның ішкі мазмұны, мағынасы туралы таныстырылды. 

Жүйе мағынасы туралы түсінік сіздерге сынып қауымдастығында оқушыны тәрбиелеу үлгісін құруға көмектеседі. 

Жұмыс түрлері } Сынып сағаттырын өту } Концерт түрлері } Ауызша әңгімелер } Ойындар }Викториналар }

Тренингтер өту Бүгінгі күнгі нәтиже: 

1. Сыныпта үлгермеушілер жоқ 

2. Барлық оқушы сыныптан тыс іс-шаралармен қамтылады 

3. Сыныптағы қарым-қатынас ахуалы жақсы

 4. Сынып қоғамдық белсенділік танытып келеді 

                     Қорыта келгенде, О. Бальзактың “ұдайы еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Әрине, әр атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т. с. с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн

263 0
ОЙДЖОН ИСМОИЛОВА, №1 мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Ұлы дала ұстазы № 000312
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: