В статье описан опыт работы учителя в рамках ОЭР по теме «Формирование познавательной компетенции учащихся через использование самостоятельной работы на уроках литературы».
The article describes practical experience of the teacher about the forming of pupils’ informative competence on the lessons of literature by means of using students’ independent work.
Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман: мұғалімге ХХI ғасыр бәсекесіне сай, жан-жақты білімді, әлемдік кеңістігіне ұмтылатын жеке тұлғаны дайындауды міндеттейді. ҚР мемлекеттік жалпыға бірдей 12 жылдық білім беру стандартында білім беру жүйесінің мақсаттарына байланысты «Құзірет-білім берудің негізгі нәтижесі болып табылады» делініп, оқушының проблемалық шешімін табу құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілік, коммуникативтік құзіреттіліктерді меңгеруіне ерекше назар аударып отыр. Негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру мәселесі оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың ұтымды жолдарын іздестіруді көздейді. Ол оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай педагогикалық-психалогиялық негіздеуді қажет етеді. Ол оқушының өзіндік білімін кеңейтуге деген алғашқы қадамы өз іс-әрекетінен айқын байқалады. Ол тіпті мектепке дейінгі жастағы баланың ойын әрекетінен де анық көрінеді. Сондықтан баланың өзі атқарып отырған әрекеті ақпарат алу, яғни әңгімеге тарту, оның ақыл-ойының одан әрі дамуына кепіл бола алады. Оған мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, оқушы ретінде өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруға жағдай жасау арқылы қол жеткізуге болады. Ол мектепке дейінгі қаланған дағдылар негізінде, сондай-ақ бастауыш білім беру сатысымен тікелей сабақтастықта жүзеге асады. Өз бетімен ойнап отырған бала өз бетінше ойлай да алады. Сондықтан да оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруды бастауыш сатыдан бастап қолға алу керек.
Баланың өсу кезеңдеріне сай дамуындағы өзгерістер оның өзіндік іс-әркетіне тікелей байланысты. Бала қоршаған ортаның ықпалымен өзінің іс-қимылын өзгертіп отырады. Айналасындағы үлкендердің, құрбыларының іс-әрекетіне қарап, қызығушылығын да танытып жатады. Әрине, оқу-тәрбие үрдісінде оқушы өзінің іс-әрекетін өз бетімен ұйымдастырып алып кете алмайтыны түсінікті. Оған әр оқушыны, жеке ерекшеліктерін ескере отырып және жеке тұлға ретінде дамыту, яғни қабілеті мен мүмкіндіктерін ашу арқылы қол жеткізуге болады.
Жаңа заман жаңа адамды талап ететін болса, ол адамның өмір сүру тәсілі өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуінен бастау алады. Сондықтан баланы өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуге баулу- өз бетімен өмір сүруге даярлаудың алғы шарты болып табылады. 12 жылдық оқытудағы басты мақсат:
• қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;
• өзін-өзі дамытуға;
• өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім;
• жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Ендеше, алынып отырған тақырыбым бүгінгі күндегі білім беру үрдісінің бір бөлігі ретінде, бастауыш сынып оқушыларына қойылатын талаптарға жауап бере алады. Тақырыптың өзектілігі де осында.
Теориялық кезең: Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алайық. Біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары. Екіншіден, мұндай жұмыстардың балаларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, өзінөзі бақылай білуге тәрбиелеуі.
Ғылыми деректер бойынша оқушы есту арқылы -10% , көру арқылы-30% , қарапайым әрекет арқылы50% , ал белсенді іс-әрекет арқылы-90% естеріне сақтайды екен.
«Қарасам-көремін, тыңдасам-естимін, ал әрекет жасасам-білемін» деген қытайдың нақыл сөзі де оқушының өзіндік іздену іс-әрекетінің маңыздылығын көрсетеді. Олай болса, оқушылардың танымдық құзіреттілігін қалыптастыруды оқушы өзіндік іздену әрекеті арқылы алу керек. Ал өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі шарттары не?
Олар:
✓ Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
✓ Жұмысты өз еркімен және мұғалімнің қолдауымен жасауы;
Жалпы бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әртүрлі болады ғой. Дегенмен де, әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік-оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Оқушының қабілетін дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Әр баланың тұлғасы жеке зерттеуді қажет ететін ғылым іспеттес. Тетігін дәл тапсаң, іске қосылады. Себебі, жүрегін қуантқан адамға сенеді. Сондықтан да балаға сенім қалыптастыру керек, яғни «сен білесің», «сенің қолыңнан келеді», «үйренесің» деген сөздер оқушының өзіне деген сенімділігін арттырады. Ал өзіне сенген оқушы өздігінен жұмыс жасауға үйренеді, сонымен қатар оқушының жеке қабілеті анықталады, әр бала өз деңгейіне қарай бағаланады. Әр баланың қарай тапсырма бергенде ғана дұрыс нәтиже болады.
Мұғалім оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырғанда, алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйрету қажет деп ойлаймын.
Тәжірибелік кезең: Оқыту үрдісінде ең маңызды кезең-оқушылардың танымдық қабылдауын қалыптастыру. Ал оқушы танымын қалыптастыруда сөздің әсері зор. Сөз өнерінің әсерін тану үшін, алдымен көркем мәтінді оқыту керек. Ал оқушыға ана тілін оқыту- оңай жұмыс емес.
«Оқу-қиын жұмыс, оқусыз образдар әлеміне бойлау жоқ», -деп академик Амонашвили де айтып кеткен. Ал бұл кезеңдегі түбегейлі мақсатты жүзеге асыратын оқу пәндерінің бірі- әдебиеттік оқу. «Оқытатын пәндердің бәрі бірдей керекті, бірақ бәрін қаусырып, орап алатын пән- ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес» деп Ж. Аймауытов айтқан екен.
Негізі, әдебиеттік оқу –ерекше сабақ, онда оқушылар өздері де байқамай еңбексүйгіштік, үлкенкішіге қамқорлықты бойына сіңіріп, сараңдық, өтірік, арамдық секілді мінездерді саналы түрде айыптайды. Ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынов «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ, олақтық белгісі-бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі-түрлі әдісті болу, керек орнында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек», - деп атап кеткен.
Ендеше, оқушылардың танымдық құзіреттілігін төмендегі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы қалыптастыруға болады:
✓ Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
✓ Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
✓ Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту.
✓ Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме бергізу
✓ Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
✓ Мәтін, ертегі, әңгімені өз беттерінше аяқтау.
Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстары бастауыш сыныптарда ұзақ болмауы керек және көлемі шағын, мазмұны оңай болуға тиіс. 2-сыныпта − 5-10 минут, 3-сыныпта – 10-15 минут, 4-сыныпта 15- 20 минуттық тапсырмалар беріледі.
Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалу керек:
➢ Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы;
➢ Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;
➢ Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұнының әртүрлілігі;
➢ Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы.
Негізі, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысын басқару ісі 1-сыныптан, яғни «Әліппеден» басталады ғой. Баланың мектепке келгенге дейін «мен бәрін де мектептен үйренемін» деген үмітін ақтау ең бірінші мұғалімнің қатысуымен жүзеге асады. Бұл жауапты кезеңдегі ең басты шаруа-баланың сауатын ашуы, тілінің дамуы өзінің ойын толық айтумен қатар, оқуға үйренуі. Әсіресе бірінші сынып оқушыларының қиялы әдетегіден тыс, ерекше болып келеді. Тіпті ертегіні мәтін желісімен өздері де құрастыра алады. Өзімнің оқушыларыма ұсынған ертегілерден мысал келтірейін: Балаларға «Ертеде бір кішкене сиыр болыпты. Оны үлкен жануарлар мазақтай беріпті. Бірде шыбын келіп, оны мазақтай бастады. .. Ертегіні аяқта» деген тапсырма бердім. Сонда бір оқушы былай деп аяқтады: -Сонда сиыр шыбынды аяғымен басам деп қорқытты. Шыбын кешірім сұрады. Екінші оқушы: Шыбын сиырды мазақтап отырғанда, оны бір торғай жеп қойды. т. с. с
Сауат ашу кезеңінде берілген сөздерге бір әріп қосып, мағынасы өзгерген сөз жазуға тапсырма беруге болады. Айталық: қала+қ, таба+қ, ат+а, ел+у, бақа+н, өр+т, өр+е т. б. «Берілген әріптерден сөз құрап жаз» тапсырмасы; тек бір әріп бір сөзде екі рет қайталанбайтындығын ескертіп отыру керек. Мысалы: Ұ А М З С Б Л Ы Қ Т Асық, ұсақ, бас, бақ, мал, мұз, бұлақ, лақ, тас, тал, бал, тыс, ұл, қыс т. б. «Сатылай сөз құра» тапсырмасы да оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға өз үлесін қосады. Мысалы: Өнеге-неге-еге, құшақ-ұшақ-шақ, қиық-иық-ық т. б. [4]
• 2-сыныпта: тірек сөздер беру арқылы өлеңдер құрастыртуға болады: . .. .. .. .. .. .. .. .. .. .. .. .. .. елімді, . .. .. .. .. .. .. .. .. .. .. .. .. .. .жерімді. . .. .. .. .. .. .. .. .. .. .. .. .. .. .. .. .. .. .. .. . .. .. .. .. .. .. .. .. .. .. .. .. .сенімді деген секілді
• «Ұйқасын тап»: -Алмастан тыным, Шабады. .. .. .. .. Малдарды баға біл, Бабын. .. .. .. .. ..
• Еркін тақырыпқа сурет салып, оған жан бітіріп, сөйлеттіруге болады; Ал, 3-сыныпта жүргізілетін жұмыстар 2-сыныпқа қарағанда мазмұны және көлемі жағынан күрделі болады. Жалпы оқушылардың өздіктерінен жұмыс істеу әрекеті бірден қалыптаспайды. Ол өте күрделі үдеріс болғандықтан, қарапайым сатыдан жоғары, күрделі сатыға қарай біртіндеп дамиды.
Төменде өзім әдебиеттік оқуда қолданып жүрген, оқушылардың өздігінен орындауға арналған тапсырмалар мен жұмыстарды көрсеткім келіп отыр: образға кіру, талдау мен қиялдпау, суырып салма ақын, диалог, ертегі, жұмбақ, мақалдар құрастыру. Образға кіру-жансыз заттардың, жануарлар мен өсімдіктердің орнына өздерін қойып, олардың қандай күй кешіп, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мысалы: Мен-ойыншықпын. Мені балалар өте жақсы көреді. Мен оларға қуаныш сыйлаймын. Түрімнің көбі сонша, әр бала өзі таңдайды.
Қызметім-ойнату. Суырып салма ақын-өз ойынан өлең құрастыру үшін тақырыбы бойынша сипаттап беру. Осы негізгі ойларды пайдаланып, тірек сөздер арқылы жазу. Диалог- ертегі. Мысалы, сөз таптарына ертегі құрастыру мақсатында тапсырма беру: « Бір күні зат есім мен етістік кездесіп қалды.
Зат есім: -Менсіз сөйлем басталмайды, -деді.
Етістік: -Ал менсіз ой аяқталмайды, -деді. » -Балалар ертегіні қалай аяқтар едіңдер? /қазақ тілімен байланыстыру/
Талдау және қиялдау. Талданбаған мәтін бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді. Әр мәтінді мүмкіндігінше қарай сұрақ-жауаптар алып, талдатып, өз ойларымен дәлелдету керек.
Өздігінен орындайтын жұмысты ұйымдастыру − сабақтың ең күрделі кезеңі, өйткені жұмысты оқушылардың бәрі бірдей бір мезгілде аяқтамайды ғой. Дегенмен, өз бетімен жұмысты сабақтың кез-келген уақытында беруге болады:
✓ Сабақтың мақсаты мен міндетіне қарай жаңа сабақты түсіндіргенде;
✓ Қайталау сабағында;
✓ Сабақты бекіту кезеңінде.
Меніңше, егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, сол кезде оқушы өздігінен ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады. Сондықтан да өзіндік жұмыстың тиімділігі – оқушының танымдық құзыреттілігін қалыптастырып қана қоймайды, сонымен қатар:
1. Сынып оқушылары ойын ашық айта алуға үйренді;
2. Оқушыларым мәселенің ең негізгі түйінін табуға машықтанды;
3. Балаларымның басқа сабаққа қарағанда әдебиеттік оқуға деген белсенділігі арта бастады. Оған дәлел:
1. Білім сапасының артуы, соңғы екі жылды диаграмма түрінде көрсетсем:
2. Оқушыларым өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен айналыса бастады: Дегенмен де, мен әлі де болса мақсатыма толықтай жеттім дей алмаймын, себебі ҒЗ жұмысының қорытынды кезеңінің аяқталуына біраз уақыт бар, сол кезеңде оқушыларымның жоғарыда аталған жұмысы төрт-бесеу емес, одан да көп болса екен және де сапаны одан жоғарлату мақсатында ізденіп, жан-жақты жұмыс жасасам деймін. Қорыта айтарым, өзіндік жұмыс терең де берік білім алу құралы бола отырып, оқушының азамат ретінде өмірден өз орнын табуға кепіл бола алады деп ойлаймын.
Ұлы неміс педагогы А. Дистервергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» дегені мәлім. Ендеше, әр ұстазда ойлауға үйрететін сабақтар көп болсын дегім келеді.