Аягөз өңірі тарихы терең, шежіреге бай өлке болғанымен зерттелуі мен танылуы кеміс болып келеді.
XVII ғасырда өір сүрген Сыбан Жангөбек биден бастап кешегі Құнанбайдың замандасы Кежеғұл биге дейінгі бір атаның ғана қайраткер перзенттері жайлы дерек келтірсек Ə. Хасенов «Үш ғасыр иінде» атты зерттеуінде қазақтың ең əйгілі би, батыр, елшілерінің тізімін берген. Сол тізімде СыбанЖангөбек би, Нарынбай би, Байқара бидің есімдері аталады. Елшілерінің ішінде Қу дауысты Құттыбай бар. («Қазақ əдебиеті 1992жыл ақпан айы) Бұлар Жангөбек бидің баласы, немере, шөбересі. Осы адамдар жайлы қалам тартып сөз қозғағанда Қабдеш Жұмаділов «Бұл адамзат тарихындғы өте сирек кездесетін құбылыс, мəдениетімізге өлшеусіз үлес қосқан ғажайып генефон»-дейді. («Қазақ əдебиеті» 2 қазан 1998жыл)
Шежіре деректеріне сөз берсек, бес Сыбанның бірі-Жангөбектен-Нарынбай, Құттыбай, Менлібай тарайды, оларды «Үш сом Жангөбек» деп атайды. Нарынбай-Нар дауысты атанған батыр, би Ташкенде ұлыс бегі болған. Нарынбайдан-Қу дауысты Құттыбай-əйгілі би, Абылай ханның сөзін ұстаған елшісі. Құттыбайдан-Байқара, Ботақара, Боран, Сейтен тарайды. Байқара би болған Ботақараның батырлықпен аты шыққан, Боран əулие, Сейтен мырза атаныпты. Байқарадан атақты ақын, би, елші-Ақтайлақ туады. Сейтеннен Кенжегүл тарайды. Біз Байқара биге ғана тоқталуды мақсат еттік.
Əңгіме Байқара бидің дүниетанымы туралы-ол суфизм деп аталады. Суфизмнің бір кезде қазақ даласына озық ой ретінде тарағаны тарихта аян. Байқара би. Байқара бидің есімен ертерек социолизм заманында естідік. Би болған өрен ақыл иесі, қасиетті адам десетін. Бай болғаны жөнінде де ақырын айтылатын. Үлкендер ол кісі жайында ғайбат сөз айтуға болмайтынын қатты шегелейтін (байларды жамандайтын заман ғой) Артық айтып жазасын тартқандар жайлы мысалдар келтіріп, өлгеннен кейінгі кереметтерін əңгімелейтін. Қайрақтыға баратын қара жолдан өткендер бидің зиратына соғып, дұға оқып, сиынып өтеді екен. Кейініректе бір жылқышы арақтың əсерімен зиратқа дұға қылмай, ол кісі туралы артық айтып, кереметін көріп алайын деп өтіп кетіп үіне келген соң, аузы-мұрны қисайып ауырыпты дейді. Бертінде бидің зираты тозып есік жағы есік жағы құлап тұрыпты. Бір малшы малын бағып келіп, зираттың жанына еру болып құлаған есіктің маңайын қалап, жөндепті Ертеңінде күн шықпай малын қайырып жүргенде, малдың ішіне бір елік кіріп, əлгі кісі елікті құрықпен ұстап алғанын ел əлі күнге тамсана айтып, бабамыздың кереметі мен қасиеіне бас иеді. Бабамыз туралы пəлен жыл оқу оқыды, мектеп медресе көрді деген мəліметтер болмаса да « Байқара би он алты жасында пірлерге қол тапсырыпты» деген сөз-дерек бар.
Аякөздік Ғ. Шакеров: «Ғабдығани Əзизге, Байқара бабаң қол берген. Сол күде бойдақ кезі екен, Тариқаттық жолдан екен» - дегенді айтып та, жазып та жүрген. Осы сөздердің мəніне үңіліп, барына зер салсақ бабамыз жайлы мол көмбенің үстінен түскендей боламыз. «Тариқаттық жолдан енген» деген нені білдіреді? Ғылыми деректерге сүйенсек бұл ең бірінші – сопылық дүниетаныммен байланысты екен. Сопылық – суфизм туралы Қазақ Совет Энциклопедиясында төмендегідей түсінік берген. «Суфизм (араб-суф-жүн, суфи – жүн шекпен киген адам) исламдағы мистикалық бағыт.
ҮІІІ-ІХ ғасырда феодолдар, бай қала тұрғындары жəне жоғары дін басылары арасында өріс алған мансапқорлық, мешкейлік жəне азғындыққа, сондай-ақ əлеуметтік теңсіздікке қарсы бағытталған қозғалыс ретінде төмен дəрежелі мұсылман дін басыларының ішінде қалыптасты. С. еңбекші бұқараның арасында кең таралды. Бірақ сопылар белсенді қарсылыққа емес, құлшылық етуге, шыдамдылыққа шақырды, сонымен қатар аскетизмге дүниеден безуге шақырды. 12. ғ. С сопылық қауымдар ұйымдастыра бастады. (К С Э 10 том 445 бет) Философия ғылымының докторы, профессор Ғарифолла
Есім өзінің «Суфизмге кіріспе» еңбегінде: «Құдай жолына (мистикалық жолға) түскен сопы міндетті түрде үш сатыдан тұратын ерекше күйге түсуі қажет. Олар; шариғат, тариқат жəне хакикат (ақиқат) – дейді. («Сана болмысы» Алматы 1997ж /.97-бет) Бірінші саты – шариғат – мұсылман дінінің қағидалары екені белгілі. Екінші саты – тариқат «жол, бағыт» деген мəн береді. Бұл жол адамның аллаға жетуде өз бойындағы күнə-кінөраттар мен кемшіліктерден арылу жолы, сондықтан бұл жолға түскен жанды сопы (жолаушы) деп атайды. (Ғ. Есім жоғарыдағы еңбек 98-бет) Байқара би сопылық жолда болғанын өзі де мойындаған. Оған өлерінде « сопылығым Сəметте (баласы) қалады» деген сөзі дəлел. Тариқаттан кейінгі саты – хақиқат (ақиқат) ол салыстырмалы ұғым, адам баласы қоғам дамыған сайын ұмтылып жете алмай келе жатқан үлкен үміт дүниесі. Оның шыңы абсолютті ақиқат адамды өзіне тартатын тылсым сана.
Тылсым кілті – білмекке құштарлық. Сопылық дүниетанымға бойлап, тариқат жолын таңдаған бабамыздың күрделі тұлғасын танып білу үшін талай тылсымға үңілу қажет-ақ. «Ғабдылғани Əзизге, Байқара бабаң қол берген» - деген сөздің мəніне ой жіберейік. Ғабдылғани Əзизи-Иоллы Қожаның тоғызыншы ұрпағы. Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауидың медресесінің имамы болған, ғұлама ғалым. (дерек Ғ. Шакеров «Тəуба» кітабынан алынды.213 бет) «Тариқат жолына түскен адам өзіне рухани ұстаз іздеген «мұндай ұстазды шейх десе, оған қол ұсынушыны (шəкіртті) мурид» - депті философ Ғ. Есім. Ендеше Байқара би 16 жасында ғұлама ғалым Ғабдылғани Əзизге қол ұсынып шəкірт болған. Əрине 16 жасар бала жігіт мұндай жауапты қадамды əкесі Қу дауысты Құттыбайдың жон-жоба, басшылық нұсқауы, айтуымен жасайтыны сөзсіз. Өз заманының озық ойлы адамы «тепкісі теңімен тізе қосып теңескен» тегеурінді биі, шет жұртты көрген елші – Қу дауысты Құттыбайдың кейінгі ұрпағы үшін азық болар ғылымды, басшылыққа алар дүниетанымды іздеуі заңды құбылыс. Сол ізденіс сопылық дүниетанымды тауып, ол жолға үміт еткен баласы Байқараны бағыттауы шындыққа саяды.
Бабамыздың өмірі, қызмет жайлы сөз қозғағанда сол заманда, одан кейін өмірге келген щығармалар, ақын өлеңдері, аңыз-əңгімелер, билік жайлы деректер. Ондай деректерді жеткізуші – сөзінен қаны тамған шындық қана табылатын ақын Дулат Бабатайұлы. Дулат ХІХ ғасырда өмір сүрген ақын, ол кезең – ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары – қазақ еліне отаршылдық езгінің дендей еніп, халықтың шерлі болған шағы. «Ой түбіндегі асыл сөзді шер толқытып шығарса», ол шерлі сөздің иесі – Дулат ақын. Заманның күрт өзгеруі ақынға да бұрынғы «ел жақсылары» мен бүгінгі (сол кездегі) ел билеушілердің арасындағы айырманы анық көріп, тап басуға мүмкіндік берді. Дулаттың жеке тұлғалар, тарихи адамдар туралы көпетеген өлеңдер бар. Сондай өлеңнің бірі «Кенесбайға» (Ақайлақтың баласы) деп аталады. «Байқара атаң бай болды,
Төрт түлігі сай болды.
Қайыры елге мол болды,
Анық əділ сол болды.
Серкештеп жылқы айдалды,
Көшкенде жұртта тай қалды.
Алдына келген дау болса,
Əділдікпен жайғалды.
Дəулетіне ел кенелді,
Жетім-жесір теңелді.
Опасыз мына жалғаннан,
Демі біткен күнінде
О да көшіп жөнелді» .
Бұл жолдардан Байқара бидің болмыс бітімі, адамдық қадір-қасиеті көрініп тұрғандай. Бабамыз жайлы Шағалақ ақын айтыпты деген төмендегі жолдар бар:
«Ел тұтқасын ұстаған,
Түзу жолды нұсқаған.
Байқарадай би қайда?!»
Байқара бидің аты Əріптің «Біржан-Сара айтысында»да аталады. «Қапан мен Байқараның қосы қонса, Жетпеген қалың тоғай құрығына»-деген жолдар би ауылының тұрмысынан дерек береді.
Ал «Сарыбай мен Байбаланың айтысындағы»Сарыбай айтқан төмендегі жолдардың баяндары, жеткізері тіпті мол. «Байқара орта жүзге белгілі еді, Байлығын, салтанатын ел біледі. Жолына тариқаттың жастай енген, Шаһбаз қасиетті бір гүл еді». Жоғарыдағы жыл жолдарынан ұққанымыз Байқара би ауылын асырауға, елге танылуға жеткілікті дəулеті бар бай болыпты, бар болыпты. Ол заманда біреуге сөзі өту үшін де, сыртқа танылу үшін де, елеулі қалаулы болу үшін де малды, жанды болу-басты шарт.
Алланың бергеніне ие болып, ақ жолға жаратар малды болмай санатқа кіру жоқ екені көпке аян. Дулат өлеңінде «Қайыры еге мол болды» «Дəулетіңе ел кенелді»деген жолдар бар. Осы жолдар да бидің байлықты жеке өз басы үшін емес, ауылдас ағайынына, жалпы жұртқа қамқорлық жасауға пайдаланғанын көрсетеді. Бұдан бидің қайрымдылығы мен ел ризашылығына бөленген аяулы адам болғанын білеміз. Сабырбай бабасын «байлығын салтанатын ел біледі», дейді. Рас, Байқара-жай ғана қайырымды рақымды, аста төк байлық иесі емес-салтанатты болуы мəдени, рухани өмірге қызмет етеді. Байлықбарлық адам, адам игілігі үшін деген қағидаға əкеледі.
Дүние, малдан биік тұрған адамдықты көреміз. «Сабырбай мен Байбала» айтысындағы «тариқат жолын жастай қабылдаған, шаһбаз қасиетті гүлі еді»деген сөзінде де талай мəн жатыр. Шаһбаз-сөзі туралы «Парсыша-қазақша түсіндірме сөздікте (Н. Оңдасынов «Қазақстан"1974жыл 176 бет)
1. Сұңқар
2. Ауыспалы мағына «сұлу, көрікті, əдемі, ер, азамат, қайырымды»деген түсінік берілген.
Əр сөздің өзі баба бейнесіне лайық. Ал «гүл» деген сөз-ер азаматқа өте сирек арналатыны белгілі. Сабырбай ақын бұл сөзді бабасына сөз таппай айтпаған шығар. Қолдан түсіруге болмайтын, қасиетті аяулы адам дегені болар. Бой тазалығының, ой тазалығының шырқау шыңы тариқат сапарының соңы ақиқатқа, ақиқат тазалыққа, яғни періштеліккке жеткізбек. Дінде осындай адамдардың денесі жерленгеннен кейін көкке көтеріліп кетеді дейді.
Ақынның бабасын «шаһбаз, қасетті гүлге»теңеуінің бір ұшы осы ойда жатса керек. Байқара биді өз заманында биікке көтерген тағы бір қасиеті-əділдігі. Өз айналасын, заманын жақсы біліп, жете танып, өзі таныған ақиқатқа маңайын бас игізген даналығы. Өзі көзі жеткен шындықты басқаға дəлелдеп беру, өзгені мойындататын сенімге ие болу-бойы, ойы таза білімдардың, шешеннің, шебердің ғана қолынан келетін іс.
«Алдыңа келген даудың əділдікпен жайғалуы», «Жетім жесірдің теңелуі» көпшілікке «Анық əділ сол болды» дегізіп «Ел тұтқасын ұстап, түзу жолды нұсқаған»бабаны аңсауды, сағынуды басқан ізіне мінəжат етуді туғызып тұр. Байқара бидің өзі өлгеннен кейін де керемет иесіне айналуының осындай дəлелді жақтары бар. Əлі күнге жаңбыр сиреп жер шөлдесе де, дерт қысып жан шөлдесе де, қиындық туып ел зарығып, жұрт тарықса Байқара бидің басына барып құрбандық шалады, тасаттық береді. Мал сойып, қона жатып құран оқып дертке шипа тілеген жұрт аяғы кейінгі жылдары тіпті көбейуде. Перзентке зар болған аналардың да бидің аруағына сиынып келіп, зираттың басына түнеп соңынан мұратына жеткен жайларын ел біледі. Жол іздеген жолаушылар шаршап шалдығып жүргенде бидің басына түсіп күндіздің өзінде көз шырымын алғанда немесе түс көріп түсінде ақсақалды қарияның аян беріп жоғын тапқан жайларын ел əңгіме етеді.
Ағайынды емшілер Берік, Дəулет, Жəңгірбаевтар 1995жылдары өздерін аян беріп аталарының шақырғанын айтып арнайы Алматыдан бидің зиратына келіп құран оқып, ақтық байлап кеткен еді. З. Нұрғазин деген азамат көзі тірсінде əр жылдары ұшынып, ауырып қалдым деп бидің басына құрбандық шалып қонып дертіне шипа тауып жүретін. Ең соңғы түйін, Байқара бабамыздың тұлғасын биіктетіп, даңқын алысқа əкеткен басты ерекшелік ол аты аңызға айналған«он жеті ақын» Біреулер сыбаннан шыққан «он жеті»деп. .. біреулер Жангөбектен шыққан «он жеті »деп таңдай қағып жүрген жайтта шаңдық үстірттеу.
Сыбан мен Жангөбекті айтсақ бір « он жеті»емес он, жиырма «он жетіні» санап беруге болады. Ол «он жетінің »ерекшелігі тек қана Байқарадан шығуында. Інісі, баласы, немере, шөберелерінің өзінен қана бір дəуірде, қатарлас өмір сүрген он жеті ақын шыққан. Оған дəлел бар.
«Əсет пен Əріп айтысында» Əсет «Байқара он жеті ақын сенен шықты»-дейді. (Ə. Тəңірбергенов «Ұмытпаңыздар мені»Жазушы 1969 ж 171бет) «Бідіқан, Айсара, Кəкенбала айтысында» қыздар Бітіқанға: «Көсілген көмекейің ақын болсаң, Елінде Байқарадан неше ақын бар »-деп аттарын атауды сұрайды. (Айтыс II том 60 бет) «Ақтайлақтың Үміт қызбен айтысында »
Ақтайлақ: «Ақтайлақ би бастатқан он жеті ақын, Не деп үміт қыласың Байқарадан »-дейді. («Ақтайлақ би»кітабы Алматы 1991ж) Көріп отырсыздар негізгі əңгіме арыдағы Сыбан да емес, Жангөбек те емес берідегі Байқара туралы ғана болып отыр. Байқараның өзі «Ақындығым Ақтайлақта, сопылығым Сəметте қалды» дегеніне қарғанда өзі де ақын болған бабамыз терең сөз бен өлең сөзді биік бағалап оны айтушыларды қолдап отырған. Байқара би ақындар мектебінің ұстазы, басы болған. Міне, Жангөбек салпы аталатын рулы елдің ұраны болған Байқара бидің тұлғасы алғы күнде толығып, басына тұрғызылған кесенедей биіктей беретіні сөзсіз.
Сонымен XVII-XX ғасырлардан өмір сүріп елдің елдігін танытуда айтулы тұлғалар қатарында болып өздері ғұмыр кешкен төрт ғасыр төрінен орын алған бабаларымыз жайлы білгенімізді ортаға салып, ел ішіндегі баспасөз беттеріндегі деректерді саралауға талап жасадық.
Нар дауысты Нарынбай, Қу дауысты Құттыбай, Ботақара батыр, Болған ана, Кенжеғұл шешендер жайлы пікірлер орнығып, тарихи ақиқат айтылған жоқ. Зерттеулер, жүйелеулер алғы күннің ісі болуға тиіс.
Ат жарысы, палуан күресі сияқты жай бəсекенің өзінде бабалар есімін ұран қылып көтеріп, намысқа шауып ел рухын көтеретін халқымыздың қалпы өзгеріп бірінде етек басты күй кешкендейміз. Осында жағдайда өткен ғасырларға көз салып мұнанда қиын күнде ел болғанымызды айғақтап, біздің де бабаларымыздың еліміздің елдігі мен жұртымыздың теңдігі үшін шетте қалмай тұтас қазақ елі басшылары мен билеушілерінің қатарында жүріп айтулы үлес қосқанын бүгінгі ұрпақ білуге тиіс. Бабалар есімі бүгінде ұран болуға жарайды, ол қазақты бөлмейді, біріктіре түседі, күрескер қайраткер мен белсенді азаматтарды тарих саясатына алып шығады. Ең бастысы рухты көтеру, өткенді қастерлеу, үлгі алу, алға ұмтылу.
Отан от басынан басталса, күнделікті ел болуымыз үшінде қазақ елінің əр пұшпағы күшеймей рухы азбай, көтерілмей елге күштілік қайдан келеді. Өткен күннің өнегесі алғы күннің өрелі ісіне бастайды.