Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI385

МЕНІҢ СҮЙІКТІ КӘСІБІМ

Мұғалім өзінің білімін көтеріп отырғанда ғана мұғалім оқуды іздеуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады. 

                                                                                                                     К.Д.Ушинский

 Мың ғасыр өтсе де ұстаздың аты жəне «ұстаз» деген ұғым өлген жоқ. Өйткені қай дəуір болмасын, ол қоғамға ұстаздың еңбегі керек-ақ. Тіпті зəру. Əр таңның атысы мен əр күннің батысы өзінің емес, сіздің қамыңыз үшін қамығып жүретін əрбір ұстаз атаулы жандардың еңбегін ұлы демей не дейсіз. Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тəрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаздар қауымы. Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да ұстаз. Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шəкірті. Білім нəрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы əрі білімді шəкірт. Бəйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шəкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні сізді құшақ жая қарсы алған аяулы жанның екінші анаңыздай болып кетерін сезініп көрдіңіз бе?! Əрине, жоқ. Бірақ əрбір күн өткен сайын жаныңыздан табылып, əр аптаның жеті күнінде жеті рет көрісіп, көңіл ұясына тұрақтап қалған ұстазға деген махаббат өлмек емес. 

Адамзаттың еңбір жақсы қасиеті-білімге ұмтылуы болып табылады. Барлық жақсылық атаулы біліммен басталады. Білімді адам оқиды, күшті, кішіпейіл, қанағатшыл мейірімді де болады. Халық даналығында: «Білімді бақ-жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ-əлдекімнің азығы»,-дегендей-ақ білімсіз бағың, басқа біреудің азығы, біліммен тапқан бағың, мəңгілік басыңда тұратынын білдіреді. «Оқыған озар, топ ойнаған озар»,-деген сөздер бар. Елімізде балалар бақшасы жеті жастан бастап, мектепте оқытады, кейін лицейге, колледждерде білім алады, жастар белгілі бір өнерге, мамандыққа ие болады. Егер оқығысы келсе жоғары оқу орындарына кіріп білімін жалғастырады. Отанымыздағы əрбір жасқа білім алуына мол мүмкіндіктер жаратып беріп жатыр. Мамандықтың түрлі болғаны маңызды емес, қанша мамандық болса да сізді маман қылатын тағы да ұстаз. Мейлі сіз ғалым болыңыз, жұлдыз, тіпті беделді азамат, президент болып кетсеңіз де сізді осы өмірге жетелеген, осы шыңға жетуге себепші болған ұстазды ұмытуға болмайды. Оның еңбегін сыйлау, оған құрмет көрсету сол адамға деген сыйсыяпат емес, сіздің тəрбиелі, тəлімді тұлға болғаныңыз. 

«Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай һəкім айтқанындай, əрбір ісіңіз жеңіске жетіп жатса, оның артында ұстаздың бір тамшы болса да еңбегі барын есте сақтаңыз. Бүгінде мектептер қайтадан заманға лайық салынып, жаңа техникалық құралдармен жиһаздалған. Оқу орындарын бітірген білімді жастар Отанымызға əр тарауда қызмет етіп жүр. «Кітап білім бұлағы» деп бекер айтылмаған. Кітап-шебер ұстаз, тілсіз мұғалім, себебі ол жақсылық атаулыны үйретуші, сондықтан білімімізді тереңдету үшін кітап оқу орынды. «Ғылым мен еңбек-бəрінде жеңбек»,-дегендей білім алып, өнер үйрену өмірдегі бақытың. «Оқу-білім азығы, Білім-өнер қазығы». Тəрбие көзі-мектеп деп те есептейміз. 

Мектепте ұстаздарымыз пəн оқытуымен бірге сөзімен, ісімен біздерді тəрбиелеп барады. Міне осындай адам бойына ізгілік қасиеттерді, яғни, білім, тəрбие, адамгершілік сияқты жақсылық нұрын себетін ұстаздық кəсіпті иеленгеніміз бұл қайратты да қажырлы, сабырлы да байсалды жан екеніміздің айғағы.

 Қорыта айтқанымызда əкеміздің құты, шешеміздің сүті-ана тілімізді сүйіп асыл қазынамызды ардақтайық, оны болашақ ұрпаққа жеткізіп, тəрбиелі, əдепті ұстаздық жолын жалғастырайық.

318 0
ДИНАРА ХАСЕНОВА, Ж.Сəдуақасов атындағы ЖОББ мектебінің бірінші санаттағы қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Түгіскен ауылы Ұлы дала ұстазы № 000304
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: