Ұлы ағартушы дарқан дарынды Ы.Алтынсарин елім деп еңіреп туып, қазақ ұлтының тәлім-тәрбиелік асыл қасиеттерін айқын зерттеп, сол арқылы халықты кемелдендіру жолдарын іздеп тауып, халық ағарту ісінің болашағына жолбасшы болды.
Оқу іс-әрекеті үрдісінің негіздерін қажырлы еңбектерімен қастерлеп қалаған Ыбырай өзі аса зор сеніммен бастаған ұлағатты ұстаздық еңбектерінің бастау бұлағы ұстаздықтың даналық дариясына айналғанын өскелең өмір көрсетіп отыр. Ендігі ұрпақ сол игілікті істің керегесін кеңейтіп, шаңырағын биіктете беруге міндетті.
Ы.Алтынсарин көтерген ұлттық әдеби мәнді мәселелерінің бір тобы оның оқу іс-әрекетіндегі әдістемелік пікірлерімен астасып жатады. Ыбырай жақсы тәрбиеші ғана емес, ол сонымен бірге тәжірибелі, ой-пікірі озық мұғалім де еді. Ол оқыту әдісін өз түйгенінше, орыс мектебінің озық үлгісіне негіздей құруды ойластырды. Мектеп оқушыларына арнап оқу құралдарын, программалар, нұсқау хаттар жазды. Ол қандай пәннің болмасын ғылыми негізде оқытылуын оның жас өспірімдердің ақыл ойы мен сезім дүниесіне әсер ете алының маңызы аса зор екендігін баса айтты.
Ы.Алтынсарин қазақ балаларын дарынды туысынан зерек етіп бейнелейді. Өмірдегі қатал тағдыры еңбекші отбасында өскен қазақ балаларының ақыл-ойына әсер етті, тапқырлығы, білуге құмарлығы жетілді. Қазақ балалары қызық әңгімелерді егер онда өте маңызды, не шиеленіскен, қисынды немесе күшті қарама-қарсылықболса, міне, осындай мазмұндағы әңгімелерді жақсы көрді. Өз тіліндегі қарапайымдылық, дәлдік, жинақтылық, батырдың басындағы күйініш, сүйініш, мұндай әңгімелерінде талапты ақылмен, жігерлілікпен алға қойған мақсатын жеңіп шығу жолында шиеленісіп жатады.
Ыбырай Л.Н.Толстойдан «Силинчі ханым», «Мүңсыз адам», «Данышпан қазы», «Жамандаққа жақсылық», «Үш ұры», «Айуанның естісі көп, бірақ адамдай толық ақылы жоқ» әңгімелерін, К.Д.Ушинскийден «Үнді», «Сауысқан мен қарға», «Түлкі мен ешкі», «Қарға мен құрт» эңгімелерін, И.И.Паульсоннан «Әдеп», «Әдеп», «Алтын шеттеуік», «Дүние қалай етсең табылады», «Тәкаппаршылық», «Аурудан аянған күштірек», «Бір уыс мақта», «Тышқанның өсиеті» әңгімелерін аударды. Бұларға қоса Паульсонның оқулығынан И.А.Крыловтың «Қарға мен түлкі», «Жапан даладағы адам» (аудармада «Ақымақ дос») мысалдарын, Шмиттің, Дальдің бірнеше әңгімелерін аударды т.б.
Ыбырай екі тілді де жақсы білді. Ыбырайдың аудармалары қазақ тіліндегі тұңғыш көркем проза болып саналады.
Ол сондай-ақ, қазақ балаларының ұлттық ерекшеліктерін көрсете келе, оқу іс –әрекетінде осы жайтты мұғалімдердің ескеріп отыруын қажет деп санады
Қазақ топырағында тәрбиеші ұстаз, мұғалімдік өнер жөніндегі небір жүрек тебірентерліктың ойлар, аталы сөздер де Ы.Алтынсарин ауызынан бірінші рет естілген еді. Ыбырай да озық ойлы орыс елінің ғұламалары сияқты мұғалімнің оқу-тәрбие процесіндегі роліне айрықша маңыз берді. Сөйтіп мектеп ісінің сан-сапасындағы жетістіктерді мұғалімнің білімі мен іскерлігіне, беделі мен өз жұмысын сүйе білетіндігіне байланысты деп дұрыс түсінді. «Халық мектептері үшін ең керектісі-оқытушы, тамаша, жақсы педагогика құралдары да ең жақсы үкімет бұйрықтары да,әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға оқытушыға тең келе алмайды... Қазақ мектептерінің бар келешегі, көбінесе, істің қазіргі басталуына байланысты, сондықтан мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін» - деп жазды ол.
Ы. Алтынсарин қазақ халқының малжанды, сондай-ақ малшылық өнеріне жетік ел екенін айта келіп, оның ақыл-ой парасаты да жоғары, ескі мэдениетті жұрт екенін талай рет атап өтеді: «Қазақтарға — деп жазады ол, осы дарынды, ақыл-есі мол халықка кәзір кешікпей түрып рухани және қоғамдық даму жолына түсетін бағыт беру, қалай дегенмен аса кажет болып отыр».
Алтынсарин мұғалім даярлау ісімен бірге оларға керекті оқу-әдістемелік күралдарын жазу мәселесімен де шүғылданды. Оның үсынуымен орыс-казақ училищелерінде К. Д. Ушинскийдін «Балалар дүниесі», Л. Н. Толстойдың «Әліппе және оку кітабы», Б. Ф. Бунаковтың «Әліппесі мен оку күралы», Тихомировтың «Грамматикалық элементарлық курсы» оқу құралы ретінде пайдаланылды.Орыс ағартушыларының үлгісімен орыс-қазақ мектептеріне арнап Ы. Алтынсариннің өзі екі оқу құралын «Қазак хрестоматиясын» (1889) және «Қазактарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын» (1889) жазып. бұларды қазақ-орыс мектептеріне төлтума оқулық ретінде ұсынды!.
Ұлттық тәлім-тәрбие құралы негізінен әдебиет екенін айқындап бағалай білген ұстаз өзінің тәлім-тәрбие жұмыстарына ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерін пайдаланып, тәрбие құралы ретінде ондаған әңгіме жазды. Әдебиетті ұлттық тәрбиеге кеңінен пайдалану үшін Ыбырай бастауыш сынып балаларының жаттап алуына лайықты өлеңдер жазды, балалар қызығып оқитын қызықты қысқа әңгімелер жазды. Бұл ұлттық педагогиканың әдістемелік бір парасы екенін көрсетеді.
Халқымыз «Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» деген. Ана тілін жетік меңгерген балада ұлттық психологияның қалыптасуы сөзсіз.
Өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ тілінің қалпын байқататын, сол тұстағы жазба әдебиеттің бейнесін көз алдымызға елестететін документтердің бірі Ыбырай шығармалары. Ыбырай қазақ тілінің табиғи тұрғысын сақтау жолында үлкен жаңалық ашты. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы жазба әдебиеттің басы болып саналатын өзінің «Қазақ хрестоматиясын» орыс алфабитімен бастырып шығарды. Ыбырай еңбектеріндегі жалпы халықтық сөздердің жазылуының бүгінгі тіліміздегі сөздердің жазылуынан айырмасы жоқ деуге болады.
Оқушылардың тілін дамыту жұмысы жүйелі түрде жүргізілуі керек. Тіл дамыту жұмысы негізінен әртүрлі бағытта жүргізіледі. Олар мәдени, әдеби сөйлей білудің нормаларына үйрету, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, лекциялық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту, сөз тіркестерін сөйлем құрау жолдарын меңгерту, сауатты сөйлей білуге әрі жазуға үйрету. Ауыз екі сөйлеу тілін жақсы меңгерген, оған жаттыққан оқушы ойын жазбаша жүйелі бере алады. Оқушыға мәнерлеп оқудың, әдемі сөйлеудің үлгілерін мұғалім өзі көрсетіп отыру керек. Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға үйрету, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту, сөйлеу тіліне жаттықтыру, өлеңдер, мақалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мәтіндер мен сөйлесулерді тыңдату сияқты жұмыстар жүргізудің үлкен мәні бар.
Оқу іс-әрекетінде Ыбырай қолданған халықтық тілдің қазіргі әдеби тіліміздің қалыптасуына әсері айрықша. Оның еңбектері қазіргі қазақ халқының өткен әдебиеті мен тіл тарихын зерттеп білуге мүмкіндік тудыратын мұра ретінде аса бағалы.
Қазіргі таңда төменгі сынып оқу бағдарламасы бойынша Ы.Алтынсариннің әңгіме шығармаларының бір шамасы оқу құралдарына енгізілген. Мысал келтіріп талдайтын болсақ:
Бастауыш сыныптағы оқулығындағы «Кел, балалар оқылық!» өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақыру үлгісінде жазылған. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық-білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. Есті бала мен ессіз баланы қарама-қарсы қойып, жастарға кімнен үлгі алып, кімнен безу қажеттігін көрсетеді.
«Әке мен бала» әңгімесінде «Аз жұмысты қиынсынып көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың» дейді. Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, аз жұмысты қиынсынып, бойкүйездікке салынушылық өмірде көп кездеседі. Бұл жақсы әдет емес. Сондықтан балаларды жастайынан-ақ бойкүйездіктен, жалқаулықтан қашырып, еңбекке тәрбиелеу мәселесіне Ы.Алтынсарин ерекше мән берген. «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде ең кішкентай жәндіктердің өзі тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп оларды балаларға үлгі етеді. Қарлығаш, өрмекші құрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа! дейді.
Әдебиеттік оқу пәніндегі «Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңінде оқу, білім алудағы мақсат неде екенін кеңінен аша түседі. Өлеңнің негізгі ойы-қараңғы қазақ қауымына озық мәдениетті елдердің үлгі өнегесін көрсету.
Оқудағы мақсат -ел билейтін әкім болу деп ұғатын ескішіл замандастарына қарама-қарсы Ыбырай жастардың білімді адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оның игерілуіне жетекшілік жасау, өз елін «тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын» елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай арманын өзі орындай алмаса, жастар орындайды деп үміттенді. «Таза бұлақ» әңгімесінде адамның үш рухани дәрежесін көрсетеді. Өмірде ақылдылықты, парасаттылықты мақсат етуді үйретеді. Асқан ақыл мен үлкен парасат иесі болу үшін бұл дүниелік тар ой шеңберінен шығып шексіз әлемнің шетін көруге құштар көңілмен шындықты іздеу керек.
Төменгі класс оқушыларының психологиялық тұрғыдан ерекшелігінің бірі -олар өз айналасындағы адамдардың бәрімен бауырмалдықпен қарым-қатынас жасайды. Олар барлық балалармен дос болуды қалайды. Осы баланың жас кезеңінде табиғи ерекшелігін адамгершіліктің ең төл қасиеті бауырмалдық қасиетін дамытуға қалыптастыруға негіз болады. Бүл бауырмалдық адамға деген сүйіспеншілік пен адамжандылық қасиетпен жалғасады
Жалпы тәрбие процесінде бала бойында шынайы адамгершілікті, имандылықты, адамдар арасында парасатты мінез-құлық қасиеттерді отбасынан бастап тәрбиелеудің мүмкіндігі көп.
Ыбырайдың әңгіме, өлеңдері балалар дүниесіне қандай ерекшеліктерімен сай келеді деген мәселеге тоқталсақ, мына жағдайды ескермеуге болмайды. Әдетте, балалар шығармасы да өмірдің алуан салаларын қамтып, жастарға қоғамдық болмыс туралы түсінік беруге тиіс. Оның тәрбиелік жағы да басым болуға тиіс. Бірақ ол жалаң насихат негізінде болмай, мэселені іс-әрекет арқылы дәлелдеуі қажет, шығарма көремдік ерекшеліктерін түгел сақтауға тиіс. Ыбырайдың өлең, әңгімелерінің қайсысы да осы талапқа толық жауап береді.
Кеменгер ойшыл Ы.Алтынсарин «Халық үшін қызмет ететін білімді адамдардың көбейту арқылы қазақ қоғамының мешеулігін жоюға болады. Сондықтан жастардын жан дүниесіне үніле отырып оқытып, тәрбиелеу ісінен артық еш нәрсе жоқ» деп ой түйеді.