Мақсаты: Қазіргі заман тəрбиешісінің əлеуметтік – педагогикалық-психологиялық мəдениетін жетілдіру.
Тəрбиешілердің педагогикалық рефлексиясын дамыту. Шығармашылыққа əртістікке, бастамашылдыққа ынтасын дамыту. Өзін өзі тануға, педагогикалық ізденімпаздыққа қызығушылығын тəрбиелеу.
Қатысушылар: тəрбиешілер мен пəн жетекшілері.
Өткізу жоспары:
1. Жүргізуші : əдіскер.
2. Тапсырмалар əзірленеді.
3. Тəрбиешілер мен пəн жетекшілері екі немесе үш топқа бөлінеді.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:
1. Ойынның сценарий – жоспарын құру.
2. Тəрбиешілердің психологиялық - педагогикалық əдебиеттерімен танысуы.
3. Педагогикалық жағдаяттар, сауалнамалар, ребустар, кроссвордтар құру, мəтіндерді жинақтау
. 4. Тəрбиешілердің кəсіби шеберліктерін жəне қасиеттерін дамытуға жəне анықтауға арналған жаттығуларды жинақтау.
5. Ойынның өту орны, уақыты жəне жауаптылар белгіленеді. Ойынның өту барысы:
1. Жүргізушінің кіріспе сөзі: ойынның тақырыбын, шарттарын жариялау.
2. Тəрбиешілермен экспресс – интервью «Сіз қалай ойлайсыз, бала «тəрбиеші» деген сөзді немен байланыстырады?»
№ 1 Тапсырма: «Сөзжұмбақты шеш» Тақырыбы: «Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты(бұдан əрі-стандарт)» / Əр тəрбиеші стандарт туралы жасырылған сөзжұмбағы бар конверттерді ала отырып шешеді/
№ 2 Тапсырма: «Геометриялық пішіндерден құрақ құрау». /Əр тəрбиеші геометриялық пішіндерден құрақ құрайды. Құрақ құрылғанда бала тəрбиесіне қатысты төмендегі нақыл сөздер құрылады./
3. «Тəрбиеші қандай болу керек?» пікірталас.
№ 3 Тапсырма: «Тəрбиешінің мəнерлеп сөйлеуін жəне оқуын дамыту» / Тақтаға төмендегі тапсырмалар ілінеді:
а/ «Бері кел» деген сөзді: жай, дауыстап, қатал дауыспен айту.
ə/ «Жарайсың» деген сөзді жай, дауыстап, нəзік, риза болып, мысқылдап, қуанышпен, ғашық болып айту.
б/ Тəрбиешілердің жалпы ымдау реакциясын анықтау./ тапсырма тəрбиешілердің бірдей орындауымен өтеді/ Тəрбиешілер бірін-бірі көрмейтіндей отырады.
Жүргізуші төмендегідей педагогикалық жағдаятты оқиды:
«Ұйымдастырылған оқу қызметі басталып кетті. Сіз балаларға тақырыпты түсіндіріп жатырсыз. Есік ашылып, топқа ең «тентек» бала кіреді»
- Сіз оған қатал: «Отыр жылдам»
- Таңғалып: «Күткен жоқпыз»
- Жаратпай: «Сен мені тағы да алаңдаттың»
- Сұрап: «Тағы да бірдеңе болды ма?»
- Сөгіп: «Сен бала маған жұмыс жасауға мүмкіндік бермейсің»
- Қуанып: «Ақыры келдің бе?»
№4 Тапсырма: «Өзіңді тексер» /Есте сақтау қабілетін дамыту/
Тəрбиешілерге шағын метаграмманы шешу ұсынылады, сол уақытта жүргізуші қысқа бір ертегі оқиды. Тапсырманы орындаған соң, тəрбиешіге тапсырманың жауабын жəне сол уақытта оқыған əңгіменің мазмұнын қайтадан айтып беру сұралады.
Қорытынды: Қатысушы топтар нəтижені орындау шеберлігіне қарай бірін-бірін бағалайды. Кері байланыс арқылы ұсыныстар мен пікірлерді зерделеу.