Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI376

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінің ең басты міңдеті – білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дəрежеге жетелеу. Жалпы білім беру саласындағы жаңа саяси ұстанымның біртіндеп іс жүзіне асуы егемен еліміздің өркендеу бейнесінің бір көрінісі.

 Өркениетті елдер мен тереземіз тең болуы үшін əлемдік білім аясына кіргізуді мақсат тұтқан еліміздің білім беру саясаты оқытуды демократияландыру, ізгілендіру арқылы жаңа сапалық деңгейге көтеруге көздейді. Осыған байланысты білім берудегі бірыңғайлықтан бас тартып көп нұсқалы білім алу жүйесіне бет бұрып тұрған жағдайда оқушылардың топтық ерекшелігімен қоса жеке танымдық ерекшеліктерін ескеріп, саралап оқытуды ұйымдастыру-бүгінгі мектеп өміріндегі өзекті мəселе. 

Мектепте алған білімдерін өмірді қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденістерді талап етеді. Өзін-өзі реттей білетін, жаңалыққа құштар ұстаз заман ағымына қарай өзгере алатын болуы керек. Үнемі ізденіс үстінде жүретін мұғалім жаңа мектеп моделін шығаруына өз үлесін қосады. Себебі білікті ұстаз өз сабағына оқушыларды тегіс қатыстыра алады. Егер сабағын балалардың қызығушылығы арттыратындай етіп құрастырса, оқушының оқуға деген ынтасы да пайда болады, əр сабаққа бала өз қалауымен барады. Бұның бəрі тек біздіің өзіміздің қолымызда жəне балаларды қолдап, мадақтап отыру қажет. 

Оқыту процессін ұйымдастыру дегеніміз, бұл- оқытушы мен оқушының арасындағы өзара қарым-қатынасы мен оқыту процесін құрылымдау, оның ішінде оқу материалы, оқытушының білім беру мен оқушының білім алу əрекеті қарастырылады. Оқыту процессінің жоғары нəтижесі, оқушылардың əрекетімен сипатталады, ұстаз қандай болмасын, өз пəнін жоғарғы деңгейде білсе де, оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыра алмаса, қызығушылықтарын оята алмаса жəне де оқушылардың өзара білімді де мазмұнды қарым-қатынастарына қол жеткзе алмаса, ол мұғалім жоғарғы нəтижеге жете алмайды. Оның оқушылары емтиханда жатталған материалды нақты айтып өтеді, алайда мұғалім оқушының данына шығармашылық отын енгізе алмайды. Ынтымақтастық оқу дегеніміз - өзара іс-əрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нəтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара əрекеттің құрылымы болып табылады.

 Топ – бұл ортақ мақсатқа жету үшін құрылған адамдар тобы. «Топтық жұмыс» термині-өзара ісəрекет жасалып, соңғы нəтижеге немесе мақсатқа жетуге бағытталған іс-əрекеттің құрылымы. Топтық жұмыстың мақсаты-оқыту мен оқу тəсілдері арқылы проблемаларды шешу тапсырмаларда орындау барысында оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуі. Топта жұмыс жасау үшін: Жақсы тыңдап, білу. Күшті жетекшілік қасиеттер. Тиімді байланыс орнату. Міндетті тең бөлісу. Бірігіп жұмыс жасауға ұмтылу. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер. 

Топта жұмыс жасауда кездесетін кедергілер: қарым – қатынастың орнамауы. Дұрыс тыңдап білмеу. Топқа тартылысы жоқ. Мақсатты дұрыс түсінбеу. Міндеттерді тең бөліспеу. Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды топ болып шешуді көздейді. Топтық жұмыс кезінде оқушы белсенділігі арттырылады. Əр оқушы топ мүшесі бола тұра өзінің топтағы орнын анықтай алады. Оқушы ынтымақтастығы арттырылады. Топтық жұмыс əр оқушының нақты іс əрекетін тудырады, бірлесе жұмыс жасайды. Бірлескен топтық оқытудың негізгі түйіні əрбір топ мүшесінің өз ойын толық жеткізіп, басқамен де келісімге, бітімге қол жеткізуге болатыны. Топ мүшелеріне құрметпен қарай отырып көшбасшылық мəдениетіне тəрбиелеу. 

Топ бұл- ортақ мақсатқа жету үшін құрылған адамдар тобы. Мұндай мақсатқа жету бір адам үшін не қиын, не тиімді жасалмаған іс болуы мүмкін. Топтың ішінде əр қатысушы өзіндік рөлі бар жəне мұның барлығы өзара арақатынасты. Топты топ етіп тек мақсаттар мен міндеттер жасайды. 

Мақсат пен міндет болмаса, топ та жоқ. Бұл жобамыздың мақсаты: оқушылардың топтық жұмыста бірін –бірі бағалау дағдыларын қалыптастыру. Бағалау барысында белгіленген критерийлерді негізге ала отырып оқушыға шынайы бағалауды үйрету. 

Міндеті: Топпен жұмыс істеу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру оқушының өздігінен білім алуы. Оқушылардың сыни көзқарастарын дамытып. Басқарушылық ісəрекетіне үйрету. Кейбір оқушылар сабақта өзіндік дəлелдерімен жеткізе алмайды, сөйлеу мəдениеті жетілмейді, сабақта үнсіз, енжар, селқостық танытқан оқушылар болады, өзіндік баға беру, өзін-өзі бағалау жоқ, бағалау біржақты болады, ал топтық жұмыста топтаса, жұптаса отырып, жұмыс жасап, оны өзіндік дəлелдерімен жеткізе алуы сөйлеу мəдениетін жоғарылатады жəне сыныпта шет қалатын оқушылар болмайды. Үнсіз, енжар, селқостық танытқан оқушыларда ортада өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыланды. Топта жұмыс жасау бұл-адамдардың ортақ мақсатпен жұмыс жасауы. Адамдар бірге ортақ мақсат пен міндеттер бар болғандықтан топ мүшесі болады. Ал топ мүшелерінде бір-біріне деген сенім болуы тиіс. Сенім- бұл нəтижеге жетудің бірден бір жолы. Адамның айтқанымен қоймай жасағаны, ал жасағанда, ойдағыдай жасауы жəне əрдайым шыншыл болуына сенімділік пен үміт қажет. Топтағы тұлғалардың бірін-бірі өзара қабылдауы көптеген факторларға байланысты. 

Тұлғалардың өзара бірінбірі қабылдауға оның негізгі факторы ретінде тұлғалар арасындағы қатынастар ғана емес, жеке тұлғаның топтағы қатынасы да əсер ете алады. Тұлғаның топты қабылдауы, тұлғалардың өзара қабылдауы жүзеге асатын фон тəріздес. Осылайша, жеке тұлғаның топты қабылдау мəселесі, тұлғалардың бірін-бірі қабылдауда екі түрлі əлеуметтік қарым- қатынасты байланыстыратын негізгі кезең. Ұсынылып отырған жоба жеке тұлғаның топты қабылдауының үш мүмкін “түрін” анықтауға жағдай жасайды. Қабылдаушының дербес іс-əрекетіндегі топтың рөлі, қабылдау түрлерінің көрсеткіші ретінде анықталады. Топта өз құрылымы мен даму динамикасы бар іскер жəне жеке сияқты қатынастардың маңызды жүйелері бар. 

Жеке өзара қатынастар бала тұлғасының қалыптасуы мен ұжымның өміріне айтарлықтай əсер етеді. Топтың ішкі құрылымы жайлы жəне ондағы əрбір баланың орны туралы нақты ақпараттың болмауынан ұжым мен жеке тұлғаның дамуын басшылыққа ала алмас едік. Топтың дамуын басшылыққа алу мақсатында ұжымның даралылығы мен өзіндік ерекшеліктерін зерттеу хақында, тұлғалар арасындағы қатынас пен қарым-қатынасты зерттеудің тиімді əдістерін əлеуметтік психология ұсынады. 

Қатынас — тікелей бақылауға болмайтын ішкі күй болса, ал қарым-қатынас - адамдардың бір-біріне деген нақты əсерлері түрінде жүзеге асатын, сырттай бақылауға болатын сыртқы процесс, сондықтан да бір жағынан қатынас, екінші жағынан карым-қатынас түрлі зерттеу əдістерін талап етеді.

 Бірлескен топтық жұмыс – бұл оқыту мен оқу тəсілі, аталған тəсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе əлдебір өнім жасау үшін студенттер тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Кез келген топ барлық мүшелері білетін жəне түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алу керек. Ол топтың əрбір мүшесінің одан не күтетіндігін жұмыс қалай бөлінетіндігін жəне қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нəтижелерге қалай қол жеткізетіндігін білулері қажет. Топтық жұмысты тиімді ұйымдастырудың шарттарының бірі топты дұрыс іріктеу болып табылады. Топты іріктеуде екі белгіні негізге алуымыз керек: оқушылар арасындағы оңтайлы қарым қатынастары мен оқушының оқу жетістіктерінің деңгейі. 

Гомогенді жəне гетерогенді топтар болуы мүмкін. Гомогенді топтар дегеніміз бірыңғай жақсы оқитын немесе білім деңгейі бірыңғай төмен оқитын оқушылардан тұрады. Ал гетерогенді топта білім сапасын əртүрлі деңгейде меңгерген оқушылардан тұратын балалар болады. Себебі ол жерде ынтымақтастық, бір-біріне өзара көмек көрініс береді. Оқушылар белсенді оқитын оқушылардың көлеңкесінде қалуға тырысып сыныпқа кірген кезде солардың қасына отыруға асығады. Бірақ топқа бөлудің əртүрлі стратегияларын пайдаланып бөлгеннен кейін олар қарсылық көрсете алмайды. Оқушы санына байланысты топқа 5-6 оқушыдан іріктеледі. Топтық жұмысты бастамастан бұрын оқушылармен бірге топ ережелерін жасау керек. Бірін бірі тыңдау. Бір-бірін тыңдай алады, алынған нəтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды, жəне қателері болса түзетуге көмектеседі.

 Біздің ойымызша бастауыш сыныптың оқушыларын топқа бөлу жиілігін сабақ сайын, яғни күніне бір рет ауысып тұрса, тиімді деп білеміз. Бір топта немесе бір баламен ұзақ уақыт бірге отырған оқушы басқалармен қатынас жасауда қиындыққа кезігуі мүмкін. Топтың əрбір қатысушысы өз көзқарасын, пікірін білдіруін ынталандыру керек, олар естілмей қалмасын. Топ жұмысына топ мүшелерінің əрқайсысы тең дəрежеде қатысуға тиіс. Бұл олардың əрқайсысы бір нəрсені істеу керек дегенді білдірмейді. Бəрінен де, міндеттер топ мүшелеріне қалай бөлінетіні туралы ақылдасып шешкен дұрыс болады. 

Топ мүшелері сондай-ақ бір–бірімен тəжірибе алмаса жəне басқалардың идеяларына сүйене отырып, өз үлесін қосуға дайын болуға Топ үнемі ауысып отырған жағдайда сыныпта ұжымдық жəне ынтымақтастық атмосферасы жоғары болады. Топта топ басшысы, хатшысы, реттеушісі, жинақтаушы немесе бағалаушысы болуы міндетті. Себебі топтағы əр оқушы өз жауапкершіліктерін сезіну керек. 

Қорыта келгенде топтық жұмыстағы оқушылардың бірін- бірі бағалауы өздеріне құрметпен қарай отырып, бір-бірін көшбасшылық мəдениетіне тəрбиелей алатындығында. Оқушылар топ құруда өздерінің жалпы ортақ мақсаттары мен міндеттері бар екенін сезінді. Осы жұмыстарды орындау барысында мақсатқа жету бір адам үшін не қиын, не тиімді жасалмаған іс болуы мүмкін екендігін аңғарды. Əр оқушы топ ішінде өздеріне бөлінген міндеттерді тиісінше жауапкершілікпен атқара алды.

480 0
АНАРКУЛЬ ЕРНИЯЗОВА, №178 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қызылорда қаласы Ұлы дала ұстазы № 000295
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: