Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI375

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА – БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ

Баяғыда Жапониядағы бір ұстаздан шəкірттері білім алудағы басты мақсат не екенін сұрапты. «Ертең бəріміз тауға серуендеуге шығайық. Сонда түсіндіремін. Жолға тамақ алыңдар, бірақ су қажет емес, барған жағымыздан табылар» дейді. Ертеңіне серуендеп жүріп, ауқаттанып алғаннан кейін балалар шөлдегендерін айтқаннан соң ұстаз су көзін таба алмай қалғанын мəлімдеп, өздеріне су іздеуге кеңес береді. Түсте кеткен шəкірттері қас қарайғанда оралды. Шөлдерін қандырып, мəре – сəре болып келген шəкірттеріне қарап «Бүгін шаршап - шалдыққандарыңызға қарамастан, өз беттеріңмен ізденіп жүріп, су таптыңдар. 

Біздің міндетіміз – сендердің өз беттеріңше еңбектенулеріңе жағдай жасау. Ішіңіздегі бір – екі бала маған арнайы су алып келіп, адамгершіліктерін танытты. Ал басты мақсатымыз – жас ұрпақты адамгершілікке тəрбиелеу», деген екен. Елімізде қолға алынып жатқан білім реформасының да басты мақсаты осы хикая дəлел. Нақтылап айтсақ, енді мектепте бұрынғыдай мұғалім 45 минут бойы сөйлеп, сабақты тəптіштеп түсіндірмейді. Ол тек оқушының өз бетімен оқып –ізденуіне жағдай туғызатын болады. Жаңа бағдарлама құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм жəне азаматтық жауапкершілік, еңбек жəне шығармашылық, өмір бойы білім алу тəрізді құндылықтарға негізделген. Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен ізденуі оқу үдерісіне қойылатын басты талаптардың бірі болып табылады. 

Білім мазмұнын жаңғырту – сапалы білім, жарқын болашаққа негізделген. Қай кезеңде, қай қоғамда болмасын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласында түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан – жақты ізденетін алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тəрбиелеу – ұстаз қолында. Заманауи қоғамның зиялы азаматын білім беру сана əуелеті жоғарғы дамыған, сын тұрғысынан жаңаша ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адам тəрбиелеу. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық əдісімен» орналастырылған жəне бір – бірімен тығыз байланысты. Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бəсекеге қабілеттілігі оның азаматттарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сəйкес дамуы тиіс.

 Оқушыларды заманауи əдіс – тəсілдермен оқытып, ой – өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тəрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Зерттеулік білік пен дағдылар адамға тек ғылыми жұмыспен айналасқанда ғана емес, сонымен бірге оның басқа да қызмет аясында қажет. Ал шығармашылық – зерттеушілік ізденіс кез – келген кəсіптің ажырамас бөлігі болып табылуда. Баланы зерттеушілік іс – əрекетке дайындау, зерттеулік ізденістің біліктері мен дағдыларына үйрету қазіргі кезде білім берудің маңызды міндеті болып табылады. 

Қазіргі уақыттағы жаңа педагогика ғылымындағы проблема ол – оқушылардың пəнге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Жаңа технологияның əдіс – тəсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тəжірибе, жаңа технологияның тиімді əдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді жəне шығармашылықпен пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі деп білемін. Ұстаз ретінде оқытып жүрген оқушыларымның ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң ғана, оларды даму деңгейіне орай əдіс – тəсілдерді іріктеп, талдап қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аударып келемін. 

Оқушыларды жұппен, топпен жұмыстандыру арқылы ұйымдастырылған сабақтар, оқушылардың дарындылығын дамытып, шыңдау жолдарының бірі болып табылады, олардың арасында ынтымақтастық пен серіктестікті тудыру, басқа адамның ойымен де есептесу қажет екенін де түсіндіреді, уақыт үнемделеді. Жұппен жəне шағын топпен жұмыс тез, жаңа идеяларды ұсынумен қатар белгілі бір жағдайды нəтижелі шешуге мүмкіндік береді. 

Сабақ барысында оқушылардың ізденуін қадағалап, білім дағдысын толықтыруға бағытталған сабақ өткізу əдістерінің бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқу» жобасының стратегиялары. Бұл жобаның стратегияларын сабақ барысында қолдану жаңа оқу материалдарындағы оқиға мен құбылыстарды оқушылардың өздері байқап, талдауына жағдай жасайды. Демек, білім оқушыларға даяр күйінде берілмейді, өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізеді. Əр оқушы өз ойына шек келтірмей жауап беруге дағдыланады. Оқушы бойындағы танымдық қабілетінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады. 

Практика кезінде өз сабақтарымда қолданып жүрген əдіс-тəсілдер: алты қақпақ, түртіп алу, күнделік жазу, əлем шарлау, рөлдік ойындар, диалогтік əңгіме жүргізу, топтастыру, семантикалық карта, Венн диаграммасын толықтыру, Джиксо, сұрақ – жауап. Оқытуды диалогтік тəсілмен дамытудағы сұрақ қою арқылы байқағаным: оқушылар тақырып бойынша жəне сындарлы сөйлеуге ынталанды, пəнге деген қызығушылықты көрсетті, зерттеуге ынталанды, оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға көмектесті, оқушылар бір – бірінен үйренді, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне жəне бағалауына ықпалын тигізді, оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтады. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, əлемдік білім кеңестігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту. Тəуелсіздігіміздің тұғырлы болуына, еліміздің дамуына, жеріміздің көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген белді азаматтардың барлығы да ауыл мектептерінен білім алып, ауылда тəрбиеленгендер.

 Қоғамның дамуына байланысты ауылдарымыз да күннен-күнге жаңарып, жақсарып жатыр. Соның бірі – ауыл мектептерінің жағдайы. Ғылым мен технологияның дамыған заманында білім беру саласы да қарқынды дамуда. Қазіргі таңда ауыл мектептері жаңа технология құралдарымен жабдықталып, ұстаздар білім берудің жаңа тəсілдері бойынша білімдерін жетілдіру үстінде. Ендеше заманына қарай амалы, демекші бұрынғы кездегідей қарапайым дəстүрлі сабақтың мəні де сəні де кеткен уақыт. 

«Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі», - деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгідей ел болашағы – жас буынды заманына сай лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды болса, мұғалімдер қауымына артылар жүк ауыр екені баршаға мəлім. Қоғамның дамуындағы ең маңызды мəселе білім беру жүйесі. Қазіргі таңдағы негізгі мақсат – жан – жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой – тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны яғни еліміздің патриотын қалыптастыру. 

Қорыта келгенде, оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, əрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыруға үлесімді қосудамын. 

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шəкірт жанына нұр құя алады», - деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны əрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.

184 0
РАУШАН ТАМАБАЕВА, «№37 орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі Қарағанды қаласы Ұлы дала ұстазы № 000294
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: