Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI374

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ИННОВАЦИЯЛАР

Білім беру мазмұнын жаңарту болашаққа бағдарлану – педагогтардың білім беру мазмұнын жаңартуға бағытталған. Қазіргі білім саласындағы тəжірибе білім беру үрдісінің мазмұны мен оның ұйымдастырылуына жаңа көзқарасты қалыптастыру, білім берудің жаңа технологияларын меңгеру - оқушылардың білім беру бағдарын өз бетінше таңдауына, негіз бола алады. 

Қоғамда болып жатқан əлеуметтік үдерістер баланың жеке тұлғасына, ішкі жан –дүниесіне бағытталған жаңа оқу мақсаттарын құрастыруды талап етіп отыр, яғни өздігінен жаңалық аша білетін ұрпақты тəрбиелеу. 

Жаңаша əдіс- тəсілдерді тиімді пайдалану, оқушылар бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру – бүгінгі күннің басты талабы. Соның ішінде тілдік пəндердiң негiзгi ерекшелiгi - оқушының алдағы уақытта оқу əрекетін меңгеруіне негіз болатын коммуникативтік немесе тілдік дағдылардың алғашқы нышандары 

Коммуникативтік дағдылар 1) тыңдалым; 2) айтылым; 3) жазылым; 4) оқылым дағдылары. 

Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғышарты – тыңдалым жəне айтылым дағдылары болып табылады. Тыңдалым дағдысының адамның ойлау қабілетінің дамуына ықпалы зор. Оқушы айтылған немесе техникалық құралдарға жазылған сөздерді, сөйлемдерді, аудиомəтіндерді тыңдап, қабылдап жəне оны түсінуге үйренбейінше, басқа дағдыларды жеткілікті деңгейде меңгере алмайды.

 Осы орайда мен өз сабақтарымда 7 модульді тиімді қолданамын «Өзгерісті енгізу өзіңнен басталады», өзгеріс ену үшін алдымен мұғалім өзі өзгеруі керек. Сондықтан мен сабақ барысында жаңаша əдіс- тəсілдерді негізе ала отырып осы аталмыш дағдыларды бала бойына сіңіру мақсатында сабағымның əр кезеңінде жаңаша əдіс- тəсілдерді қолданамын. Мысалға: сабақтың кіріспе бөліміндегі ынтымақтастық орта құра отырып тақырыпқа сай баланың психологиялық ахуалын зерттеу мақсатында, əр түрлі əдіс- тəсілдерді ұйымдастыру арқылы қызығушылығын арттыруды жөн көрдім. «Ыстық сезім», «Сенім» тренингтері өткізіліп, өткенге шолу жүргізу барысында тақырыпқа байланысты рөлдік ойындар, өзара диалог құру, сұхбатқа түсу сияқты ойын түрлері мен «Үш оқушымен кеңес», «Ыстық орындық» сияқты тəсілдер жүргізілді. Нəтижесінде баланың көңіл- күйі сергиді, ерік- жігері дамиды, сабаққа ынтасы артады. Сабақтың негізі бөлімде сабақтың тақырыбын, мақсатын ашу, жаңа материалды меңгеру кезінде «Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту» модулінің əдіс- тəсілдері, Блум таксаномиясының техникалары əр сабағымызда көрініс тапты. Мысалға, «ББҮ кестесі», “Insert”, “Ойлан, жұптас, талқыла”, “Болжау”, «ЖИГСО», «Өрмекші сызбасы», «Түйнек сызбасы», «Балық сызбасы», «Сөздерді топтастыру» т.б. 

Қорытынды кезеңіндегі жаңа сабақты қорытындылау, алған білімді жинақтау мақсатында жұптаса топтаса отырып өзара сұхбатқа түсу, ашық, жабық сұрақ даярлау, суреттеу, ой шақыру, ой бөлісу сияқты кезеңдерінде Эдвард де Бононың «Ақылдың алты қалпағы», «Венн диаграммасы», “Бес жолды өлең”, «Ой толғау» тəсілдері қолданыс тапты. Оқыту үшін бағалау жəне оқуды бағалау кезінде оқушы өзінің түсініктерін құра тыңдалым айтылым жазылым оқылым алатын белсенді оқушы болса, мұғалім үшін де мəнін білу өте маңызды болып табылады. Оқушылар жұптаса, жекелей білім деңгейлерін бағалауға жəне оған қалай жеткенін түсінуге мүмкіндіктерін пайдаланды.

 Оқушылар өзінің оқу үлгерімінің деңгейін біледі жəне алдағы мақсаттарға қарай жылжиды. Бағалау формативті бағалау, жиынтық бағалау тəсілдері салыстырмалы түрде бағалау, ауызекі тіл бойынша, жазбаша бағалау, сарапшы болып бағалауы жүзеге асырылды.[1] Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің мақсаты дамыта оқытуды іске асыру. 

Сыни тұрғыдан ойлаудың ерекшелігі мұнда бақылау, талдау, қорытынды интер-претация дағдылары қалыптасады. [2] Оқыту мен оқудағы жаңа тəсілдерді негізге ала отырып Диалог негізінде оқыту жəне оқу (mercer1995, Alexander2008) керектігін үйретуді іс-тəжірибеде қолдану. Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың бірбірімен өзара сұхбаттасуы жəне мұғаліммен оқушы арасындағы диалогтің шəкірттердің өзіндік ойпікірін жүйелеуі мен дамуына көмектеседі деп ойлаймын. [1] Осы ойға сүйене отырып əр сабағымда пікірталас, əңгіме-дебат жəне зерттеушілік əңгіме қолданылған диалогтың түрлерін кеңінен қолдандым. 

Сыныпта оқушылар берілген сұрақтарды топта одан кейін сыныпта талқылай отырып, жаңа сабақты сыныптастарымен біріге отырып игерді. Сыни тұрғыдан ойлау бойынша жүргізілген сабақтар іздеудің мəн-жайына қаныға, білімді тереңінен айтуға төселеді, дəлелдер келтіруде осы тəсілдерге жаттығады. Теория мен практиканың бірлігін игереді, жеке жəне топпен бірлесіп мəселе түйінін шешу жолдарын табуға жаттығады, өз жолдас- тарының пікірімен санасуға, өткір сындарды тыңдап одан тиісті қорытындылар жасай білуге үйренеді. Білім беруде ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану –заман талабы. Əр сабағымды түрлендіріп өткізіп отыруға тырысамын.

 АКТ-ға теледидар, интернет, ұялы телефон, ұшқыр қондырғылар, компьютер немесе ноутбук жатқызылса, əрқайсысының АКТ оқушы қызығушылығын арттырады жəне есте сақтауға көмектеседі. Өйткені, естігеннен, оқығаннан көрі көзімен көрген есте жақсы қалады. Қайта қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артады. Интерактивті тақта арқылы оқытуды басқа тəсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар. Сабақта интерактивті тақтаны бір немесе бірнеше рет пайдалануға болады, өте ыңғайлы, əрі уақыт үнемдейді. 

Тақырыпты тереңінен түсіндіру барысында интерактивті тақтаны пайдалану білім өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.  Білім берудің жаңа мазмұнына сəйкес жаңаша əдіс- тəсілдерді тиімді пайдалану нəтижесінде: 

Қорыта келгенде, жаңаша əдіс- тəсілдерді негіздей отырып оқушының оқу сауаттылығын дамыту арқылы оқушы білімді өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алады, өздігінен терең ойланып, тұжырым жасайды, өмірде ең керекті білік пен дағды – қоғамда пайдаланады, қарым – қатынас құра білуге бейімделеді. 

Басқарудың көшбасшылық моделі қалыптасады. Менеджмент жүйесі жетіледі. Нəтижеге бағытталған білім сапасы артады, білім беру үрдісін шынайы бағалау жүйесі енгізіледі; 

Мұғалімдердің өзін –өзі дамытудағы кəсіби біліктіліктері мен құзыреттіліктері жоғарлайды; оқушылардың зияткерлік əлеуеті артады 

Инновациялық білім беру модельдері жетіледі. 

Ұлттық жəне əлемдік құндылықтарды бойына сіңірген көптілді, құзыретті тұлға дамиды; 

Бəсекеге қабілетті, функционалды сауатты, табысты оқушылар үлесі артады; 

Колоборативті орта негізінде сенім жəне ынтымақтастық нығаяды. 

 Əдебиеттер: 

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. 

2. Мирсеитова С. Оқыту ізденіс ретінде жəне ізденіс оқыту ретінде: оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен əдістері: Қарағанды 2011.

 3. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары

533 0
ЖАНАР САЙДИНА, «№74 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі Қарағанды қаласы Ұлы дала ұстазы № 000293
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: