Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI372

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІ

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы» - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында: «...Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді... 

Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мəңгілік Елімізбен бірге Мəңгілік тіл болады! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйтқысы ете білгеніміз жөн», деп қадап айтқаны баршамызға аян. 

Əрине, тіл кез келген ұлттың белгісі болып саналатындықтан, Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды əр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану- заман талабы. Білім саласында оқытудың жаңа əдістері кеңінен қолдануда. 

Қазақ тілін оқытудың жаңа əдістері арқылы біз білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мəселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тəрбиелейміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл қызметін толық дəрежесіне асыру мəселесі мұғалімнен аса шеберлікті, көп ізденуді, тиянақты білімді қажет етеді. Қазақ тілі пəнін оқытуда ең басты мəселе- оқу барысын жүйелі түрде жүргізу, сабақта əр оқушыға қолайлы жағдай жасау. 

Мұғалім əрдайым ізденісте болса ғана оқушылардың білім сапасын жоғары көтере алады. Басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытуда эстетикалық талғамға сай безендірілген кабинет, оқытудың əр түрлі құралдары, кестелері, оқулықтар, техникалық құрал-жабдықтары болуы қажет. Əрбір сабақтың мазмұнына сай əдістер мен тəсілдерді дұрыс таңдап оқытқанда ғана біз, мұғалімдер, басқа ұлт өкілдерін қазақ тілін өз ынтасымен қызыға түсініп оқуға, қадірлеуге, жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйретеміз. 

Қазақстанда Елбасы бастамасымен «Функционалдық сауаттылық бойынша Ұлттық жоспар» жасалғаны белгілі, оның негізгі мақсаты- оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сол сияқты Кембридж бағдарламасы да ұсынған «сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты- оқушының пəнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету» болып табылады. [1.9] (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 9-бет) Қысқасы, оқытудың сындарлы теориясы мұғалімдерге жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмтылуды, оқушылардың білім- түсініктерін жетілдіруді, жақсартуды, олардың өткен тақырып бойынша өз ойларын, пікір-көзқарастарын айта білуіне мүмкіндік беруді талап етіп отыр. 

Қазіргі заманның талабына сай қазақ тілі сабақтарында қолданылып жатқан жаңашыл əдістəсілдер көп. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатымен Кембридж бағдарламасы енгізгені белгілі. Осы курстың үшінші деңгей бағдарламасы мені жаңаша бағытқа, жаңаша көзқарасқа əкелді. Оны үш ай оқып, өз мектебіміздегі іс- тəжірибе кезінде қолданып көріп, оқыту мен оқудың табыстылығы туралы заманауи түсініктерге сай келетін білімді игердім деп ойлаймын. Онда біз тек теорияны меңгеріп қана қоймай, жұмыс жасаудың бір тəсілі-топтық жұмысқа үйрендік, берілген тапсырма бойынша жоба құруды, оны қорғауды, əрбір істелген іске кері байланыс жасауды, бағдарламаның жеті модулі бойынша сабақта қолданатын түрлі əдіс-тəсілдерді, бағалаудың түрлерін үйрендік. 

Жалпы XXI ғасыр мұғаліміне жаңа тəсілдердің қыр-сырын меңгермей, оны білім жүйесінде жүйелі қолданбайынша, сыни ойлап, дамыған, өз білімін өмірде қолдана алатын оқушы дайындау мүмкін емес. Сондықтан жаңа форматта оқыту-7 модульді бір-біріне сабақтастыра отырып, мұғалім жұмысын жүйелі түрде жетілдіріп, оқушы жəй ғана білім алып қана қоймай, алған білімін өздігінен дамытады. Осы жаңа форматта жеті модульді ықпалдастыра отырып өткізген бір сабағымның өту барысымен таныстырғым келіп отыр. 

Өзге ұлтты бастауыш сынып оқушылары болғандықтан да сабақ олар үшін өте қызықты өтті деуге болады. 3- сыныптағы «Спорт» модулі бойынша «Жарыс» тақырыбының мақсаты: тақырып бойынша оқушылардың сөздік қоры жетіліп, өзіндік ойын айтуға  үйрену; 

Күтілетін нəтиже: 

А) мəтінді оқиды, мазмұнын түсінеді.

 В) мəтінді мазмұндай алады, сұрақтарға жауап береді; 

С) тақырып бойынша шығармашылық жұмыстармен жұмыстана алады. 

Қолданылған əдіс-тəсілдер: 

1. «Кезбе тілшілер» рөлдік ойыны, 

2. «Ыстық орындық», 

3. Сыни ойлау: ой шақыру, кластер құрастыру, ойлан-жұптас-пікірлес, 

4. АКТ-ны қолдану: бейнеклип, интербелсенді тақта, оқыту формасы: жеке, топтық, жұптық, жаппай жұмыстар. 

Сабақтың өту барысы бойынша кіріспе бөлімде оқушылар шеңберге тұру арқылы бір-біріне жақсы тілектер айтты. Ритмикалық кезең бойынша оқушылар хормен тіл дамыту тақпақтарын айтты. Сабақтың басты элементі топқа бөліп оқыту əдісі болғандықтан сабақ тақырыбына сай алдарындағы медальдарды таңдау арқылы оқушылар өзара топқа бөлінді. Бұл да өзге ұлт оқушылары үшін маңызды əдістің түрі деп білемін. Себебі, бұл өлең жолдары күнделікті айтылып жүргендіктен олардың тілдері жаттығып қалды. Содан соң оқушылардан «Ыстық орындық» əдісі бойынша үй тапсырмасы сұралды. 

Əр топтан кезекпен орындыққа отыру арқылы бір-біріне сұрақ қоя білді. Яғни, мен мұнда оқушыларды бір-бірін тыңдауға үйреттім. Орындыққа отырғанда əркімде жауапкершілік сезімі пайда болды. «Тұсаукесер» кезеңінде оқушыларға интербелсенді тақтадан олимпиада ойындарынан үзінді көрсетілді. Спортшылармен болған сұхбат тыңдалды. Бұл тыңдалым дағдысы болды. Тыңдап болғаннан соң оқушылар өздері тамашалаған видеоүзінділер туралы əңгімеледі. Сөйтіп, экрандағы «Жарыс» сөзіне кластер дайындауда, əзірлеген жұмыстарын тақтаға іліп, əр топқа сағаттың тілімен жүргізе отырып, бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» əдісімен бағалады. Топтарға алдын-ала плакат үйлестіріп берілді. Əр топ басшы шығып «Жарыс» сөзінің мағынасын өздерінше түсіндірді.

 Негізгі бөлім: Мұнда ойланжұптас-пікірлес əдісін қолдандым. Яғни, оқушылар оқулықпен жұмыстанды. Жазылым, айтылым, оқылым, сөйлесім бағыттары жүзеге асырылды. Бағалауда оқушылар белсенділік танытты. Сабақта олар критерий арқылы жəне «Басбармақ» арқылы бағалады. 

Критерий арқылы бағалаудың артықшылығы, мен сабаққа, яғни тапсырмаға критерий əзірлеп, оқушыдан нақты нені талап ететіндігімді оқушы нені білу керек екендігін анықтадым. Мұғалім тарапынан «Біз əділ бағалай аламыз ба?», «Неліктен біз бір-бірімізге баға береміз?» деген ауызша кері байланыс əдістері арқылы жүргізіліп, қалай бағалау керектігін үйренді. Орыс сыныбында жүргізілген қазақ тілі пəні болғандықтан, бағалауды жүргізу алғашында қиындықтар келтірді. Мысалы, топ басшысының өз тобына баға беруінде тіл тежелістері кедергі келтірді, бұл қиындықты сөздік жұмысын жəне аударма жұмыстарын жүргізу арқылы еңсердік. 

Қорытынды: Атақты ғалым-əдіскер Ахмет Байтұрсынұлы «Қай əдіс жақсы?» деген еңбегінде: «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те əдіс жоқ. Олақтықтың белгісі- бір ғана əдісті болу. Шеберліктің белгісі- түрлі əдісті болу, керек орында жоқ əдісті табу да қолынан келу. Мұғалім əдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нəрсе есебінде қолдану керек.»

212 0
АЯУЛЫМ ЖЕТПИСБАЕВА, ГУЛЬДАНА ГАЛЫМОВА, «№74 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі Қарағанды қаласы Ұлы дала ұстазы № 000291
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: