Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI366

Көркем сөйлеу келешектің кепілі

Көркем сөз — ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады. "Сөз мәдениеті – көп векторлы ғылыми пән" деп ғалым Н.Уәли айтпақшы, көркем сөйлеу сөз мәдениетінің бір тармағы ретінде ғана қарастырылады.

Көркем сөйлеудің басты тілдік алғышарты әдеби нормада сөйлеу болып табылады. Тілдік норманың грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық түрлерінің де өзіндік маңызы болғанымен көркем сөйлеуде басты назарда лексико-фразеологиялық норма болуы тиіс.

Тіл адам баласының іс-әрекеттерінің барлық жақтарын тегіс қамтиды. “Тілдің қимыл өрісі шексіз”. Адам өз ойын жеткізу үшін ғана сөйлесіп қоймайды, көңіл күйін, эмоциясын білдіру арқылы басқа адамдардың да сана-сезіміне әсерін тигізеді. Ол әсер сөйлеу тілімізде айтушының өз түсінігі бойындіа, өз ойын тіл құралы ар-қылы жеткізе білуінен болса, көркем шығармалар— жазушының өмір тануына, дүние сезінуіне, көзқарасына сол өмір фактісін жи-нақтап, қорытып бейнелі тілмен жазу мәнерінен болады. Сөйлеу тілімізде сөздер бұрыннан машықталған үйреншікті қалыпта жұм-салады, ал көркем шығармада сөздер сараланып, белгілі стильдік мақсатта қолданылады. Көркем сөзбен жазылған әдеби шығарма — өмір фактілерін жан-жақты терең қамтитын жанды организм. Онда адам да, аң да, құс та, табиғат та — бәрі де қатысады. Тұрмыс-салт, шаруашылық, экономика салаларынық калпы, даму жолдары көрсетіледі. Қөркем шығармада көптеген кейіпкерлер болады. Олар жағымды, жағымсыз образдарға бөлініп, топталады. Олардың әрқайсысының өз алдына жеке-дара сырт пішіні — портреті — жасалып, іс-әрекеттері, ой-өрісі, өмір тануы суреттеледі. Ол кейіпкерлердің тіл ерекшеліктері болады. Сөйтіп типтік образдар жасалады. Шығармалардағы адамдар табиғат қоршауында әрекет жасайды. Мұның бәрі шығарманын идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін айқындауда маңызды роль атқарады. Шы-ғарманың көркемдік қасиеті ондағы қайталаусыз жасалған әр алуан образдар мен өмір құбылыстарыньщ картиналары бейнелеулер арқылы көрінеді.

Сөйлеушілердің бәрі бірдей норманы сақтап сөйлеуі мүмкін емес.  Сол секілді әдеби норманы сақтамай, бірақ сөздің майын тамызып сөйлейтіндерді көркем сөйлеуші қатарынан шығарып тастауға болмайды.

Сөйлеушінің коммуникативтік ықпал ету мақсатында прагматикасын жүзеге асыру үшін нормадан уәжді ауытқуы да көркем сөйлеудің бір қыры болып табылады.

Қазіргі қоғамда нормадан уәжді ауытқуға да, уәжсіз ауытқуға да жатпайтын сөйлеудің бір көрінісі өзге тілдің, әсіресе орыс тілінің сөздерін орынды-орынсыз бастырмалата қолдану болып отыр.

Көркем сөйлеудің екінші шарты – коммуникативтік сапаға сай болуы.

Сөйлеушінің тілдік құралдар мен амал-тәсілдерді таңдап-талғап қолдануы да діттеген мақсатына жетуіне өз септігін тигізеді. Тыңдаушының мақұлдаулары мен эмотивті реакциясы байланыстың оңтайлы жүріп жатқанының көрінісі. Ол үшін қарапайым сөзді мәнерлі сөзбен алмастыру немесе толымды сөзбен тоқ етер түйінді айтқан дұрыс.

Рухани және мәдени құндылықтар тілдің көркемдікке қызмет ететін аясында жатыр. Оларға мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді секілді құнарлы тілдік элементтерді жатқызамыз. Бүгінгі күнде тілімізде тыңнан жаңа мақал-мәтел, тұрақты тіркестер туып жатқан жоқ, бәлкім тудыруға қажеттілік те жоқ шығар. Ендігі міндет тіліміздің бай қорындағы осындай құнарлы сөздерді кеңінен игере білу қажет.

Көркем сөйлеу – тілдің өміршеңдігінің бір көрінісі. Көркемдік қуаты кеміп, тек тұрмыстық лексикадан аспаған тілді өміршең тіл қатарына қосуға болмайды.

Тілдік тұлға – тіл мен бірге мәдениетті де тасымалдаушы. Ендеше көркем сөйлеушінің "бүгін" мен бірге "ертең" үшін де маңызы зор. Қазақ тілі – көркемдік қуаты күшті тіл. Ал осындай бай тілдің қазыналы қорын сөйлеудің көркемдігі үшін барынша пайдалана білген тілдік тұлғада отансүйгіштік, тілге деген жанашырлық пен сүйіспеншілік болары сөзсіз. Өз тілін құрметтеген адам ғасырлар бойы тілімізге кодқа салынған рухани және мәдени құндылықтарды да қадыр тұтады.

395 0
Рахила Мәмбетова Қызылорда облысының білім басқармасының Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің "Бесарық өнер мектебінің" көркемсөз сыныбының мұғалімі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаманбай батыр ауылдық округі, Бесарық ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000116
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: