Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI363

Ән өнері және вокалда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Ән айту өнері – сурет, театр, поэзия сияқты өмір мен адам жанының құбылыстарын бейнелейтін көркемөнердің бір түрі. Музыка – адамның ішкі жан дүниесін жадыратуға, нәзік сзімдерін оятып, қоғамдық мақсаттарды дәріптеуге жалпы өмірдің мән – мағынасын түсініп білуге көмектеседі. Музыка – әсем, дыбыстар тілімен сөйлесетін сезімге құрылған күрделі өнер, ол түрлі жанрларға, ұлттық тарихы жекеше стильдерге, түрлі музыкалық тілдерге бөлінеді.

Ән өнері – ықылым заманнан бері көптің ортасына жылдам жетіп, кең таралатын өнердің ең түсінікті және көне түрі. Ол әншінің дауыспен орындауы, музыкалық шығарманың образды – идеялық мазмұнын әнші дауысының мәнерімен, күшімен жеткізу және ашу өнері.

Адамзат ән мен күйдің кереметіне, ләззатына бөленіп, кейінгі ұрпағын адамгершілікке, адалдыққа, еңбекке, парасаттылыққа тәрбиелеп, эстетикалық талғамын байытып келді. Адам шыр етіп дүниеге келген күннен бастап бесік жырымен басталған ән-күй өмірінің соңына дейін адаммен бірге өтетіні табиғи заңдылық. Әнші болып жаратылу сол адамға «Алланың мейірімі түсіп», табиғаттың берген үлкен сыйы деп түсінуіміз керек.

Әншінің ерекшелігі басқа музыканттардай емес, «әншілік аспабы» үнемі өзімен бірге болатындығында. Әнші болу үшін, ең алдымен, дауыс болу керек. Екінші, тыңдау кабілеті ерекше жетілген болуы керек.

Ән айтуды үйретудің басты мақсаты – әнді дұрыс айту үшін алдымен оның орындалу әдіс-тәсілін, ережелерін білу қажет. Балалар ән айту үшін ең алдымен қалай тыныс алу керектігін үйреніп, дыбысты шығару үшін оны қалай пайдалануға болатынын бөліп ажыратқан жөн. Адам денесіндегі тыныстық ауа легін жинайтын мүше – өкпе. Сол өкпеде жиналған ауаны үн шығаратын көмей арқылы ән айту дыбыстарында музыкалық сөз тізбегіне лайықтап шығарады. Әрбір сөз сөз тізбегіне байланысты әнші жаңадан тыныс алып отырады. Ән айтқанда көмейден шыққан дыбыс тыныс жолдары - жұтқыншақ, ауыз қуысы , кеуде бас кеңірсек дыбыс тербелістерін жасаушы дене мүшелері арқылы күшейіп естіледі.  Яғни, дұрыс тыныс алу әншілік өнердегі басты алғы шарттардың бірі. Дұрыс тыныс алу мен оны тиісті сөз тізбегіне шақтап пайдалану дыбыстың да , сөздің де әрі айқын, әрі екпінді шығуының кепілі.

Әншінің ерекшелігі дауыс пен есту қабілеті музыкалық ерекшелігінде. Әнші кәсіби немесе әуесқой болуы мүмкін, бірақ екеуіде тыңдаушы көңілінен шығу үшін табиғат берген таланттың сыртында ән айтудың қарапайым, оңай, алғашқы шарттарын білгені жөн.

Әнші денесін болбыр ұстап тұрмаса шығарушы дене мүшелерінің қызметі төмендейді. Сөйтіп, ән дәрежесінде шықпайды. Сондықтан да, ән салғанда дене мүшелерін дұрыс ұстау ән айту ережелерін сақтау керек. Әншінің міндеті – сол тыныс үшін ішкі тартқан ауаны әннің ұзақтығымен мәнеріне сәйкес мөлшермен өлшеп шығару. Мұндайда, есте сақтайтын тағы біршарт музыкалық сөз тізбегінің ырғақтық екпініне қарай жұмсалатын тыныстық ауа әртүрлі аз не көп  мөлшерде біртіндеп өлшеммен жұмсалуы қажет. Әнші болу үшін әр бала өзінің бойындағы табиғи әншілік қабілеті бар-жоғын ескерген дұрыс. 

Ән айту физиологиялық құбылыс болғандықтан, ағза қызметіне, оның функционалдық қабілетіне байланысты құбылыс. Ән айтуда ми, жүйке жүйелері, дыбыс аппараттары, көмей, ауыз қуысы, тіл, таңдай, кеңірдек, кеуде, өкпе сияқты, ағзалар бір-бірімен өзара тығыз байланыста қызмет атқарады. Осы, ағзаларға жүйелі талдау жасамасақ та, әнші үшін келешекте «дауысты тәрбиелеу», баптау, дамыту, сақтау, аялау сияқты маңызды қадамдар кезінде жиі кезігетін болғандықтан кейбір қарапайым ерекшеліктері жайлы дыбыс аппаратының құрылымына қатысты айта кеткен жөн.

Дауыс шығару органдарының орналасуы, олардың құрылымы мен қызметіне байланысты адамның дауысы әр түрлі үнді, реңкті болып келеді. Сол үнді «тембр» дейді. Тембр «тимпанс» деген грек сөзінен шыққан. Ол дегеніміз бір биіктіктегі естілетін әрбір дыбыстың өзіндік үні, өңі мен реңк өзгешелігін білдіреді. Қандай бір биіктіктегі дыбысты әртүрлі аспапта ойнап немесе дауыспен айтқанда қайсысы қандай дегенді сол аспаппен немесе дауыстың өзіндік үнінің ерекшелігімен айтуға болады деген сөз. Тембр құлаққа жағымды, жағымсыз болып келеді.

Адамның физиологиялық ерекшелігі, дыбыс аппаратының орналасу жағдайына байланысты дауыс құбылысы әр түрлі. Сондықтан, ән айтқанда дауыс қуысын реттеп беретін дауыс сіңірлерінің қатысы өте зор. Дауыс сіңірлері музыкалық аспаптардың ішегі тәрізді ұзынды-қысқалы, жуанды-жіңішкелі болып келеді және соған сай әртүрлі дыбыстар шығарады.

Көбінде классикалық бағытта айтатын әншілік өнерді вокалдық өнер дейді. Вокал — итальян тілінде «Восе» — дауыс деген мағынаны білдіреді. Дауыс — әншінің құралы болып табылады. Әншілік өнер құр дауыстың сыртында мағыналы сөз арқылы адамның ішкі жан дүниесіндегі әртүрлі толқуларды, эмоциялық құбылыстарды көркемдеп, бейнелеп беруге тиіс.

Осы тұста вокал сабағындағы қолданылатын терминдер мен әдіс- тәсілдер жайлы толықтыра түссем деймін.

«Вокализ» – дауысты дыбыстардың көмегімен әуенді айту.

Артикуляция – сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметі. 

Регистр – лауыс диапозонының дыбыс қатарының өзінің дыбыс бояуымен ерекшеленуі

Ырғақ – дыбыстардың әр түрлі ұзақтық ара қатынасы. Ырғақтың музыкада атқаратын ролі ерекше.

Лад – тұрақты және тұрақсыз дыбыстардың үндесінен пайда болған дыбыс қатары. Түрлері: мажорлық лад – ашық, көңілді, салтанатты сезімді білдіреді. Минорлық лад – жұмсақ, мұңды,ұяң, ой туғызады. Лад башқыштары жетеу болады. (Тоника, қосымша басқыш, медианта, субдоминанта, доминанта субмедианта және қосымша басқыш). Олар I-II-IV-V-VI-VII болып рим сандарымен белгіленеді. Тональдік – лад дыбыстарын өзара бірлестігінің қандай биіктікте тұратын білдіретін ұғым.

Ырғақ – дыбыстардың әр түрлі ұзақтық ара қатынасы.

Екпін, темп (жылдамдық, шапшаңдық) – музыкалық шығарманың ойналу жылдамдығын желісі.

Екпін түрлері: Presto (шапшаң, тез); Allegro (екпін жылдам жүреді); Moderno (орташа, асықпай); Andante (асықпай, байсалды); Gento (баяу); Yardo (өте жай, кең, шалқыта); Агогика – (грек тілінде – қозғалыс, қимыл). Әндегі агогика суреттеу құралдарына жатады; Acce Merando (шығарманың шапшаңдығын жылдамдату); Pitenuto (шығарманың шапшаңдығын баяулату); Allarando (шығарманың шапшаңдығын кеңейту, жайлату); Puu Mosso (жылдамдата); Mene – Mosso (баяулата).

Дауыс биіктігі – әншінің дауыс желбезектерінің бір секунд көлеміндегі

 тербеліс жиілігімен анықталады. Дауыс тембрі (әуезділігі) дыбыс желбезектерінің тербелісі нәтижесінде обутондармен байытылуы барысындағы әрленуі.

Дауыс күші – дыбыс желбезектерінің амплитудасы, яғни тербеніс қозғалысының қорқындылық кеңдігі.

Фальцеттік (италия тілінде жасандылық деген мағына береді) – қасиет тон.

Әнші дауыстары ерлер дауысы, әйелдер дауысы, балалар дауысы және әліңішпе дауыстар, жуан, төменгі дауыстар болып бөлінеді. Тенор – лирикалық және драмалық болып бөлінетін, ерлердің жіңішпе дауысы. Тенордың дауысдиапозоны 1 октаваның ре – кейде кіші октаваның МИ дыбысы мен 2 октаваның РЕ, МИ дыбыстары аралығын қамтиды. Бас және баритон ерлердің жуан дауыстары. Борибоның диапозоны үлкен октаваның ЛЯ және І октаваның ФА, СОЛЬ дыбыстары, ал бас дауысының диапазоны үлкен октаваның МИ және І октаваның ФА дыбыстарының ауқымын алады. Бас дауыстылардың контроктаваның СОЛЬ және кіші октаваның СИ, СИ СИ-БЕМОЛЬ дыбыстарының аралығында еркін ән сала алатындар ең төменгі жуан дауыстылар бас неофунде немесе октавиеттер деп аталады. Әйелдер дауыстары сопрона, мецо – сопрано, контральто деп бөлінеді. Сопрано – лирикалық, драмалық және лирика – драмалық болып жіктелетін әйелдердің жіңішке дауысы.

Педагогикалық практика тәжірибемен бірге келеді. Өмірдің өзі, сонымен қатар оқушылар, ұстазды әр түрлі еңбек формаларын, өнер арқылы балаға әсер ету әдістерін жетілдіруге, теорияны меңгеруге мәжбүр етеді. Менде сол балалардың өздері қойған ең биік шыңға жетуге деген ұмтылысым бар.

Ойымды қорытындылай келе, әркім өз әнін басқаларды шабыттандыратындай етіп орындауы керек, және оны  жәй ғана "ән"орындау деп қабылдау дұрыс емес, яғни ән, саз тыңдаушының жүрегіне жол табатындай асқан шеберлікті қажет етеді.

 

1 457 0
Алмагүл Махсутова Қызылорда облысының білім басқармасының Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің "Бесарық өнер мектебінің" вокал сыныбының мұғалімі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаманбай батыр ауылдық округі, Бесарық ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000114
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: