Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен жəне Қазақстанның білім беру жүйесін əлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады.
Қазіргі таңда қазақ тілі – мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі жəне ағылшын тілі – əлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды əр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жаңартып отыру жəне технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Əлемдік жаһандануға бейімделіп, қарқынды дамып жатқан əлемде ұлттық бəсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейі екендігін Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев өз жолдауында: "Өмір бойы білім алу" əрбір қазақстандықтардың кредосына айналуы керек деген. Бүгінгі таңда елімізде білім саласына неге өзгеріс енгізуіміз қажет? Елбасымыздың жолдауындағы сөзі осының дəлелі іспеттес. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға жас жеткіншектердің білім, білік дағдыларын ғана емес, оның тұлға ретіндегі дамуына талап қоюда.
Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, оларды мұғалім қалай тəрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жаңа форматтағы педагогтан тек өз пəнінің білгірі болуды ғана емес, педагогикалық-психологиялық білімділік, ақпараттық- технологиялық білімділік, саяси-экономикалық көзқарас пен білімді талап етеді. Зaмaнaуи тəсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылaрдың aлғaн білімдерін жaй ғaнa иеленіп қоймaй, олaрды орынды жерде қолдaнa білуіне бaсты нaзaр aудaру болып тaбылaды, aл ХХІ ғaсырдa тaлaп етілетін дaғдылaрдың мəні осындa. Кез келген білім бағдарламасының табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кəсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кəсіби дəрменсіз педегог істі құлдыратады. Қазақстан Республикасында орта білім беру жүйесі дамуының Мемлекеттік тұжырымдамасында осылай делінген.
Бүгінгі таңда білім беру мазмұны жаңартылып жатыр. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдыларын ғана емес, оның тұлға ретінде дамуына талап қоюда. Ал бүгінгі ұстаздарға қойылар бірден-бір талап білім беру жүйесі өзгергендіктен білім беру процесіндегі негізгі жылжымайтын күш - педагог та өзгеруі тиіс. Ертеңгі жаңа формация мұғалімі қысқа да ұзақ мерзімді əдістемелік мəселелерді əзірлеп, оларды шешуге деңгейін бағалау, өзіне өзі талдау жасауға көп уақыт бөліп, өз-өзін оқытып, үйретуге ұмтылады. Жаңаша білім беру үрдісінде бүгінгі жеткіншектерге білім берудегі басты мақсаттың бірі - бəсекеге қабілетті тұлға дайындау десек, бəсекеге қабілетті тұлға дайындаудың бір жолы - жеке тұлға қалыптастыру.
Осы міндетті жүзеге асырудың бірден-бір жолы- өзгерген сабақ түрінде өтеді десек, неғұрлым жақсы нəтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі мəселелер түрлеріне тоқталсақ:
- оқушылардың белсенділігін, өз бетінше ізденуін, шығармашылық қабілеттерін, функциональдық сауаттылықты күшейту;
- оқушы бойындағы қызығушылықты ояту, білімге деген қажеттілікті қалыптастыру; - сабақ құрылымын жетілдіру;
- сабақта жаңа əдіс-тəсілдерді қолдану;
- оқытудың белсендіруші əдістері мен құралдарын қолдану;
- оқушылардың танымдық қабілетін дамыту;
-оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру;
-оқушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оқытудың тиімді нұсқаларын таңдау;
- өзіндік білімін көтеру;
-мұғалімнің барлық қызметі мен алынған нəтижелерді талдау;
Қарқынды дамыған заманда білімге деген көзқарас өзгерді, олай болса, мұғалімдер де өзгерді деген сөз. Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға жəне əлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нəтижесі ретінде қарастырылуы.
Мемлекетімізді өзге елдермен теңестіретін нəрсе-білім. Ең басты мəселе - мектептің білім сапасын көтеру, осы бағытта сыни ойлануға мүмкіндік беру керектігі, осы себептен көп өзгерістер енгізу қажет. Енді қандай өзгеріс енгізу қажет дегенде, төмендегі мəселелерді басты назарда ұстадым.
1. Білім сапасын көтеру
2. Оқушының сабаққа ынтасын, қызығушылығын арттыру
4. Топтық жұмыстарды сапалы ұйымдастыру, тиімді қолдану
5. Ата - ананы мектептің дамуына өз үлестерін қосуға шақыру
6.Мұғалімдердің АКТ қолдануына бағыт беру, тиімді қолдануды үйретуге арналған сабақтар ұйымдастыру
7. Пəн мұғалімдеріне жаңа əдіс-тəсілдерді үйрету
8. Барлық мұғалімдер үшін коучинг сабақтарын ұйымдастыру
9.Дарынды жəне талантты балалармен жасалатын жұмыс түрлерін енгізу
10. Мұғалімдердің кəсіби жетілуіне қолдау көрсету
Бүгінгі таңда білім беру мазмұны жаңартылып жатыр. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға оқушының білім, білік, дағдыларын ғана емес, оның тұлға ретінде дамуына талап қоюда. Кез келген білім бағдарламасының табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кəсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кəсіби дəрменсіз педегог істі құлдыратады. Қазақстан Республикасында орта білім беру жүйесі дамуының Мемлекеттік тұжырымдамасында осылай делінген.
Ұлы ойшыл ақынымыз Абай айтқандай, адам бойындағы ізгі қасиеттерді оятатын ұлылық ұстаз қолында. Оқытушы ұрпақ бойындағы табиғаттан берілген ерекшеліктерді дамытумен қатар, ұшы-қиыры шексіз білім əлеміне жетелейтін көшбасшы болуы керек. Өз ісіне алғыр да жетік, кез келген жағдайда ұшқыр шешім жасай алатын оқушыны қалыптастыру үшін оқытушының да кəсіби деңгейі жоғары болуы шарт.
Жаңа білім беру үрдісінде жас жеткіншіктерге білім берудің басты міндеттерінің бірібəсекеге қабілетті тұлға дайындау десек, бəсекеге қабілетті тұлға дайындаудың бір жолы-жеке тұлға қалыптастыру. Жеке тұлға қалыптастыру үшін əр оқушының қабілетін танып, біліп, шыңдап жол сілтеп, тұлғалық дəрежесін көтеру керек. Олай болса, мұғалімдер қауымы жаңаша білім беру үшін жаңаша əдіс-тəсілдерді игерген, ақпараттық коммуникативті технологияларды толық меңгеруі шарт. Жаңаша əдістер мен ақпараттық технологияларды білім беру үрдісінде сапалы пайдалану-жеке тұлға қалыптастырудың тиімді жолы.
Ақпараттық технология құралдары оқыту үдерісінің барлық кезеңдеріне, атап айтқанда, жаңа тақырыпты меңгертуде, алынған білімді бекітуде, қайталауда, білім, білік, дағдысын бақылау барысында қолдануға болады. Олай болса, қазіргі таңда оқушы- ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оқушының білімдік қабілетін дамыту үшін мұғалімдер де жанжақты қаруланған болуымыз керек.
"Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі біліммен байлап беру керек" - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Əріптестерімді жаңалықты қабылдап, жаңаша оқытуға көшіп, оқушының білім сапасын арттыруға, оқушыларды шығармашылық қабілеттерін арттыруға жұмыла кірісейік деген бағытымды айтқым келеді.