Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI356

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘДІСТЕМЕЛЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ

Жай мұғалім – хабарлайды, 

Жақсы мұғалім – түсіндіреді. 

Керемет мұғалім – көрсетеді,

 Ұлы мұғалім – шабыттандырады. 

                                             Уильям Вордсворт 

Оқыту технологиясы- мектепте жалпы білім беру бағдарына, оқытудың мақсаты мен мазмұнына негізделген, жақсы нəтижелерге жету кепілділігін беретін оқыту жүйесін құрастыру. Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың алатын орны, мектепте оқушылардың ауызекі сөйлесу əрекеттерін белсендіру мен қарқынды дамытудың, сапалы əрі тиімді жолы ретінде қазіргі заманғы оқыту технологияларын бастауыш сыныпта əрбір сабаққа қолдану жолдары ғылымитеориялық тұрғыдан баяндалған. Оқушы өз ойын ауызша жəне жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай əдіс-тəсілдерді, технологияларды қолданған жөн? 

Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму тенденциялары тұлғаның  өзін-өзі тануына жəне өзін-өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты. "Білім беру технологиялары", "педагогикалық технология" терминімен қатар ''оқыту технологиялары” термині қолданылады. Оның біріншісі көлемді болып келеді. Өйткені, білім беру технологиясында оқушының үйренушінің тұлғалық сапасын дамыту жəне құрумен байланысты болатын тəрбиелік аспекті бар. 

Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жəне телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту екенін жұмыс барысында барлық педагогтар меңгеріп алды. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл. Синхрондық деп аталатын өзара іс-қимыл оқушы пен мұғалімнің нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Яғни оқушы пен мұғалім бір-бірін виртуалды көре отырып, өздерін толғандырған сұрақтарға нақты іс-əрекетпен немесе практикалық тұрғыда көріне отырып, жауап береді. Мысалы, белгілі бір тақырыпты ортаға тастап талқылау қажет болса жəне оған бірнеше адамның пікірі қажет болса, бастауыш мұғалімдері бейне байланыстардың бүгінгі таңдағы жетілген түрлері (ZOOM жүйесі, скайп немесе басқа да бейне құралдар) пайдаланылуда. Кейде бұл үшін қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференцияларды қолданып мұғалімдер жиналысын, ата-аналар жиналысын үнемі өткізіп отырамыз. Сол конференцияда айтылған педагогтар мен ата-аналардың ұсыныс-пікірлерін, түсінбеген сұрақтарын талқылап, қашықтықтан оқыту жүйесіндегі кемшіліктерді жою мақсатында ескертулер беріп, жұмыс бағытын дер кезінде жөндеп отырамыз. Ал, енді асинхрондық өзара іс-қимыл – оқушы пен мұғалім нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтықтан оқытудағы тақырыптар бойынша кері байланыстар жіберуді ватсап желісі көмегімен немесе электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады (əрине ата-ананың көмегімен) “Білім негізі бастауышта”-деп бекерге айтылмаса керек, себебі қашықтықтан оқыту процесінде бастауыш сынып оқушысымен жұмыс жүргізу бастауыш педагогтары үшін үлкен қиындық туғызғаны жасырын емес. Жалпы, қашықтықтан оқыту – білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процесінің тұтас немесе белгілі бір бөлігі мұғалім мен оқушының жергілікті алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады. 

Бастауыш сынып мұғалімдері оқушының белгілі дəрежеде білім алуы үшін барлық мүмкіндіктерді (ватсап, интернет желісі, ютубтан қажетті сілтемелер, слайд, т. б. .) үнемі пайдаланып отырады. Қашықтықтан оқыту, бұл – оқушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ол оқушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын жəне жоғарғы дəрежедегі қазіргі жаңа ақпараттық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т. б. ) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пəндері бойынша ұйымдастырылатын оқу процесі екенін жақсы түсіндік. Басында қиындықтар өте көп болды, ата-ана тарапынан түсініспеушіліктер туындады. Өйткені кез-келген ата-ана ақпараттық технологияларды толық меңгере білмейтіні айқын. Сондай-ақ, қашықтықтан оқытудың жетістігі – мұғалімнің өзінің қатысуынсыз оқушының назарын өзінен тыс қалдырмайтын қабілеттілігіне байланысты. Мұндай қабілетті ұстаздар ұжымымызда өте көп екенін мақтанышпен айтуға болады. 

Жаңа тақырып бойынша берілетін материалдар баспаға шығарылған түрде, электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде жіберіледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болды. Мұндай баяндаулар алдын-ала жоспарланып жүргізілді. Əдетте оқу материалын баяндау жəне талқылау бір мезгілде жүргізіліп отырды. Оқу үрдісіне тьютор белсенді рөл атқарады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы – виртуалды шеберлік. Бастауыш буын педагогтарына алдын-ала қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша біршама түсінік жұмыстары жүргізіліп, онлайн дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

 Оқытушының негізгі міндеті – білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылатындығы ескертілді. Сондай-ақ, туындайтын мəселелерге мұқият болу, мақсат пен міндеттерді қою, білім мен тəжірибелерді беру, ұйымдастыру қызметі, білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру, оқу процесін бақылау қатаң тапсырылды. Жалпы, мұндай мұғалім компьютермен жоғары дəрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет жəне қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыруы керек деп ойлаймын.  

Оқушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмысты құрайды. Сондықтан оқушылар жұмыстың техникасы мен əдістемесін жоғарғы деңгейде, білімді өз бетімен толықтыру арқылы меңгеруі қажет. Бұл жүйеде мұғалім оқушының жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Яғни, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз əлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми жəне шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, əлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауға зор мүмкіндік алады. Осындай сан қырлы, əрі күрделі мəселелерді жүзеге асыруда бастауыш сынып мұғалімдерінің атқарар рөлі орасан зор. Оларға əрі ауыр, əрі жауапты міндет жүгі жүктеліп отыр: ол оқу бағдарламасының құрылымын дайындайды, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, оқушының өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің əдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас та назардан тыс қалмауда. Міне, осындай күрделі де қызықты, жауапкершілігі мол мамандықты таңдап, əлемді мойындатқан уақытша қиын-қыстау кезеңде жалықпай, мойымай еңбектеніп жүрген өзімнің əріптестеріме алғысым шексіз! Қашықтықтан оқыту барысында бірігіп, ұйымшылдықпен атқарылған жұмыстардың оң нəтиже беруі де білікті ұстаздарымыздың үлесі екені сөзсіз. 

Бəрімізге белгілі қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың үш түрлі формасы бар: онлайн жəне оффлайн, жəне кең таралған үшінші түрі – вебинар. Сондай-ақ əрбір педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың негізгі қарастыратыны оқытуды нəтижелі ету. 

Педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мəселе - оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік əдісін жиі пайдалану қолдау табуда.

 Оқытудың қазіргі заманғы технологиялары

 Қорыта келгенде:

 • 1. Шаттық шеңбері сабақ басталғанда оқушылар ортаға шығып, шаттық шеңберін құрады. Сол сəтте оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, жақсы көңіл-күй сыйлайды.

 • 2. “Ой қозғау” əдісі Баланың басынан өткен бұрынғы тəжiрибесiне сүйене отырып, жеке, топтық жəне ұжымдық талқылау арқылы берiлген тақырып мазмұнымен өз бетiнше жұмыс жасауына бағытталған, қызығушылықты оятуға арналған стратегия. 

• 3. “Модельдеу” əдісі математика, көркем еңбек пəндерінде оқушылардың қол моторикасын дамыту үшін қолданылады. 

• 4. “Карусель” əдісі бұл əдістің нəтижесінде оқушылардың көру, есте сақтау, ойлау қабілеті, креативтілік қабілеті шыңдалады.

 • 5. Ширату оқушылардың жаңа тақырыпты меңгергендігін тексеру мақсатынды қолданылады. 

• 6. “Галерея аралау ” əдісі өзгелердiң қабырғаларға iлген көрнекi материалдарын жеке аралап жүрiп, өз ойын көбiне сол нəрсеге жазуға арналған стратегия. 

• 7. “Əткеншек” əдісі оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдерін кері байланыс арқылы тексеру əдісі. 

Пайдаланған əдебиеттер: 

1. Интернет желісіндегі материалдар

 2. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру барысындағы тəжірибе жұмыстар

751 0
ОРЫНША ДҮЙСЕНБАЕВА, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Атырау облысы, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылы Ұлы дала ұстазы № 000281
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: